ІІ-бөлім – «Аталар сөзі – ақылдың көзі»
1-оқушы
Әр адамда өз анасынан басқа –
Болу керек құдіретті төрт ана,
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр – салт санасы, тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздері өте көп.
Мұғалім
Таза мінсіз асыл сөз –
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас –
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас –
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз –
Шер толқытса шығады.
Көрініс . «Байлық пен ақыл» ертегісі.
Орындаушылар : Автор , Қарт , 1 ұл , 2 ұл, 3 ұл, 4 ұл
Автор: Ертеде бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап, былай депті :
Қарт : Мен қартайдым, біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,
Автор: Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп,
1 ұл: Міне, менің байлығым, ал, кім бай болса, сол ақылды.
Автор: Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де
2 ұл: Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді.
Автор: Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдігін буынады да
3 ұл: Мұндай белдікті, ешкім ешқашан буынып көрген жоқ...
Автор : Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап
Қарт: Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың ?
Автор: Сонда кенжесі былай депті
4 ұл: Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.
Автор: Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |