Оқу жылындағы 1 «А»сыныбының тәрбие жоспары


ІІІ-бөлім – «Құлыншағым - құндызым»



бет27/44
Дата13.09.2020
өлшемі0,73 Mb.
#78510
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
тәрбие жоспары 1 сынып

ІІІ-бөлім – «Құлыншағым - құндызым»

1-оқушы

Қазақ тәрбиені амандасудан, есен-сау сұрасудан бастаған. Ер адамдар «Ассалаумағалейкум» дегенінен-ақ кім екеніңді білдім» деп жатады. Бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес, олай болса, мәнісіне үңіліп көрейік.



2-оқушы

Үлкеннің алдындағы сәлемің, басшымен амандасу, қол қысысың да бірталай нәрсені аңғартады : егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсеңіз, дөрекілігіңіз бірден көрінеді.



3-оқушы

Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенімен, адамның ішкі мәдениетін де біраз көрсетіп тастайды. «Сәлеміңнен жаңылма», «Сәлемің дұрыс болсын» деген талаптың өзі –ақ сәлемдесу мәдениетінің, адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.



4-оқушы

Қазекем ер жігіттің амандасу сөзінің төркініне қарап-ақ кімнің кім екенін, оның адамгершілік өресін жазбай таныған. Ұрпақтарын небір қиын, түйінді істерді, дау-шараларды байыппен, ақылмен шешу арқылы тәрбиелеген.



5-оқушы

Халқымыз өте жоғары бағалаған ер жігіттің тағы бір қасиеті – кішіпейілділік. Кішіпейіл кісіні барлық жерде сыйлаған, дәріптеген, қасиеттеген, үлгі тұтқан.



6-оқушы

«Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік қасиет», «Кішіпейілділік – кісінің көркі», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Ұлық болсаң, кішік бол» осы сияқты нақылдар халқымыздың кішіпейілділікті қаншалықты қастерлегендігін айқын байқатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет