ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48

 

Назар аударыңыздар! 

2019-2020  оқу  жылында  тарих  пәндері  бойынша  5-9  –  сыныптарда 

жаңартылған 

мазмұндағы 

оқу 

бағдарламаларын 



енгізу 

барысында 

қолданыстағы және жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мазмұнында 

хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын алады (60-кесте).  

 

60-кесте – Оқу бағдарламаларын салыстыру 



 

Қолданыстағы бағдарламалар 

Білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар 

5-сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелер 

5-сынып – Ежелгі заман тарихы 

6-сынып – Ежелгі заман тарихы  

6-сынып – Орта ғасырлар тарихы 

7-сынып – Орта ғасырлар тарихы  

7-сынып – Жаңа заман тарихы 

8-сынып – Жаңа заман тарихы 

8-сынып – Қазіргі заман тарихы  

(ХХ ғасырдың бірінші жартысы) 

9-сынып – Қазіргі заман тарихы 

9-сынып – Қазіргі заман тарихы  

(ХХ  ғасырдың  екінші  жартысы  –  бүгінгі 

күнге дейін ) 



 

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндернің хронологиялық 

кезеңдерінің сәйкестігі мен мазмұнның сабақтастығын сақтау мақсатында 5-

9-сыныптарда: 

1) 8-сыныпта 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 7-сыныптың (жаңа 



кезең) жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі;  

2)  9-сыныпта  2019  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  2021  жылғы  

1  қыркүйекке  дейін  8-9-сыныптардың  (қазіргі  заман  тарихы)  мазмұнын 

қамтитын  жаңартылған  мазмұндағы  ӛтпелі  кезең  оқу  бағдарламасы 

енгізіледі.  

 


 

163 


 

 

 



Назар аударыңыздар! 

2019-2020  оқу  жылында  «Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі 

тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады: 

1.  5-сынып  –  5-сыныпқа  арналған  «Қазақстан  тарихы»  және 

«Дҥниежҥзі тарихы» пәндерінің оқулықтары; 

2.  6-сынып  –  7(6)-сыныпқа  арналған  «Қазақстан  тарихы»  және 

«Дҥниежҥзі  тарихы»  пәндерінің  оқулықтары  немесе  6-сыныпқа  арналған 

«Қазақстан тарихы» және «Дҥниежҥзі тарихы» пәндерінің оқулықтары; 

3.  7-сынып  –  8(7)-сыныпқа  арналған  «Қазақстан  тарихы»  және 

«Дҥниежҥзі тарихы» пәндерінің оқулықтары; 

4.  8-сынып  –  8(7)-сыныпқа  арналған  «Қазақстан  тарихы»  және 

«Дҥниежҥзі тарихы» пәндерінің оқулықтары; 

5.  9-сынып  –  8-9-сыныпқа  арналған  «Қазақстан  тарихы»  және 

«Дҥниежҥзі  тарихы»  пәндерінің  оқулықтары  (1-бӛлім)  және  8-9-сыныпқа 

арналған  «Қазақстан  тарихы»  және  «Дҥниежҥзі  тарихы»  пәндерінің 

оқулықтары (2-бӛлім). 

 

2019-2020 оқу жылынан жаңартылған білім беру мазмұны аясында 9-

сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәні енгізіледі. 

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері 

Қазақстан  тарихы  бойынша  жаңартылған  оқу  бағдарламасы  білім 

алушылардың  бойында  тарихи  сана,  қазақстандық  патриотизм,  ұлттық  және 

жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  қалыптастыру,  зерттеушілік,  ойлау, 

коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған. 

«Қазақстан тарихы»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 

1)  5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  

2)  6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 

3)  7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  

4)  8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;  

5)  9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 



Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 

5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының 

ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  кезеңдегі  әлеуметтік,  мәдени,  саяси, 

экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. 

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын 

анықтау,  оқыту  мазмұнына  сәйкес  материалдарды  саралау,  оқытудың  тиімді 

әдістерін анықтауды қажет етеді.  

Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5,6,7-сыныптарында  «Қазақстан 

тарихы» пәні мазмұнына «Ӛлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. 


 

164 


 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  негізінде  әзірленген 

«Ӛлкетану» материалдарын оқыту: 

-  білім  алушыларда  ежелгі  дәуірден  бастап  қазіргі  уақытқа  дейінгі  туған 

жер  аумағында  болып  жатқан  тарихи  процестердің  негізгі  кезеңдері  мен 

ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға

-  туған  ӛлкенің  табиғи  байлықтары,  тарихи  ескерткіштері  және  мәдени 

нысандары туралы білімдерін кеңейту;  

- туған ӛлкенің дәстүрлі қолӛнері, мәдени және әдеби мұралары мен ӛңір 

мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;  

-  туған  ӛлкенің  бірегей  табиғаты,  тарихы  мен  мәдениетіне  деген  құрмет 

сезімдеріне  тәрбиелеу;  оларды  қорғауға  жауапкершіліктерін  арттыруға 

бағытталған. 

Ӛлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 

12 сағат кӛлемінде оқытылады. Ӛлкетану материалдары оқу бағдарламасының 

базалық  білім  мазмұны  мен  ұзақ  мерзімді  жоспарына  енгізілді.  Оқу 

бағдарламасы  бойынша  тоқсандағы  бӛлімдер  мен  бӛлім  ішіндегі  тақырыптар 

бойынша  сағат  сандарын  бӛлу  мұғалімнің  еркінде  болғандықтан  «Ӛлкетану» 

материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.  



Ӛлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 

Ӛлкетану  мәдени  және  ұлттық  сәйкестікті  дамыту  мен  сақтаудың 

маңызды  міндетін  орындайды.  Ӛлкетанулық  білім  жаңа  буынды  аймақтың 

мәдени  құндылықтарымен  қамтамасыз  етіп  отыратын  әлеуметтік-мәдени 

ақпарат кӛзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 

береді 


5-сыныпта:  «Ӛлкенің  тарихи  ескерткіштері»,  «Ӛңірдің  тарихи  тұлғалары: 

билер,  батырлар,  ақындар»,  «Туған  ӛлкенің  аңыз-ертегілері»  тақырыптарын 

оқытуда  білім  алушыларды  ата-бабалардың  дәстүрін  құрметтеуге,  келешек 

ұрпақтардың  тәжірибесін  жалғастыруға,  ӛнегелі  жерлестерінің  ӛмірін 

замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.  

5-сыныпта  «Ӛлкетану  мұражайы  және  тарихи  жәдігерлер»  тақырыбы 

бойынша  тарихи  мұраны  жеткізудегі  жәдігерлердің  рӛлін  сипаттау  үшін 

мүмкіндігінше  мұражай  сабақтарын  ӛткізу  ұсынылады.  Мұражайда  ӛтетін 

сабақта  білім  алушылардың  оқу  материалдарын  мұражайдағы  бай  қорды 

пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.  

Мұражай  базасында  ӛткізілген  сабақтар  білімалушылардың  азаматтық 

және 


патриоттық 

қасиеттерін 

қалыптастыруға, 

олардың 


танымдық 

қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-ӛрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени 

ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді. 

6-сыныпта:  «Топонимдер  –  ӛткен  заманның  куәгерлері»,  Мәдени-тарихи 

дәстүрді сақтаушылар: ӛлкенің ұлттық қолӛнері», Туған ӛлке тарихының қазіргі 

кездегі  куәгерлері»  тақырыптары  берілген.  Ӛлкедегі  жер-су  атауларының 

тарихын,  ұлттық  қолданбалы  ӛнері  мен  қолӛнерді,  қазіргі  кездегі  ӛлкедегі 

атақты  тұлғалардың  ерлік  істері  мен  еңбегі  туралы  білім  беруде  білім 



165 

алушылардың  ӛлкенің  негізгі  ерекшеліктерін  анықтауға  және  терең  түсінуіне 

ықпал ету ұсынылады. 

Осы  сыныпта  білім  алушылар  «Бір  ел-бір  тағдыр»  тақырыбы  арқылы 

аймақтағы  әр  түрлі  ұлттардың  тарихы,  салт-дәстүрімен  танысады.  Бұл 

білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.  

7-сыныпта:  «Ӛлкенің  туристік  маршруттары»,  «Туған  жердің  Атымтай

жомарттары», «Туған ӛлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын 

оқытуда  білім  алушыларға  оқу  мазмұнына  сәйкес  материалдарды  анықтау, 

талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады. 



«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 

Тӛменде  61-кестеде  оқу  пәнінен  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.  

61-кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып 

Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны 



1-тоқсан

2-тоқсан


3-тоқсан

4-тоқсан


5-сынып



6-сынып





7-сынып




8-сынып




9-сынып






«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері 

«Дүниежүзі  тарихы»  пәні  білім  алушылардың  бойында  тарихи  сана, 

толеранттылық,  ӛз  елі  және  басқа  елдердің  тарихы  мен  мәдениетіне  құрметті 

қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды 

меңгерту  және  зерттеушілік,  ойлау,  коммуникативті  дағдыларды  дамытуға 

бағытталған.  

«Дүниежүзі  тарихы»  пәнінің  білім  мазмұны:  әлеуметтік  қатынастардың 

дамуы,  мәдениеттің  дамуы  мен  ӛзара  әрекеттестігі,  саяси  жүйелердің  дамуы 

мен  ӛзара  әрекеттестігі,  экономикалық  қатынастардың  дамуы  бӛлімдерін 

қамтиды.  Сондықтан  5-9-сыныптарда  «Дүниежүзі  тарихы»  бойынша  ежелгі 

дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  әлеуметтік,  мәдени,  саяси,  экономикалық 

салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. 



«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 

1) 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.



«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 



 

166 


 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 

Тӛменде  62-кестеде  оқу  пәнінен  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 

 

 

62-кесте.  «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   



 

Сынып 


Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

5-сынып 




6-сынып 




7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 




 

 



«Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәндері  бойынша 

оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 

 Тарихты оқытуда келесілерге ерекше кӛңіл бӛлу ұсынылады:  

тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір кӛлемін 



(тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, 

алған  білімі  мен  білігін  оқу  мен  тәжірибелік  міндеттерді  ӛздігінен  шешумен 

сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;  

тарихи  оқиғаларды,  құбылыстар  мен  процестерді  және  тарихи 



тұлғалардың  қызметін  әлемдік  және  Отандық  тарих  контекстінде  талдау  және 

баға беру дағдыларын қалыптастыруға; 

тарихи  деректердің  негізінде  тарихи  зерттеу  жүргізу  дағдыларын 



қалыптастыру  мен  дамытуға  (гипотезаларды  ұсыну,  зерттеу  сұрақтарын 

құрастыру,  деректерді  талдау,  әртүрлі  кӛзқарастарды  салыстыру,  нәтижелер 

мен қорытындыларды шығару, ӛзінің ұстанымын анықтау); 

қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 



процестерде  бағдарлану  үшін  тарихи  білімдерін  қолдана  білу  дағдыларын 

қалыптастыруға бағытталуы тиіс.  

  Мұғалімнің  сабаққа  әзірлейтін  тапсырмалары  келесі  критерийлерге 

сәйкес болуы қажет:  

тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;  



дифференциацияны кӛздеу;  

сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;  



проблемалық оқытуға негізделуі;  

бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.  



Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру 

барысында  мұғалімге  оқушыларды  тапсырманың  критерийлерімен  таныстыру 

ұсынылады.  

  Тарихты  оқытуда  білім  алушының  оқыған  тарихи  фактілер  мен 

оқиғаларды кеңістікте  бағдарлау  дағдысын  қалыптастыру  мен  тарихи  картаны 


 

167 


 

«оқып», оны білім кӛзі ретінде пайдалануына кӛңіл бӛлу ұсынылады. 

Білім  алушыларда  тарихи  картамен  жұмыстың  негізі  5-сыныптан 

қаланады,  ол  картаның  шартты  белгілерін  қолдана  білуі,  тарихи  және 

географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.  

Мысалы  6-сыныпта  «VI-IX  ғасырлардағы  мемлекеттердің  даму 

ерекшеліктерін  түсіндіріп,  олардың  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын 

анықтау»  атты  оқу  мақсаты  бойынша  мұғалім  білім  алушыларға  тарихи 

картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың 

бойында  уақыт  пен  кеңістікте  бағдарлану  дағдыларының  дамуына  септігін 

тигізеді.  Сондықтан  білім  алушының  алған  тарихи  білімін  кеңістікте 

бағдарлауға  мүмкіндік  беретін  картографиялық дағдысын  дамыту  ұсынылады. 

Бұл  тарихи  оқиғаларды,  олардың  ӛзгерісі  мен  даму  жағдайын  картада 

белгілеуге  берілетін  тапсырмалардан  кӛрінеді.  Білім  алушылардың  жас 

ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар 

жасауға тапсырмалар беру ұсынылады. 

7-9-сыныптарда  тарихи  картаның  мазмұнын  талдауды  қажет  ететін 

тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады. 

9-сыныпта  тарихты  оқыту  білім  алушылардың  қазіргі  заман  тарихының 

маңызды  процестеріне,  құбылыстарға,  оқиғаларға  және  ұғымдарға  баса  назар 

аударуға,  тарихи  оқиғаларды,  талдау,  салыстыру,  кӛрнекті  тарихи  тұлғалар 

қызметін  бағалау,  алған  білімі  негізінде  ӛз  ойын  дәлелдеу  дағдыларын 

қалыптастыруға бағытталған.  

Білім  алушыларды  оқытылатын  кезеңдегі  ғылым  мен  мәдениеттің 

кӛрнекті  ӛкілдері  мен  саяси  жетекшілердің  қызметіне,  тарихи  оқиғаларға 

салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.  

Мысалы,  «Қ.Сатбаев  –  жан-жақты  ғалым»  тақырыбы  бойынша  оқытуда 

білім  алушыларды  Қаныш  Сәтбаевтың  Қазақстан  ӛнеркәсібін  дамытудағы 

қызметіне  талдау  жасауға  және  ғылымды  дамытудағы  рӛліне  баға  беруге 

бағыттау ұсынылады.  

«Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысы  шайқастарына  қатысуы» 

тақырыбы  бойынша  білім  беруде  қазақстандықтардың  Екінші  дүниежүзілік 

соғысының  жеңісіне  қосқан  үлесіне  баға  беруде  2019  жылы  мерейтойлық 

күндері  атап  ӛтілетін  Н.Әбдіров,  С.Баймағамбетов,  Т.Тоқтаров,  Леонид 

Беданың  ерлігіне  қосымша  материалдар  негізінде  талдау  жасауға  бағыттау 

ұсынылады.  Сонымен  қатар,  Бауыржан  Момышұлының  батырлық,  тұлғалық 

қасиетін айқындау бойынша тапсырма беру ұсынылады. 

 Тарихты  оқытуда  тарихи  концепт  бойынша  берілетін  тапсырмаларды 

оқушылардың  тарапынан  тек  қана  себеп  пен  салдарларды  анықтаумен  қатар, 

бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рӛлі 

бойынша),  түрлі  себептер  арасында  ӛзара  байланысты  анықтау  және  оларды 

маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады. 

 Тарихи  деректердің  интерпетациясы  бойынша  тапсырмалар  әзірлеуде 

оқушылардың  тарихи  дерекпен  жұмыс  істеуі  олардың  жас  ерекшеліктері  мен 

танымдық  мүмкіндіктерін,  дайындық  деңгейін  ескере  отырып  біртіндеп 


 

168 


 

күрделендіру  ұсынылады.  Тарихты  оқытуда  түрлі  тарихи  деректерді,  аудио 

және бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.  

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 

сенімді,  жауапты,  талдау  жасай  алуға  бағыттайтын  оқытудың  түрлі 

формалары ұсынылады: 

- мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы  білім 

алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 

- білім  алушыларды  зерттеу  және  зерттеушілік  жұмыстарын  жүргізуге 

негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;  

- білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;  

- білім  алушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  деңгейлік 

тапсырмалар құрастыру;  

-  білім  алушылардың  жеке,  жұптық,  топтық  және  тұтас  сыныптық 

жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану

-  оқу  процесінде  тарихи  құжаттардың  фрагменттерін  талдау,  ақпарат 

жинақтау  және  қорытынды  жасау,  себеп-салдарлық  байланыстарды  орнатуды 

және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану; 

-  сабақта  білім  алушының  біліміндегі  кемшіліктерді  уақытында 

анықтауға  мүмкіндік  беретін  кері  байланысты  ұйымдастырудың  әр  түрлі 

әдістерін қолдану.  

 Тарихи  тұлғаға  сипаттама  бергенде  мынадай  арнайы  жадынаманы 

қолдану ұсынылады: 

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу; 

- тұлғалық белгілерін сипаттау

-  ӛмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау; 

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.  

Бұл  тарихи  тұлғалардың  іске  асырған  ерекше  әрекеттерінің  білім 

алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. 

Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың 

құқығы  мен  бостандығын  құрметтейтін  және  қабылдайтын,  Отанының 

дамуына ӛз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден кӛрінетін «Болашаққа 

бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рӛл 

атқарады.   

Білім  алушылардың  тарихи  білімін  тәжірибеде  нақтылау  мақсатында 

мүмкіндігінше  мұражайларға,  тарихи  ескерткіш  орнатылған  немесе  тарихи-

археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.  

«Қазақстан 

тарихы» 

пәні 

бойынша 

ұсынылатын 

сайттар: 

http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz



http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/



.  

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:    

http://www.world-history.ru

http://historic.ru



http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



 

Тәрбиелік компонент 

Пән  мазмұны  біздің  ата-бабаларымыздың  бірегей  мәдениетін, 

Қазақстанның  әлемдік  тарихтағы  орны  мен  рӛлін,  оның  әлемдік  ӛркениетке 


 

169 


 

қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді. 

«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады:  

1.  Ұшқыш-шабуылдаушы,  Кеңес  Одағының  Батыры  Нүркен  Әбдірұлы 

Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз); 

2.  Мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Тұрар  Рысқұловтың  туғанына  125 



жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 

3. ҚҒА  Тұңғыш  президенті,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Қаныш 

Сәтбаевтың туғанына 120 жыл; 

4. Республикалық  «Казахстанская  правда»  газетінің  шыққанына  100 



жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 

5. Кеңес  Одағының  Батыры,  «Ленин»  ордені  мен  бірқатар  медальдардың 

иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 

сәуір); 


6. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ 

әдебиетінің  негізін  қалаушы,  философ,  композитор,  аудармашы,  саяси 

қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз); 

7. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл. 

8. Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте 

Кеңес  Одағының  Батыры,  «Ленин»,  тӛрт  мәрте  «Қызыл  Ту»,  «Александр 

Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар 

медальдардың  иегері  Леонид  Игнатьевич  Беданың  туғанына  100  жыл.  (1920 

жыл.16 тамыз); 

9. Кеңес  Одағының  Батыры,  «Ленин»  ордені  мен  бірқатар  медальдардың 

иегері Тӛлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан); 

Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  тӛмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 

асады: 

-  базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 



мұражайларда; 

-  таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 

олимпиадалар жүргізу; 

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ӛткізу; 

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 

Сыныптан 

тыс 

жұмыстар 



білім 

алушылардың 

пәнге 

деген 


қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, ӛздігінен іздене білуге 

үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 

алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 

 

«Қҧқық негіздері» оқу пәні 

Азаматтық 

қоғам 

мен 


құқықтық 

мемлекеттің 

қалыптасуының 

басты   алғышарттарының  бірі  –  азаматтардың  құқықтық  білімін  жетілдіріп, 

құқықтық  сауаттылық  пен  мәдениениетін  қалыптастыру.  Сондықтан  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  «Құқық  негіздері»  пәнін  оқыту  оқушылардың 

қоғамда  әлеуметтік  бейімделуі  үшін  қажетті  негізгі  құқықтық  білімдері  мен 


 

170 


 

дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.  

 «Құқық  негіздері»  оқу  пәнінің  мақсаты  -  құқық  жӛнінде  негізгі 

білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және 

олардың  бойында  заңды  құрметтеу  дәстүрі  мен  құқықтық  мәдениетті 

қалыптастыру,  ӛз  азаматтық  құқықтары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыруға 

қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады. 

Пәнді  оқыту  оқушыларда  азаматтық  құқықтарын  жүзеге  асыруға, 

мiндеттемелерiн  орындауға  қажетті  білім  мен  дағдыларды,  саяси-құқықтық 

сананы қалыптастырады.  

 «Құқық  негіздері»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұны:  Құқық  және 

мемлекет, Конституциялық құқық,  Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,  Отбасы 

құқығы,  Әкімшілік құқық,  Қылмыстық құқық бӛлімдерін қамтиды.  

«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 9-сыныпта аптасына 

1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  

Ұзақ  мерзімді  жоспардағы  тақырыптар  проблемалық  сұрақтар  түрінде 

құрастырылған.  Оның  басты  себебі  –  кез-келген  тақырып  оқушыларды  бірден 

ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ 

қоюға, ӛздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. 



«Құқық  негіздері»  пәнін  оқытуда  келесі  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді 

қолдану ұсынылады: 

 



«Кейс  стади»,  оқушылардың  проблемаларды  анықтауда  ӛз  ойларын, 

пікірлерін  айту,  дәлелдеу,  гипотеза  ұсыну,  зерттеуді  одан  әрі  жоспарлау 

қабілеттерін  дамытатын  ынталандырушы–проблемалық,  ситуациялық  жағдай 

туғызу; 


 

белгілі  бір  тақырып  бойынша  «миға  шабуыл»,  «фишбоун»,  «автор 



орындығы»,  т.б.  әдістерін  ұйымдастыру  (проблемаларды  табу,  әр  оқушының 

идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау  және шешімнің дұрыс 

нұсқасын қабылдау); 

 



сабақта  оқушылардың  белсенділігін  қажет  ететін  құқықтық  

проблемаларды талқылау; 

 

оқушылардың  пікір-талас  ӛткізу  және  құқықтық  мәселелерді 



талқылауына  игі  ықпал  ету  үшін  компьютерлік  қарым-қатынас  құралдарын 

(мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану. 

Оқушылардың  құқықтық  мәселелер  мен  жағдайаттарға  талдау  жүргізу 

үшін  сабақта  құқықтық-нормативтік  актілермен,  заң  түсіндірмелерімен  және 

т.б. құқықтық деректермен жұмысты кӛптеп ұйымдастыру ұсынылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет