Оқу жылындағы 1 «А»сыныбының тәрбие жоспары



бет7/44
Дата13.09.2020
өлшемі0,73 Mb.
#78510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
тәрбие жоспары 1 сынып

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ

Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, міндеттері және мазмұны

Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату про -цесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқын -дауда А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мақтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.

Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары.

А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.


Балалардың ата - аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол - бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады.

Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жан - жал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.

Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді.

Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығында келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.

Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.

Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Ол үшін, Қазақстан Республикасының Ата Заңының “Адам және азамат” деп аталған ІІ бөліміне енгізілген тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным - Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан баста, 1995 жылы 30тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның – Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет