І-бөлім – «Сәлем – сөздің анасы» 1-оқушы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз:
Сәлеметсіз бе, ағай !-деп,
Сәлеметсіз бе, апай !-деп,
Есенсіз бе, әжей !-деп,
Амансыз ба, атай !-деп,
Хормен : Ұл-қыз сәлем береміз, өнегелі өренбіз. 2-оқушы
Мен жолымды берейін, өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың,
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті ананың.
Жалған-ай, жарасымды-ау ізет деген,
Иілген «сіз өт» пенен «біз өт» пенен
Қасиетін халқының сыйламайды,
Атасының дәстүрін күзетпеген.
Енді балалар біз әдемі болуымыз ұшін не істеуіміз керек.
Әрине спортпен шұғылдануымыз керек. Сендердің араларыңда спорт үйірмелеріне баратын балалар бар ма?
Темірлан өзінің таэквандо өнерінен көріністер көрсетеді.
Оқушылар салауатты өмір салтын ұстану үшін не істеу керек екенін анықтап айтып береді.
3-оқушы
Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой, бірін бірі бағалаған
Түйсіксіз тайлақтардан сақта құдай,
Тайраңдап, алды-артына қарамаған.
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып,
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.
4-оқушы
Анам маған – үлкенді сыйла – деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
5-оқушы
Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.
Достарыңызбен бөлісу: |