І. Кіріспе.
Мұғалім: - Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар (мақсатына тоқталу). «Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?
- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?
- Тамақты уақытында ішу;
- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;
- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;
- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;
- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;
- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.
- Қолды жууды ұмытпау керек.
- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.
(Сол сәтте сабақтың үстіне есік қағып Жалқаубек келеді.)
Жалқаубек: - Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге мен де тамақтану құпиясын білейін деп келдім және құр келмедім. Балаларға базарлық ретінде тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелдім.
(Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады)
- Ұялмай алыңдар, балалар, сендерге әкелдім бәрін.
Достарыңызбен бөлісу: |