ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет39/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

348 


 

10  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН  БІЛІМ  БЕРУ  ҦЙЫМДАРЫНДА 

ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

 



 

Зияткерлік  тұлғаны  дамытуға,  тілдерді  тереңдетіп  оқытуға,  ғылымға, 

мәдениетке және ӛнерге бағытталған білім қызметін ұйымдастыруда элитарлық 

білім  беретін  мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  келесі  нормативтік-

құқықтық  құжаттарды  басшылыққа  алады:  «Білім  туралы»  Заң,  ҚР  МЖМБС-

2012,  Тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметнің  үлгілік  қағидаларын 

бекіту 

туралы 


ҚР 

Білім 


және 

ғылым 


министрінің 

2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы, ҚР БҒМ 2013 жылғы 19 шілдедегі № 

289  бұйрығымен  бекітілген  мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  түрлері 

қызм етінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар). 

Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  оқу  жұмыс  жоспарын  «ҚР 

бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  типтік  оқу 

жоспарларын  бекіту  туралы»    Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 

министрінің  2018  жылғы  4  қыркүйектегі  №  441  бұйрығы  негізінде  әзірлейді. 

Мамандандырылған  мектептердің  оқу  жұмыс  жоспарларын  білім  беру 

ұйымының  басшылығы  бекітіп,  ҚР  БжҒМ  «Дарын»  республикалық  ғылыми-

практикалық  орталығымен  және  білім  беру  саласындағы  жергілікті  атқарушы 

органдармен  келісіледі.Мамандандырылған  жалпы  білім  беру  бағдарламалары 

негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 

негізінде  әзірленеді  және  тілдерді,  ғылым,  мәдениет,  ӛнер,  спорт  негіздерін 

тереңдетіп  оқытуға,  олардың  шығармашылық  әлеуетін  және  дарындылығын 

дамытуға бағытталған. 

Мамандандырылған 

білім 


беру 

ұйымы 


білім 

алушылардың 

сұраныстарына сәйкес бейінді пәндер ішіндегі білім саласын, сондай-ақ таңдау 

бойынша элективті курстар мен пәндерді анықтайды. 

Оқу  бағдарламаларындағы  тақырыптар  бойынша  уақытты  бӛлу  үлгі 

болып табылатындығына назар аударамыз. Мұғалім тақырыптағы мәселелерді 

зерттеудің  ретін  ӛзгертуге,  сондай-ақ  бӛлінген  сағаттарда  жеке  тақырыптар 

бойынша оқу сағаттарының санын қайта бӛлуге, ӛз қалауы бойынша резервтік 

уақытты пайдалану құқығы беріледі. 

Күнтізбелік-тақырыптық  жоспарлауда  оқу  сағаттарын  тақырыптар 

бойынша  шамамен  бӛлу  ұсынылады.  Мұғалім  ұсынылған  жоспарлауды 

ӛзгеріссіз  қолдана  алады  (бұл  жағдайда  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарлауды 



 

349 


 

қайта жазудың қажеті жоқ). Сонымен қатар, мұғалім оқу пәнін оқуға бӛлінген 

оқу  сағаттарының  шегінде  сынып  ерекшеліктерін  және  оқушылардың 

танымдық 

мүмкіндіктерін 

ескере 


отырып, 

күнтізбелік-тақырыптық 

жоспарлауға  ӛзгерістер  енгізуге,  сондай-ақ  ӛзінің  күнтізбелік-тақырыптық 

жоспарын  әзірлеуге  құқылы,  бұл  жағдайда  білім  беру  ұйымының  басшысы 

бекітеді. 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 

30  қазандағы  №  595  бұйрығына  сәйкес  Мамандандырылған  білім  беру 

ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларының  (6  қосымша)  15,  16,  17-

тармақтарына ерекше назар аудару қажет: 

15-тармақ.  Қазақ  (орыс  тілінде  оқытатын  сыныптар  үшін)  және  орыс 

(қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техника 

негіздерін,  ритмика,  хореография,  музыка,  дене  тәрбиесі,  технология,  кӛркем 

пәндер  негіздерін  оқу,  сондай  –  ақ  бейінді  пәндер  бойынша  зертханалық, 

практикалық  жұмыстарды  жүргізу  кезінде  сыныптарды  2  топқа,  шет  тілдерін 

және шетел тілінде оқытатын пәндерді 3 топқа бӛлуге жол беріледі. 

16-тармақ.  Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  таңдау  бойынша  пәндерді 

(тереңдетілген  деңгей)  шет  тілінде  оқу  кезінде  сыныптарды  2-3  кіші  топтарға 

бӛлуге жол беріледі. 

17-тармақ. Сыныптарды қосымша бӛлу жүйесі, икемді вариативтік кесте, 

деңгейлік бӛлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер арқылы 

жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  бейіндік  саралауды  жүзеге  асыру 

мамандандырылған  білім  беру  ұйымының  толық  күн  режимінде  жұмысын 

талап етеді. 

Мамандандырылған  білім  беру  ҧйымдарында  10  сыныптарды 

қалыптастыру тәртібі: 

2019-2020  оқу  жылында  жаңартылған  білім  беру  мазмұнына  кӛшуге 

байланысты оқу жоспары мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған 

Үлгілік  оқу  жоспарының  77-80  қосымшалары  негізінде  құрастырылады. 

Кӛрсетілген  қосымшаларда  оқу  пәндерін  міндетті,  тереңдетілген,  стандартты 

деңгейлерде білім алу үшін оқу сағаттарының саны қарастырылған. 

Тереңдетілген деңгейдегі пәнді таңдау барысында: 

-білім  алушылар  тереңдетілген  деңгейде  оқитын  екі  оқу  пәнін 



анықтайды. 

-қолданыстағы  Үлгілік  оқу  жоспары  негізінде  мектеп  мүмкіндігін  ескере 

отырып  білім  алушылар  оқуға  ниет  білдірген  бағыттар  саны  анықталады  (бұл 

тек бірнеше нақты бағыт болуы мүмкін, мысалы, физика-математикалық және 

химия-биологиялық;  немесе  химия-биологиялық  және  гуманитарлық;  немесе 

оларды  тереңдетілген  деңгейде  зерделеу  үшін  оқу  пәндерінің  кӛп  жиынтығы). 

Осы  мәліметтерге  сүйене  отырып,  оқушылардың  бейіндік  топтары  құрылады 



(топ қҧрамында кемінде 10 оқушы).    

Бейіндік 

оқытуды 

жүзеге 


асыру 

кезінде 


10-сыныптарды 

қалыптастырудың бірнеше моделі болуы мүмкін: 



1  модель:  бір  сыныпта  бірдей  оқу  пәндерін  тереңдетілген  деңгейде 

оқитын оқушыларды жинақтау



 

350 


 

2  модель:  бір  сыныпта  әртүрлі  оқу  пәндерін  тереңдетілген  деңгейде 

оқитын оқушыларды жинақтау (топ қҧрамында кемінде 10 оқушы).    

Қазіргі  уақытта  дарынды  және  жоғары  мотивациялы  балалармен  жұмыс 

жасаудың маңыздылығы мен қажеттілігі ешкімге күмән келтірмейді. 

Дарынды балаларды анықтау мен дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар 

жасау, 


олардың 

әлеуетті 

мүмкіндіктерін 

іске 


асыру 

Қазақстан 

Республикасының басым міндеттерінің бірі болып табылады.  

Таңдау  бойынша  курстар,  элективті  курстар  бейін  алды  даярлық  және 

бейіндік оқыту жүйесінде маңызды рӛл атқарады және негізгі, жалпы орта білім 

беру  деңгейінде  оқу  процесінің  вариативті  жүйесінің  ажырамас  бӛлігі  болып 

табылады.  Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  таңдау  бойынша 

курстарды,  элективті  курстарды  оқушылар  мен  олардың  ата  –  аналарының 

таңдауына сәйкес анықтайды. 

1. 

Бейін 

алды 

даярлық 

ҥшін 

таңдау 

курстарының 

ерекшеліктері:Таңдау  бойынша  курстарды  оқу  нәтижесінде  оқушылар  екі 

сауалға  жауап  беруге  дайын  болуы  керек:  «Ӛзімнің  білім  алу  перспективамда 

нені  қажет  етемін?»  және  «Мен  таңдаған  бейінім  бойынша  оқуымды 

жалғастыруға дайынмын ба?»   

Осы курстарды оқу барысында оқушылар: 

-Мектептен  кейінгі  білім  алу  және  бейіндік  оқытуда  сұранысқа  ие 

құзыреттілікті меңгеруге және оқу материалдарын меңгеру бойынша күш-жігер 

жұмсауда тәжірибе алмасу;  

-бейіндік  білім  алуды  болашақта  жалғастыру  үшін  ӛмірлік,  әлеуметтік, 

ӛзін-ӛзі кәсіби анықтауда бейіндік оқытутың маңыздылығы туралы ақпарат алу

-мектептен  кейінгі  білім  алу  бағытына  және  білім  алу  бейініне  сәйкес 

оның құндылық бағдарын қалыптастыру.  

Таңдау курстарын құрастырудың бірнеше жолы бар.  

Фундаменталды  тәсіл  жоғарғы  сыныптардағы  бейіндік  оқу  пәндерімен 

тікелей  байланысты,  тиісті  пән  саласында  ең  бірінші  дарынды  балаларға 

бағдарланған  пәнді  терең  оқытуға  бағытталған  фундаменталды  заңдар  мен 

теориялардан жеке заңдылықтарға кӛшу курс мазмұнын дамытуды қамтиды.  



Әдіснамалық  тәсіл  ерекшеліктері  ғылыми-тарихи  материалдарда 

кӛрсетілген  танымның  ғылыми  әдістемесіне  негізделген.  Әдіснамалық  тәсілге 

негізделген    таңдау  курсының  басты  мақсаты:  ғылыми  танымның  әдісімен 

танысу,  кейбір  зерттеу  дағдыларын  меңгеру.  Бұл  тәсіл  практикум  сабақтарды, 

практикалық-лабораториялық  сабақтарды  ұйымдастыруды,  оқудың  жобалық 

технологиясын пайдалануды ұсынады. 



Әмбебап  тәсіл  ғылым  үшін  жалпыға  бірдей  маңызы  бар  бірқатар 

маңызды  тұжырымдар  бойынша  мазмұнды  топтастырумен  сипатталады.  Бұл 

тәсіл әртүрлі ғылымдар аясында бір мәселені, құбылысты, түсінікті жан-жақты 

қарастыратын  пәнаралық  курстар  үшін  қолайлы.  Ол  үшін  рефлексивті  оқыту 

технологиясы, сыни ойлау, кейс әдіс т.б. пайдалану тиімді болып табылады. 

Прагматикалық  тәсіл  ӛмірде  кеңінен  қолданатын  және  оқушылардың 

негізгі  мәдени  деңгейін  қамтамасыз  ететін  тиісті  білім  мен  дағдыны  қамтиды. 

Ол  үшін  тиісті  кәсіби  саладағы  практикумдар,  практикалық  сабақтар  тиімді 


 

351 


 

болып табылады.   



Қызметтік-қҧндылық  тәсіл  тиісті  бейіндік  оқытудың  мазмұнын 

табысты  меңгеруге  қажетті  қызметтің  түрлерімен  танысуды  ұсынады.  Бір 

жағынан  оқу  процесін  ұйымдастырудың  түрлері  мен  қызметінің  әдістерін 

ұтымды  іріктеу,  екінші  жағынан  оқушылардың  тиісті  бағдарға  бейіні  мен 

қабілетін анықтауда ӛзара белгілі бір қатынас бар. Осындай тәсілге негізделген 

таңдау  бойынша  курстың  құрылымы  оқушылардың  тиісті  қызмет  түрлеріне 

бейімделуін ескереді. Мысалы, жаратылыстану бағытында оқушылар кӛптеген 

қызмет түрлеріне және химия мен биологияны оқыту процесінің нысандарына 

бейімділігін  кӛрсетеді.  Гуманитарлық  бағыт  үшін  конспект,  жоспар,  тезис, 

реферат  құрастыру  тән,  ал  оқытудың  қолайлы  түрлері  экскурсия,  дискуссия, 

рӛлдік ойындар, демонстрациялар болып табылады. Математика үшін таблица, 

схема құрастыру, заңдылықтарды анықтау тән. 



Қҧзыретті  тәсіл  бүгінгі  күні  жақтаушылары  кӛп,  мүмкін  кӛптеген 

құрастырушылар  негізгі  мектеп  үшін  таңдау  бойынша  курстарды  әзірлеу 

барысында осы тәсілге кӛп кӛңіл бӛлуі мүмкін. Бұл жағдайда келесі әрекеттер 

тізбегі болуы мүмкін: 

- осы жастағы оқушылар үшін басты мәселелерді анықтау; 

- оларды шешуге арналған тиісті шеберлігін анықтау

- аталған мәселелерді шешуге арналған құзіреттілікті анықтау; 

- қажетті мазмұнды таңдау;  

- оқыту әдістерін әзірлеу. 

Таңдау  бойынша  курстың  мақсатын  анықтау  үшін  бағыт  ретінде 

әлеуметтік, коммуникативтік, немесе пәндік құзіреттілік алынуы мүмкін. 

Бейіналды  дайындық  бойынша  таңдау  курсы  пәндік-бағдарлы  (сынақ) 

және пәнаралық (бағдарлы) болып бӛлінеді. 

 Пәндік-бағдарлы курс келесі мәселелерді шешеді: 

1) оқу пәніне оқушының қызығушылығын танытуы; 

2) пәнді жоғары деңгейде меңгеру қабілеті мен дайындығын анықтау

3) таңдау бойынша емтихандарды тапсыруға жағдай жасау, яғни болашақ 

бейініне ең ықтимал пән. 

Пәндік  бағдарлау  курстары  үшін  оқу-әдістемелік  құрал  ретінде 

қолданыстағы  оқу  құралдары,  факультатив  бағдарламалары,  арнайы  курс, 

жоғары оқу орындарына дайындыққа арналған оқу-әдістемелік кешендері және 

оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптар. 

Пәнаралық  (бағдарлау)  курстар  дәстүрлі  білім  беру  пәндері  аясынан 

шығуды ұсынады. Олар оқушыларды кӛптеген пәндер бойынша білім синтезін 

және  әртүрлі  кәсіптік  салалардағы  даму  әдістерін  талап  ететін  күрделі 

мәселелермен және тапсырмалармен таныстырады. 

Таңдау курстарының мақсаттарын келесідей тұжырымдауға болады: 

1) оқушылардың заманауи кәсіптерге бейімделуі үшін база құру; 

2)  кең  таралған  кәсіптерге  сәйкес  келетін  қызметтің  типтік  түрлерінің 

ерекшелігімен практикада танысу; 

3) қандай да бір пәнге деген  мотивациясын кӛрсету.  

Бейін алды даярлау бойынша пәнаралық курстар үшін оқу материалдары 



 

352 


 

ретінде  ғылыми-танымдық  әдебиеттер,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

хабарламалары, Интернет және т.б. қолданылады. 

Таңдау  курстарының  айрықша  ерекшеліктері  олардың  стандартты 

еместігі,  вариативтілігі  (түрленуі)  және  қысқа  мерзімділігі  болып  табылады. 

Таңдау  бойынша  курстың  вариативтілігінің  ерекшелігі  бейін  алды  даярлық 

алдында  нақты  бір  бейінді    таңдаған  немесе  керісінше  әлі  таңдау  үстіндегі 

оқушы  мазмұны  мен  саны  жағынан  ӛте  кӛп  түрлі  таңдау  бойынша  курстарды 

меңгеруде  ӛз  күшін  сынап  кӛруі  тиіс.  Мазмұны,  ұйымдастырылуы  және 

ӛткізілу  технологиясы  бойынша  бір-бірінен  ерекшеленетін  кӛптеген 

курстардың  болуы  алдын-ала  тиімді  оқытудың  маңызды  педагогикалық 

шарттарының бірі болып табылады. 

Таңдау бойынша курстар келесі талаптарға сай болуы керек: 

-  оқушыға  нақты  таңдауды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  санымен 

ұсынылуы тиіс; 

-  білім  беру  перспективасы  тұрғысынан  оқушыға  әлеуетін  бағалауға 

кӛмек  беруі  тиіс  («Әлеуметтік-гуманитарлық  бағытқа  математикадан  үштік 

алуыма  байланысты  емес  болашақта  юрист  немесе  журналист  мамандығын 

таңдағандықтан барамын»); 

-  таңдауды  жоспарлап  отырған  бейін  бойынша  оқуда  оң  мотивацияны 

құруға ықпал ету, «Мен осымен айналыса алам ба, маған осы керек пе?» деген 

сұраққа  жауап  бере  алуы  керек.  Ал  курстың  жаңа  мазмұнмен  шектен  тыс 

жүктеуі осы сұрақтарға жауап беруіне қиындық туғызуы мүмкін. 

Мазмұнды таңдай отырып, мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:  

- жоғары сыныпта дұрыс бейіндік таңдау жасау үшін,  осы курс оқушыға 

несімен пайдалы?; 

-  орта  мектептің  үшінші  сатысында  бейіндік  оқу  барысында  рӛлі  арта 

түсетін заманауи білім технологияларын қолдану тиімді болып табылады; 

-  осы  немесе  оған  жақын  пәндер  бойынша  базалық  курсты  жүзеге 

асыратын  басқа  мұғалімнің  бейіналды  курстарын  оқыту  мүмкіндігін 

пайдаланған жӛн; 

-  курстар  оқушыны  белгілі  бір  таңдау  жасаған  жағдайда  (тарихшы, 

филолог,  физик  және  т.б.),  яғни  оқушының  кәсіби  қызмет  саласын  таңдауына 

әсер ететін жетекші болатын қызмет түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыруы 

тиіс.  Олар  осы  бейін  үшін  жетекші  қызмет  түрлері  бойынша  сынамаларды 

қамтуы  тиіс  (осы  бейіннің  ерекшелігін  қызмет  арқылы  кӛрсету  үшін  – 

мәтіндермен  жұмыс  істеу,  дереккӛздерді  талдау,  құқықтық  құжаттарды 

пайдалану және т. б. 

Таңдау  бойынша  курстар  мүмкін  болса,  бір  әдістемеге  негізделуі  керек. 

Бұл мұғалімнің ақпаратқа монополиясын жояды. 

Бейін алды дайындық үшін таңдау курстары базалық курсты қайталамауы 

тиіс.  Олар  оқушыны  емтихан  тапсыруы  ҥшін  емес,  жоғары  сыныпта 



нәтижелі оқуға дайындауы тиіс. 

2. Элективті курстардың сипаттамасы 

Элективті  курстар  оқушылардың  бейіні  мен  кәсіби  ӛзін-ӛзі  анықтауын 

қамтамасыз  етеді.  Білім  беру  ұйымы  шешім  қабылдайды  және  оқушыларға 


 

353 


 

элективті курстарды таңдауға мүмкіндік береді. 

Элективті курстардың кӛптеген функциялары мен міндеттері бар: 

- бейінді оқу пәндерінің бірін, оның тарауын жоғары деңгейде меңгеруін 

қамтамасыз  етеді  (мысалы,  әлеуметтік-гуманитарлық  бағыт  бойынша  орыс 

тілінен элективті курс ―Іскерлік қарым-қатынас‖); 

- пәнаралық негізде ӛзара байланысы бар оқу пәндерін меңгеруге қызмет 

етеді  (мысалы,  ―Математикалық  статистика,  ―Компьютерлік  графика‖,  ―Ӛнер 

тарихы‖); 

-  бірнеше  базалық  оқу  пәндердің  бірін  меңгеруде  жоғары  деңгейді 

қамтамасыз  етеді  (мысалы,  орыс  тілінен  электив  ―Түрлі  стиль  мен  жанрдағы 

функционалдық-мағыналық мәтіндер құру‖); 

-  практикалық  маңызы  бар  тапсырмаларды  шешу  үшін  қызметтің 

дағдылары мен әдістерін қалыптастыруға кӛмектеседі; 

- кәсіптік бағдар бойынша жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді; 

- ӛмірлік жолын таңдауды жүзеге асыратын мүмкіндіктер мен тәсілдердің 

қалыптасуына ықпал етеді; 

-  ӛмірлік  маңызы  бар  мәселелерді  шешуге,  танымдық  қызығушылығын 

қанағаттандыруға себеп етеді; 

-  еңбек  нарығында  үздік  жетістіктерге  жету  үшін,  оқушылардың  білім 

нәтижелерін  меңгеруге  ықпал  етеді  (мысалы,  элективтер  ―Іс  жүргізу‖, 

―Бухгалтерлік  есеп  негіздері‖,  ―Іскерлік  ағылшын  тілі‖,  «Әртүрлі  кәсіптік 

қызметтегі бағдарламалық қамтамасыз ету‖). 

Оқушы  курсты  ӛз  бетінше  таңдайды.  Элективті  курстың  немесе  таңдау 

бойынша  курстың  мазмұнын  іріктеу  арқылы  мұғалім  келесі  сұрақтарға  жауап 

беруі тиіс: 

1.  Бейін  алды  даярлық  мәселелерін  қандай  мазмұндағы  материалдар 

және  жұмыс  түрлері  арқылы  мен  толық  жүзеге  асыра  аламын?  (оқушыға 

бейінді  таңдауға  кӛмектесу,  оның  бұрынғы  дайындығының  орынын  толтыру, 

осы бейіндік іс-әрекеттерге тән кӛрсету, оқушыға ӛзін кӛрсетуге және табысқа 

жетуге мүмкіндік береді). 

2. Курс мазмұнының базалық курстан қандай сапалы ерекшелігі бар? (ол 

тіпті  базалық  курста  мүлдем  кӛрсетілмеген,  ол  ―кездейсоқ‖  ұсынылған,  ол 

туралы  тек  ескеріледі,  ол  бір  жақты  ұсынылған,  басқа  кӛзқарастар 

кӛрсетілмеген т.б.) 

3.  Аталған  курс  қандай  оқу  және  қосымша  материалдармен  қамтамасыз 

етілген?  (кітапхана  қоры,  хрестоматиялар,  жинақтар,  дидактикалық 

материалдар т.б.) 

4. Қандай жұмыс түрлері (бейіндік – және кәсіби бағдарланған) аталған 

мазмұнда  жұмыс  жасауға  мүмкін?  (Мысалы,  талдау  әдісін  пайдалану; 

химиялық тәжірибе ӛткізу; топпен, жеке, жұппен жұмыс; логикалық пікірталас; 

ӛткен материал бойынша резюме құрастыру). 

5.  Аталған  курс  жұмысында  оқушының  ӛз  бетімен  жұмысының  үлесі 

қандай?  (зерттеу  нысаны;  есеп  жұмыстарының  түрлері  (реферат,  мақала  жазу, 

презентация)?  

6.  Аталған  курсты  зерттеу  барысында  педагог  пен  оқушыға  түсінікті 


 

354 


 

қандай  ӛлшемдер  жетістікті  бағалауға  мүмкіндік  береді?  (сабақ  үстінде 

белсенділікті бақылау; оқушылармен, ата-аналармен әңгімелесу; оқушылардың 

талдау жұмыстары; тестілеу) 

7.  Курсқа,  болашақ  бейінге  деген  қызығушылық  динамикасы  жұмыс 

барысында  қалай  анықталады  (алғашқы  және  соңғы  сабақта  анкета  алу. 

Міндетті жұмыстарды орындаған сайын жұмыс барысында әңгімелесу)?  

8. Оқушыға арналған курс қалай аяқталады, есеп беру формасы қандай? 

Осы  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  мұғалім  бағдарламаға  түсіндірме 

жазба құрастыруға дайындалады. 

Бағдарлама құрылымы бірнеше компоненттерден тұрады: 

1.оқу-тақырыптық жоспар 

2.ОӘК және басқа да тірек оқу құралдарының тізілімі 

3.әдебиеттер тізілімі және библиография; 

4.түсіндірме жазба; 

5.жүзеге  асырылатын  формалар  мен  қолданылатын  технологиялар 

түрлерінің тізілімі. 

Бағдарлама: 

1. бейіндік мектептің тұжырымдамасына сәйкес келуі; 

2. практикалық бағыты болуы; 

3. оқу материалының құрылымы мен ұсыну логикасы болуы; 

4. мазмұны бойынша дұрыс байланысуы және құрылымдалуы;  

5. уақыт пен ресурстарды жұмсауда шынайы болуы; 

6.  оқушыларға  білім  алуды  жалғастыру  үшін  саналы  және  объективті 

түрде таңдау жасауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді әдістерін қамтуы; 

7. белгілі бір дәрежедегі жаңалықтың болуы; 

8.  жалпы  оқу  және  пәндік  біліктер  мен  дағдыларды  дамытуға  мүмкіндік 

беретін мазмұнды жалпылаудың қандай да бір дәрежесіне ие болуы тиіс. 

Жоғарыда  кӛрсетілген  талаптарға  сүйене  отырып,  бағдарламаны  жазу 

алгоритмі құрастырылды: 



1) Курстың атауы тартымды болуы керек. Ол бір жағынан мектептікіне 

ұқсамау  керек,  ал  екінші  жағынан  курсқа  қатысатын  оқушылардың  курс 

барысында  немен  айналысатындығын  кӛрсетуі  тиіс.  Мысалы:  «Астрономия»  - 

«Жұлдызды әліппе», «Журналистика»-«Қалам үлгісі». 



2) Тҥсіндірме жазбада

- элективті курстың түрі (пәндік-бағдарлы,пәнаралық), 

- ұзақтығы мен апта сағаттарының саны

- курс мақсаттарын тұжырымдау, 

-  курс  түрі  мен  оның  функцияларын  есепке  ала  отырып  курстың 

міндеттері, 

- мұғалімнің пайдаланатын технологиялары, 

- оқушыларға ұсынылатын қызмет түрлері, 

-  аталған  курсты  оқу  барысында  табыстылығын  бағалауға  мүмкіндік 

беретін критериилер,  

- ықтималды әлеуметтік сынақтар және күтілетін нәтиже. 

3)  Бағдарламаның  мазмҧны  (зертханалық  және  практикалық 


 

355 


 

жұмыстарды қоса). 



4) 

Тақырыптық 

жоспарлау 

(оқушылардың 

теориялық 

және 


практикалық сабақтарын, күтілетін іс-әрекеттерін кӛрсетеді). 

5) Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. 

6) Қосымша. 

Элективті  курстар  мектепте  вариативті  компонентке  берілген  уақыт 

арқылы жүзеге асырылады. Элективті курстарды мектеп бағдарламасына енгізе 

отырып, бұл жерде оның бағдарламалары мен оқу құралдары туралы ғана емес, 

осы  курстарды  оқытуда  қажетті  барлық  әдістемелік  жүйені  ескеру  қажет. 

Сондықтан  да  элективті  курстарға  бӛлінген  уақыт  шеңберінде  жекелеген 

профильдердің 

үлгілік 


оқу 

жоспарларында, 

белсенді 

білім 


беру 

технологияларына жүгінуге сағаттар қарастырылған. 

Элективті курстар міндеттерінің күрделілігі мен кӛптүрлілігі қатаң түрде 

бекітілген  тұжырымдамалық  негізде  (яғни  ӛз  бетімен  емес,  іс  жүзінде 

бекітілген)  бағдарламалық-әдістемелік  қамтамасыз  ету  жүйесін  құру 

қажеттілігін  талап  етеді.  Ол  үшін  кез  келген  элективті  курс  немесе  таңдау 

курсы оқу-әдістемелік жинақпен бекітілуі тиіс. 

Элективті курс бойынша оқу-әдістемелік жинаққа: 

 - курстың бағдарламасы; 

 -  оқу,  әдістемелік  құралдар  (мұғалімге,  оқушыға  арналған  әдебиеттер, 

қосымша әдебиеттер, электронды басылымдар. Интернет-ресурстар); 

 -  оқушының  дәрістері,  семинарлары,  ӛзіндік  жұмыстары  үшін 

ақпараттық материалдар мәтіндері

 -  ӛзіндік  жұмысы  үшін  тапсырмалар  каталогы  және  оны  орындауға 

арналған әдістемелік нұсқаулықтар

-  жеке  және  сараланған  тапсырмалар,  соның  ішінде  тест  түріндегі 

тапсырмалар; 

 -  оқу  тәжірибе  бағдарламалары  және  оны  ӛткізу  бойынша  әдістемелік 

нұсқаулықтар; 

 - зерттеу жұмыстары мен жобалардың тақырыптары

 - жобалық және зерттеу қызметінің бағдарламалары және оларды 

ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар; 

 - жобалық және зерттеу жұмыстарының үлгілері. 

 

 



 

 


 

356 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет