Оқу жылындағы 1 «А»сыныбының тәрбие жоспары



бет9/44
Дата13.09.2020
өлшемі0,73 Mb.
#78510
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
тәрбие жоспары 1 сынып
шаблон для доверенности
Мазмұны:
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік – рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, этнос, қоғам және т.б.

Сондықтан, тәрбие мазмұны құдылық қарым – қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай – ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл, қыз, құқық қорғаушы, аға, қарындас, патриот, азамат, туыс, қорғаушы, оқушы және т.б.


Тақырыбы: «Тіліңді қорға, қазағым!» Күні: 20. 09 2014ж


Сабақтың мақсаты:
1. Өскелең ұрпақтың ата-бабасынан келе жатқан қасиетті туған тілінің қадір-қасиетін мен сөз қадірін түсініп, өз ана тілін құрметтеп, дәріптеуге, мақтан етуге тәрбиелеу;
2. Сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттері мен өз ойын ашық жеткізу дағдыларын арттыру.
Кіріспе сөз:
Тілім менің - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін!
Көрнекіліктері: Тақырып, нақыл сөздер
Үй тапсырмасы: Белгілі бір ақынның тіл туралы өлеңін оқып, оқыған өлеңді жаттап ал.

Мұғалім:


Сөз өнері - киелі өнер. Сөз құдіретінен асқан құдірет жоқ.

Адамды жылататын да сөз. Жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де - осы сөз. Тек оны тыңдап, мән-мағынасын түсіне білу керек.

Мұғалім: Қазақ тілі-
Халық тілі,
Тіл аманда-
Халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да
Халық мұңы...

«Мінсіз қате түзетуші»:


Привет, Досым!
Қалың қалай? Папаң, мамаң аман ба?Ауылда қандай жаңалықтар болуда? Вечерлер болып тұра ма?
Ал, маған келмек болсақ, мен де бәрі нормально. Иногда настроением болмайды. Потому что сендерді қатты сағындым. Ал, басқа не айтайын? Хат жазып тұр. Пока! Бәріне сәлем айт!
Сәлеммен, Досың!
/Оқушылар хатты оқи отырып, шұбарланып жазған хаттың орысшаларын тауып, қазақшаға аударып түзетеді.

VІ слайд: Мақал-мәтел жалғасын тап!


Тіл мен көз тас жарады,... / тас жармаса бас жарады/.
 Өнер алды-... /қызыл тіл/.
 Бас кеспек болса да,... /тіл кеспек жоқ/.
 Ақыл көркі - тіл,... /тілдің көркі-сөз/.

Мұғалім: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,


Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім?
Өлең жазып көрейік!
Ана тілі - біздің туған анамыз,...

/Өлеңнің бір жолы беріледі, оқушылар өз ойларынан жалғастырып өлең құрастырады. /


Мұғалім: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!

Қорытынды:


1. Сұрақтар: Дүниедегі ең ащы не?
2. Дүниедегі ең тәтті не?

Мұғалім: Туған тілде сыры терең жаным бар,


Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Ананың сүтімен берілген қазақ тілін әрқашанда мақтан тұтып, биік ұстап қастерлеу кейінгі ұрпақ мына біздің еншімізде. Бүгінгі сабағымызда айтылғандай тіл тазалығын сақтап, Қадыр ағамыз ұрандағандай өзге тілдің бәрін білсек те, өз тіліміз ұмытпай, туған тіліміздің дауына үлес қосайық. Қазіргі таңда біздің тіліміз осындай қамқорлыққа зәру деп бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймын. Сау саламатта болыңыздар!

Қазақ тіл – мемлекеттік тіл.

1989 жылы қазан айында республиканың жоғарғы кеңесі қабылданған.
Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі.

Қорыта келгенде, 1989 жылдың 22 қыркүйек күні – тіл күні деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет