Қорытынды.
Еңбек туралы мақал жазамыз.
5 жолды өлең құрастыру.
1) Не? Қазақстан.
2) Қандай? Тәуелсіз, байтақ.
3) Не істейді? Дамиды, өркендейді.
4) 4 сөзден тұратын сөйлем құрау
Қазақстан-тәуелсіз мемлекеттердің бірі.
5) Қазақстан сөзіне мәндес сөз.Мемлекет.
Осы тәуелсіз мемлекетімізде біз аянбай еңбек етіп, биік шыңдарға жетуіміз керек. Қазіргі сендердің басты еңбектерің не еді?
Білім алу.
Білім алу жолындағы еңбекте сендердің құқықтарыңды ешкімде шектей алмады.
Осы еңбек жолында аянбай күресе білулеріңе ақжол тілеймін.
Оқушыларды мадақтау. Қорытындылау.
Сабақ тақырыбы: « Қазақстан – елім менің.» Күні: 24. 01. 2014ж
Сабақ мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Патриоттық сезімге баулу.
Сабақ түрі: аралас , сайыс.
Әдісі: топтама, бес жолды өлең, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: плакаттар, Н.Ә.Назарбаев портреті.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық сәт:
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену,ұлағат
Әрбір ісің – тірлік , адамдық,
Әрбір сөзің – шындық , бірлік , адамдық.
Негізгі бөлім.
а) Сыныпты 2 топқа бөлу.
І топ – «Дарын» ІІ топ – « Қабілет»
ә) « Қазақстан» сөзіне ой қорғау.
Жер Елбасы Астана
Таулар Қазақстан Орман
Рәміздер Үлкен
Ақша, төл теңге
қалалар
Интерактивті тақтадан слайдтар көрсету.
б) Сұрақ – жауап:
- Балалар, біз қай ел жайлы әңгімеледік ?
- Қазақстан туралы ?
- Ол кімнің Отаны ?
- Біздің Отанымыз , біздің Қазақстанымыз.
- Неге біз Қазақстанды Отанымыз дейміз?
-Өйткені біз осы мемлекетте туылып, өсіп жатырмыз.Біздің ата-бабаларымыз бен ата-аналарымыз да осында өскен.Қазақстанның суын ішіп,нанын жеп отырмыз.
- Ал тәуелсіздік сөзін қалай түсінеміз?
- Тәуелсіздік – ешкімге бағынбайтын,өз алдына азат ел деген мағынаны білдіреді.
- Өз отанымыз жайлы қандай ән білесіңдер?
- Хор.Әнұран орындалады.
в) Елтаңба, Ту, Әнұран туралы слайдтар.
г) Топпен жұмыс.Сұрақ –жауап. І «Дарын»
- Отан деген не?
- Отан туралы қандай өлең білесіңдер ?
- Біздің мемлекетіміз қандай елдерімен шектеседі?
- Қ.Р. рәміздерін ата.
- Қ.Р. мемлекеттік тілі?
ІІ « Қабілет» тобы
Қазақстанда қандай қазба байлықтар өндіріледі?
- Қазақстан қалаларын ата.
- Қ.Р кім басқарады?
- Келешекте Қазақстанның болашағы кімдердің қолында деп ойлайсың?
- Қ.Р мемлекеттік тілі туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
д) « Кім жылдам?»
Бір заттың атын айту, оқушы оның не екенін бірден айту керек.
1-топ 2-топ
Кітап – оқулық Мектеп – білім ордасы.
Сырдария – өзен Сызғыш -
А.Құнанбаев – ақын Қарлығаш -
Жылқы – үй жануары, төрт түлік мал. Күз -
Қараша – күз айы Қызылорда -
М.Мәметова – батыр Әйтеке -
Күшіңе сенбе, ісіңе сен- мақал. Жазу жазып жалықпаған,
Жазып-жазып арықтаған.
з) «Жаңа сөз» «Қазақстан сөзінен сөз шығару.
Қаз,аз, қазақ,тана, аза, қас, ақ, сан, қан, қақ,ас, ата, ана,зат,сана, наз,саз.
и) Тірек сызбамен жұмыс
Қазақстан болашағы
Бай, дамыған, өркениетті. Білімді мамандар Ұлтжанды азаматтар
Әділетті. көбейеді. көбейеді.
Ана тілінде сөйлейді?
Мақал –мәтелер. Отан туралы мақалдар айту.
Қорытынды.
5 жолды өлең құрастыру.
1) Не? Қазақстан.
2) Қандай? Тәуелсіз, байтақ.
3) Не істейді? Дамиды, өркендейді.
4) 4 сөзден тұратын сөйлем құрау
Қазақстан-тәуелсіз мемлекеттердің бірі.
5) Қазақстан сөзіне мәндес сөз.Мемлекет.
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
«Менің Отаным –Қазақстан» «Астана» тақырыбына эссе жазу.
Оқушыларды мадақтау. Қорытындылау.
«Әдептілік - әдемілік»,
Достарыңызбен бөлісу: |