83- кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып
1
1
1
1
«Қҧқық негіздері» пәні
«Құқық негіздері» оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты
қалыптастыруға,
демократиялық
құқықтық
қоғам
идеалдары
мен
құндылықтарын түсінуге бағытталған.
10-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны білім алушыларға түрлі
құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
«Құқық негіздері» оқу пәні құқық нормалары, заңдар мен нормативтік
құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу,
жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін білім алушылардың қажетті құқықтық
ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық
қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын
қалыптастыруға негізделген.
226
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық
мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін
тереңдету және кеңейту;
қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының
негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту;
құқыққа деген оң қӛзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен
орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну;
қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм
мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру;
оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау
және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
әртүрлі ӛмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес іс-
әрекеттерді таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу
біліктерін дамыту;
қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық
жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту;
қазіргі уақыттағы ӛзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты
пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту.
«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық
бағытта:
10- сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағатты;
жаратылыстану -математикалық бағытта:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
Тұлғаның
танымдық
белсенділігін,
шығармашылық,
жобалық-
зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр
тақырыптық бӛлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы тақырыптары берілген:
Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы;
Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы;
Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының
жүзеге асуының кепілдігі;
Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы;
Адам құқықтарын қорғау жӛніндегі қазіргі заманғы халықаралық
ұйымдар.
Сондықтан қоғамдық-гуманитарлық бағытта осы тақырыптар кӛлемінде
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары
жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде
түрлі мәселелерді қарастыра алады.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және
тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 84-кестеде
оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
227
84- кесте. «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып
1
1
1
2
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша
оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
10-сыныпта «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің
базалық білім мазмұны: «Ӛркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және
әлеуметтік процестер», «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан»,
«Мәдениеттің дамуы» бӛлімдерін қамтиды.
Бӛлімдер
сыныптар
бойынша
оқыту
мақсаттарын
қамтитын
бӛлімшелерден тұрады.Оқу мақсаттары әр бӛлімше ішінде мұғалім мен білім
алушыға болашақ қадамдары жӛнінде ӛзара ой бӛлісуге, оларды жоспарлау мен
бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты кӛрсетеді.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқытуда – оқу
мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау,
оқытудың тиімді әдістерін дұрыс анықтау ұсынылады.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес,
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі
формалары ұсынылады:
- мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
- білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
- білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік
тапсырмалар құрастыру;
- білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық
жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;
- оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат
жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды
және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;
- сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында
анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі
әдістерін қолдану.
Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жас және
танымдық ерекшеліктеріне сәйкес талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау
дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану
ұсынылады. Мысалы, эссе және есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау
(SWOT, PEST, GAP талдаулары) және т.б.
Оқу бағдарламасының оқу мақсаттары мен тәсілдерін тиімді түрде жүзеге
асыру үшін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту
процесін тӛмендегідей тарихи концептілер (түсініктер) негізінде ұйымдастыру
228
ұсынылады:
- ӛзгеріс пен сабақтастық;
- себеп пен салдар;
- дәлел;
- ұқсастық пен айырмашылық;
- маңыздылық;
- интерпретация.
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл
пәннің мағынасын терең түсінуге кӛмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік
материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері,
сұрақтарды құрастыру және дереккӛздермен жұмыс жасау процесінде мәселені
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккӛздерді сыни бағалауы,
зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді
тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын
қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Мұғалімнің
сабаққа
арнайы
әзірлейтін
тапсырмалары
келесі
ӛлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
түсінікті болуы;
саралаудың ескерілуі;
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;
проблемалық оқытуға негізделуі;
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы тиіс.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация,
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы
және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды
ұйымдастыру ұсынылады. Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық
жұмысты ұйымдастыру ӛте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты
ұйымдастыру кезінде әрбір білімалушының қабілеттері мен психологиялық
ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық
түсіндіру қажет.
«Қазақстан
тарихы»
пәні
бойынша
ұсынылатын
сайттар:
http://www.tarih-begalinka.kz
;
http://www.e-history.kz
;
http://bilimsite.kz/tarih/
;
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru
;
http://historic.ru
;
http://historyatlas.narod.ru
;
229
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы
әдістемелік ерекшеліктер
Оқу пәнінің білім мазмұны бес бӛлімді қамтиды: «Мемлекет және
құқық», «Жария құқық», «Жеке құқық», «Іс жүргізу құқығының негіздері»,
«Халықаралық құқық».
Бұл бӛлімдер ӛз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды
кӛздейтін бӛлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бӛлімше ішінде мұғалім
мен оқушыға келесі қадамдары жӛнінде ӛзара ой бӛлісуге, оларды жоспарлау
мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты кӛрсетеді.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді
қолдану ұсынылады:
- оқу тапсырмаларын шешу барысында нормативтік құқықтық актілердің
ақпараттық-құқықтық
жүйесін
қолдану
(
http://adilet.zan.kz/
;
http://online.zakon.kz/
);
- құқықтық нормалардың мазмұны мен мәнін түсіндіру және анықтау
арқылы нормативтік құқықтық актілерді талдау;
- оқушылар проблемаларды анықтауда ӛз ойларын, пікірлерін айту,
дәлелдеу, болжамды ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілеттерін дамытатын
ынталандырушы-проблемалық құқықтық ситуациялық жағдаяттарды (кейс-
стади) зерттеу.
«Құқық негіздері» пәнін оқыту процесінде оқушылардың ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар
жасалуы қажет, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және басқару,
мәліметтер және идеялармен бӛлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен
қосымшаларды пайдалану арқылы ӛз жұмысын бағалау және жетілдіру.
Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері:
- құқықтық деректермен жұмыс жасау: оларды іздеу, сұрыптау және
интерпретациялауға байланысты ӛзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
- оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды
пайдалану;
- белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды
пайдалану;
- оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы;
- компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып,
таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды жасау;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуы үшін (пікір-талас
ӛткізу және құқықтық мәселелерді талқылау) компьютерлік коммуникация
құралдарын пайдалану (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар).
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны
«Рухани жаңғыру» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және құқық негіздері пәндері бойынша
рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде
жүзеге асыру ұсынылады.
230
Рухани жаңғыру бағдарламасы материалдарын оқу тәрбие процесіне
қолдануға
арналған
әдістемелік
ұсынымдар
академия
сайтында
орналастырылған: (
https://www.nao.kz
/
Білім беруді ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету/
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған интерактивті
сабақты ӛткізу бойынша әдістемелік ұсыным./
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық ӛмірге
бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-
қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын
әлеуметтік ортаның бір бӛлігі болып табылады.
Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және
жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық
шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады:
1. Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы
Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз);
2. Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125
жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан);
3. Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шыққанына 100
жыл. (1920 жыл.1 қаңтар);
4. ҚҒА Тұңғыш президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш
Сәтбаевтың туғанына 120 жыл
5. Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың
иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1
сәуір);
6.Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ
әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси
қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына
175жыл. (
1845 жыл.10 тамыз
)
7. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл;
8. Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», тӛрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр
Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар
медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920
жыл.16 тамыз);
9.Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың
иегері Тӛлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан).
«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің 10-сыныптағы базалық
мазмұны тӛрт негізгі
тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаның қалыптасуы», «Қоғамдағы
ӛмір», «Адамзат әлемі».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға
34 сағат.
Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сәйкес сандық бағалау
емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындысы
бойынша «сынақ» деген баға қойылады. Оқушы бағдарламада кӛрсетілген
231
білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын
және ұзақмерзімді жобаны орындаса, оған «сынақ» деген баға қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» білім саласы бойынша «Дене шынықтыру»,
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәні
«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды
рӛл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында ӛзін-ӛзі
белсенді шығармашылық кӛрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал
етеді.
Оқу пәннің мақсаты: оқушылардың бойында ӛз денсаулығына
қамқорлықпен қарауға қажеттілікті қалыптастыру, дененің физикалық және
психикалық қасиеттерді жүйелі дамыту, салауатты ӛмір салтын ұйымдастыруда
дене шынықтыру құралдарын шығармашылық тұрғыдан қолдану.
Оқу пәннің міндеттері:
1) денсаулықты нығайту, негізгі дененің физикалық сапаларын дамыту
және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің
техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру;
2) ӛз денсаулығына қамқорлықпен қарау, оны нығайту және сақтау
қажеттіліктерін тәрбиелеу;
3) дене шынықтыру және спорттың пайда болу тарихы мен даму
ерекшеліктері, салауатты ӛмір салтын дамытудағы рӛлі туралы білім
деңгейлерін игеру;
4) оқу және жарыс кезіндегі ұжымдық қарым-қатынас пен
ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу.
Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұны екі бӛлімнен тұрады:
1) «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент);
2) «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
«Дене шынықтыру туралы білім» бӛлімінің мазмұны адамның таным
белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:
1) «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы»;
2) «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру»;
3) «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды.
«Дене шынықтыру туралы білім» бӛлімде Қазақстандағы спорт пен дене
шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің
қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі
бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру
құралдарының кӛмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы
мәліметтер енгізілген. Бұл бӛлімде дене және спорттық дайындықтардың
негізгі түсініктері, ӛз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды
ұйымдастыру мен ӛткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып кӛрсетілген және
қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
232
«Денені жетілдіру және шеберлік» бӛлімі білім алушылардың дене
шынықтыру және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және
аталған бӛлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар
берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие
болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт
ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс
әрекеттері ұсынылады.
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды
тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық
технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативті
компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен ӛңірдің
орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және
оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру
мұғалімі әзірлейді.
Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім ӛздігінен жеке
талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың ӛзіндік шкаласын
құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін
бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-
үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас
ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға
мүмкіндік береді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау
ӛткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және
оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі
жазылады.
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі
нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында
рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты
білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар
санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім) берудің
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес бағдарламада білім
алушыларды гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабағын (қалалық
жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде –
5-тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда) жеке оқыту қарастырылған.
Оны оқу процесін ұйымдастырған кезде ескеру қажет.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
Тӛменде 85-кестеде «Бағдарламаның бӛлімдерінің жылдық сағаттар
санын тоқсандарға бӛлу» бойынша тақырыптық жоспар берілген.
85-кесте. Оқу бағдарламаларының бӛлімдері бойынша сағат санын бӛлу
Бағдарл
ама
бӛлімдер
і
Бағдарлама бӛлімдері
Достарыңызбен бөлісу: |