ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет21/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы


 

«Көркем еңбек» оқу пәні 

«Көркем  еңбек»  оқу  пәнінің  5-9-сыныптарға  арналған  оқу 

бағдарламасының  мазмұны  оқыту  мақсаттары  жүйесінің  шығармашылық 

әрекет  үдерісі  барысында  тәжірибелік  және  негізгі  білім  қалыптастыруға 

бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған: 

1) 


«Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі; 

2) 


«Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі; 

3) 


«Таныстырылым,  талдау  және  шығармашылық  жұмыстарды 

бағалау» бөлімі. 

 

Оқу  бағдарламасының  мақсаты  –  өнер  және  еңбек  технологиясы 



саласында 

функционалды 

сауаттылықты 

қалыптастыру, 

шындыққа 

шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту. 

  5, 6, 7, 8, 9 -

сыныптарға  арналған  «Көркем  еңбек»  пәнінен 

жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасы  оқу  мақсаттары  жүйесі  арқылы 

ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.  

«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн 

мен  технология  туралы  түсінік  пен  білімді  дамытуға;  Қазақстан  және  әлем 

халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның 

көркем  тәсілдері  арқылы  шығармашылық  идеяларды,  технологиялық 

дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау,  талдау, нысандарды көркем түрлендіру 

үдерісінде  білім  алушылардың  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлау 

дағдыларын  дамытуға;  оқу  қызметінің  барлық  түрлерінде  ақпараттық-

коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, 

идеялардың  шығармашылықпен  іске  асыру,  жұмыстардың  таныстырылымы); 

жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын 

түсіне  отырып,  зерттеу  мен  пайдалануға;  эстетикалық,  еңбекке  баулу, 

экономикалық,  экологиялық,  патриоттық  тәрбиелеу  мен  рухани-өнегелік 



 

179 


 

құндылықтарын  қалыптастыруға;  уақыт,  материалдың  қасиеті  мен  басқа  да 

факторлардың  әсерін  анықтап  және  оны  ескере  отырып  қызметін  өз  бетінше 

жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру 

(жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған. 

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі 

әртүрлі  өнер  түрлерін  зерделеу,  идеяларын  өнер  тәсілдері  арқылы  көрсету, 

әмбебап  (тұрмыстық)  және  арнайы  (пәндік)  білімдер  мен  икемділікті, 

материалдар  мен  нысандарды  түрлендіру  және  көркем  өңдеу  дағдыларын,  үй 

шаруашылығын  жүргізу,  технологиялар  мен  техниканы  қолдану  машықтарын 

иелену болып табылады.  

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  

-  5-

сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 



-  6-

сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 

-  7-

сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты; 



-  8-

сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды; 

-  9-

сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 



Оқу  бағдарламасының  мазмұны  материалдарды  5  ортақ  білім  беру 

бағыттары  арқылы  оқып-үйренуді  қарастырады:  «Визуалды  өнер»;  «Сәндік-

қолданбалы  шығармашылық»;  «Дизайн  және  технология»;  «Үй  мәдениеті»; 

«Тамақтану мәдениеті».  

«Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің 

тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей. 

«Визуалды  өнер»  бөлімінің  мазмұны  төмендегі  бөлімшелерді: 

классикалық 

және 

заманауи 



өнер; 

қазақстандық 

суретшілердің 

шығармашылығы;  бейнелеу  өнерінің  жанрлары  мен  түрлері;  сандық  өнер 

(фотосурет,  анимация,  медиа  құралдар);  бейнелеу  (визуалды)  өнерінің  көркем 

тәсілдері;  көркемдік  материалдар  және  техникалармен  эксперименттеу 

бөлімдерін қамтиды. 

«Сәндік-қолданбалы  шығармашылық»  бөлімінің  мазмұны  төмендегі 

бөлімшелерді:  сәндік-қолданбалы  өнер  ерекшеліктері  мен  негізгі  пішіндері, 

Қазақстанның  және  басқа  елдердің  сәндік-қолданбалы  өнері;  сәндік-

қолданбалы  өнер  материалдары,  технологиялары  мен  құралдары;  Ұлттық  ою-

өрнек; Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.  

«Дизайн  және  технология»  (ер  балалар)  бөлімінің  мазмұны  төмендегі 

бөлімшелерді:  негізгі  конструкциялық,  табиғи,  жасанды  және  дәстүрлі  емес 

материалдарды;  материалдарды  өңдеу  құралдары  мен  жабдықтарын; 

материалдарды  әртүрлі  тәсілдермен  өңдеуді;  әртүрлі  материалдардан  бұйым 

дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық 

және  әлемдік  сәулет  ескерткіштерін;  макеттеуді;  ішкі  көрініс  дизайнын; 

робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.  

«Дизайн  және  технология»  (қыз  балалар)  бөлімінің  мазмұны  төмендегі 

бөлімшелерді:  негізгі  тоқыма,  табиғи,  жасанды  және  дәстүрлі  емес 

материалдарды;  тоқыма  материалдарын  өңдеу  құралдары  мен  жабдықтарын; 

тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; тоқыма материалдарынан 

бұйым  дизайнын;  сән  индустриясын,  стиль  және  образ,  ұлттық  киім 



 

180 


 

элементтерін дайындау технологиясын қамтиды. 

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ер балалар) төмендегі бөлімшелерді: 

тұрғын  үйдің  экологиясын;  өсімдік  шаруашылығы,  сәндік  өсімдіктер 

шаруашылығы,  ландшафтты  дизайн  негіздерін;  электр  қуатының  көздері 

туралы  жалпы  мәліметтерді,  тұрмыстық  техника  және  электр  құралдарын 

қолдану  мен  жөндеуді;    тұрмыстық  жөндеу  жұмыстарын,  ішкі  көріністі 

ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.  

«Үй  мәдениеті»  бөлімінің  мазмұны  (қыз  балалар)  төмендегі 

бөлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; өсімдік шаруашылығы, 

сәндік  өсімдіктер  шаруашылығы,  ландшафтты  дизайн  негіздерін;  киім  күтімі 

мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды. 

«Тамақтану  мәдениеті»  бөлімінің  мазмұны  төмендегі  бөлімшелерді: 

дұрыс  тамақтану  негізін;  дастарқан  басында  өзін-өзі  дұрыс  ұстау  ережелерін, 

дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының 

тағамдарын қамтиды. 

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі 

әртүрлі  өнер  түрлерін  зерделеу,  идеяларын  өнер  тәсілдері  арқылы  көрсету, 

әмбебап  (тұрмыстық)  және  арнайы  (пәндік)  білімдер  мен  икемділікті, 

материалдар  мен  нысандарды  түрлендіру  және  көркем  өңдеу  дағдыларын,  үй 

шаруашылығын  жүргізу,  технологиялар  мен  техниканы  қолдану  машықтарын 

иелену болып табылады.  

Ұзақ  мерзімді  және  орта  мерзімді  жоспарларда  ұсынылатын  әрекет 

түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем 

еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған. 

Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, 

сызулар  құру  үшін  технологиялық  құжаттарды  орындау  дағдыларын 

дамытумен  байланысты  оқу  мақсаттарына  жетуге  бағытталған  әрекет  түрлері 

қосылған. 

«Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Көркем 

еңбек» жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген 

жоқ») деген белгі жазылады. 

«Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 

және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін 

мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.  

Назар аударыңыздар! 

«Көркем  еңбек»  пәнінің  оқу  бағдарламасын  бейнелеу  өнері  және 

технология  пәндері  бойынша  дипломдарына  қосымшасы  бар  бейнелеу  өнері, 

еңбекке  баулу  және  технология  пәндерінің  мұғалімі  сабақ  бере  алатындай 

құрастырған.  «Көркем  еңбек»  пәнін  оқыту  үшін  арнайы  диплом  қажет  емес 

екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады. 



 

Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат берілгенін ескерсек, осы пәндерге 

жетекшілік  жасайтын  мұғалімдер  сағаттарын  жоғалтуы  негізсіз  болып 

табылады. 

 

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

181 


 

 

«

Дене  шынықтыру»  білім  саласы  бойынша  «Дене  шынықтыру»  пәні 



оқытылады. 

 

«Дене шынықтыру» оқу пәні  

5-9-


сыныптарға  арналған  «Дене  шынықтыру»  пәнінен  жаңартылған 

мазмұндағы  оқу  бағдарламасының  басты  мақсаты  –  ағзаның  бүкіл  жүйелерін 

дамыту,  оқушылардың  физикалық  қасиеттерін  және  олармен  байланысты 

қабілеттерін жетілдіру болып табылады.  

Дене  шынықтыру  пәнінің  жеке  тұлғаны  тәрбиелеуде  алатын  орны 

ерекше.  Ол  оқушының  дене  дамуына,  әлеуметтік,  дербес  және  рухани 

қасиеттерін  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Мектептегі  білім  беру  контексінде 

дене  шынықтыру  білім  алушылар  арасында  салауатты  өмір  салтын 

насихаттайды. 

Оқу  бағдарламасы  білім  алушылардың  жас  және  жеке  ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  дене  және  психикалық  денсаулығын  нығайтуға  уәждемесін 

(мотивация)  арттыруға,  білім  алушылардың  арнайы  спорттық  (спорттық-

спецификалық)  қимыл  дағдыларын  меңгеруіне  және  дене  қабілеттерін 

дамытуға бағытталған. 

Оқу  бағдарламасында  дене  шынықтыру  мен  спортты  дамыту  тарихы 

бойынша  білімді  қалыптастыру;  негізгі  физикалық  қасиеттерді  жетілдіру, 

арнайы  спорттық  біліктер  мен  дағдыларды  дамыту;  коммуникативтік 

дағдыларды дамыту, атап айтқанда, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты 

пайдалану,  оны  тиісті  нысанда  нақты  ұсыну  қабілеті;  ойлау  және  зерттеу 

дағдыларын  дамыту;  адамгершілік-жігер,  моральдық-ерік  қасиеттерін 

қалыптастыру қарастырылған. 

Оқу  бағдарламасы  оқу  жылы  ішінде  бағдарлама  бөлімдерін  оқытудың 

бірізділігін  анықтайтын  ұзақ  мерзімді  жоспарға  сәйкес  жүзеге  асырылады. 

Сағаттарды  бөлу,  сондай-ақ  тақырыптарды  оқу  реті  мұғалімнің  қалауы 

бойынша өзгеруі мүмкін. 

«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

1)  5-

сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;  



2)  6-

сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;  

3)  7-

сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;  



4)  8-

сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты; 

5)  9-

сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 



Бұл  бағдарламада  мектепте  дененің  шынығуы  мен  адамгершілікке 

тәрбиелеудің  кешенді  жүйесін  құрайтын  дене  шынықтырудың  барлық  негізгі 

нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 

біртіндеп  шешуге  мүмкіндік  береді.  Бағдарламаның  үшінші  сағаты 

оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 

кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 



Негізгі мектептің 5-сыныбынан бастап дене шынықтыру сабақтары ер 

балалар  және  қыз  балалар  топтарына  бөлу  негізінде  жүргізіледі.  Дене 

шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр 



 

182 


 

топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан кем 

емес  болған  жағдайда)  өткізуде  сыныпты  екі  топқа  бөліп  оқыту  жүзеге 

асырылады.  

«Дене  шынықтыру»  оқу  пәнінің  оқу  бағдарламасының  мазмұны 

оқытудың  бөлімдері  арқылы  ұйымдастырылған.  Бөлімдер  сыныптар  бойынша 

күтілетін  нәтиже  түрінде  берілген  оқу  мақсаттарын  қамтитын  бөлімшелерден 

тұрады. 


Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:  

1.«Қимыл-қозғалыс  іс-әрекеттері»  бөлімі  келесі  бөлімшелерді  қамтиды: 

түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, 

бақылауды 

және 

үйлесімділікті 



дамыту; 

түрлі 


қимыл-қозғалыс 

комбинацияларын  құру  және  оларды  дене  жаттығуларын  орындауда  қолдану 

реттілігі;  арнайы  спорттық  техникаларды  орындау  кезінде  қимыл-қозғалыс 

дағдыларын  және  олардың  орындалу  ретін  түрлендіру;  қимыл-қозғалыс 

әрекеттерін  орындауды  жақсарту  үшін  өзінің  және  өзгелердің  біліктіліктерін 

бағалау;  бірқатар  дене  жаттығуларының  тактикаларын,  стратегиялары  мен 

құрылымдық  идеяларын  қолдану  және  бағалау;  қиындықты  жеңе  білу  және 

қимыл-қозғалыс  белсенділігімен  байланысты  қауіп-қатерлерге  жауап  қайтара 

білу. 

2. «Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы 



сыни көзқарасты қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: қимыл-

қозғалыс  әрекеттері  арқылы  өзгермелі  жағдайға  жауап  қайтара  білуге 

бейімделу;  көшбасшылық,  сондай-ақ,  команда  құрамында  жұмыс  істей  білу 

дағдыларын  дамыту  және  қолдану;  қолайлы  оқу-үйрену  ортасын 

қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету; дене жаттығулары 

аясындағы  іс-әрекеттерді  оңтайландыру  және  балама  түрлерін  құруға  қажет 

ережелер  мен  құрылымдық  тәсілдерді  бағалау;  өзінің  және  өзгелердің 

шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау және оны шешудің балама 

жолдарын  ұсыну;  жарыс  іс-әрекеттерін  және  төрелік  ету  ережелерін  білу; 

жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-

құлық  көрсету;  түрлі  қимыл-қозғалыстармен  шарттастырылған  рөлдерді 

орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу. 

3.  «Денсаулық  және  салауатты  өмір  салты»  бөлімі  келесі  бөлімшелерді 

қамтиды:  жеке  бас  денсаулығы  және  салауатты  өмір  салты  туралы  білімді 

қалыптастыру;  қыздырыну  және  қалпына  келтіру  жаттығуларын  құру  мен 

орындау;  түрлі  дене  жаттығуларын  іс  жүзінде  орындау,  олардың  ағзаға 

тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын зерттеу; денсаулықты 

нығайтуға  бағытталған  бірқатар  дене  жүктемелері  кезінде  туындауы  мүмкін 

қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану; басқалардың дене 

жаттығулары  тәжірибесін  байыту  масқатында  білім,  біліктілік  және 

дағдыларды қолдану. 

Әр  бөлімшеде  көрсетілген  оқу  мақсаттары  мұғалімге  оқушыларды 

дамыту  бойынша  жұмысты  жүйелі  жоспарлауға,  сонымен  қатар  олардың 

жетістіктерін  бағалауға,  оқытудың  келесі  кезеңдері  туралы  ақпарат  беруге 

мүмкіндік береді.  


 

183 


 

«Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері»  оқу  курсының  мазмұны  5-9-сыныптарда 

«Дене  шынықтыру»  оқу  курсының  аясында  15  сағаттық  жылдық  оқу 

жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. 

«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене 

шынықтыру»  пәні  бойынша  тоқсан,  жарты  жылының  және  оқу  жылының 

соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.  

«Дене  шынықтыру»  пәні  сабақтарын  ұйымдастыру  және  өткізу 

мәселелері  бойынша  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында 

Ы.Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім  академиясы  «Білім  мазмұнын  жаңарту 

аясында  (5-9-сыныптарда)  «Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  бойынша 

әдістемелік  ұсынымдар.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясы,  2018.–89  б.»  (Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы 

Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің №5 хаттамасы)» 

әдістемелік ұсынымдама әзірлеп, академия сайтына орналастырылған (nao.kz). 

 

 

 

 


 

184 


 

5  10-11 

СЫНЫПТАРДАҒЫ  ЖАҢАРТЫЛҒАН  БІЛІМ  МАЗМҰНЫ 

БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

5.1 

Жаңартылған  білім  мазмұндағы  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

білім  беру  стандартымен  оқитын  10-сыныптарда  оқу  процесін 

ұйымдастыру ерекшеліктері 

 

«

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«



Технология  және  өнер»  білім  саласы  бойынша  келесі  пәндер 

оқытылады:  «Қазақ  тілі»,  «Русский  язык»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Русская 

литература», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература» «Шетел 

тілі». 


 

«

Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 

2019-


2020  оқу  жылында  «Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  10-сынып 

жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасымен оқитын болады

Тіл де, әдебиет те – ғасырлар бойы жасалған, ұлттың дүниетанымы мен 

ғылыми-философиялық ойлау жүйесін танытатын құндылықтар.  

Дәл  бүгінгі  таңда  жаһандану  дәуірінің  ұлттық  құндылықтарға  төндіріп 

тұрған  қаупі  үнемі  қаперде  болуы  ескеріліп,  бүкіл  ұлттық  құндылықтардың 

ұйтқысы  қазақ  тілін  пән  ретінде  оқытудың  басшылыққа  алынған 

тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен қағидалары мыналар: 

1) Қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау.  

2)  Тілді  оқытуды  белгілі  бір  пәндік  дағдыларға  емес,  білім  алушының 

тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау. Тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр 

адамының  бойында  сөйлеу  мәдениетін,  ойлау  мәдениетін  және  кісілік 

мәдениетті қатар дамытуға, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру. 

3)  Тілді  оқытуда  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыруға басымдық беру. 

4) Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру. 

Тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту. Қазақ тілі – мектепте оқытылатын 

барлық пәндердің, ғылымның кілті.  

Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – танымның, ой мен сезімді 

білдірудің  де  құралы  және  ұлттық  ділді  сақтаудың  кепілі,  ұлттық  сананы 

қалыптастырудың тетігі. 

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 

10-


сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы 

білім  беретін  пәндердің,  таңдау  курстарының  және  факультативтердің  үлгілік 

оқу  бағдарламаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығына  өзгеріс  пен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің  2017  жылғы  27  шілдедегі  №  352  бұйрығына  өзгерістер  енгізу 

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 

наурыздағы  №105  бұйрығымен  (Қазақстан  Республикасының  Әділет 



 

185 


 

министрлігінде  2019  жылғы  12  наурызда  №  18382  болып  тіркелді)  бекітілген 

оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады: 

жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 



бағыттағы  10-11-сыныптарына  арналған  «Қазақ  тілі»  пәнінен  жаңартылған 

мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы; 

жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы 



10-11-

сыныптарына  арналған  «Қазақ  тілі»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 

үлгілік оқу бағдарламасы.  

Жалпы  орта білім беру  деңгейінің  жаңартылған  мазмұндағы үлгілік  оқу 

бағдарламалары  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының 

сайтында  орналастырылған  (https://www.nao.kz/Білім  беруді  оқу-әдістемелік 

қамтамасыз  ету/  Оқу  бағдарламалары/  Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің 

жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі). 

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ 

мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар 

бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты көрсетілді. 

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 



жаратылыстану-математикалық бағытта: 

10-


сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 



қоғамдық-гуманитарлық бағытта: 

10-

сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 



 

Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  «Қазақ  тілі»  пәнін  оқытудың 

мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, 

сондай-ақ  қазақ  әдеби  тілі  нормаларын  сақтап,  дұрыс  қолдана  білуге,  еркін 

сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. 

«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

1) 

қазақ  тілін  ана  тілі  ретінде  тани  отырып,  өмірлік  қажеттіліктерінде 



коммуникативтік  әрекеттер  түрінде  (тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым)  

сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады; 

2) 

білім  алушылардың  қазақ  тілін  күнделікті  өмірде  өзі  еркімен 



қолданып  жүрген  қарым-қатынас  құралынан  енді  оны  тілдік  заңдылықтар 

негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады; 

3) 

қазақ  тілі  жүйесін  құраушы  кіші  жүйелерді,  тіл  бірліктерін  және 



олардың табиғатын танып біледі;  

4) 


тіл  бірліктерінің  қарым-қатынас  құралы  болу,  ойды  білдіру,  таным 

құралы  болу,  ақпаратты  сақтау  құралы  болу  қасиеттерін  функционалдық-

коммуникативтік  бағдарда  танып  біледі,  соған  лайықты  машықтар  мен 

дағдыларды қалыптастырады; 

5) 

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен 



сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу 

қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді 

көздейді.  

«Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламаның 

қолданыстағы  бағдарламадан  ерекшелігі  қазақ  тілін  функционалдық-

коммуникативтік  тұрғыдан  оқытуға  назар  аударылып,  төрт  дағдыға  



 

186 


 

негізделген: 

5) 

тыңдалым және айтылым; 



6) 

оқылым; 


7) 

жазылым;  

8) 

әдеби тіл нормаларын сақтау. 



«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі дағдыларды 

үйренуіне  мүмкіндік  береді:  мәтін  үзінділері  бойынша  болжам  жасау,  өз 

біліміне  сүйеніп  тақырыпты  жалғастыру,  мамандандырылған  тар  аядағы 

арнайы  мәтіндердегі  (дәріс,  интервью,  пікірталас,  мақала)  мақсатты 

аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау, 

тыңдалған  мәтіндегі  ақпаратты  ғаламдық  мәселелермен  байланыстыра  білу, 

мәтінде  көтерілген  мәселені  (қоғамдық-саяси)  талдай  отырып,  негізгі  ойды 

анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын 

ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа 

сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің 

лексикалық,  фонетикалық-морфологиялық,  синтаксистік  ерекшеліктерін 

ажыратып, орынды қолдану; 

«Оқылым»  бойынша:  әртүрлі  графиктік  мәтіндердегі  (кесте,  диаграмма, 

сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми-

көпшілік  және  публицистикалық  стильді  тілдік  құралдар  арқылы  тану 

(терминдер,  тілдік  оралымдар,  өзге  стиль  элементтері),  әртүрлі  стильдегі 

мәтіндердің  жанрлық  ерекшеліктерін  таба  білу,  ауызекі  сөйлеудің  стильдік 

бедерін  дұрыс  қолдану,  публицистикалық  шығарма  тілінің  стильдік  бедерін 

дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, 

көркем  әдебиет  тілінің  сөз  бедерін  дұрыс  қолдана  білу,  әртүрлі  стильдегі 

мәтіндердің  тақырыбын,  мақсатты  аудиторияға  сәйкес  қызметін,  құрылымын, 

тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, 

морфологиялық  деңгей,  синтаксистік  деңгей  негізінде),  мәтіндегі  негізгі ойды 

анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу, 

белгілі  бір  мақсат  үшін  оқылым  стратегияларын  жүйелі  қолдана  білу,  БАҚ, 

энциклопедиялық,  ғылыми-көпшілік  деректерді  ала  білу,  сілтеме  жасау 

жолдарын білу; 

«Жазылым»  бойынша:  жоспар  түрлерін  құру  (қарапайым,  күрделі, 

тезистік), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, 

ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, 

өтінім,  тапсырыс,  келісімшарт,  еңбек  шарты,  шарт,  еңбек  келісімі  және  т.б. 

мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  баяндама,  мақала,  лекция,  баяндама  тезистері,  аннотация, 

түйіндеме,  рецензия  және  мәтіндер  құрастыру,  публицистикалық  стильдің 

стильдік  және  жанрлық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  мақала,  репортаж, 

сұхбат,  ақпарат,  информациялық  хабар,  очерк,  памфлет  жазу,  көркем  әдебиет 

стилінің  стильдік  және  жанрлық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  мәтіндер 

құрастыру  (таңдау  бойынша),  мәтін  құрылымын  сақтай  отырып,  әртүрлі 

графиктік  мәтіндегі  деректерді  салыстырып,  маңызды  тұстары  мен  үрдістерді 

талдап  жазу,  эссе  түрлерінің  құрылымын  сақтай  отырып,  көтерілген  мәселе 



 

187 


 

бойынша  өзіндік  пікір  жаза  білу,  оқылым  және  тыңдалым  материалдары 

бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі 

тақырып 


бойынша 

көркемдегіш 

құралдарды 

ұтымды 


қолданып, 

шығармашылық  жұмыстар  (өлең,  хат,  әңгіме,  шығарма)  ұсына  білу,  жазба 

жұмысын  абзац  пен  бөліктерге  бөлу,  ойын  (ақпарат,  идея)  дұрыс  жүйелеп, 

логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау; 

«Әдеби  тіл  нормалары»  бойынша:  орфографиялық  нормаға  сай  жазу, 

сөздерді  фонетикалық  принцип  негізінде  жазу,  сөздерді  морфологиялық-

фонематикалық  принцип  негізінде  жазу,  сөздерді  тарихи-дәстүрлік  принцип 

негізінде жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, 

сұрау  белгісі,  леп  белгісі,  көп  нүкте),  сөйлем  ішінде  қойылатын  тыныс 

белгілерді  дұрыс  қою  (үтір,  нүктелі  үтір,  жақша,  қос  нүкте,  тырнақша, 

сызықша). 

Оқу  мақсаттарымен  жұмыс  жүргізу  жолдары,  мәтінді  оқыту 

кезеңдері,  күнделікті  сабақ  жоспарын  құруда  назар  аударатын 

мәселелер  әдістемелік  нұсқау  хаттың  «5-9-сыныптарда  жаңартылған 

білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тарауында 

берілген. 

 

Бағдарламада  әртүрлі  оқыту  сатыларында  өмірлік  маңызды  міндеттерді 



шешу  үшін  қажетті  дағды  мен  қабілеттерді  бірізді  және  кезеңдік  дамыту 

жүреді.  

Ақпаратты  талдау,  жалпылау,  жіктеу,  сондай-ақ  әртүрлі  жанрда  және 

стильдерде  мәтіндер  жазу,  жеке,  іскерлік  хат  жазысуды  жүргізу,  түйіндеме, 

мақала,  аннотация,  тезис  құрастыру,  берілген  тақырып  бойынша  эссе  жазу 

дағдылары  мен  қабілеттерін  жетілдіру  тілді  оқуды  ынталандыруға  септігін 

тигізеді. 

Сабақ  жоспарын  құрастыру  барысында  оқушылардың  деңгейі  мен 

қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. 

Тілдік  бірліктер  мен  құрылымдарды,  яғни  грамматиканы  оқыту 

коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл 

туралы  білім  қалыптастырудан  гөрі  тілдік  қолданыс,  грамматиканың 

функционалдығына назар аударуы тиіс. 

«Қазақ  тілі»  пәні  (жаратылыстану-математикалық  және  қоғамдық-

гуманитарлық бағыттар) бойынша жиынтық бағалау саны  

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


10-

сынып 




Ескертпе:  Тілдік  пәндерде  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалауда  сөйлеу 

қызметінің  екі  түрі  біріктіріледі  (мысалы,  тыңдалым  және  айтылым;  оқылым 

және жазылым). 



 

188 


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет