1-жүргізуші: Слава:
- Туып өскен Торғайдың даласында
Қайран елі- қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім, ойланбай табасың ба?
Оқушылар: Хормен Ахымет Байтұрсынов!
2-жүргізуші: Айдана.
- Елім деп, тек алып соққан жүрегі
Ахмттей ағасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.
Ғұламаның есімін кім біледі?
Оқушылар: Хормен Құдайбрген Жұбанов!
1-жүргізуші Слава: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
2-жүргізуші Айдана: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.
Бата беру.
Қатысушылар:
Ақсақал - Аглиулин Дамир
Қария - Миннекаев Сергей
Бойжеткен - Булатова Оля
Балалы келіншек - Айдана
Күйеуі – Ержан
Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!
Келесі көрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
- Ақсақал:
- Қолыңды жай, балам!
Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан-жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!
Достарыңызбен бөлісу: |