ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет5/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

 

Қажет  болған  жағдайда  білім  алушылар  білімдерінің  іріктемелі  бақылау 

кесінділерін (срезов) жүргізуге рұқсат етіледі. 

 

 



Сабаққа қатысу, бақылау және талдау бойынша нұсқаулық  

Сабақты бақылау – білім алушылардың жұмысын, олардың жетістіктерін, 

білім  алушылардың  эмоционалдық  және  психологиялық  кӛңіл-күйін,  оқыту 

әдістемесін,  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруды  бақылауға  мүмкіндік  беретін 

рәсім.  Бақылау  нәтижесіндегі  жазбаларда  мұғалімдер  туралы  пікірлер  немесе 


35 

сын-пікірлер  болмауы  тиіс.  Мәліметтерді  жинаудың  бұл  әдісі  сабақта  білім 

беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.  

Бақылау түрлері: 

құрылымдалған



жартылай құрылымдалған

құрылымдалмаған



транскрипт

графикалық



Барлық сабақтардан кейін қатысқан сабақтарға бірлесіп талқылау жүргізу 

ұсынылады.  Бақылаушының  сабақты  бақылау  уақытының  аралығы  әртүрлі 

болуы мүмкін – бүкіл сабақ бойы, сабақтың жартысы немесе сабақтың аз ғана 

бӛлігі.  Ең  бастысы,  сабаққа  қатысуды  таңдап  алған  уақыт  аралығында  оқу 

бағдарламасының  шеңберінде  оқу  мақсатын  жүзеге  асыру  бойынша  нақты 

қорытынды жасауға мүмкіндік болуы тиіс. 



Сабаққа  қатысқан  кезде  ӛте  сыпайы  және  мейірімді  болу  керек.  Егер 

сабақтың  бірінші  жартысын  бақылау  жоспарланған  болса,  онда  уақытында 

келу,  сіздің  сабаққа  қатысуыңыздың  негізгі  мақсатын  түсіндіру  маңызды. 

Мұғалім жұмыс жасайтын қысқа мерзімді сабақ жоспарымен танысуға болады. 

Егер сабақтың екінші жартысын бақылау жоспарланған болса, онда сынып 

бӛлмесіне кірген кезде сабақ барысына кедергі келтірмеуге тырысыңыз. Сабақ 

кезінде  сынып  бӛлмесі  қолайлы  болса  және  бұл  оқу  процесіне  кедергі 

келтірмесе, сынып ішінде қозғалуға болады. 

Бақылаудың мақсаты сабақтың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер жинау 

және негіздеме жасау болып табылатынын есте сақтау қажет.  

Бақылау  фокусы  мұғалімнің  қызметіне  де,  білім  алушылардың  қызметіне 

де бағытталған, себебі білім алушылардың оқу бағдарламасы мен ресурстарды 

қабылдауы  оны  табысты  енгізудің  маңызды  индикаторларының  бірі  болып 

табылады. 

Ұсынылған сабақты бақылау парағын пайдалану ұсынылады (

1-қосымша). 

Сабақтың  бақылау  парағын  қолдана  отырып,  тӛмендегі  мәселелерді 

кӛрсету қажет: 

1.

  Оқу  мақсаттары  сапалы  оқытуға  және  жүйелі-іс-әрекет  тәсілін  жүзеге 



асыруға ықпал етті ме? 

2. Сабақта кең ауқымды және жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары дамыды

ма? 

3. Сабақта  білім  алушылардың  іс-әрекеттері  оқу  мақсаттарына  қол



жеткізуге ықпал етті ме? 

4. Білім беру процесін ұйымдастырудың сапасы?

5. Білім алушылар жаңа нәрселерді үйренді ме?

6. Білім  алушылар  мұғалімнен  кері  байланыс  ала  ма  және  ол  оқу

процесінде оқушыларға қалай кӛмектеседі? 

7. Қалыптастырушы бағалау тиімді пайдаланыла ма?

8. Қалыптастырушы бағалау білім алушылар үшін мотивация бола ала ма?

9. Қалыптастырушы  бағалауды  жүргізу  кезінде  мұғалім  қолданатын



36 

 

 



тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келе ме?  

10.  Мұғалім  қалыптастырушы  бағалауда  сараланған  тапсырмаларды 

қолдана ма? 

Сабақта  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді,  білім  алушылардың  оқу 

тапсырмаларын орындауын, мұғалімнің оқу материалын ұсыну форматын және 

мұғалім  тарапынан  білім  алушыларға  эмоциялық  қолдау  кӛрсетуді  тіркеу 

қажет. Сабақты талдау кезінде мұғалімнің кәсібилігі мен біліктілігінің деңгейін 

атап ӛту маңызды. 

Сабақты  бақылау  аяқталғаннан  кейін  бақылау  қорытындысын  бірден 

белгілеу  ұсынылады.  Сабақты  кӛруге  мүмкіндік  бергені  үшін  мұғалімдерге 

алғыс айту керек. 

 

Сабақты бақылаудан кейінгі рефлексия 

1.  Сабақты  бақылау  парағындағы  барлық  негізгі  тұстарын  талқылау 

басталғанға дейін белгілеу.  

2. Сабаққа тікелей қатысқаннан кейін бақылауды белгілеуге болады. 

3.  Сабаққа  қатысу  қорытындысы  бойынша  талқылау  ӛткізу.  Талдауды 

сабақтың/сабақ  үзіндісінің  оң  аспектілерінен  бастау  қажет,  одан  кейін  келесі 

сабақтарға дайындалу кезінде ескеруді қажет ететін маңызды тұстарды атап ӛту 

қажет.  Мұғалімнің  жеке  қасиеттеріне  емес,  сабақтың  сәтті  немесе  керісінше, 

сәтсіз нәтижелерінің дәлелдемелеріне назар аудару қажет.  

4.  Маңызды  бӛлшектерді  жіберіп  алмау  үшін  талқылау  кезінде  барлық 

аталған тұстарды жазып отыру ұсынылады.  

5. Талқылау кезінде мұғалімге кері байланыс беру үшін сабаққа айтылған 

негізгі түсініктемелерді анықтау қажет.  

6. 1 сабақты немесе сабақтың фрагментін талқылау уақыты 15 минуттан 

аспайды, ӛйткені қатысқан барлық сабақтарды талқылау қажет.  

7.  Сабаққа  қатысты  кері  байланыс  барысында,  ең  алдымен,  мұғалімге 

ӛтілген сабақ жӛнінде не ойлайтынын, яғни сабақта ненің жақсы ӛткенін және 

тиімді оқыту үшін нені жақсартуға болатынын сұрау керек. 

Мұғалім  ӛз  пікірін  білдіргеннен  кейін  сабақтың  оң  сәттерінен  бастап, 

жақсартуға  болатын  немесе  жақсарту  қажет  болған  сәттерді  талқылау  арқылы 

диалогті жалғастыра отырып, кері байланыс беру қажет. 

Сабақтарды  бақылау  оқу  пәндерін  оқыту  практикасын  жақсарту, 

мұғалімнің кәсіби ӛсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын 

арттыру үшін негіз болуы тиіс. Сабақтарды бақылау нәтижелері педагогикалық 

кеңестердің отырыстарында мезгіл-мезгіл тыңдалуға тиіс.  

 

 

Назар  аударыңыз!  Педагогтер  олардың  кәсіби  қызметіне  тән 



емес  міндеттерге  (пәтер  және  аула  аралау,  түлектерді  ҰБТ  пункттеріне 

жеткізу және т.б.) тартылмауы тиіс.  

37 

 

 



Сондай-ақ  Ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  қорытындысы  бойынша  жалпы 

білім беретін мектептердің рейтингін ӛткізуге жол берілмейді. 

Орта  білім  беру  ұйымдары  Ұлттық  бірыңғай  тестілеуге  дайындық  үшін 

сынақ  тестілеуін  ӛткізуге  қатыспайды,  ал  мұғалімдер  мепктеп  бітірушілерді 

ҰБТ  тапсыру  пункттеріне  алып  баруды  және  ҰБТ  базасын  толтыруды 

қамтамасыз етпейді. 

 Назар аударыңыз!  

Әрбір  педагог  мұғалім  мәртебесіне  сәйкес  болуы  және  педагогикалық 

әдеп  қағидаларын  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының,  Қазақстан 

Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  «Білім  туралы»  Заңының, 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  23  қарашадағы  Еңбек  кодексінің, 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  18  қарашадағы  «Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы»  Заңының  ережелеріне,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасының  жалпыға  бірдей  танылған  адамгершілік 

қағидалары мен нормаларына сәйкес сақтауы тиіс. 

Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің 

жалпы қағидалары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті. 

Педагогикалық этиканың негізгі принциптері: 

•  адалдық 

•  әділдік 

•  жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу 

•  жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу 

•  кәсіби ынтымақтастық 

•  кәсіби дамудың үздіксіздігі. 

Ең  алдымен  педагог  қызметкерлер  ӛз  қызметінде  Қазақстан 

Республикасының  педагог  қызметкері  жоғары  атағының  беделін  түсіретін  іс-

әрекеттерді  жасауға  жол  бермеуі  тиіс,  ӛзінің  қызметтік  міндеттерін  адал  және 

сапалы  орындай  отырып,  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  бойынша 

шаралар  қолдануы  тиіс,  ӛзінің  жеке  мінез-құлқымен  әділдік,  адалдық  және 

әділеттілік үлгілерін кӛрсетуі тиіс. 

Педагог ӛзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік 

стилін ұстауы маңызды. 



Білім  беру  ҧйымдарында,  білім  беру  ҧйымдарынан  тыс,  интернет-

кеңістікте педагогтің мінез-қҧлық мәдениеті мҧғалімнің жоғары атағына 

сәйкес  болуы  тиіс.  Педагог  педагогтің  беделіне  нҧқсан  келтіретін, 

педагогиканың  принциптері  мен  талаптарына  қайшы  келетін  мінез-

қҧлыққа,  оның  ішінде  интернет-кеңістіктегі  мәліметтердің  таралуына 

жол бермеуі тиіс.  

Педагог  кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың 

профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын 

алу  жүйесінің  органдарына

 

ӛмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  баланы  анықтау 



38 

 

 



фактілері туралы хабардар етуге міндетті. 

Сондай-ақ педагог құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың 

қылмыстық  немесе  әкімшілік  құқық  бұзушылық  белгілері  бар  әрекеттер 

(әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, сондай-ақ ұйымдардан тыс жерде кәсіби 

қызметіне байланысты ӛзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлауға тиіс; 

Педагог ата-аналарға немесе ӛзге де заңды ӛкілдерге білім алушылар мен 

тәрбиеленушілерді  оқыту  және  тәрбиелеу  мәселелері  бойынша  кеңес  береді, 

оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік принциптерін түсіндіреді. 

 

        Назар  аударыңыз!  «Білім  туралы»  Қазақстан 



Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңының  61-бабы  2-тармағының 

3- тармақшасына сәйкес білім беру ҧйымдарының қызметінде ашықтықты 



қамтамасыз  ету  бойынша  халықты  ақпараттандыру  мақсатында  білім 

беру  ұйымдарының  басшылары  Қамқоршылық  кеңеспен  бірге  оқу  жылының 

аяқталуы  бойынша  ата-аналардың,  жұртшылықтың  қатысуымен  кездесулер 

ӛткізуді (қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат) қамтамасыз етуі қажет. 

Сонымен  қатар,  2019-2020  оқу  жылында  Білім  беру  ұйымдарының 

басшылары  жеке  ресми  интернет-ресурстарда  «Білім  және  ғылым  ұйымдары 

қызметіндегі  ашықтық  қағидатын  іске  асыру  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  бұйрығына  қосымшаға  сәйкес  (ӛзгерістер  енгізілген  жаңдайда) 

тарификация мен штаттық кестені жариялауды қамтамасыз етуі қажет. 

Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалаларының білім 

басқармаларының,  сондай-ақ  білім  бӛлімдерінің  басшылары    ата-аналар  мен 

жұртшылықтың  сұрақтарына  белсенді  жауап  беру  үшін  Call-орталықтың 

жұмысын қамтамасыз етуі қажет.  

Аталған материалдарды интернет-ресурстарда орналастыру мониторингін 

қамтамасыз ету кӛзделіп отыр. 


 

39 


 



МЕКТЕПАЛДЫ  ДАЯРЛЫҚ  СЫНЫПТАРЫНДА  ТӘРБИЕЛЕУ-

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

 

 

 

2019-



2020  оқу  жылында  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  басым 

бағыттары:  

мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру; 



 - 

ерте жастағы балалардың дамуы;  

әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі үйрету дағдыларын дамыту; 



4 К дағдыларын дамыту (креативтілікті, сыни ойлауды дамыту, тіл табысуға 

дайын және командада жұмыс істей білу).  

Мектепалды  даярлық  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  сатысы  ретінде  5 

жастағы  балалардың  зияткерлік  және  физикалық  дамуына  жағдай  жасайды, 

мектепке  дейінгі  және  бастауыш  білім  берудің  сабақтастығы  мен  үздіксіздігін 

қамтамасыз етеді. 

Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, 

жалпы  білім  беретін  мектептердің,  лицейлер  мен  гимназиялардың  мектепалды 

даярлық  сыныптарында  іске  асырылады  («Білім  туралы»  ҚР  Заңы  30-бап,  2-

тармақ). Мемлекеттік білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық тегін болып 

табылады.  

Мектепалды  даярлық  аясында  балалардың  мектепке  әлеуметтік-

психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік дайындығы 

қалыптасады. 

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:  

 

балалардың  мектепте оқуына сапалы дайындықты қамтамасыз ету.  

Бұл  міндет  ұйымдастырылған  оқу  қызметін  жүзеге  асыру,  ерікті  әрекетті 

қалыптастыру (не істеп жатыр?, неге бұлай жасап жатыр?, қалай жасайды?), өзін-

өзі үйрету дағдыларын қолдану арқылы іске асырылады.    

 

балалардың мектепте оқуға ынтасын қалыптастыру. 

     


Шығармашылық  белсенділігін  және  қоршаған  ортаны  қабылдауын, 

бастамашылдығын,  білуге  құмарлығын  дамытуға  ықпал  ететін  алған  білімдері 

арқылы іске асырылады.   

 

мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамыту.                                 



 

40 


 

Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында педагогикалық процесті 

іске асырудың негізгі бағыттары   

Білім беру процесі балаларды мектепте оқуға табысты дайындау үшін сапалы 

білім беру қызметін ұсынуға бағытталады.  

Осы  мақсатты  2019-2020  оқу  жылында  іске  асыру  үшін  келесі  міндеттер 

айқындалды: 

балалардың физикалық және психикалық саулығын нығайту; 



білім беру процесін жетілдіру; 

балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде соның ішінде инклюзивті 



білім беруде ата-аналарды қолдау; 

балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу. 



Білім беру процесін жетілдіру 

2019-2020 

оқу  жылында меншік  нысанына  қарамастан  мектепалды  даярлық 

сыныптарында  тәрбиелеу  -  білім  беру  процесінің  мазмұны  Мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  (бұдан  әрі-

Стандарт) сәйкес қамтамасыз етіледі.   

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  стандартына  жас  кезеңіне  қатысты 

(22-


тармақтың 2 - тармақшасы) мектепалды даярлық жасына өзгерістер енгізілді:  

мектепалды сыныптары – 5 жастан басталады. 



Білім беру процесі:  

өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;   



апталық циклограммаға; 

диагностика негізінде мониторингке (бастапқы, аралық және қорытынды) 



сәйкес іске асырылады. 

Перспективалық  жоспар    өтпелі  тақырыптар  негізінде  оқу  жылына 

құрылады. Перспективалық жоспарды  құрастыруға Мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негіз болып табылады.   

 

Педагог өтпелі тақырыптарды таңдауда өңірлік ерекшеліктерге, балалардың 



жастарына  немесе  білім  беру  ұйымының  тақырыптық  бағытына  бағдар  жасай 

отырып, шығармашылық құзыреттілігін танытуы тиіс.  

Перспективалық жоспарға сәйкес өтпелі тақырыптар негізінде «Денсаулық», 

«

Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын 



кіріктіру арқылы құрылған әрбір  аптаға циклограмма құрылады.   

Мектепалды даярлық сыныбында жүргізілген мониторинг баланың түрлі 

кезеңдердегі даму динамикасын анықтауға, педагогтың одан әрі әрекетін 

белгілеуге, баланың жеке дамуына қажетті жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.  

Мониторингті жүргізудің негізгі әдісі балаға күні бойы жүргізілетін бақылау 

әдісі болып табылады. Мониторинг жүргізу үшін индикаторлар Үлгілік оқу 

бағдарламасында жартыжылдықтар бойынша ұсынылған білім беру салалары 

бойынша күтілетін нәтижелер болып табылады.   

Диагностика оқу жылының басында, ортасында және соңында жүргізіледі:   

бастапқы –қыркүйек; 



аралық – қаңтар; 

қорытынды – мамыр. 



 

41 


 

Бастапқы бақылау ересек топтың ІІ жартыжылдықтағы күтілетін нәтижелері 

негізінде  жүргізіледі.  Педагог  психологпен  және  педагог-мамандармен  бірге 

Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнының игерілу деңгейін анықтайды.  

жартыжылдықтың  қорытындысы бойынша  аралық диагностика  (қаңтарда)  



жүргізіледі.  Аралық  диагностиканы  жүргізудің  мақсаты  баланың  даму 

динамикасын анықтау болып табылады.   

Қорытынды  диагностика  ІІ  жартыжылдықтың  нәтижелері  негізінде 

жүргізіледі.  Мониторинг  нәтижелері  бойынша  Үлгілік  оқу  бағдарламасы 

мазмұнының  игерілу  деңгейі  анықталады  және  баланың  одан  әрі  дамуы 

белгіленеді.  

Стандарт талаптары баланың дамуының 3- деңгейінің болуын көздейді: 

1-

деңгей – бала қандай да бір іс-әрекетті қайталайды; 



2-

деңгей  – бала өзінің не істеп жатқанын түсінеді;   

3-

деңгей – бала өзінің жасай алатынын қолданады.  



Мониторинг  нәтижелері  Бақылау  парағында  толтырылады.  Алынған 

мәліметтер негізінде  Баланың жеке даму картасы толтырылады, оны балалармен 

жұмыс  істейтін  педагогтер  мен  мамандар  толтырады  және  баланың  білім  беру 

ұйымында болған барлық кезеңінде жүргізіледі.  

«Қорытынды»  бөлімде  баланың  оқу  жылы  соңындағы  жетістіктері 

белгіленеді және келесі жылға түзету жұмысы бойынша шаралар анықталады.   

Оқу  жылының  соңында  педагог  бастапқы,  аралық,  қорытынды  мониторинг 

нәтижелерімен  Жинақ  есепті  құрастырады,  балалардың  біліктері  мен 

дағдыларының  даму  динамикасын  бағалау  үшін  оқу  ісінің  меңгерушісіне 

(әдіскерге) тапсырады. 

Мектепалды  даярлық  сыныпта  жүргізілетін  мониторинг  «Мектепке  дейінгі 

балалық 


шақ» 

республикалық 

орталығының 

www.rc-dd.kz

сайтында 



орналастырылған  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  біліктері  мен 

дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға» 

сәйкес жүргізіледі.     

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар   

 

1)  ұйымдастырылған    оқу  қызметінің  ең  жоғары  көлемі    мен  ұзақтығын 



қамтамасыз ету ;  

2) 


мектепалды  даярлық  сыныбының  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің 

Санитариялық қағидалараға сәйкестігі.  

Қазақстан  Республикасы    Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  20 

желтоқсандағы  №  557  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу 

жоспарына»  бұйрығына  5  жастан  бастап  балалар  үшін  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізілді:   

«Қатынас» білім беру саласы:  

«Көркем  әдебиет»  ҰОҚ-нің  міндеттеріне  «Драма»  ҰОҚ-нің  міндеттері 



енгізілді, апталық оқу жүктемесінің көлемі-1 сағатты құрайды;  

«Шет  тілі»  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  вариативтік  бөлімге 



ауыстырылды.  

«

Әлеумет» білім беру саласы:  



«Экология  негіздері»  ҰОҚ-нің  міндеттері  «Қоршаған  ортамен  танысу» 



 

42 


 

ҰОҚ-не енгізілді, апталық оқу жүктемесінің көлемі - 0,5 сағатты құрайды.  

  

Осыған  байланысты  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу 



бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.   

Апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі-20 сағат:  

оқыту тілі қазақ тілінде жүргізілетін топтар мен сыныптарда: инвариантты 



бөлім – 17 және вариативтік бөлім – 3 сағат;  

оқыту тілі орыс тілінде жүргізілетін топтар мен сыныптарда: инвариантты 



бөлім – 18, вариативтік бөлім – 2 сағатты құрайды. 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 25-30 минутты құрайды. 

Сабақтар  арасындағы  үзілістерде  орташа  қарқынды  қимылды  ойындар, 

дербес қызмет ұйымдастырылады. 

Вариативті  компонентті  анықтау  кезінде  балалардың  жас  және  жеке 

ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктері,  қажеттіліктері,  мүдделері  және  білім  беру 

ұйымы  қызметінің  бағыттары  ескерілуі  тиіс.  Вариативті  компонент  мектепалды 

даярлық  сыныбы  балаларының  рұқсат  етілген  жүктемесінің  деңгейінен  аспауы 

тиіс.  

Варитивті  бөлімге  білім  беру  ұйымының  мүмкіндіктерін  (кабинеттердің 



болуы,  штат  кестесінің  сәйкестігі)  ескеріп,  ағылшын  тілін,  логиканы  енгізу 

ұсынылады.  

 

«Балақайлар мектебі» - жазғы кезеңде мектептер жанындағы даярлық 

курстары 

Негізгі міндеттері:  

 

баланың 

мектепте 

оқуына 

эмоционалды-оң 

көзқарасты 

қалыптастыру.                                                                                                              

Арнайы  білім  беру  ортасын  құру,  зияткерлік  –  психологиялық  ойындар 

өткізу,  бірінші  сыныпта  жалғасатын  психологиялық  -  педагогикалық  қолдауды 

қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.   

 

болашақ мектеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру.  

«Таным»,  «Әлеумет»,  «Қатынас»,  «Шығармашылық»  білім  беру  салаларын 

кіріктіру арқылы іске асырылады.  

 

«мектепалды  даярлық  –  бастауыш  мектеп»  сабақтастық  қағидасын 



сақтау.  

Бірізділік,  жүйелілік,  ғылымилық,    түсініктілік  «Қарапайымнан  күрделіге 

қарай» дидактикалық қағидаларын жүзеге асыру арқылы іске асырылады.  

Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері: 

жеке-тұлғалық дайындығы – оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың 

маңыздылығы  мен  қажеттілігін  түсінеді,    жаңа  білімді  алуға  қызығушылық 

танытады);  

зияткерлік  дайындық  –  баланың  ойлау  операцияларының  дағдыларын 

меңгере білуі: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.   

әлеуметтік-психологиялық  дайындық  –    жаңа  әлеуметтік  жағдайларға 

бейімделе алуы, ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі.  

 

«Балақайлар мектебі» жыл сайын  жазғы кезеңде мектептер жанында 2-айға 



құрылады. Министрлік ұсынған курстардың бағдарламасы ЖАО-ға жіберілді (ҚР 

БҒМ 2019 жылғы 12 шілдедегі № 11-6/607 хаты).                                                                                                                                                                                                                  



 

43 


 

Баланы  тәрбиелеу  және  дамыту,  оның  ішінде  инклюзивті  білім  беру 

мәселелерінде педагогтар мен ата-аналарды қолдау.  

Стандартта ерекше білім беррілу қажеттілігі бар балаларды жас тобына  қосу 

шарттарын көздейтін норма енгізілген. Бір топқа осы санаттағы үш баладан артық 

емес  балалар  енгізуге  болады,  сондай-ақ  балалардың  жалпы  саны  ерекше  білім 

беру қажеттілігі бар бір балаға үш тәрбиеленушіден  азаяды. 

Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту 

Ағымдағы  оқу  жылында  қауіпсіз  білім  беру  ортасын  құруға,  балалардың 

өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық сақтау 

технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады. Балалармен, ата-

аналармен жұмыс тәжірибесін алмасу, тарату үшін педагогтар қауымдастығының 

онлайн порталын енгізілді. 



Балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу 

          

Замануи  жалпыадамзаттық,  ұлттық  және  этномәдени  құндылықтар 

негізінде  Қазақстан  халқының  рухани-адамгершілік  мұрасына  баулу  жөніндегі 

жұмысты,  тәрбие  процесіне  ата-аналардың  жауапкершілігін  арттыру  және 

белсенді түрде қосылуын жалғастыру.  

Балаларды  құрдастарына  жақсы  қарым-қатынас  жасауға  үйрету; 

адамгершілікке баулу; адамдарға деген құрмет сезімін, мейірімді, қайырымды іс 

жасауға деген ниетін тәрбиелеу. 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  мен  орта  білім  беру  ұйымының  мектепалды 

сыныбы түлегі келесідей сапаларды меңгеруі тиіс: 

1) дене бітімі дамыған; 

2) білуге құмар; 

3) 


креативті; 

4)  өзіне сенімді және белсенді

5) эмоционалды елгезек; 

6)  әлеуметтік  дағдыларды  және  ересектермен,  құрдастарымен  өзара  қарым-

қатынас жасаудың, өз бетінше үйренудің дағдылары мен әдістерін меңгерген; 

7) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат 

жөнінде алғашқы түсініктері бар; 

8) 


орта білім беру ұйымында оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген.  

Мектепалды  даярлық  сыныптары  құжаттарын  ресімдеуге  қойылатын 

талаптар 

Іс  қағаздарының  жүргізілуі  мен    дұрыс  ұйымдастырылуына,  құжаттардың 

мезгілінде  орындалуы  және  олардың  сақталуына  жауапкершілік  білім  беру 

ұйымының басшысы мен оқу ісінің меңгерушісіне (әдіскерге) жүктеледі. 

Тәрбиелеу-білім  беру  процесін  сапалы  іске  асыру  үшін  педагогтер 

«Оқулықтардың,  оқу-әдістемелік  кешендердің,  құралдардың  және  басқа  да 

қосымша  әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық  жеткізгіштегілерінің  тізбесін 

бекіту туралы" ҚР БҒМ 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығын басшылыққа 

алуы қажет.  Осы  тізбеде  көрсетілмеген  оқулықтар,  оқу-әдістемелік  кешендер, 

құралдар  және  басқа  да  қосымша  әдебиеттер  білім  беру  ұйымының 

педагогикалық процесінде пайдаланылмайды.              

 

 



 

44 


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет