Сурет бойынша жұмыс. Лев.Толстой орыс жазушысының «Өрттен құтқарушы иттер» әңгімесін сурет арқылы түсіндіремін.
Мақал-мәтел үйрету:
Өрт –тілсіз жау.
Отпен ойнама ,күйерсің
Отын деген шөп болар
Жинай берсең көп болар
Ойын түбі -өрт
От жақпа пісерсің
Ор қазба түсерсің
От басына өрт салма
Амандасу
Тақпақтар айтады
1-бала: Күлімдеп келген көктемге Құшағын ашты кең дала
Күн шұғыласын төккенде Балбырап кетті жер –ана
2-бала
Жазда келді сағынта Жер жаһанды қаңсыта
Іші пысқан балалар От жақты шөпті бықсыта
3 бала Бықсып жанған от енді Алып-ұшып жөнелді
Өшірем деп ұмтылған Балаларға көнбеді.
4 бала: Бұзылды елдің ұйқысы Тиылды ойын-күлкісі
Құлынынан айрылып Шұрқырады жылқысы
Оқушыларды өрт қауіпсіздігінің жадынамасымен таныстырып, сабақты қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |