Оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген «Жоғарғы және жоо кейінгі білім беру ұйымы қызметінің типтік ережелеріне»
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бойынша ӨКІМ Қарағанды қ. № 177 « 18»____09_____2014 ж. 2013-2014 оқу жылында оқу процесін
ұйымдастыру, аралық және қорытынды
аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген «Жоғарғы және ЖОО кейінгі білім беру ұйымы қызметінің типтік ережелеріне», ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің типтік ережелеріне», келеді. ҚР Үкіметінің 2012 жылы 19 қаңтардағы №110 Қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелеріне», ҚР БҒМ 20.04.2011 ж. №152 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру ережелеріне», Университет Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, Университеттің оқу процесінің графигіне сәйкес 2014-2015 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың және аралық аттестаттауды өткізудің келесі тәртібі белгіленсін:
1. Жалпы ережелер
1.1. Университет Ректоры оқу процесінің келесі графиктерін бекітті:
1-кесте. Толық және қысқартылған оқу мерзіміндегі күндізгі оқу түрінің студенттері
1.2. Оқу процесін ұйымдастыруды оңтайландыру және оқу уақытын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында сабақтар кестесіне оқу апталарын алым және бөлімге бөлу енгізіледі, ал сабақтар 5 кестеге сәйкес пар бойынша ұйымдастырылады.
1.2.1. Кесте тек аудиториялық сабақтарға құрылады. Шығарушы кафедралардың меңгерушілері 08.09.2014ж. дейін оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыс (СОӨЖ) және оқу жоспарының барлық пәні бойынша оқытушы тапсырмасымен орындалатын студенттің өздік жұмысына (СӨЖ) бөлінетін студенттің өзіндік жұмысының кестесін құруға және бекітуге тиіс. Әрбір пән бойынша СОӨЖ жүргізу үшін білім алушылар саны 50 адамнан аспайтын топ ағындарын құрылады.
1.3. Семестр бойы кафедра меңгерушілері оқытушылардың жұмыс кестесінде көрсетілгендей (кеңес беру) оқытушының қатысуымен студенттің өздік жұмысын (СОӨЖ) ұйымдастырады. СОӨЖ кестелері кафедра отырыстарында бекітіледі.
1.3.1. Студенттің өздік жұмысы білім порталында немесе электронды кітапханада жарияланған, қатты көшірме (басылым) немесе электронды түрдегі оқу-әдістемелік кешенді және қосымша материалдарды қамтиды.
1.3.2. Студенттің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысының (СОӨЖ) кестесі сенбі күнін қоса алғанда, студенттердің аудиториялық сабақтарынан кейін басталуы керек.
1.3.3. Сырттай оқу түрінде білім алу теориялық материалды өздігінен меңгеруді және оқытушылармен (тьюторлармен) кеңесуді талап етеді.
1.3.4. Сабақтар кестесінің және СОӨЖ кестесінің барлық өзгерістері ОПҰД-пен келісілген болуы шарт..
Таблица 5 - Время проведения занятий для студентов и магистрантов очной формы обучения
Пар нөмірі
Сабақ нөмірі
Сабақты өткізу уақыты
I пар
1 сабақ
сағ.900 – сағ.950
2 сабақ
сағ.955 – сағ.1045
үзіліс
II пар
3 сабақ
сағ.1055 – сағ.1145
4 сабақ
сағ.1150– сағ.1240
үзіліс
III пар
5 сабақ
сағ.1310 – сағ.1400
6 сабақ
сағ.1405 – сағ.1455
үзіліс
IV пар
7 сабақ
сағ.1505 – сағ.1555
8 сабақ
сағ.1600 – сағ.1650
үзіліс
V пар
9 сабақ
сағ.1700 – сағ.1750
10 сабақ
сағ.1755 – сағ.1845
1.4. Сабаққа қатысуды бақылау сабақ жүргізетін оқытушыларға, кафедра меңгерушілеріне, институт директорларына және ОПҰД қызметкерлеріне және Ақсақалдар Кеңесінің мүшелеріне жүктеледі. Факультет декандары оқу және әдістемелік ісі жөніндегі проректорға күнделікті есеп береді, оқу пәндерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады.
1.5. ЖОО Жарғысын, Ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін Университет әкімшілігі студенттерге тәртіптік жаза шараларын қолдануға, тіпті оқудан шығаруға құқылы.
1.6. Университеттен шығарылған білім алушыға академиялық анықтама беріледі.
1.7. Стипендия мемлекеттік тапсырыс (гранттар) бойынша білім алатын студенттерге (магистранттарға) семестрдің барлық пәндері бойынша емтихандардың, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаудың, дене шынықтыру бойынша дифференцияланған сынақтың қорытынды бағалары бар болғанда, барлық бағалар («А»; «А-»; «В+»; «В»; «В-») сессия кезеңінде немесе сессия мерзімін ұзартқан кезеңде, институт директорлары өкімдерінің негізінде емтихандарды мерзімінен бұрын тапсырған кезеңде алынған жағдайда тағайындалады.
1.7.1. Практика бойынша есептерді қорғау нәтижелері көктемгі семестрге стипендияны тағайындау кезінде ескеріледі.
1.8. Студенттердің барлық оқу тапсырмалары бойынша жетістіктері жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес балдық-рейтингтік әріп жүйесі бойынша бағаланады, оның дәстүрлі бағалар шкаласына ауыстыру 6-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
6-кесте. Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша баға
Әріптік бағаның сандық баламалары
Меңгерілген білімнің пайыздық құрамы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А
А-
4,0
3,67
95-100
90-94
Өте жақсы
В+
В
В-
3,33
3,0
2,67
85-89
80-84
75-79
Жақсы
С+
С
С-
D+
D-
2,33
2,0
1,67
1,33
1,0
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
Қанағаттанарлық
F
0
0-49
Қанағаттанарлықсыз
1.9.Студенту, сдавшему экзамены и дифференцированные зачеты с оценками А, А- «отлично», В-, В, В+ «хорошо» и имеющему средний балл успеваемости (GPA) за весь период обучения не ниже 3,5, а также сдавшему все государственные экзамены и защитившему дипломнуюработу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценки по военной подготовке).
1.10.Студент, которыйвпериодобучения имел пересдачиилиповторныесдачиэкзаменов,не получает дипломсотличием,несмотрянасоответствиетребованиямпункта 1.9. настоящего Распоряжения.
1.11. Барлық пән емтихандары ережеге сәйкес бакалавриат және магистратураның барлық оқу түрі бойынша жазбаша жүргізіледі.
1.11.1. Оқытушы дұрыс жауаптарды алу үшін техникалық құралдарды және шпаргалканы пайдаланған студенттерді аталған пән (модуль) бойынша емтиханнан шығарып жіберуге, ведомостқа қанағаттанарлықсыз бағаны қоюға міндетті, ол баға тек келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ғана жойылуы мүмкін.
1.11.2. Оқытушы студентті емтиханнан шығарып жіберген жағдайда қызметтік хат жазады, оған студенттен алған материал тіркелген емтихан ведомостісін ұсынады.
1.12. Барлық мамандықтар бойынша оқу түрлері мен мерзімдері бойынша төменгі курстарда -6, ал жоғары курстарда – 5 артық емес кешенді емтихандарды өткізу есебінен модульдік білім бағдарламалары құрылады.
1.13. Мамандықтарды дайындаудың траекториясы (бағыты) 2 курстан кейін осы траектория бойынша студенттер тобында 15 адамнан кем болмаған жағдайда құрылады.
1.14. Оқу процесінің графигін (сабақ, емтихан кестелерін, практика өту мерзімін) студенттердің (магистранттардың) ауырып қалған жағдайы мен құжат түрінде расталған басқа төтенше жағдайларан басқа қандай да бір себептермен бұзуға тыйым салынады.
1.15. 3 және 4 курс студенттері оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындау үшін базалық және профильдік компонент пәндері (2 пән бойынша) бойынша кеңес беруге қатысуға және осы пәндер бойынша материалды меңгеру мониторингі үшін тестілеуге қатысуға міндетті.
1.15. Ақылы негізде оқитын студенттер (магистранттар) кезекті семестр басталғанға дейін оқу ақысын төлеуге міндетті, ал керісінше жағдайда оқудан шығарылады.
1.16.1. Күндізгі оқу түріндегі студенттер және магистранттар оқу төлемі бойынша шарт міндеттерін бұзғандары үшін оқудан шығып қалған жағдайда, сол академиялық мерзімде оқудан шығып қалған күннен кейін 4 аптаның ішінде қарызын төлеген жағдайда ғана қайта қабылданады. Керісінше жағдайда келесі оқу жылында оқуға қайта қабылданады. Керісінше жағдайда келесі оқу жылында оқуға қайта қабылданады.
1.16.2. Сырттай оқу түріндегі студенттер кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай ішінде қарызын төлеген жағдайда қайта қабылданады.
1.17. Кафедра меңгерушілері ЖОО қызметінің негізгі парадигмасы - «Білім – ғылым арқылы» – өндірістерде сұраныстағы мамандарды даярлауды іске асыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік шараларды әзірлеуге міндетті.
2. Сабақ үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу
2.1. Білім алушылардың сабақ үлгерімін ағымдық бақылау – бұл оқытушының СОӨЖ-де пәндердің оқу бағдарламасына сәйкес жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеру.
2.2. Пәнді зерделеу кезінде білім алушылардың білімін ағымдық бақылаудың әр түрлі түрлері алдын ала қарастырылуы мүмкін:
2.2. Пәнді зерделеу кезінде білім алушылардың білімін ағымдық бақылаудың әр түрлері алдын ала қарастырылуы мүмкін:
ауызша сұрақ – материалдарды оқып болғаннан кейін сұрақтарға жауап алу және жағдайларды талқылау түрінде пәннің бір немесе бірнеше тақырыптары (тараулар) бойынша жүргізілетін бақылау;
жазбаша бақылау - қойылған сұрақтармен, есептерді шығарумен, жағдайларды талдаумен, курстың жеке тақырыптары (тараулары) бойынша практикалық тапсырмаларды орындаумен қатар жұмысты көздейтін бақылау;
аралас сұрақ-жауап – бір немесе бірнеше тақырыптар бойынша білімдерді бағалаудың ауызша және жазбаша түрлерін бір уақытта қатар қолдануды көздейтін бақылау;
үй тапсырмаларын қорғау және көрсету - жеке немесе топтық үй тапсырмаларын, олардың дұрыс орындалғандығын, өткен материалдарды қорытындылау және көпшілікке жеткізе білуді, курстық тақырыптар арасындағы логикалық байланысты қадағалай білуді тексеру мақсатымен жүргізілетін бақылау;
дискуссия, тренингтер, дөңгелек үстелдер - проблемалық сипаттағы мәселелерді топ болып талқылау;
тестілер – білім алушылардың оқу жетістіктерін дұрыс және сапалы бағалауға мүмкіндік беретін белгілі бір тапсырмалар түрінің жиынтығы (ашық, жабық, аралас);
ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып семестрде кемінде екі рет өтілген материалдар бойынша білімді тексеру;
курстық жұмысты жобалау және орындау практикалық міндеттерді шешу арқылы теориялық материалды сапалы меңгеру мақсатында мамандықтың типтік және/немесе оқу-жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылады, академиялық кезең барысында орындалады.