Әдістемелік кеңесте келесі сҧрақтарды талқылау ҧсынылады:
1. Жалпы орта мектепте жаңартылған білім беру мазмұны аясында шетел
тілін оқытудың ерекшеліктері.
2. Ағылшын тілінде оқытылатын ЖМБ (физика, химия, биология,
информатика) пәндері мұғалімдерінің және шетел тілі мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау ерекшеліктері.
3. 2019-2020 оқу жылы шетел тілін оқытуда мұғалімдердің семинарларын
және тәжірибе алмасуын жоспарлау.
4. «Шетел тілі» оқу пәнінің білім беру үдерісін ақпараттық-әдістемелік
қолдау.
Оқу жылы ішінде шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік отырыстарында
шетел тілі бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруда қазіргі заманғы
тәсілдерді іске асыру; қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды құру;
қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу; сындарлы кері байланыс
пен рефлексия жүргізу; шетел тілі бойынша сабақтан тыс қызметті
ұйымдастыру мәселелерін қарастыру ұсынылады.
«Абайтану» факультативтік курсы
«Абайтану» курсы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге
асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, ӛнерін, салт-дәстүрін,
мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы
жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде ӛз
кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ӛркениетті қоғамда
ӛмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта
даярлау бойынша арнайы курстардан ӛткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Мұғалімдерге кӛмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын
жобалау мен ӛткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия
209
сайтына (
www.nao.kz
) орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану»
курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті
есебінен жүргізу ұсынылады.
Курс жүктемесінің кӛлемі:
10- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқужылында – 34сағатты;
11- сыныпта – аптасына 1 сағат, оқужылында – 34 сағаттықұрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау,
сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу
бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Алгебра және анализ
бастамалары», «Геометрия», «Информатика».
Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі тӛмендегі 72-кестеде
кӛрсетілген.
72-кесте.
«Алгебра
және
анализ
бастамалары»,
«Геометрия»,
«Информатика» оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі
Сынып
Оқу пәнінің атауы
Апталық
жүктеме
Жылдық
жүктеме
10
ЖМБ
Алгебра және анализ бастамалары
4
136
Геометрия
2
68
Информатика
2
68
10
ҚГБ
Алгебра және анализ бастамалары
3
102
Геометрия
1
34
Информатика
1
34
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары»,
«Геометрия» пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-
үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның
логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту
арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға
мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге
қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның
біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқыту
мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда ӛзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау
қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту;
практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды
жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
210
Міндеттері:
- Бағдарламаның «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар
теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бӛлімдері бойынша
математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға
жағдай жасау;
- әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және
негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік
формаларды оқып білуге ықпал ету;
- есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық
модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын
математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;
- практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен
олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу
үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту;
- коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және
сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат кӛздерінен, басылымдар мен
электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
- ӛздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік,
белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді
дамыту;
- математиканы
оқыту
процесінде
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
2019-2020
оқу
жылындағы
10-сынып
оқушыларына
арналған
информатика пәнін оқыту жаңартылған мазмұны бойынша жалпы орта білім
деңгейіндегі
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы
10-11-сыныптарының
информатика пәні бойынша типтік оқу бағдарламаларына (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105
бұйрығына 16-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 192-қосымша,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына қосымша 410-қосымша) және жалпы орта білім беру
деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына
арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына 15-қосымша,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27
шілдедегі № 352 бұйрығына 191-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша 409-
қосымша).
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 10-сыныпта «Информатика» пәнін оқытуға
бӛлінген сағат саны ҚГБ бойынша 1 сағатты, ЖМБ бойынша 2 сағатты
құрайды.
Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика
курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын
211
тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер
мен үдерістерді жобалауға, ӛз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға,
түзетуге және іске асыруға бағытталған.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптағы информатиканы оқыту
мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері
бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке
қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру,
танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бӛлімдер бойынша берілген.
Бӛлімдер бӛлімшелерге бӛлініп, әр бӛлімшені оқып игеру сыныптар бойынша
күтілетін нәтижелер: дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде
оқу мақсаттары жүйесінде кӛрсетілген.
Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық
пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы
тоқсандарға бӛлініп кӛрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды
игеруге және бӛлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары
кӛрсетілмеген. Бӛлімшелердің арасында сағат санын бӛлу құқығы практик-
мұғалімге берілген, бірақ материал кӛрсетілген тоқсанда толық оқытылуы
тиіс.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің
базалық мазмұнында аздаған ӛзгерістер бар.
1. 10-сынып, «Алгебра және анализ бастмалары», жаратылыстану-
математикалық бағыт.
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бӛлінген. Оқыту бағытына сәйкес пәннің
базалық мазмұны кеңейтілген.
Бірінші. Дәстүрлі түрде оқытылып келе жатқан бӛлімдер тақырыптармен
толықтырылған. Атап айтқан:
- «Функция, оның қасиеттері және графигі» бӛліміне «Бӛлшек-сызықты
функция»;
- «Кері
тригонометриялық
функциялар»
бӛліміне
«Кері
тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»;
- «Туынды»
бӛліміне «Кері тригонометриялық функциялардың
туындылары»;
- «Туындының қолданылуы» бӛліміне «Функция графигінің иілу
нүктелері, функция графигінің дӛңестігі»
- «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бӛліміне
«Үлкен сандар заңы».
- «Ықтималдық» бӛліміне «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы
(натурал кӛрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес
формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты
құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері».
Екінші. «Кӛпмүшелер» жаңа бӛлімі қосылған. Бірнеше айнымалысы бар
кӛпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы
212
кӛпмүшелер. Бір айнымалысы бар кӛпмүшенің жалпы түрі. Кӛбейткіштерге
жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар кӛпмүше түбірлерін табу. Кӛпмүшені
кӛпмүшеге «бұрыштап» бӛлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған
коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті кӛпмүшенің рационал түбірлері
туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі
теңдеулер. Үшінші дәрежелі кӛпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы.
2. 10-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары», қоғамдық-
гуманитарлық бағыт.
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бӛлінген. Қолданыстағы оқу
бағдарламасымен салыстырғанда шамалы ӛзгерістер енгізілген. Ол ӛзгерістер
комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы материалдарымен байланысты.
Қолданыстағы бағдарламада 11-сыныпта оқытылатын «Кездейсоқ
шамалар және олардың сандық сипаттамалары» тарауы 10-сыныпқа кӛшірілген.
11-сыныпта «Ықтималдық» бӛлімі «Ықтималдықтарды қосу және
кӛбейту ережелері» тақырыбымен толықтырылған. Бұл тақырып қолданыстағы
бағдарлама бойынша жаратылыстану-математика бағытында ғана оқытылатын.
3. 10-сынып «Геометрия» оқу пәні, жаратылыстану-математикалық
бағыт.
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу
бағдарламасымен салыстырғанда ӛзгерістер жоқ.
Оқытудың бұл бағытында «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық
бағыттылығы күшейтіледі.
4. 10-сынып,«Геометрия» оқу пәні, қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу
бағдарламасымен салыстырғанда ӛзгерістер жоқ.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сынып «Информатика» пәнінің
негізгі мазмұны келесі бӛлімдерден тұрады:
1) «Компьютерлік жүйелер».
Ақпараттық қауіпсіздік: «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялылық» және
деректердің «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары - резервтік кӛшіру және
деректерді шифрлау; жеке сәйкестендіру әдістері;
2) «Ақпараттық объектілерді ӛңдеу және қайта құру»
Дизайн
теориясы:
«дизайн»,
«қолданылуы»,
визуалды
дизайн
классификациясы; ақпарат қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары
(ыңғайлылығы, қарапайымдылығы); графикалық файл пішімдері; графикалық
файлдарды түрлендіру; веб-сайт дизайнының орналасуын дамыту;
Бейнежазба жасау: видео түсірілімнің және бейнежазбаның негізгі қағидалары;
бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейнероликтерді монтаждау;
Веб-дизайн: сайтты құрастырушы; веб-беттегі мультимедиа; веб-сайтты дамыту
әдістері; сайтты жариялау;
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері: машина жасау
принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары;
Blockchain(блокчеин) технологиясының мақсаты мен қағидаты.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптағы «Информатика»
213
пәнін оқып-үйрену мақсаты аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету,
деректерді таныстыру, ақпараттық процестер мен жүйелер, ақпараттық
объектілерді құру, компьютерлік желілерді құру және трансформациялау және
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша терең білім мен дағдыларды
қамтамасыз ету болып табылады.
10-сыныпқа арналған «Информатика» пәнінің (ЖМБ) негізгі мазмұны
келесі бӛлімдерден тұрады:
1) аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету: басқару блогының
функциялары, арифметикалық логикалық блок және жады регистрлері
процессордың бӛлек бӛліктері ретінде;
2) деректерді ұсыну: сандар жүйесі: ондық, екілік, сегіз, он алтылық.
Компьютердің логикалық негізі: логикалық операциялар (ажыратылу, біріктіру,
инверсия); логикалық ӛрнектер; шындық кестесі; компьютерлік логика
элементтері (конъюнктор, дисюнктор, инвертор); логикалық схемалар.
Ақпараттық кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)й) таңба кодтау
кестелері;
3) ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциялық деректер базасы: ӛріс,
жазба, индекс, бастапқы кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер
базасын құру structured query language («құрылымдық сұрау тілі») (бұдан әрі -
SQL-код): деректер типтері, бір кестелік және кӛп кестелі дерекқорлар;
нысандар; есептер; сұраулар.
4) ақпараттық объектілерді құру және трансформациялау: веб-дизайн:
HTML (Hyper Text Markup Language - «гипермәтінді белгілеу тілі»), CSS
(Cascading Style Sheets ) - каскадты стиль кестелері); сценарийлерді пайдалану;
мультимедияны веб-параққа енгізу;
5) қосымшаларды жасау: алгоритмдер мен бағдарламалар: анықталған
функциялар мен процедуралар; жолдармен жұмыс істеу; файлдармен жұмыс
істеу; сұрыптау әдістері; графтарда іздеу алгоритмдері;
6) компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік
желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (түйіндер, маршрутизаторлар,
ажыратқыштар); IP адресі; DNS - домендік атаулар жүйесі; жеке виртуалды
желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялылық, тұтастық
және қолжетімділік; деректерді шифрлау; Пайдаланушы деректерін қорғау
шаралары - құпия сӛздер, тіркелгілер, аутентификация, биометриялық
аутентификация.
Ұзақ мерзімді жоспар жаңартылған мазмұнның барлық оқу
бағдарламаларының құрамдас бӛлігі болып табылады, оқу материалы
тоқсандарға бӛлінеді. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және
бӛлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары кӛрсетілмеген. Бӛлімшелердің
арасында сағат санын бӛлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал
кӛрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс.
10-сыныпта «Информатика» пәні бойынша оқыту нәтижесі:
- оқушыда келесі ұғымдарды қалыптастыру: қоғамдағы ақпараттық
процестердің рӛлін түсіну, адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық
технологияларды
пайдаланудың
техникалық
мүмкіндіктері
мен
214
перспективалары; күнделікті ӛмірде, зерттеулерде және одан әрі жұмыс істеуде
ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдылары; ақпараттық
мәдениет - жалпыға бірдей қабылданған ережелерді ұстануға және жеке және
бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделеріне сай әрекет етуге; компьютерлердің
негізгі қағидаттарын түсіну, жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу,
бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, оларды жетілдіру және жетілдіру,
сондай-ақ олардың ӛнімдерін бағалау;
- талдау, абстракция, модельдеу және бағдарламалау арқылы әртүрлі
мәселелерді шешудің тиімді және ұтымды жолдарын табу мүмкіндігі;
- логикалық, алгоритмдік және есептік ойлау қабілеті;
- пән бойынша концептуалды аппараттарды байыту, информатиканың
терминдерін түсіну.
Сыныпты екі топқа бӛлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда
сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім
алушылар саны 20 және одан артық болғанда жүзеге асырылады.
«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 73-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып
бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны кӛрсетілген.
73-кесте. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық
бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып
ЖМБ
3
3
3
2
10-сынып
ҚГБ
2
3
3
1
«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 74-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып
бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны кӛрсетілген.
74-кесте. «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып
ЖМБ
1
1
2
1
10-сынып
ҚГБ
1
1
2
1
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 75-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып
бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны кӛрсетілген.
75-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
215
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып
ЖМБ
2
1
1
1
10-сынып
ҚГБ
2
1
1
1
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану»
білім
саласы
бойынша
жаңартылған
оқу
бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Физика», «География»,
«Биология», «Химия».
«Физика» оқу пәні
Физика курсын оқу мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық
негіздерін,
әлемнің
жаратылыстанымдық-ғылыми
бейнесін
тұтастай
қабылдауын, ӛмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат
құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде
жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың
ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік
және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және
зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған
ортаны қорғауда, қоғам мен адам ӛмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
қолдану.
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 4
сағатты, оқу жылында 136 сағатты;
2) Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты,
оқу жылында 68 сағатты құрайды.
10-11 сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы бағдарлама 10
бӛлімнен тұрады:
механика;
жылу физикасы;
электр және магнетизм;
электромагниттік тербелістер;
электромагниттік толқындар;
оптика;
салыстырмалы теорияның элементтері;
216
кванттық физика;
нанотехнология және наноматериалдар;
космология
10-сыныпта Кинематика, Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі
теңдеулері мен ұғымдары, Динамика,
Статика, Сақталу заңдары, Сұйықтар мен
газдардың механикасы, «Газдардың молекулалық- кинетикалық теория
негiздерi», «Газ заңдары», «Термодинамика негiздерi», Сұйық және қатты
денелер, Электростатика, Тұрақты ток, Әртүрлі ортадағы электр тогы, Магнит
ӛрісі, Электромагниттiк индукция тақырыптары оқытылады.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның тиімді ерекшеліктерінің бірі
білім алушыларды теориядан тәжірибеге бағыттау болып табылады. Осы
орайда, тәжірибелік дағдыларды дамыту мақсатында жаратылыстану-
математикалық бағыттағы 10-сыныпта 9 Зертханалық жұмыс, 15 практикалық
жұмыстар жұмыс қамтылды.
Зертханалық жұмыстар тоқсан бойынша тӛмендегідей реттілікпен
жүргізіледі.
1-тоқсанда:
«Кӛлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау»;
«Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»;
«Кӛлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену»;
«Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу»;
«Тұтқыр
сұйықта
қозғалатын
кішкентай
шардың
жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу»;
3-тоқсанда:
«Ӛткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену»;
«Ток кӛзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау»;
«Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай ӛткізгіш
диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»;
«Бір валетті ионның электр зарядын ӛлшеу».
Тӛменде 76-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) саны кӛрсетілген.
76-кесте. «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
10
сынып
Бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
ЖМБ
3
3
3
2
ҚГБ
3
3
3
2
10-сынып оқу бағдарламаларында «Физика» пәні бойынша компьютерлік
моделдеуге
бірнеше
практикалық
және
зертханалық
тапсырмалар
қарастырылған:
1) Зертханалық жұмыс № 5. Тұтқыр сұйықтықтың қозғалысы кезінде
шарик жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу, нүктенің
қозғалысын моделдеу.
217
2) «Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негіздері»
бӛліміне практикалық жұмыс енгізілген, молекулалық физика заңдарын
компьютерлік моделдеу.
3)
«Электромагнитті
тербелістер»
тақырыбы
электромагнитті
тербелістерді компьютерлік моделдеуді; тербелмелі контурдың түрлі
параметрлеріне арналған электрлік тербелістер кезіндегі электр және магнит
энергиясының, кернеу мен ток күшінің тәуелділігін компьютерлік моделдеуді
болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |