Оқу жылындағы 1 «А»сыныбының тәрбие жоспары



бет37/44
Дата13.09.2020
өлшемі0,73 Mb.
#78510
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
тәрбие жоспары 1 сынып
шаблон для доверенности
Ана тілім-бақытым.

Ақбота: Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.


Маржан: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.


Алина: Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.


Азамат: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.

Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,

Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.

Тіл деген қасиетті ұғым екен,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан.

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.


Алина: Мәртебесі тіліміздің биік екен

Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.

Тілімізді ұмытпайық әрқашан

Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.


Ержан: Тілім саған арналады бар күнім

Сен арқылы таси түсті шаттығым.

Қазақ тілін білмесең сен егер де,

Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.


Ақбота: Қазақ тілім сенсің бар гүлім

Арналады менің саған бар күнім.

Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,

Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет