Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін олардан асқан тәрбиеші жоқ
СӨЖ 1 дәріс Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін олардан асқан тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, татулық, әдептілік сияқты қасиеттер отбасынан бастау алатыны белгілі. Тәрбие балаға сөзбен, теориямен дарымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан да дана халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген ғой. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мына бір тамаша өлең жолдары ойға оралады. Анам маған: «Үлкенді сыйла!» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден ауысқан кішілікті, Үлкендердің өзіне сыйға берем. Атамнан қалған мұра – ізеттілік, Арымды соған қойған күзеттіріп, – дейді.
Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да мен тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білемін. Жалпы. уақыт өте бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оның тәрбиесіне ұстаздар қауымы мен қоршаған ортасы әсер ете бастайды. Халқымызда «баланы 5 жасқа дейін патшандай күт, 5 – 15 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан ары қарай досыңдай сырлас» деген ұлағатты сөзі бар. Бір адамның ғұмыр бойындағы тәрбиесін екауыз сөзбен қорытып берген. Мен ойлаймын бұл сөздерді бекер айтпаған деп, себебі, қараңызшы 5 жаста бала есін енді біліп, айналаға көз салып, дамып келе жатқан кезі.Бұл шақта баланы ұрмай, соқпай тәрбиелеу керек, яғни жәй сөзбен не дұрыс, не бұрыс екенін түсіндіре білу. Ал, екінші кез 15 жас, ох, бала ер жетіп, қыз бой жетіп келе жатқаны емес пе?! Иә, бұл кезде жасөспірімге жұмсаған кезде де, істеу керек тапсырманы асықпай байыппен жеткізу керек. Себебі, қазіргі балалар өте сезімтал, жәй ұрысқанның өзін де жүрекке қатты қабылдап алады. Артынша әке-анасына жеккөрініш сезімі пайда бола бастауы мүмкін.
Сонымен, Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқада игі қасиеттері қалыптасқан адамдарды тәрбиелеу.
Келесі тәрбие үдерісінің теориясы – тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Методика яғни әдістеме соған негізделіп оқытылады. «Әдістеме» - ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы.
Тәрбие жұмысының мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды,бүгінгі қоғамның қажеттіліктері мен үміттеріне жауап беруші, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуші тәрбиенің гуманистік, жоғары адамгершілік ортасын құру болып табылады.
Міндеттері – жастардың бойына патриотизм сезімін қалыптастыру, адамгершілік және рухани дамыту, жасталанттардықолдау, студенттерді мәдени, ғылым және білім беру процестеріне тарту, олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету және білім деңгейін арттыру.