Сахналау
«Туыстар арасындағы сыйластық» тақырыбында өзгелерге ізет көрсету іскерліктерін дамыту мақсатында сахналау ұйымдастырылады.
«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый.»
М.Әуезов
«Адамның адамгершілігі үлкенді сыйлау, адамдарды ардақтау, елі мен жерін, ана тілін құрметтей білуінен танылады» деген жаңа ақпарат оқушылардың білімдерін тиянақтай түседі.
Дәптермен жұмыс
Кімді, нені құрметтеуге тиіс?Өздерінің алақанының суреттерін салып, соған жазады.
Жүректен жүрекке
- Балалар, біздің мектебіміздің маңынан ақ сақалды қариялар өтіп бара жатқанын байқадық...
Олар сый, құрметке лайық адамдар деп ойлаймын.
Біз сабақтан «құрмет» дегеніміз не екенін ұғындық қой.
Мүмкін үйренгенімізді, көкейімізге түйгенімізді көрсетсек қалай болар екен?
Сондықтан мен сендерге қалам-қағаз алып, құрмет дегеніміз не? деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөз жазып,
аталарымыздың қоржындарына салуды тапсырамын.
(Балалар өздері жазған сөздерді дауыстап оқып, неге ол сөзді жазғанын ұғындырады да шеңберге келіп тұрады.)
Қонақжайлық белгісі «Шешендік сөздер» кітабынан
Сырттан келген мейманға,
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.
Түсіңіз деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң,
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,
Үшінші еткен құрметің.
Мейман риза болмағы,
Құрметпен үйге қонғаны.
Қонақжайлық сол дағы.
Мұғалім:
- Балалар, мен сендермен бүгінгідей мән-мағынасы терең, керемет сабақ өткеніме ризамын.
- Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!