ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет38/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48

«Кіріспе сабағы» бӛлімі: 

1)  білім  алушыларға  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық» 

пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын; 

2) «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», 

«Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы»,  «Ұлттық 

қауіпсіздік  туралы»,  «Азаматтық  қорғану»,  «Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Заңдарын,  «Алғашқы  әскери  дайындық  пәнін  жүргізу  және 

ұйымдастыру» және оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру ережелерін 

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 

желтоқсандағы  №  606  бұйрығы.  «Кӛлік  қҧралының  сәйкестендіру  нӛмірі 



бойынша  кӛлік  қҧралдарының  жекелеген  тҥрлерін  мемлекеттік  тіркеу 

және есепке алу, Механикалық кӛлік қҧралдарын жҥргізушілерді даярлау, 

Емтихандар  қабылдау  және  жҥргізуші  куәліктерін  беру  қағидаларын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрінің  2014 

жылғы  2  желтоқсандағы  №  862  бҧйрығы.  Алғашқы  әскери  және 

технологиялық  дайындық  сабағында  білім  алушылардың  құқықтары  мен 

міндеттерін қамтиды. 

«Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері  –  мемлекеттің  әскери 

қауіпсіздігінің кепілі» бӛлімі: 

1)  Мемлекет  қорғанысының  конституциялық  негіздері  –  Мемлекеттің 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудегі  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 

негізгі  ережелері.  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері,  олардың  құрамы 

және атқаратын қызметтерін; 


 

328 


 

2)  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  әскери  рәміздері  – 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. Әскери бӛлімнің 

жауынгерлік  туы.  Әскери  анттың  әскери  қызметкерлерге  қоятын  талаптары. 

Әскери  қызмет  –  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  қасиетті  борышы 

және міндеттерін; 

3) Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары 

–  Экстремизм  түрлері:  саяси,  діни,  экономикалық  және  экологиялық. 

Экстремизм, терроризм, олардың ӛзіндік сипаттары. Қазіргі әлемдегі террорлық 

қауіп-қатерлердің ұлғаю себептерін қамтиды. 

«Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері,  басқа  әскерлер  және  әскери 

құрылымдарының жалпыәскери жарғылары» бӛлімі:  

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери 

құралымдарының жалпыәскери жарғылары  – Қазақстан Республикасы Қарулы 

Күштері,  басқа  әскерлер  және  әскери  құралымдарының  жалпыәскери 

жарғылары, олардың әскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы. 

Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілерін

2)  Әскери  қызметкерлер  және  олардың  ӛзара  қарым-қатынастары  –

Бастықтар  және  бағыныштылар,  аға  және  кіші әскерилер,  олардың  құқықтары 

мен міндеттері. Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі. 

Бұйрық,  оны  беру  және  орындау  тәртібі.  Бастықтарға  және  шені  жоғарыларға 

мәлімдеме жасауды;  

3)  Әскери  тәртіп,  оның  мәні  мен  мағынасы  –  Әскери  тәртіп,  марапаттау 

және  жазалау.  Әскери  тәртіпті  сақтау  бойынша  әскери  қызметшілердің 

міндеттері.  Сарбаздарға  кӛрсетілетін  марапат  түрлері.  Сарбаздарға  берілетін 

тәртіптік жазалауларды қамтиды. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  білім  беру  және  педагогикалық  кең 

мағынада тәрбиелеу – бұл білім алушылардың, балалар мен жасӛспірімдердің, 

жастардың 

сыбайлас 

жемқорлыққа 

қатысты 


азаматтық 

ұстанымын 

қалыптастыру,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сананы  қалыптастыру  және 

қабілеттерін  дамыту  мақсатында  арнайы  ұйымдастырылған,  мақсатты  және 

басқарылатын ықпал ету. 

Білім  беру  жүйесін  нығайту  және  жаңғырту  жағдайында  егеменді 

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсендірілуі табыстылық 

коды, әлеуеті мен құндылығы бар екенін түсіну маңызды. 

Осыған  орай,  нақ  орта  мектеп  жасы  Қазақстан  Республикасы 

азаматтарының  құқықтары,  бостандықтары  мен  міндеттері  ӛзегі  болып 

табылатын  білім  алушылардың  құқықтық  білім  жүйесін  қалыптастыруда 

шешуші  болып  саналады.

 

Жасӛспірімдердің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 



ағарту жӛнінде ақпарат алу және ұсыну тәсілдері әртүрлі: сынып сағаттары, әр 

түрлі  адамдармен  (құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері,  куәгерлер, 

саясаткерлер,  мемлекеттік  қызметшілермен)  әңгімелесу;  күнделікті  ӛмірде  әр 

түрлі  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  тақырыбында  дәрістер, 

пікірталастар, талқылаулар; іскерлік ойындар; сабақтарда және факультативтік 

сабақтарда азаматтық пен патриотизмге, мораль мен адамгершілік ұғымдарына 

байланысты проблемаларды талқылау, киноматериалдарды қарау және т. б. 


 

329 


 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  социумды  тұрақтандырудың 

басты  факторларының  бірі  болып  табылады,  сыбайлас  жемқорлық  құқық 

бұзушылықтарға қарсы күрестің табыстылығын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

330 


 



ОРТА  БІЛІМ  БЕРУ  ҦЙЫМДАРЫНДА  ЖАН  БАСЫНА 

БӚЛІНЕТІН  НОРМАТИВТІК  ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ  ІСКЕ  АСЫРУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға 



арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  (бұдан  әрі  –  БДМБ)  2019  жылы 

апробациялаудың  оң  қорытындысы  бойынша  барлық  қала  мектептерінде  жан 

басына қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау кӛзделген. 

Орта  білім  беруді  жан  басына  шаққандағы  нормативтік  қаржыландыру 

мектептерді  ондағы  білім  алушылардың  санына  қарай  қаржыландыру  тетігі 

болып табылады және балалардың МЖМБС-ның бірыңғай талаптарына сәйкес 

орта  білім  алуына  базалық  шығыстарды  теңестіруге  бағытталған.  Жан  басына 

қаржыландыру жағдайында мемлекеттік шығыстарды жоспарлау бірлігі мектеп 

емес, білім алушы болады. 

Қазақстанда  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыруды  енгізу 

қажеттілігіне мынадай қажеттіліктер себеп болды:   

-  балалардың  МЖМБС  талаптарына  сәйкес  орта  білім  алуына  базалық 

шығыстарды анықтауға бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;   

- ӛңірлер бойынша орта білім беруге базалық шығыстарды теңестіру;  

-  мемлекеттік  шығыстарды  мектепке  емес,  білім  алушы  басына 

жоспарлау;  

-  мектептер  арасындағы  бәсекелестікті  дамыту  арқылы  білім  сапасын 

арттыру;  

-  мектептерге  қаржылық  дербестік  беру  және  менеджмент  деңгейін 

кӛтеру, шешімдер қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету;   

- бюджет қаражатын ашық және әділ жұмсау;   

-  мектептердің  педагог  қызметкерлеріне  сараланған  еңбекақы  тӛлеу 

(лауазымдық жалақы және нәтижелері үшін ынталандыру қосымша ақылар).   

Жан  басына  қаржыландырудың  мақсаты  –  мектептердің  педагогикалық 

әлеуетінің  рӛлін  күшейту  және  материалдық-техникалық  базасын  дамыту 

есебінен білім беру сапасын жоғарылату.  

Жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  кӛлемі  шығыстардың  мына 

түрлерін қамтиды:   

–  қызметкерлерге  еңбекақы  тӛлеу,  жыл  сайынғы  тӛленетін  еңбек 

демалысына сауықтыру жәрдемақыларын тӛлеу және салық пен басқа да 

міндетті тӛлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын


 

331 


 

–  білім  беру  процесіне  қатыстырылған  қызметкерлерге  сыйлықақы 

беру;  

–  білім  беру  процесімен  байланысты  шығыстар  (мектепке  дейінгі, 



орта  білім  беру  ұйымдарын,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  22  қаңтардағы  №  70  бұйрығымен 

бекітілген  арнайы  білім  беру  ұйымдарын  Жарақтандыру  нормаларына 

сәйкес  баспа  және  экранды-дыбыстық  құралдарды,  техникалық  оқыту 

құралдарын,  оқу-кӛрнекі  құралдарын,  демонстрациялық  құралдарды, 

мектеп  жиһазын,  спорттық  құрал-саймандар  мен  жабдықтарды,  үлестіру 

және  бақылау  -  ӛлшеу  аспаптарын,  музыкалық  аспаптарды,  кӛркемӛнер 

материалдарын,  білім  алушы  керек-жарақтарын,  қабырғаға  ілінетін 

планшеттерді,  үлестіру  материалдарын,  гербарийлерді,  топтамаларды, 

нақпішіндерді,  онлайн  сабақтар  ӛткізу  және  жобаларды  визуалдау  үшін 

бағдарламалық 

жасақтамаларды, 

әдістемелік 

қорды, 


сондай-ақ 

бланкілерді, табельдерді, сынып журналдары мен борды сатып алу);  

–  коммуналдық шығыстар; 

–  пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы 

тӛлеуге арналған шығыстар; 

–  ғимараттарды, 

құрылыстарды, 

техникалық 

жабдықтарды, 

компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы 

жӛндеуді  жүргізуге,  ұстауға  және  оларға  қызмет  кӛрсетуге  арналған 

шығыстар; 

–  білім  беру  процесінде  қолданылмайтын  тауарларды,  оның  ішінде 

жуғыш  құралдарды,  шаруашылық  тауарлары  мен  құрал-саймандарды, 

құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дезинфекциялаушы құралдарды, 

жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу; 

–  білім  алушыларды  немесе  тәрбиеленушілерді  ғылыми,  спорттық, 

шығармашылық 

және 

зияткерлік 



сайыстар 

мен 


іс-шараларға 

дайындаумен  және  қатыстырумен  байланысты  шығыстар  (сахналық 

костюмдерді, мектеп командасы үшін спорттық форманы сатып алу, білім 

алушыларды  іс-шараның  ӛткізілу  орнына  жеткізу  және  кері  қайтару 

жолын,  қатысу  үшін  жарналарды  тӛлеу,  ғылыми  жобаларға  макеттерді 

дайындау және басқалар);   

–  күрделі шығыстар;  

–  банктік (қаржылық) қызметтерге ақы тӛлеу.  

Жан басына шаққандағы қаржыландыру еңбекақы тӛлеудің жаңа нысаны 

емес, бұл мектептерге білім беру процесін іске асыру үшін бюджет қаражатын 

бӛлу  тетігі  болып  табылады.  Мектеп  қызметкерлеріне  еңбекақы  тӛлеу 

саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы 

есептеу және тӛлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты 

есебінен 

ұсталатын 

ұйымдардың 

қызметкерлеріне, 

қазыналық 

кәсіпорындардың  қызметкерлеріне  еңбекақы  тӛлеу  жүйесі  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы  №  1193  қаулысына 

сәйкес жүргізіледі. 


 

332 


 

Жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  нормативінің  мӛлшері  (яғни,  1 

білім  алушыны  оқыту  құны)  бір  күнтізбелік  жылға  Қазақстан  Республикасы 

Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен 

бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың,  орта,  техникалық  және 

кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

берудің  жан  басына  шаққандағы  нормативтік  қаржыландыру  әдістемесінің 

негізінде есептеледі. 

Жан басына шаққандағы норматив мыналар бойынша ажыратылады: 

–  білім  беру  деңгейіне  қарай  (1-4-сыныптар,  5-9-сыныптар,  10-11- 

сыныптар); 

–  білім  беру  бағдарламаларына  қарай  (жалпы  білім  беретін 

бағдарламалар,  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  білім  алушылар 

үшін түзету бағдарламалары); 

–  мектептің орналасуына қарай (қалалық/ауылдық жер); 

–  оқыту  орнына  қарай  (жалпы  білім  беретін  сыныпта,  үйде  оқыту, 

жалпы  білім  беретін  сыныпта  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  білім 

алушыларды оқыту). 

Жан басына шаққандағы нормативті және мектептерді қаржыландырудың 

жалпы кӛлемін есептеу кезінде  мыналар ескеріледі: 

– мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайлары үшін қолданылатын барлық 

қосымша ақылар мен үстеме ақылар; 

–  қалалық  (24  адам)  және  ауылдық  (20  адам)  жалпы  білім  беретін 

мектептердегі  сыныптардың;  арнайы  (түзету)  сыныптардағы  –  12  білім 

алушының нормативтік толықтырылуы. 

Жан  басына  шаққандағы  нормативтің  мӛлшері  мен  жергілікті  атқару 

органдарының  сыныптар  бӛлінісіндегі  білім  алушылардың  саны  туралы 

деректердің  негізінде  нақты  орташа  жылдық  контингентке  байланысты  түзету 

коэффициентін  қолданумен  жан  басына  шаққандағы  нормативті  орташа 

жылдық  контингентке  кӛбейту  арқылы  әр  пилоттық  мектепте  жан  басына 

шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға қаражаттың жалпы кӛлемін есептеу 

жүргізіледі. 

Мемлекеттік  тапсырыс  шеңберінде  пилоттық  орта  білім  беру 

ұйымдарында  жан  басына  шаққандағы  нормативтік  қаржыландырудың 

енгізілуін  сүйемелдеу  және  мониторингілеу  қызметтерін  «Қаржы  орталығы» 

АҚ кӛрсетеді. 

Орта  білім  беруді  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыруды 

апробациялау  2013  жылғы  1  қыркүйекте  республиканың  4  облысындағы  50 

пилоттық мектепте (Алматы (4 мектеп), Ақтӛбе (15 мектеп), Шығыс Қазақстан 

(12  мектеп)  және  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  (19  мектеп)  басталды.  2014 

жылғы  1  қаңтардан  бастап  апробацияға  қатысушылар  қатары  Ақмола 

облысынан  тағы  13  мектеппен  толықтырылды.  2017  жылдың  қаңтарынан 

бастап  пилоттық  жобаға  Нұр-Сұлтан  қ.  5  мектеп  және  Алматы  қ.  5  мектеп 

қосымша енгізілді.  



 

333 


 

Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарындағы  2016-2017  оқу  жылының 

қорытындыларын  жан  басына  нормативтік  қаржыландыруды  апробациялау 

кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау мынаны кӛрсетті.   

2016-2017  оқу  жылында  пилоттық  мектептерде  біліктілігін  арттырған 

қызметкерлер саны екі есеге дерлік кӛбейді (2514 адам).  

Пилоттық  мектептерде  жоғары,  бірінші  және  екінші  санатты  педагог 

қызметкерлердің  үлесі  76%-ға  дейін  ӛсті  (2012-2013  оқу  жылы  бұл  кӛрсеткіш 

58% болған).  

2012-2013  оқу  жылымен  салыстырғанда  балалардың  дамуына  арналған 

үйірмелер мен секциялардың саны 2,2 есеге кӛбейді (бұрын – 780, енді -1734).  

Егер 2012-2013 оқу жылында 445 бірлік білім алушылар үшін танымдық 

және ӛнегелі іс-шаралар, оқытушылар үшін тренингтер ӛткізілген болса, 2016-

2017 оқу жылында бұл кӛрсеткіш 636 бірлікке жеткізілді.  

2016-2017  оқу  жылында  пилоттық  мектептердің  педагогтері  басып 

шығарған  әдістемелік  құралдар  мен  ӛзге  жарияланымдар  саны  2,5  еседен  аса 

кӛбейіп, 3208 құрады.  

2016-2017  оқу  жылында  байқауларға  және  сайыстарға  қатысушы-

жеңімпаздардың,  жүлдегерлердің,  лауреаттардың  үлесі  де  2012-2013  оқу 

жылымен салыстырғанда жоғары.  

Пилоттық  мектептердегі  ҰБТ-ның  орташа  кӛрсеткіші  соңғы  тӛрт  оқу 

жылында 71-ден 75,9 балға жоғарылады. 

Пилоттық  мектептердегі  педагог  қызметкерлердің  орташа  айлық 

жалақысы 2016-2017 оқу жылы 82 мың теңгені құрады.  

  

122-кесте.  Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарындағы  2016-2017  оқу 



жылының  қорытындыларын  жан  басына  нормативтік  қаржыландыруды 

апробациялау кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау 

 

№ 

№ Кӛрсеткіштің атауы 



2012-2013 

оқу жылы 

2016-2017 

оқу жылы 

2

21 



Біліктілігін арттырған қызметкерлер  

21% 


35,2% 

2

22 



Санаттары бар педагог қызметкерлердің үлесі  

58% 


75,7% 

3

33 



Мектепте  құрылған 

және 


жұмыс 

істейтін 

балаларға арналған үйірмелер мен секциялар саны  

780 


1734 

4

44 



Білім  алушылар  үшін  ӛткізілген  танымдық  және 

ӛнегелі  іс-шаралар  мен  мұғалімдер  үшін  ӛткізілген 

тренингтер саны   

445 


636 

5

55 



Педагогикалық  қызметкерлер  басып  шығарған 

(газеттерде,  конференциялар  жинақтарында,  оқу 

журналдарында,  мектеп  сайтында)  жарияланымдар, 

әдістемелік 

құралдар 

(жинақтар, 

брошюралар, 

электрондық құралдар) саны  

1251 

3208 


 

334 


 

6

66 



Байқауларға  және  сайыстарға  (спорттық,  пәндік, 

ғылыми, 


интеллектуалдық) 

қатысушы-

жеңімпаздардың,  жүлдегерлердің,  лауреаттардың 

үлесі 


17% 

17,2% 


7

77 


ҰБТ-ның орташа кӛрсеткіші (балдар) 

71 


75,9 

8

88 



Педагогтердің  орташа  айлық  жалақысы  (мың 

теңге) 


72 

82 


 

Орта  білім  беру  саласын  ырықтандыру  шеңберінде  Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына  толықтырулар  енгізілді.  Оларға 

сәйкес  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысын  жеке  меншік  мектептерде 

орналастыруға мүмкіндік пайда болды.  

Сонымен  қатар,  жеке  меншік  мектептердің  жан  басына  шаққандағы 

қаржыландыру  кӛлемінде  алынған  бюджет  қаражатын  ӛз  бетінше  жұмсау 

құқығы бекітілді.  

Орта білім берудегі жекеменшік сектордың дамуы үшін маңызды элемент 

жан басына шаққандағы нормативтің құрамына ғимараттың амортизациясына, 

әрбір  жаңадан  енгізілген  білім  алушы  орны  үшін  шығыстарды  қосу  болып 

табылады, ал бұл жаңа жеке меншік мектептердің салынуына түрткі болады.  

Бұл  қадам  жеке  меншік  мектептер  желісінің  дамуына  себеп  болып, 

шамадан тыс толы мемлекеттік мектептердің жүгін біраз азайтып, білім алушы 

орнының тапшылығын тӛмендетеді.   

Жоғарыда атап кӛрсетілген шаралар мемлекеттік мектептердің жоспарлы 

түрде дамуына, орта білім беруге жеке капиталды тартуға септігін тигізеді, бұл, 

ӛз кезегінде, мынадай нәтижелерге әкеледі:    

- орта білім берудегі МЖК-ның дамуы (жеке инвесторларды тарту, оның 

ішінде жаңа мектептердің құрылысына);   

- білім алушылар орны тапшылығының тӛмендеуі;  

- үш ауысымды және апатты мектептердің жойылуы.  

Осылайша,  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыруды  іске  асыру 

қазақстандық  білім  беру  жүйесін  жетілдіруге,  білім  беру  қызметтерінің 

қолжетімділігін және сапасын арттыруға сүбелі үлес қосу болып табылады.    

 

 

 

 



    

 

 

 

 

 



 

335 


 



ШАҒЫН 

ЖИНАҚТЫ 

МЕКТЕПТЕРДЕ 

ОҚЫТУДЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

 

 



  

Шағын  жинақты  мектептерде  білім  беру  қызметін  ұйымдастыруда 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы,  Мемлекеттік  жалпыға 

міндетті білім беру стандарты басшылыққа алынады. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  шағын  жинақты 

мектепті  білім  алушылар  контингенті  шағын,  біріктірілген  сынып 

жиынтықтары  және  оқу  сабақтарын  ұйымдастырудың  арнайы  формасы  бар 

жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.  

Шағын  жинақты  мектептер  мен  тірек  мектептердің  (ресурстық  орталық) 

қызметі  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы 

орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің Үлгілік қағидаларына сәйкес және 

мектеп жарғысы негізінде жүзеге асырылады. 

Шағын  жинақты  мектептерде  үш  немесе  тӛрт  сынып  біріктірілген 

жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастырудың ӛзгермелі кестесі қолданылады. 

ҚР  БҒМ  2018  жылғы  12  наурыздағы  №  91  бұйрығына  сәйкес  оқытуды 

ұйымдастыру  шарттары  бойынша  білім  беру  ұйымы  қызметінің  үлгілік 

қағидаларының  13-тармағы  жаңа  редакцияда  жазылған:  «Әртүрлі  жастағы 

оқыту әдістемелерін қолдану кезінде сыныптарды біріктіруге жол беріледі». 

Сондықтан  да,  біріктірілген  сыныптардың  тиімді  нұсқаларын  мектеп 

анықтайды.

 

Сынып  саны  мен  балалар  контингентін  ескере  отырып, 



біріктірілген  сыныптарды  жинақтау  мәселелерін  талқылауды  әдістемелік 

бірлестіктердің отырыстарында және мектептің педагогикалық кеңесінде қарау 

ұсынылады. 

ШЖМ-дағы  оқу  процесінің  ерекшелігі,  біріктірілген  сынып-комплектіде 

білім алушылардың жас  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды ұйымдастыру 

болып  табылады.  Біріктірілген  сыныптарда  әртүрлі  жастағы  оқыту  келесідей 

ұйымдастырылады: 

1.  барлық оқу пәндері бойынша үнемі барлық сабақтарда;  

2.  әр  жастағы  топтарда  тұрақты  түрде  технология,  дене  шынықтыру, 

бейнелеу ӛнері, музыка сабақтарында; 



 

336 


 

3.  әр сыныптардағы оқу материалының мазмұны сәйкес келген жағдайда 

жүйелі  (бір  тақырыптағы  сабақтар)  жүргізіледі:  бастауыш  мектепте  оқу 

процесін  қайталанатын  тақырыптар  бойынша  сабақтар  бір  уақытта  барлық 

сыныптарда  ӛткізілетіндей  етіп  жоспарлау  ұсынылады;  сабақтың  бір  бӛлігі 

әңгімені талқылау, әңгімелесу, тәжірибе, сурет, кесте кӛрсету үшін қолданылуы 

мүмкін,

 

содан  кейін  әр  сыныптың  білім  алушылары  ӛз  бетінше  оқу 



тапсырмаларын орындайды. 

Егер  мұғалім  сабақтың  барлық  кезеңдерінде  әртүрлі  жастағы  оқытуды 

ұйымдастыруды  таңдаса,  онда  бір  пән  бойынша  сабақ  кестесін  құру 

ұсынылады. 

Сабақта  әртүрлі  жастағы  білім  алушылардың  ӛзара  қарым-қатынасы 

ұйымдастырылуы мүмкін: 

 

сабақтың барлық кезеңдерінде; 



 

жалпы  оқу  міндеттерін  шешу  үшін  жекелеген  кезеңдерде,  мысалы, 



әдебиеттік  оқу  сабағында  жоғары  сынып  білім  алушылары  жазушының 

ӛмірбаянымен таныстырады немесе әдеби шығарма оқиды

–  жағдай  бойынша  қажеттілігіне  қарай,  мысалы,  дене  шынықтыру 

сабағында  ойын  ұйымдастыру  үшін,  сабақ  қорытындысын  шығару  кезінде, 

материалды жіберіп алған кіші жастағы білім алушыға кӛмек кӛрсету үшін. 

Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі жастағы балалардың ӛзара қарым-

қатынасының арнайы тәсілдерін қолдану ұсынылады: 

1. Үй тапсырмасын тексеру. 

 

жоғары  сынып  білім  алушылары  кіші  жастағы  білім  алушылардың 



ауызша  және  жазбаша  үй  тапсырмаларының  орындалуын  тексереді  және 

бағалайды;  

 

жоғары  сынып  білім  алушылары  кіші  жастағы  білім  алушылар  үшін 



сұрақтар  мен  тапсырмаларды  таңдайды  немесе  құрастырады,  содан  кейін  осы 

тапсырмалар бойынша сауалнамаға қатысады;  

 

жоғары  сынып  білім  алушылары  тӛменгі  сынып  білім  алушыларына 



жауап беру барысында кӛмектеседі. 

2.  Жаңа материалды оқыту (мысалы «Дүниетану» оқу пәні бойынша): 

 

жоғары  сынып  білім  алушылары  кіші  жастағы  білім  алушыларына 



жаңа материалды айтады, «дүниетану» пәні бойынша мәтінді оқиды»; 

 



жоғары сынып білім алушылары мәтінмен жұмысты  ұйымдастырады 

(мәтіннің қажетті үзіндісін қарындашпен белгілеу; мәтін мазмұнын қайта айту, 

мәтінді талқылау; мәтін бойынша сұрақтар құрастыру); 

 



жоғары  сынып  білім  алушылары  кіші  жастағы  білім  алушылармен 

бірге  тірек  материалдарын,  сызбалар,  кестелер  құрастырды  (оқу  және  жазу 

арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы негізінде); 

 



жоғары  сынып  білім  алушылары  кіші  жастағы  балалармен  бірге 

бірлесіп  бақылау,  тәжірибе  жасау,  оқу  құралдарымен  жұмыс  және  т.  б. 

ұйымдастырады. 

3. Оқытылған материалды бекіту (мысалы әртүрлі оқу пәндері бойынша): 



 

337 


 

 



жоғары  сынып  білім  алушылары  кіші  жастағы  білім  алушылармен 

бірге  кроссворд,  ребус  құрастырады  және  оларды  шешеді,  тапсырмалар 

құрастырады және оларды шешеді, викторина сұрақтарына жауап береді; 

 



оқылған қосымша әдебиетті ұжыммен талқылайды; 

 



жоғары сынып білім алушылары мәтінмен жұмысты  ұйымдастырады 

(мәтіндерді сұрақтарға,  жоспарға  сәйкес  бӛлімдерге  бӛлу;  мазмұндау  –  толық, 

таңдау  бойынша,  шығармашылық  тұрғыдан,  қысқаша;  оқығаны  туралы  пікір 

дайындау); 

 

жоғары  сынып  білім  алушылары  оқу  ойындары-жарыстар 



ұйымдастырады  («ӛлең  жолын  аяқтаңыз»,  «мен  бастаймын,  ал  сен 

жалғастырасың…»); 

 

жоғары сынып білім алушылары кіші балалармен бірге фильмдердің, 



роликтердің және т. б. үзінділерін қарап, талқылап, түсініктеме береді; 

 



жоғары  сынып  білім  алушылары  материалды  бекіту  және  қайталау 

барысында кіші балаларға жеке түрде кӛмек кӛрсетеді. 

4. Білімді бақылау: 

 



жоғары сынып білім алушылары жалпылама сабақтар дайындайды

 



жоғары сынып білім алушылары материалдарды, оқу тапсырмаларын, 

конкурстар дайындайды; 

 

жоғары  сынып  білім  алушылары  сынақ  ӛткізеді,  дербес  жұмыстар 



жүргізеді, оларды тексереді және бағалайды; 

 



ӛзара бақылау. 

Білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  қазіргі  жағдайында  шағын  жинақты 

мектеп  педагогтары  біріктірілген  сыныптардағы  сабақта  бағдарламалық 

материалмен  ӛзіндік  жұмыстың  істеудің    ұзақтығын  ӛз  бетінше  анықтайды. 

Біріктірілген сыныптардағы оқыту ерекшелігі үнемі ӛз  бетінше жұмыс істеуге 

негізделген. Сондықтан жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұсынылатын 

стратегиялар,  оқыту  әдістері  мен  технологиялары  ШЖМ  жағдайында  жұмыс 

істеу  үшін  де  қолайлы.  Алайда  барлық  стратегиялар  білім  алушылар  саны  аз 

сыныптарда,  сынып-кешендерде  қолданылмайды.  Бұл  жағдайда  педагогтың 

шығармашылық  тәсілге  баса  назар  аударуы  қажет.  Егер  сабақтағы  жұмыс 

түрлері бұрынғыша болса, онда олардың мазмұны ӛзгереді. Осылайша, білімді 

проблемалық  тапсырмалар,  бағдарламалау,  зерттеу  элементтері  бар 

шығармашылық есептер арқылы ӛз бетінше алуға болады.  

Сабақта  жаңа  материалды  бекітуді  әртүрлі  жаднамалар,  алгоритмдер, 

схемалар  мен  кестелер,  презентациялар  және  т.  б.  қолдану  арқылы  жүргізу 

қажет.  Қайталау  кезінде  нұсқаулықтарды,  үлгілерді,  органайзерлерді  және  т.б. 

пайдалануға  болады.  Сонымен  қатар  жаңартылған  білім  мазмұны  аясында 

дайындықтан  ӛткен  мұғалімнің  арсеналында  жұптық  және  шағын  топтарда 

жұмысты ұйымдастыру үшін белсенді әдістердің  түрлері кӛп. 

ШЖМ-да  жаңартылған  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқытуды 

ұйымдастыру мәселесі ӛзекті болып табылады және біріктірілген сыныптардың 

жағдайларына  бейімделу  мәселесін  шешу  бағытында  арнайы  әзірлемелерді 

талап етеді. 


 

338 


 

2019-2020  оқу  жылында  жаңартылған  оқу  бағдарламалары  бойынша 

оқитын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында оқу процесін 

ұйымдастыру  үшін  оқу  бағдарламаларын  бейімдеудің  келесі  механиздері 

ұсынылады:  ұзақ  мерзімді  жоспарларды  талдау  негізінде  біріктірілген 

сыныптар  үшін  ұзақ  мерзімді  және  орта  мерзімді  жоспарларды  құру.

 

Ол  үшін 



біріктірілген сыныптарда оқытылатын оқу материалының мазмұнын алдын ала 

талдау қажет. Алынып отырған бейімделген материал негізінде тақырыптарды 

салыстыру  және  саралау  жолымен  оқыту  мақсаты  анықталады  және 

жаңартылған  бағдарламалар  бойынша  білім  алатын  біріктірілген  сыныптар 

үшін  ұзақ  мерзімді  жоспар  жасалады.  Ұзақ  мерзімді  жоспар  бойынша  орта 

мерзімді жоспар әзірленеді. 

Келесі  кесте  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  оқитын 

шағын  жинақты  мектептердің  біріктірілген  сыныптары  үшін  орта  және  қысқа 

мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмін айқын кӛрсетеді. 

1-сызба.  ШЖМ  біріктірілген  сыныптары  үшін  орта  мерзімді  және  қысқа 

мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмі 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біріктірілген сыныптарда оқу үдерін ұйымдастыру және ӛткізу үшін орта 

мерзімді  жоспарда  оқыту  мақсаттары  жаңартылған  бағдарламалар  бойынша 

толықтырылады  және  түзетіледі.  Оқу  материалын  біріктіру  кезінде  сағат 

санының  сәйкестігін  салыстырып,  оларды  бекіту  және  жинақтау,  білімін 

тексеру сабақтары есебінен қайта бӛлу қажет. Бейімделген оқу бағдарламасына 

сәйкестендірілген  оқу  мақсаты  жаңартылған  бағдарламалар  бойынша  білім 

алатын  біріктірілген  сыныптар  үшін  қысқа  мерзімді  сабақ  жоспарын  жасау 

үшін бағдар болып табылады. 

Мысал  ретінде  шағын  жинақты  мектептердің  біріктірілген  5,  6-

сыныптарына  арналған  «Қазақ  әдебиеті»  бойынша  параллель  тақырыптарды 

ӛткізуді  ұсынады.  Мысалы,  5-сыныпта  екінші  тоқсанда  «Абайды  оқы, 

Ұзақ мерзімді 



жоспар 

Ұзақ мерзімді 

жоспар 

Талдау 


Оқу бағдарламаларын 

бейімдеу: 

 

1. Тақырыптардың 



арақатынасы. 

2. Модульдер мен блоктарға 

бӛлу (қажет болған 

жағдайда). 

3. Сағаттарды есептеу. 

 

 



 

ОМ

Ж 



 

 

 



 

ҚМ

Ж 



 

 

339 


 

таңырқа!», ал 6-сыныпта  –  «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» бӛлімдері 

оқытылады. Бірінші бӛлімде (5) қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Мен 

жазбаймын  ӛлеңді  ермек  үшін»,  «Ғылым  таппай  мақтанба»,  «Бірінші  сӛз», 

«Жетінші  сӛз»,  «Отыз  бірінші  қара  сӛз»  оқытылса,  екінші  бӛлімде 

С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» ӛлеңдері 

оқытылады.  

Тӛртінші  тоқсанда  5-сыныпта  «Отбасы  құндылықтары»  бӛлімі  бойынша 

Т.Нұрмағамбетовтің  «Анасын  сағынған  бала»  әңгімесі,  Нұрдәулет  Ақыштың 

«Нағыз  әже  қайда?»  әңгімесі  6-сыныпта  оқытылатын  «Тәуелсіздік  –  қасиет 

тұнған  ұлы  ұғым»  бӛлімі  бойынша  Е.Жүністің  «Менің  атым  -Тәуелсіздік» 

ӛлеңі,  А.Алтайдың  «Прописка»,  Р.Ғамзатовтың  «Ана  тілі»,  «Менің 

Дағыстаным»  шығармалары  ұлттық  құндылық  мәселелерін  шешуге 

бағытталған. 

 

123-кесте.  Жаңартылған  бағдарлама  бойынша  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен 



шағын  жинақты  мектептің  5-6-шы  біріктірілген  сыныптарына  арналған  оқу 

материалының мазмұнын талдау 



 

№ 

Оқу материалының 



мазмұны 

5-сынып 


Тақырып 

тардың 


сәйкестігі 

(5-сынып) 

Тақырып 

тардың 


сәйкестігі 

(6-сынып) 

№ 

Оқу материалының 



мазмұны 

6-сынып 


5.2.1.1 

«Керқұла атты 

Кендебай» ертегісі 



6.1.1.1 

«Аяз би » ертегісі 

5.1.2.1 

«Қобыланды 

батыр»жыры 



6.2.4.1 

«Алып Ер Тұңға» 

жыры 

5.3.2.1 


Асан қайғы «Асан 

қайғының жерге 

айтқан сыны» 

аңызы 


6.3.4.1 



Әл Фараби 

«Қашықтасың 

туған жер», 

«Тіршілікте 

құрыштай бол 

тӛзімді» 

5.1.4.1 

Асан қайғы «Асан 

қайғының жерге 

айтқан сыны» 

аңызы 





6.3.4.1 

Доспамбет жырау 

«Қоғалы кӛлдер, 

қом сулар», 

«Айналайын Ақ 

Жайық» 


5.1.4.1 

 

Дулат Бабатайұлы 



«О,Ақтан жас, 

Ақтан жас» 

 





6.2.4.1 

Абай Құнанбайұлы 

«Мен жазбаймын 

ӛлеңді ермек үшін» 

5.2.4.1 

Ыбырай 


Алтынсарин 

«Қыпшақ 


Сейітқұл»  



6.1.4.1 

Абай Құнанбайұлы 

«Ғылым таппай 

мақтанба» 

 

5.2.4.1 


Ыбырай 

Алтынсарин 

«Атымтай Жомарт» 



6.1.2.1 

Абай Құнанбайұлы 

«Бірінші сӛз» 


 

340 


 

5.3.3.1 


 

Ыбырай 


Алтынсарин 

«Дүние қалай етсең 

табылады» 



6.1.2.1 

 Абай Құнанбайұлы 

«Жетінші сӛз», 

«Отыз бірінші сӛз» 

5.1.2.1 

А.Байтұрсынұлы 

«Егіннің бастары» 

мысалы 


6.1.4.1 



С.Торайғыров 

 «Шығамын тірі 

болсам адам 

болып», «Шәкірт 

ойы» 

5.3.4.1 


 

«Адамдық 

диқаншысы» ӛлеңі 



6.2.2.1 

С.Мұратбеков 

«Жусан иісі» 

5.1.1.1 


5.1.2.1 

Б.Соқпақбаев 

«Менің атым 

Қожа» хикаяты 



6.1.1.1 



О.Бӛкей «Тортай 

мінген ақ боз ат» 

5.1.3.1 

 

М.Қабанбай 



«Бауыр» 



6.1.2.1 

Қалқаман 

Әбдіқадыров 

«Қажымұқан» 

5.1.3.1  

 

Т.Нұрмағамбетов 



«Анасын сағынған 

бала» әңгімесі 



6.1.4.1 



Е.Жүніс «Менің 

атым-Тәуелсіздік» 

ӛлеңі 

5.1.3.1 


 

Нұрдәулет Ақыш 

«Нағыз әже 

қайда?» әңгімесі 



6.1.1.1 



А.Алтай 

«Прописка» 

5.1.3.1 

Д.Лондон 

«Мексика 

ұлы»әңгімесі 



6.2.2.1 



Р.Ғамзатов «Ана 

тілі», «Менің 

Дағыстаным» 

 

124-кесте. Жаңартылған бағдарлама бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен 



шағын жинақты мектептің біріктірілген 6, 8 - сыныптарына арналған 

орта мерзімді жоспардың үлгісі 

 

Оқу 

бағдарламасына 

сілтеме 

Оқу 

мақсаттары 

6-сынып 

Оқу 

мақсаттары 

8-сынып 

Ұсыныл

ған 

оқыту 

іс-

әрекет

тері 

Белсенді 

оқытудағ

ы  жұмыс 

түрлері 

Бағалау 

Оқу 

материал

ын 

меңгеруі 

Ресурст

ар 

І тоқсан 

6-сынып 

Отан 

отбасынан 

басталады 

 

8-сынып 

Білім. 

Ғылым. 

Инновация 

6.1.1.1 

тірек 

сӛздер, 

мәтіннің 

бастапқы 

бӛлігін тыңдау 

арқылы 

тақырыпты 

және 

кӛтерілетін 

мәселені 

болжау; 

6.1.5.1 

тірек 

8.1.1.1 

мәтін 

тақырыбы, 

тірек 

сӛздер, 

иллюстрация 

лар 

арқылы 

кӛтерілетін 

мәселені 

болжау; 

8.1.5.1    тірек 

сӛздер,  автор 

кӛзқарасы  мен 

кӛңіл 

күйі 

Жеке 

және 

топтық 

жұмыс 

түрлері

нде:  

1. 

Кӛңіл-

күйлерін 

эмоциял

ық 

тұрақт

1.Теориял

ық шолу.  

 (Жеке 

жұмыс)  

2. 

Шолу 

жасалған  

материалд

ы  зерделеу 

және 

талдау 

(Топтық 

жұмыс)  

Мадақта

у 

және 

ынталан

дыру 

арқылы 

формати

вті 

бағалау.  

Критери

йлері:  

1. 

Әңгіменің 

1. 

мәтіндерд

ен  деректі 

және 

дерексіз 

зат, 

кӛптік 

мәнді 

есімдерді 

ажырата 

білу,  

жазбаша, 

Оқулық, 

жұмыс 

дәптері



үлестір

ме 

құралда

р, 

жазуш

ының 

қосымш

а  әдеби 

 

341 


 

сӛздер, 

жетекші 

сұрақтар, 

мәтін 

тақырыбы 

арқылы  негізгі 

ойды анықтау 

6.2.2.1  

тақырып 

бойынша 

диалогты 

бастау, 

жалғастыру, 

аяқтаудың 

ұлттық 

сӛз 

әдебі 

 

мен 

сӛйлеу 

этикеті 

формаларын 

білу; 

6.2.3.1  ауызша 

мәтіндер 

құрауда 

хабарлы 

сӛйлемдердің 

интонациялық 

ерекшелігін 

ескеріп айту 

6.3.2.1  ресми 

стильдегі 

мәтіндердің 

стильдік 

ерекшелігін 

анықтау 

(мінездеме); 

6.3.5.1 

қосымша 

ақпарат 

кӛздерінен 

тақырыпқа 

байланысты 

мәліметтерді 

мәтін 

мазмұнымен 

салыстыру, 

қарама-қайшы 

ақпараттард

ы анықтау 

6.4.4.1  

мәліметтерді  

жинақтай 

отырып, 

арқылы  негізгі 

ойды анықтау 

8.2.1.1 

тұрақты 

тіркестер  мен 

кӛркемдегіш 

құралдарды 

қолданып, 

ауызша 

мәтіндер 

құрау;   

8.2.4.1  идеялық 

жағынан  ұқсас 

мәтіндердегі 

оқиғалар 

желісіне 

бақылау  жасай 

отырып,  

мазмұнның 

дамуын 

салыстыру 

және талдау 

8.3.2.1 

публицистикал

ық 

стильдің 

(интервью) 

тілдік 

ерекшеліктері 

арқылы 

мәтіндердің 

жанрын 

анықтау; 

8.3.4.1 

мәтіндердің 

түрлерін, 

тілдік 

ерекшеліктерін 

салыстырып,  

талдау жасау 

8.4.1.1 

мәтіндердің  

жанрлық  және 

стильдік 

ерекшелігін 

сақтап, 

интервью 

жазу; 

8.4.3.1 

жазба 

жұмыстарынд

а  символ  мен 

кейіптеу 

түрлерін 

андыру.  

2. 

«Шатт

ық 

шеңбері

». 

3. 

«Миға  

шабуыл

» 

сұрақт

ары 

4. 

Композ

ициялық 

құрылы

мына 

талдау  

3.Қорыты

ндылау. 

(Интегр.)  

4. 

Қысқаша 

мәліметте

рді 

дәптерге 

түсіру 

(Инсер. 

Әдісін 

қолдануға 

болады. 

(жеке 

жұмыс)  

5. 

Алған 

білімдерін 

ӛмірде 

қолдану 

жағдайлар

ына 

мысалдар 

келтіру.  

мазмұны

н  толық 

біледі 

2. 

Жазушын

ың  ӛмірі 

мен 

шығарма

шылығын 

толық 

біледі.  

3.  Әңгіме 

құрылым

ына 

талдау 

жасай 

алады.  

4.  Әңгіме 

кейіпкерл

еріне 

мінездем

е  беріп, 

сипатта

йды.  

5.  Алған 

білімдері

н  ӛмірде 

қолдану 

ға 

мысалдар 

келтіреді

.  

ауызша 

жұмыста

рда 

қолдану 

2. 

болжалды

қ 

сан 

есімдерді 

жазба, 

ауызша 

жұмыста

рда 

орынды 

қолдану 

3. 

Алған 

білімдерін 

ӛмір 

жолында 

қолданады

.  

оқулық

тары, 

портре

ттері. 

 

342 


 

тақырып 

бойынша 

постер жасау; 

6.4.1.1 

мәтіндердің 

стильдік 

ерекшелігін  

сақтай 

отырып, 

мінездеме 

жазу 

6.5.1.1 

мәтіндерден 

деректі  және 

дерексіз  зат, 

кӛптік  мәнді 

есімдерді 

ажырата білу,  

жазбаша, 

ауызша 

жұмыстарда 

қолдану 

қолданып жазу 

8.5.1.1 

болжалдық  сан 

есімдерді 

жазба,  ауызша 

жұмыстарда 

орынды қолдану 

6-сынып 

Қазіргі 

қазақ 

ауылы 

мен 

қаланың тыныс-

тіршілігі 

 

8-сынып 

Сауда 

жасай 

білесің бе? 

6.5.2.1 

тыңдалған 

мәтіннің 

негізгі 

мазмұнын 

түсіну,  негізгі 

және қосымша 

ақпараттард

ы анықтау; 

6.5.6.1 

тыңдалым 

материалдары

ның  мазмұны 

негізінде 

шынайы 

ӛмірмен 

байланыстыр

ып жауап беру 

6.2.4.1  шағын 

кӛлемді  

мәтіндегі 

жеке 

эпизодтарды 

сипаттау 

және 

тілдік 

ерекшелігіне 

салыстыру 

жасау; 

6.2.1.1 

тура 

және 

8.1.4.1 

орта 

кӛлемді 

прозалық, 

драмалық  және 

поэзиялық 

шығармалардан 

үзінді  тыңдау, 

тақырыбы  мен 

идеясын 

талдау; 

8.1.6.1 

тыңдалым 

материалдарын

ың 

мазмұны 

негізінде 

деректерді 

келтіре 

отырып, 

дәлелді  жауап 

беру 

8.2.2.1 

түрлі 

жанрдағы 

кӛркем 

мәтіндерге 

сүйене отырып, 

кӛңіл-күйді 

білдіруде  

ұлттық 

сӛз 

әдебі 

мен 

сӛйлеу  этикеті 

Жеке 

және 

топтық

,  жеке  

жұмыс 

түрлері

нде:  

1. 

Оқушы 

назарын

,  зейінін 

сабаққа 

аудару.  

2.  «Мен 

қандайм

ын?» 

психоло

гиялық 

жатты

ғу 

3. 

«Дұрыс,

бұрыс» 

тапсыр

малары 

сұрақт

ары 

4.Ӛлең 

құрылы

сына 

1.Теориял

ық шолу.  

 (Жеке 

жұмыс)  

2. 

Шолу 

жасалған  

материалд

ы  зерделеу 

және 

талдау 

.(Топтық 

жұмыс)  

3. 

Қорытынд

ылау. 

«Аквариум

» әдісі 

4. 

Қысқаша 

мәліметте

рді 

дәптерге 

түсіру 

(Инсер. 

Әдісін 

қолдануға 

болады. 

(жеке 

жұмыс)  

5. 

Алған 

Мадақта

у 

және 

ынталан

дыру 

арқылы 

формати

вті 

бағалау.  

Критери

йлері:  

1. 

Ӛлеңнің 

мазмұны

н  толық 

біледі 

2. 

Ақынның 

 ӛмірі 

мен 

шығарма

шылығын 

толық 

біледі.  

3. 

Ӛлең 

құрылым

ына 

талдау 

жасай 

алады.  

4.  Алған 

1. 

мәтіндерд

ің 

стильдік 

ерекшелігі

н    сақтай 

отырып, 

күнделік 

жаза 

алады 

2. 

Алған 

білімдерін 

ӛмір 

жолында 

қолданады

.  

3.  жазба 

жұмыста

рында 

сӛзге 

қосымша 

жалғауда 

үндестік 

заңын 

ескереді; 

4. 

тақырып 

бойынша 

эссе  жаза 

алады; 

Оқулық, 

жұмыс 

дәптері



үлестір

ме 

құралда

р, 

жазуш

ының 

қосымш

а  әдеби 

оқулық

тары, 

портре

ттері. 

 

343 


 

ауыспалы 

мағынадағы 

сӛздерді 

қолдану,  ойын 

әсерлі, 

мазмұнды 

жеткізу 

6.3.2.1  ресми 

стильдегі 

мәтіндердің 

стильдік 

ерекшелігін 

анықтау 

(күнделік); 

6.3.4.1  

мәтіндердің 

тақырыбына, 

мазмұндық 

құрылымына 

сүйене 

отырып, 

түрлерін 

салыстыру 

6.4.1.1 

мәтіндердің 

стильдік 

ерекшелігін  

сақтай 

отырып, 

күнделік жазу; 

6.4.5.1  жазба 

жұмыстарын

да 

сӛзге 

қосымша 

жалғауда 

үндестік 

заңын  ескеріп, 

орфографиялы

қ  нормаға  сай 

дұрыс жазу 

6.5.1.2 

лексикалық 

мағынасы 

жағынан 

заттың 

сипатын, 

кӛлемін, 

салмағын, 

аумағын 

білдіретін  сын 

есімдерді 

ажырата білу, 

формаларын 

қолдана білу; 

8.2.6.1 

кесте, 

диаграмма, 

нұсқаулық 

шартты 

белгілер 

мен 

сызбаларда 

берілген 

ақпаратты 

талдау, 

баға 

беру 

8.3.3.1 прозалық 

және поэзиялық 

шығармаларды

ң 

композициялық 

құрылымын 

анықтау, 

кейіпкердің  іс-

әрекетіне 

немесе 

лирикалық 

кейіпкердің 

образына  баға 

беру; 

8.3.6.1  

тақырып 

бойынша 

бірнеше 

мәтінде 

кӛтерілген 

мәселелерді 

салыстыра 

отырып,    баға 

беру 

8.4.2.1 

эссе 

құрылымы  мен 

дамуын сақтап, 

тақырыпқа 

байланысты 

берілген мәсе 

ленің  оңтайлы 

шешілу 

жолдарын 

ұсыну; 

8.4.4.1 

тақырып 

бойынша 

мәліметтерді  

жинақтап,  эссе 

жазуда  тиімді 

талдау 

жасау 

5. 

Ӛлеңнен 

теңеу, 

метафо

ра, 

эпитет, 

ақын 

термин

дерін 

табу. 

білімдерін 

ӛмірде 

қолдану 

жағдайлар

ына 

мысалдар 

келтіру. 

білімдері

н  ӛмірде 

қолдануғ

а 

мысалдар 

келтіреді



5. 

бӛлшектік 

сан 

есімдерді 

дұрыс 

қолдана 

алады 

 

 

344 


 

жазба, 

ауызша 

жұмыстарда 

қолдану 

қолдану 

8.5.1.1 

бӛлшектік  сан 

есімдерді 

жазба,  ауызша 

жұмыстарда 

орынды қолдану 

 

Бағдарламаларға  сәйкес  келмейтін  және  сабақтың  бір  тақырыптық 



жоспарын  әзірлеу  мүмкіндігі  болмайтын  тақырыптарды  ӛтуде  белгілі  бір 

әдістемелерді  таңдау  арқылы  сыныптарды  бір  пәннің  аясында  біріктіру  әдісін 

қолдану  ұсынылады.  Бағдарламаға  сәйкес  емес  тақырыптарды  оқыту  кезінде 

оқытудың  сараланған  әдістерінен  басқа  сабақтың  әртүрлі  кезеңдерінде  екі 

сынып  үшін  бірыңғай  педагогикалық  тәсілдерді  қолдануға  болады.  Бұл 

біріктірілген  сыныптарда  оқу  процесін  ұйымдастыру  міндетін  шешетін 

мүмкіндіктердің бірі болып табылады. 

ШЖМ-ның  әртүрлі  жастағы  сыныптарында  оқу  процесін  ұйымдастыру 

әдістерін  таңдау  кезінде  педагогтарға  зерттеу  және  жобалау  іс-әрекеттеріне 

ерекше  назар  аудару  қажеттілігі  кӛрсетіледі.  Олар  ШЖМ-да  оқу  процесін 

тиімді ұйымдастырудың үлкен мүмкіндіктеріне ие, бұл осындай мектептердегі 

білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Бір жағынан мұғалім білім 

алушылардың  тұрақты  құрамымен  және  белгіленген  кесте  бойынша  сабақ 

жүргізеді.  Екінші  жағынан,  сынып  әртүрлі  жастағы  білім  алушылардан 

құралған және бір сабақта бірнеше пән оқытылады. 

ШЖМ білім алушыларын оқытудағы ескеру қажет: 

  білім  алушылардың  қажетті  базалық  білімі  және  оларға  табысты 

жұмыс істеу үшін қажетті техникасы болуы тиіс

  білім алушылар олардан не күтілетінін нақты түсінуі тиіс; 

  білім  алушылардың  барлығы  болмаса  да,  басым  кӛпшілігі 

тапсырманы дұрыс орындауға қабілетті болуы тиіс. 

  Білім  алушылардың  жұмысы  қауіпсіз  болуы  тиіс:  педагогтың 

бақылауынсыз  ықтимал  қауіпті  құралдарды,  сондай-ақ  жарамсыз  құралдарды 

пайдалануға  қатаң  тыйым  салынады;  білім  алушыларға  ӛзінің  зерттеу  мен 

жобалау жұмысында ӛмірі мен денсаулығы үшін қауіпті заттарды пайдалануға, 

ықтимал  қауіпті  жануарлар  мен  ӛсімдіктермен  (улы,  агрессивті,  инфекция 

жұқтырған және т.б.) байланыста болуға тыйым салынады. 

ШЖМ  білім  алушыларының  зерттеу  және  жобалау  қызметін 

ұйымдастыру,  жаңартылған  білім  мазмұнындағы  оқу  бағдарламаларын 

бейімдеу  бойынша  педагогтарға  әдістемелік  қолдау  кӛрсету  үшін  бастауыш, 

негізгі орта  мектеп деңгейінде біріктірілген  сыныптар үшін пәндер бойынша 

ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді,  қысқа  мерзімді  жоспарлардың  үлгілері 

www.nao.kz сайтында қолжетімді.  

Республиканың  шағын  жинақты  мектептерін  қолдауда  тірек-мектептер 

(ресурстық  орталықтар)  маңызды  рӛл  атқарады.  Қазіргі  уақытта  ШЖМ-ны 


 

345 


 

қолдау  594  магнитті  ШЖМ  бекітілген  ЖОМ  базасында  181  ресурстық 

орталықта жүзеге асырылады.  

Тірек  мектептердің  (ресурстық  орталықтардың)  міндеті  –  ШЖМ  білім 

алушыларының сапалы білімге тең қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу, бейіналды 

және  бейіндік  оқытуды  жүзеге  асыру,  ШЖМ  білім  алушыларының 

инновациялық  қызметін  дамыту,  олардың  сапалы  жаңа  деңгейге  шығуы  үшін 

ауылдық  мектептерді  қосымша  біліммен  қамтуды  кеңейту.  Білім  беру  желісін 

құру  (білім  беру  ресурстарын  біріктіру)  ШЖМ  білім  алушыларына  қажет 

болған жағдайда тірек-мектептердің немесе қосымша білім беру ұйымдарының 

білім беру қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, бұл олардың мүдделері мен 

танымдық қажеттіліктерін барынша толық жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 

ТМ (РО) білім беру кешенінің функциялары: 

- жергілікті тұрғындарды тәрбиелеу мен оқыту әрекеттерін ұйымдастыру 

үшін  мектептің  қолда  бар  ресурстарын  (жабдықтары,  бӛлмелері,  аумағын) 

тиімді пайдалану; 

-  білім  беру  кешеніне  кіретін  білім  беру  ұйымдарының  педагогтарының 

үздіксіз кәсіби тұрғыда дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік жұмысты жүзеге 

асыру; 

- ресурстық орталықтың барлық балаларына (сессия кезінде медициналық 



тексеру,  психологтармен  жұмыс  жүргізіледі;  сессияаралық  кезеңде  тірек 

мектебінің мамандары шағын жинақты мектептерге барады) қызмет кӛрсету; 

-  оқу  зертханалары  мен  шеберханаларының  жұмыс  істеуі,  білім 

алушыларға кәсіби бағыт беру және шығармашылығын дамыту; 

-  дамыту  және  демалыс  орталығы  арқылы  (сессия  уақытында 

қызығушылық бойынша үйірмелер жұмыс істейді;  

-  сессияаралық  кезеңде  тірек  мектебінің  мамандары  білім  алушылармен 

қашықтықтан байланыста болады және магниттік мектептерге барады); 

Магниттік  мектептер  мен  тірек  мектебінің  (Ресурстық  орталықтың) 

жылдық  оқу-тәрбие  жұмыс  жоспары  педагогикалық  кеңестің  отырысында 

бекітіледі,  ауданның  (қаланың)  білім  бӛлімімен  келісіледі,  білім  беру 

ұйымдарының басшыларымен бекітіледі. 

Сессия кезеңінде білім алушыларды тасымалдай отырып, тірек мектебінің 

оқу  зертханалары  мен  шеберханаларында  практикалық  оқу  іс-әрекеті 

ұйымдастырылады.  Сессияаралық  кезеңде  білім  алушылардың  оқу-танымдық 

іс-әрекеті  тірек  мектебінің  пән  мұғалімдерінің  қашықтықтан  қолдауымен 

шағын  жинақты  мектептерде  ӛткізіледі,  on-line  режимінде  интерактивті 

сабақтар жүргізіледі. 

Электронды,  оның  ішінде  қашықтықтан  оқытуды  пайдалану  ТМ  (РО)-

ның оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерінің бірі болып табылады. 

Тірек  мектебінің  білім  беру  жүйесі  аймақтың  ӛзгешелігін,  мұқтаждығын  және 

білім  алушылар  мен  олардың  ата-аналарының  сұранысын  ескере  отырып, 

педагогикалық қызметке бірыңғай талаптардың болуы, күтілетін нәтижелердің, 

бірыңғай мақсаттардың болуын кӛздейді. Сонымен қатар мұндай жүйе ауылдық 

ШЖМ  педагогтарына,  білім  алушыларды  функционалдық  сауаттылығы  мен 


 

346 


 

әлеуметтендіруге  бағытталған  құзырлық  білім  беру  парадигмасындағы  кәсіпті 

әрекеттер нәтижелеріне қайта бағытталуына кӛмектеседі. 

Сессия ұзақтығы үш күннен он күнге дейін, тірек мектебінің (Ресурстық 

орталықтың)  педагогикалық  кеңесі  және  магниттік  мектеп  бекіткен  оқу 

процесінің  кестесіне  сәйкес  белгіленеді.  Сессия  кезеңінде  тірек-мектеп 

(ресурстық орталық) толық күн тәртібінде жұмыс істейді

.

 



Магниттік  мектептердің  білім  алушылары  тірек  мектебі-ресурстық 

орталықтың  ӛз  жастарына  сәйкес  сыныптарына  бӛлінеді  немесе  осы  білім 

алушылар категориясына бӛлек ӛз алдына сыныптар ұйымдастырылады.  

Магниттік  мектептердің  білім  алушылары  тӛмен  оқу  жетістіктеріне 

қарамастан білім сапасы жоғары сыныптарға жіберілген жағдайлар орын алған. 

Бұл  ӛз  кезегінде  олардың    психологиялық  стресс  алуына  алып  келген. 

Магниттік  мектептердің  білім  алушыларына  оқу  процесін    ұйымдастыруда 

әрбір  баланың  жеке  ерекшеліктерін  ескеруді  ерекше  назарға  алу  ұсынылады.  

Қажет болған жағдайда жеке сабақтар ӛткізу керек. 

 

Интернат  болмаған  жағдайда  магниттік  мектептердің  білім  алушыларын 



сабаққа  күнделікті  тасымалдау  ұйымдастырылады,  интернат  болған  жағдайда 

оларға  ӛз  бетімен  дайындалуы  және  демалуы  үшін  жағдай  жасалады, 

тамақтандыру ұйымдастырылады. Сессия әрбір параллель үшін бӛлек ӛткізілуі 

мүмкін. 


ШЖМ жоғары сынып білім алушылары тірек мектебі (РО) базасында 10-

11-сынып  білім  алушыларының  қалауы  бойынша  екі  бағыт  бойынша 

сыныптарға біріктіріледі. Қолданбалы пәндерді оқыту практикалық сипатқа ие 

және мектеп компонентіне бӛлінген сағат есебінен жүргізіледі. 

Бұл  ШЖМ  жағдайында  балаларда  параллельдің  жоқтығынан  бейіндік 

бағытты  таңдау  мүмкіндігі  болмаған  кездегі  тағы  бір  мәселені  шешуге 

мүмкіндік береді.  

Тірек  мектеп  ШЖМ  білім  алушыларының  сапалы  білім  алуына  тең  қол 

жеткізуді  қамтамасыз  етеді,  олардың  танымдық  және  шығармашылық 

мүмкіндіктерін жүзеге асырады. 

Әлемдік  тәжірибе  мен  ЕЭЫДҰ  ұсыныстарын  ескере  отырып,  шағын 

жинақты  мектептер  желісін  одан  әрі  дамыту  үшін  ШЖМ-ді  ауылдың 

әлеуметтік-мәдени  даму  орталығы  ретінде  сақтау,  ауылдық  және  қалалық 

мектептер  арасындағы  білім  берудегі  алшақтықты  азайтуда  шағын  жинақты 

мектептерді  қолдау  үлгілерін  енгізу  мақсатында  келесі  жобаларды    жүзеге 

асыру  ұсынылады:  «Серіктес  мектептер»,  «Мобильдік  мұғалім»  және 

«Уақытша отбасы». 

ШЖМ  білім  беру  процесінде  тәрбие  жұмысы  маңызды  рӛл  атқарады. 

Жан-жақты  дамыған  тұлғаны  қалыптастыру,  білім  алушыларға  патриоттық 

тәрбие беру үшін әртүрлі сыныптарда, мектептерде сыныптан тыс бірлескен іс-

шаралар ӛткізу орынды.  

Біріктірілген 

сыныптарда 

«Рухани 


жаңғыру» 

бағдарламасының 

құндылықтарын терең ашу және маңызды қорытынды алу мақсатында әлемдік 

мәдени  құндылықтар  мен  ұлттық  мәдениет  арасында  параллель  жүргізе 

отырып, дәуірлерді салыстыру әдісін пайдалану ұсынылады. 


 

347 


 

Бұл  ретте  пайдаланылатын  ресурстар  мазмұнының  оқу  пәнінің 

бағдарламалық материалымен тығыз байланыста болу принципін ұстану қажет. 

Осылайша,  ШЖМ  бүгінде  кӛптеген  аймақтық  әлеуметтік-экономикалық, 

мәдени  факторларды  ескеретін,  бала  тұлғасын  дамытуға  ерекше  кӛзқарасты 

талап  ететін  педагогикалық  үдерісті  ерекше  ұйымдастыруды  қажет  етеді.  Оқу 

жылы  бойы  ШЖМ  мұғалімдеріне  кәсіби  ӛзара  әрекеттесу  желісі  арқылы, 

вебинарларда, мастер-кластарда әдістемелік кӛмек кӛрсету қажет. 

 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет