Тақырыбы: «Құлыншағым- құндызым, қызғалдағым – қырмызым»
(Сәлемдесу түрлері) Спорттың пайдасы
Мақсаты: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, оларға көмек көрсету, жақсы мен жаманды айыра білу, оқыған, көрген-білгендерін дұрыс ұғынып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білу, әдептілікке, үлкен-кішіге үнемі сәлем беруге үйрету.Салауатты өмір салиын ұстану арқылы әдемілікке жететінімізді түсіндіру, үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тірек-сызба , А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин суреттері.
Пән аралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі,
Сабақтың барысы :
І . Ұйымдастыру кезеңі
Кең дәурен, қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол, шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
Бір жерде бірге жүрсең, басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле, сөзін тосып,
Біріңді-бірің қадыр тұт, құрмет етіс.
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Мұғалім сөзі: Біз бүгінгі «Әдептілік - әдемілік», «Құлыншағым- құндызым, қызғалдағым – қырмызым» сәлемдесу түрлері жайындағы тәрбие сағатымызды осылай Абай атамыздың өлеңімен бастауды жөн көрдік.
Өтілгелі отырған тәрбие сағатымыз 4 бөлімнен тұрады :
І-бөлім – «Сәлем – сөздің анасы»
ІІ-бөлім – «Шынықсаң шымыр боласың»
ІІІ-бөлім – «Құлыншағым- құндызым» біздің ұлдарымыз.
ІҮ-бөлім – «Қызғалдағым – қырмызым» біздің қыздарымыз
Достарыңызбен бөлісу: |