ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет34/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы
1 апта бұлбұл 2018 сен, 1 апта бұлбұл 2018 сен, Бұлбұл 1-апта ноябрь цикло, Актуальность выбранной темы, Сынып сағаты Отбасымбақыт мекенім, Mektep psiholog esebi, агылшын эссе , Упражнения в движении физра срсп

 

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«

Дене  шынықтыру»  білім  саласы  бойынша  «Дене  шынықтыру», 



«Алғашқы әскери дайындық» пәндері оқытылады. 

 

«

Дене шынықтыру» оқу пәні 

«

Дене  шынықтыру»  оқу  пәні  ретінде  жалпы  білім  беретін  мектепте 



маңызды  рөль  атқарады,  жалпыадамзаттық  мәдениет  саласында  белсенді 

шығармашылық  түрде  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  дайын  тұлға  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. 

Оқыту мақсаты:  

– 

өз  денсаулығына  ықтиярлықпен  қарау,  оны  нығайту  мен  ұзақ  мерзім 



сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу; 

– 

физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын; 



– 

салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 

шығармашылықпен қолдану. 

Оқыту міндеттері: 

– 

денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 



негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту; 

– 

базалық  спорт  түрлерінің  техникалық-тактикалық  іс-қимыл  әдістерін 



жетілдіру; 

– 

денсаулығын  ұзақ  мерзім  сақтау  және  нығайту  қажеттілігіне,  өз 



денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;  

 

296 


 

– 

дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 



мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау; 

– 

тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 



ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау. 

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 

(ақпараттық  компонент),  «Дене  бітімін  жетілдіру  және  шеберлік»  (әрекеттік 

компонент). 

Вариативті  компонент  дене  шынықтыру  мұғалімі  оқу  процесінің  сан 

алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық 

технологияларын  енгізуге  бағдарлайды.  Вариативті  компонент  мектептің 

тұрған  орны,  материалдық  базасы  мен  аймақтың  орналасу  ерекшеліктерін, 

мұғалімнің  мүмкіндіктері  мен  оқушының  қызығушылықтарын  ескеру 

қажеттілігіне  негізделгендіктен,  оқу  материалдарын  жергілікті  білім  беру 

мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді. 

Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері 

мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке 

талаптар  қойып  (қорытынды  тапсырмалар),  талаптардың  өзіндік  шкаласын 

құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың  жылдық  үлгерімін  бағалауына 

болады.  Дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің  барлық  кезеңдерінде 

оқушылардың  даму  деңгейлерінің  жеке  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. 

Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 

дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары: 

– 

мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс 



дағдысына  байланысты  ұсынылып  отырылған  бағдарламаның  кез  келген 

бөлімін    өзінің  материалдарымен  толықтыруға  (немесе  түзетулер  енгізуге) 

құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында; 

–  


мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы 

мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 

– 

оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 



бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 

– 

дене  тәрбиесі  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 



бағаланады:  жекелеген  бақылау  нормативтерінің  нәтижелері;  Президент 

сынамалары  нормативтерін  орындау  нәтижелері  (мұғалімнің  таңдауы 

бойынша). 

«Шаңғы  дайындығы»  және  «Жүзу»  тараулары  бойынша  сабақтарды  толық 

мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру 

ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі  бойынша  бұл 

сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және  гимнастикамен 

(ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.  

Бұл  бағдарламада  мектепте  дененің  шынығуы  мен  адамгершілікке 

тәрбиелеудің  кешенді  жүйесін  құрайтын  дене  шынықтырудың  барлық  негізгі 

нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 


 

297 


 

біртіндеп  шешуге  мүмкіндік  береді.  Бағдарламаның  үшінші  сағаты 

оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 

кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 

Дене  шынықтыру  пәні  сабақтары  гендерлік  қағидат  бойынша  (қалалық 

жерлерде  –  әр  топта  8  ұл  (қыз)  баладан  кем  емес,  ауылдық  жерлерде  –  5  ұл 

(қыз)  баладан  кем  емес  болған  жағдайда)  өткізуде  сыныпты  екі  топқа  бөліп 

оқыту жүзеге асырылады.  

«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 

барлық  қажетті  медициналық  құжаттардың  ұсынуымен,  медициналық 

тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.  

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  сабақтарын  ұйымдастыру  және  өткізу 

мәселелері  бойынша  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында 

Ұлттық  ғылыми-практикалық  дене  тәрбиесі  орталығы  және  Ы.Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 

сайтына (

www.nnpcfk.kz

) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).  



Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:  

11-


сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 

 

«



Алғашқы әскери дайындық» оқу пәні 

«

Алғашқы  әскери  дайындық»    (бұдан  әрі  –  АӘД)  меншік  түрі  мен 



ведомствалық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 

беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-

техникалық мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу 

жасындағы  білім  алушы  жастардың  міндетті  оқытылатын  пәні  болып 

табылады. 

Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» 

пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мекемелерінде  жастарды 

алғашқы әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып 

табылған құжаттар мыналар:  

1)  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы» 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 

2)  «Азаматтарды  әскери  қызметке  даярлау,  ұйымдастыру  және  өткізу, 

сондай-ақ,  алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  оқу-материал  базасын  құру 

ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  11 

ақпандағы №118 қаулысының және «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру 

және  жүргізу,  сондай-ақ  оның  оқу-материалдық  базасын  қалыптастыру 

қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрінің 

2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  606  бұйрығының  күші  жойылды,  оны 



 

298 


 

Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрінің  2017  жылғы  12  шілдедегі  № 

347 

бұйрығымен  ауыстыру  қажет  (Қазақстан  Республикасының  Әділет 

министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 

Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске 

асырылады.  Теориялық  сабақтар  оқытудың  дидактикалық  материалдарын, 

техникалық  құралдар  мен  инновациялық  әдістерді  қолдана  отырып  әңгімелеу 

және  сұхбаттасу  түрінде  өткізіледі.  Практикалық  сабақтар  қарулану  және 

әскери-техникалық  мүлікті,  құралдарды  және  өзге  де  жабдықтарды  қолдана 

отырып оқу материалын игеруге бағытталған. 

Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 

қызмет  ету  туралы  түсінігін  және  әскери  іс  негіздері  бойынша  оқушылардың 

білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының 

дамуын қалыптастыруға ықпал ету.  

Оқу пәнінің міндеттері: 

– 

оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету 



үшін  алғашқы  әскери  дайындықтың  теориялық  тиянақты  білімдері  негізінде, 

практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау; 

– 

оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  қызметі 



туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру. 

Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 

дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері 

бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен 

тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу 

құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады. 

11-

сынып  оқушыларының  АӘД  пәні  бойынша  нормативтер  мен 



практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының 

соңында  4  сағат  көлеміндегі  қорытынды  тексеру  сабақтары  (сынақ) 

қарастырылған.  

11-


сыныпта  оқушылар  азаматтық  қорғаныс  және  медициналық  білім 

негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, 

ірі  көлемдегі  зілзалалар  және  жаудың  қазіргі  заманғы  қырып-жою  қаруларын 

қолданған  кезде  Қазақстан  Республикасының  халқын  қорғау  бойынша  іске 

асырылатын  іс-шаралар  үйретіледі.  Сонымен  қатар  төтенше  жағдайлар  пайда 

болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын 

жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету 

ережелерімен танысады. 

Әрбір  оқу  орнында  меншік  түрі  мен  формасына  қарамастан  АӘД 

бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: 

1)  қамтамасыз  ету  табеліне  сәйкес  көрнекі  құралдар,  АӘД  оқытудың 

көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі; 

2)  алғашқы  әскери  дайындық,  өмір  қауіпсіздігінің  негіздері  және 

азаматтық  қорғаныс,  медициналық  білім  бойынша  арнайы  жабдықтарды 

сақтауға арналған бөлме; 


 

299 


 

3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы; 

4)  рота  бойынша  күндізгі  кезекшінің  міндеттерін  іс  жүзінде  үйрететін 

орын; 


5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын; 

6) тактикалық алаң; 

7) кедергілерден өту жолының кешені; 

8) жабдықталған ату тирі; 

9) әскери және еңбек даңқының бұрышы. 

Оқу  орындарын  қару  және  өзге  де  әскери-техникалық  құралдар 

макеттерімен,  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету  оқу  орнының  есебінен  іске 

асырылады. 

Алғашқы  әскери  дайындықты  оқытушы-ұйымдастырушы  әскери  іс 

негіздерін  оқыту  үдерісінде  жастардың  бойында  азаматтық  таным,  Қазақстан 

Республикасының  тәуелсіздігін  қорғау  қажеттілігіне  деген  сенімділік,  әскери 

қызметке  деген  саналы  жауапкершілікті  қалыптастыру  секілді  тәрбиелеу  мен 

оқытудың басты міндеттерін шешеді. Әр сабақ сайын жастардың әскери анттың 

рөлі  мен  маңызын  түсінулеріне,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштеріне, 

оның  дәстүрлері  мен  әскер  түрлерінде  қызмет  ету  ерекшеліктеріне,  әскери 

мамандыққа  деген  қызығушылықтарын  дамытып,  жастардың  әскери  білім 

алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан 

Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Әскери Күштердің тұрмыс-

тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау 

– 

әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.  



Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы  алаңда (плацта) өткізіледі. 

Практикалық  сабақтарды  өткізу  кезінде  оқушыларды  үйрету  әдістемесіне 

(оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуі мен оқушылардың 

жаттығуы) баса назар аударылады. 

Оқушылардың  бойында  саптық  дайындық  элементтерін  орындау 

дағдыларын  шыңдау  басқа  пәндерді  оқу  кезінде,  сондай-ақ  алғашқы  әскери 

дайындық бойынша сыныптан тыс іс-шаралар кезінде де жалғасады. 

«Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері»  оқу  курсының  мазмұны  10-11-

сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық 

жылдық  оқу  жүктемесімен  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  оқытушы-

ұйымдастырушысы  жүзеге  асырады.  11-сыныпта  оқушылар  азаматтық 

қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және 

соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі 

заманғы  қырып-жою  қаруларын  қолданған  кезде  Қазақстан  Республикасының 

халқын  қорғау  бойынша  іске  асырылатын  іс-шаралар  үйретіледі.  Сонымен 

қатар  төтенше  жағдайлар  пайда  болған  аудандарда  және  зақымдану 

ошақтарында  қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу,  сондай-ақ  жарақаттанған 

адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады. 

Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері  бойынша  сабақтар  міндетті  болып 

табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 



Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

 

300 


 

«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.  

Оқушылардың  алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  қорытынды  тексеру 

сынақтарын  орындаулары  оқу  процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып 

саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа, әскери 

істерге қызығушылықтарын қалыптастырады, дене шынықтыруды жетілдіреді. 



«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:  

11-


сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды. 

 

 



  

Назар аударыңыз! 

 

Орта білім мазмұнын жаңартуға қолдау көрсету бойынша жетекші 

мектептердің қызметі 

 

Жетекші мектеп Білім басқармасының бұйрығымен кәсіби өзара әрекетті 

ұйымдастырушы ретінде бекітіледі. 

Кәсіби  қауымдастықтағы  жетекші  мектеп  серіктес  мектептер  болып 

табылатын,  оған  аумақтық  жағынан  бекітілген  мектептерді  біріктіреді.  Кәсіби 

қауымдастыққа кіретін серіктес мектептер тобын жетекші мектепті біріктіретін 

Білім басқармасы мен өңірдің әдістемелік қызметтері қалыптастырады. 

Жетекші  мектептер  қызметінің  мақсаты  Қазақстан  Республикасында 

орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу және «Назарбаев Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ (бұдан әрі-НЗМ) тәжірибесін тарату бойынша мұғалімдердің 

кәсіби  қауымдастығының  қызметіне  ұйымдастыру-әдістемелік  жағдай  жасау 

болып табылады. 

 

Жетекші мектептер қызметінің міндеттері: 

Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын 



ойдағыдай  енгізу  мәселелері  бойынша  жұмыс  жүргізу  үшін  білім  беру 

ұйымдары  мұғалімдерінің  кәсіби  қауымдастығын  құру  және  тиімді  жұмыс 

жүргізу; 

жалпы білім беретін ұйымдар мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуы мен 



өздігінен дамуына бағытталған біліктілікті арттырудың тиімді жүйесін құру; 

НЗМ  педагогикалық  тәжірибесін  ойдағыдай  тарату  және  түсіндіру,  ол 



тәжірибені  Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беретін  ұйымдарының 

жағдайларына бейімдеу үшін алаң құру; 

әдістемелік  тақырыптар  бойынша  зерттеулер  жүргізу,  Қазақстан 



Республикасының  орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  жалпы  білім 

беру  ұйымдары  оқушыларының  тиімді  дайындығын  қамтамасыз  ететін 

оқытудың жаңа тәсілдерін іздестіру. 


 

301 


 

Жетекші мектептердің қызметі: 



Әдістемелік-ұйымдастырушылық.  



Зерттеушілік.  



Оқу-әдістемелік..  



Диагностика - аналитикалық.  



Ақпараттық-таратушылық.  

 

 

Әрбір  жетекші  мектепте  үйлестіруші  –  қызметті  ұйымдастыру, 

жоспарлау,  бағалау  және  мониторинг функцияларын  жүзеге  асыруға  уәкілетті 

тұлға анықталады. 

 

Үйлестірушінің  рөлін  директордың  ғылыми-әдістемелік  жұмыс 



жөніндегі  орынбасары,  әдістемелік  кеңестің  құрамына  кіретін  мұғалімдер 

атқара алады. 

Жетекші мектеп үйлестірушісінің құзыретіне:

  



кәсіби қауымдастықтар қызметінің моделін талқылауды және әзірлеуді 

ұйымдастыру; 

кәсіби  қауымдастық  жұмысын  басқарудың  барлық  циклін 



ұйымдастыруды  қамтамасыз  ету:    жоспарлау,  серіктес  мектептермен  өзара  іс-

қимылды ұйымдастыру, жұмыстың нәтижелілігін мониторингілеу және талдау; 

"теңдік"  принципі  бойынша  оқыту  үшін  әдістемелік  қызметті 



ұйымдастыру; 

кәсіби  қауымдастыққа  кіретін  серіктес  мектептердің  әдістемелік 



активімен өзара іс-қимылды үйлестіру; 

жұмыстың  жеке  әдістемелік  бағыттары  бойынша  жұмыс  үшін  кәсіби 



қауымдастық  мұғалімдерінің  уақытша  шығармашылық  тобын  құруға 

бастамашылық ету;

 

  



форумдарда, кеңестерде, презентациялар мен конференцияларда кәсіби 

қауымдастық қызметінің нәтижелерін ұсыну; 

өңір  мұғалімдеріне  арналған  оқыту  іс-шараларын  ұйымдастыру  және 



өткізу; 

жетекші  мектептердің  кәсіби  қауымдастығына  кіретін  мектеп 



басшыларына  тиімді  басқару  және  бірлескен  қызмет  мәселелері  бойынша 

ұсыныстар енгізу кіреді. 

Жетекші  мектептер  базасында  педагог  кадрларды  курстан  кейінгі  қолдау 

келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

оқыту және бағалау мәселелерінде жетекші мектептің үйлестірушілерін, 



мектеп  жаттықтырушыларын  және  білім  беру  ұйымының  әкімшілігін 

консультациялық қолдау мақсатында мектептерге бару; 

мұғалімдердің  оқытушылық  тәжірибесін  жақсарту  мақсатында 



сабақтарды бақылау; 

педагог қызметінің менторингі; 



-  

Қазақстан  Республикасының  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  идеясын 

көпшілікке  тарату  үшін  өңір  мектептері  мұғалімдерінің  тәжірибесін  тарату 

бойынша іс-шараларды өткізу. 



 

302 


 

 

Назар  аударыңыздар!  Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру 



деңгейлеріне  арналған  білім  беру  процесіне  барлық  қатысушыларды  кешенді 

қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек 

ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады: 

–  «


Білім  беруді  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  ету» (Әдістемелік-  нұсқау 

хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары (бастауыш, негізгі орта, 

жалпы  орта  білім  беру),  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру 

деңгейлерінің  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламалары,  нормативтік 

құқықтық база); 

–  «


Білім  беруді  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету» (әдістемелік 

құралдар,  ұсынымдамалар  мен  нұсқаулықтар,  Тәрбиенің  тұжырымдамадық 

негіздері,  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытуға 

арналған тұжырымдамалық тәсілдер); 

–  «

Семинарлар,  конференциялар»  (Академияда  өткізілген  іс-шаралар 



туралы  ақпараттар:  ғылыми-практикалық  конференциялар,  тақырыптық 

семинарлар және т. б.); 

–  «

Журналдар»  (Академияда  басылып  шығатын  ғылыми-әдістемелік 



журналдар туралы ақпарат: «12 жылдық білім беру – 12 – летнее образование», 

«

Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана»); 



– «

Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау, 

Академия мамандарына сұрақ қою мүмкіндігі). 

Жалпы  білім  беру  ұйымдары  басшылыққа  алуға  тиіс  нормативтік 

құқықтық  құжаттар  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  сайтында 

(http://www.adilet.gov.kz) 

«

ӘДІЛЕТ» 


Ақпараттық-құқықтық 

жүйе» 


(http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған. 

 

Жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  оқытуға  көшетін  мұғалімдерге 



әдістемелік  көмек  көрсету  үшін  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  Дербес 

білім  беру  ұйымы  НЗМ  сайтында  жүйелік-әдістемелік  кешен  (ЖӘК)  әзірледі 

(smk.edu.kz сілтемесі). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

303 


 

6. 

ЖАЛПЫ 

БІЛІМ 

БЕРУ 

ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ 

ТӘРБИЕ 

ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет