Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі



бет1/3
Дата29.03.2017
өлшемі438,43 Kb.
#12701
  1   2   3
2015-2016 оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
Гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінде 7 мұғалім жұмыс жасайды.

Әдістемелік бірлестіктің мақсаты: Инновациялық әдіс- тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен білімдік іскерліктерін дамыту.

Мұғалімдер туралы мәліметтер

Мұғалімдердің

аты жөні

Туған жылы,айы күні

білімі

мамандығы

Пед.өтілімі

санаты

Қолд.

инновациялық

технология түрлері

Жұмыс істеу

мәселесі

Аубакирова Калдыгуль

Байдрахмановна



06.04.1971


Жоғары

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

22

жоғары


Сын тұрғысынан ойлау

Орыс тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы білім сапасын көтеру

Сахабанова

Сания


Турсыновна


10.11.1972


Жоғары

Тарих пәні мұғалімі

10 жыл

2

Сын тұрғысынан ойлау

Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға терең білім беру және өз халқының тарихын тануға деген қызығушылығын арттыру Оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол

Нуржанова

Убайда


Айтпашевна


15.03.1955


Жоғары

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


42

жоғары

Личностно – ориентированного подход

Развитие связной речи учащехся

Ибраева

Шаттық


Балыкбаевна

02.01.1973


Жоғары

Тарих пәні мұғалімі

20жыл

2

Кембридждік технология

(7 модуль)



Оқушылардың білім сапасын арттыру, оның көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру


Нұрманғали

Ләззат


Қадырқызы

27.11.1979


Жоғары

Қаз.тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

11жыл

2

Кембридждік технология

(7 модуль)



Оқушыларды парасаттылыққа, өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын байытуға, ой ұшқырлығына баулу


Серикбай

Надя




13.03.1975

40


жоғары

Қаз.тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

17жыл

1

Кембридждік технология

(7 модуль)



Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сауатттылығын және шығармашылық қабілетін дамыту

Вайцеховская

Анна


Николаевна



12.07.1989

27


Жоғары

Ағылшы тілі пәні мұғалімі

4

-

Развитие критического мышления через чтение и письмо

«Развитие устной речи на уроках английского языка»

Қыркүйек айында әдістемелік бірлестік отырысы болып, күн тәртібіндегі сұрақ бойынша гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары құрылып, факультативтік сабақтардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

5-сынып әдебиет пән мұғалімі: Серикбай Н.

Тақырыбы: «Абайтану»

7-сынып әдебиет пән мұғалімі: Серикбай Н.

Тақырыбы: «Мұқағалитану»

9-сынып әдебиет пән мұғалімі: Нұрманғали Л.Қ

Тақырыбы: «Абайтану»

10-сынып әдебиет пән мұғалімі: Серикбай Н.

Тақырыбы: «Абайтану

11-сынып әдебиет пән мұғалімі: Нұрманғали Л.Қ

Тақырыбы: «Абайтану»

5-сынып орыс тілі пән мұғалімі: Нуржанова У.А

Тақырыбы: «Учимся, играя»

10-сынып орыс тілі пән мұғалімі: Аубакирова К.Б

Тақырыбы: «Фонетика и лексика»

11-сынып орыс тілі пән мұғалімі: Аубакирова К.Б

Тақырыбы: «Синтаксис и пунктуация»

11-сынып ағылшын тілі пән мұғалімі: Вайцеховская А.Н

Тақырыбы: «Ойлау қабілетін дамыту»

5-сынып тарих пән мұғалімі: Сахабанова С.Т.

Тақырыбы: «Ұлы дала тарихы»

6-сынып тарих пән мұғалімі: Сахабанова С.Т.

Тақырыбы: «Қаракерей Қабанбай»

7-сынып тарих пән мұғалімі: Ибраева Ш.Б.

Тақырыбы: «Ахметтану»

8-сынып тарих пән мұғалімі: Ибраева Ш.Б.

Тақырыбы: «Қастеевтану»

9-сынып дінтану пән мұғалімі: Ибраева Ш.Б

Тақырыбы: «Дінтану негіздері»

10-сынып тарих пән мұғалімі: Ибраева Ш.Б.

Тақырыбы: «Яссауйтану»

11-сынып тарих пән мұғалімі: Ибраева Ш.Б.

Тақырыбы: «Кешегі тарих беттері»


Қазақ тілі және қазақ әдебиеті оқулықтары бойынша 5- 11 сынып мына авторлардың бағдарламасын пайдаланды.

5-сынып. Қазақ тілі. Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова; 5-сынып. Қазақ әдебиеті. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай. 6- сынып. Қазақ тілі. С. Исаев, К. Назаргалиева, Ж. Дәулетбекова. 6-сынып. Қазақ әдебиеті. К.Ісләмжанұлы,С. Тілешова, Б. Әрінова, Р. Баттал.

7-сынып қазақ тілі Алматы «Атамұра» 2011ж К.Исламжанұлы., С.Тілешова.,Б.Әрінова.,Р.Баттал

7- сынып әдебиет Алматы «Атамұра» 2011ж С.Исаева., К.Назарғалиева., Ж.Дәулетбекова

10- сынып қазақ тілі

10- сынып қазақ әдебиеті Алматы Мектеп Ақшолақов Т., Жұмажанова Т., Қалиев С., Дүйсебаев С.

6-сынып. Қазақстан тарихы. Т.С.Садықов, Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Халидулин, Сәрсекеев; 6-сынып. Ежелгі дүние тарихы: М.Төлебаев; 7-сынып.Ортаи ғасырлар дүние жүзі тарихы: С.Мәлімбаев, С.Тортаев, М.Мәкенова; 8-сынып Қазақстан тарихы: Қабылдинов З.Е, Қайынбаева.А.Т, 8-сынып. Дүние жүзі тарихы: Н.Алдабек,Қ.Мақашева, Р.Бекіш, Қ.Қожахметұлы, Қ.Байзақова; 9-сынып.Қазіргі дүние жүзі тарихы: К.Қожахметұлы, М.Ғұбайдулина, Ә.Шүкенов, Р.Бекіш; 9-сынып.Қазақстан тарихы: Қозыбаев.М, Нұрпейіс.К, Жүкешов. Қ; 10-сынып. Қазақстан тарихы: С.Жолдасбаев; 10-сынып.дүние жүзі тарихы: Ә.Шунеков, К.Қожахметұлы, М.Дәкенов, М.Семышев; 11-сынып. Қазақстан тарихы: Тұрлығұл.Т, Жолдасбаев.С, Қожакеева.Л.

Авторлары: Б.Қ.Әбдіғұлова; К.Төлеубаева; Қ.Құнапина, Ә.Көпекбай, Ю.Наумова жазған әдістемелік нұсқаулықты қолданды.

Вайцеховская А.Н биылғы оқу жылының қыркүйек, қазан, қараша айларында Көкшетау қаласындағы «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педогогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтын» 3-деңгейлік курсты оқып келіп, қазіргі кезде 7-модуль бойынша жұмысын атқаруда.

Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.

Степной орта мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты:  оқушыларға  өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың  ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Апталық барысында мынадай іс шаралар жүргізілуі жоспарланып, олар дер мерзімінде жүргізіліп отырды.



14 –і қыркүйекте  салтанатты түрде онкүндіктің ашылуы жарияланды.  Салтанатты жиында тіл туралы шағын ақпараттар үш тілде оқылып, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті. Үш тілде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабырға газеттері шығарылды.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Нұржанова У.А «Что за прелесть эти сказки» атты сайысты  6-7  сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде  өткізді. Сайыс «Дұрыс оқы», «Сен өз еліңді білесің бе?», «Ең үздік аудармашы» «Мақал-мәтелдер» , «Ән сайысы», түрлі викториналық сұрақтармен жалғасын тапты.

Қазақ тіілі пәнінің мұғалімі НұрманғалиЛ.Қ «Тапқыр достар » танымдық ойынын  6 сынып оқушыларымен өткізді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды «Сәлем сөздің анасы», «Мықты болсаң, тауып көр» , «Әзіл айтқанға ,әділ айт» , «Ойлан тап», «Өнер алды қызыл тіл» , «Сөз тапқыш» бөлімдерінен тұрды. Жарыс «Жүйріктер және «Тапқырлар» тобының арасында өтті. Бұл байқауда 6-сынып оқушысы Олжабай Шыңғыс көзге түсті.

Қазақ тіілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Серикбай Н 7-8 «А» сыныптар арасында «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Іс-шара өткізу алдында тақырыпқа сай видеоролик, презентация қолданды.



Қыркүйектің 18-і күні «Бала тілі-бал»  тақырыбында мәнерлеп

оқудан сайыс1-4 сыныптар арасында өтті. Мақсаты: оқушылардың ана тілі туралы өлеңдерді нақышына келтіре орындауын қадағалау, тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыру.Өлеңдердің  аты,жазушысы айтылды,мәнерлеп,дауыстап,  дауыс  ырғағымен  және   тақырып бойынша орындалды.Ең үздік  оқығандар: Салкимбаева Дильназ 3 «А» сынып оқушысы, Мурат Назым 4 «А»сынып оқушысы, Мукушев Мақсат 3 «А» сынып оқушылары. Іс-шараға белсене ат салысқан сыныптар, өз білімімен көзге түскен оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

21 қыркүйек әдістемелік пәндер бірлестігі отырысында Нұрманғали Л.Қ

«Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту технологиясы» тақырыбында баяндама оқыса, Нуржанова У.А тақырып бойынша ашық сабақ өткізді.

Мектеп- отбасы қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында 30 қазан күні «Ашық есік» күні болды.

Ашық есік күнінде әр сыныпта ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс-шаралар мектеп оқушыларымен бірлесе атқарылды. 

Сабақ кестесіне сай 1-11 сыныптарда ашық сабақтар барлық пәндер бойынша өткізілді. Ұл-қыздарының мектептегі өміріне қызыққан көптеген ата-ана өз қалауларымен сабақтарға кіріп, ұстаздардың сабақ өткізу әдісімен, оқушылардың білім деңгейлерін байқады.

Сабақтың мақсаты: ата-аналар сабаққа қатысу барысында өз балаларының білім деңгейін анықтайды және басқа оқушылармен салыстыру арқылы балаларының оқу үлгеріміне көз жеткізу. Сабақта оқушылар белсенді қатысты және ата-аналардың да қызығушылығы артып, сабақ барысында балалармен қатар қатысып, ат салысып отырды.

Сабаққа ұстаздардың да дайындығы жоғары деңгейде болды. Әр сабақ қызықты әрі тартымды өтті.

Өткізілген ашық сабаққа қатысуы мектебімізде екінші рет ұйымдастырылғандықтан ұстаздар мен ата-аналарға, оқушыларға да өте қызықты болды және ұнады.Сабақтардың барлығы ата-аналардың көңілінен шықты.

Қорыта келгенде «Ашық есік күні» өте қызықты да тартымды өтті.

Ата-аналар ризашылығын білдіріп, осындай жұмыстар жиі болып тұруына ұсыныстар айтты.

Нуржанова У.А физика пәнінен 7-11 сыныптарда жалпы сыныптық бақылау комиссиясында болды.

Қараша айының пед.кеңес отырысында «Оқушылардың оқу ынтасын қалыптастырудың әдістері, тәсілдері, нысандары» тақырыбында

Ибраева Ш.Б.сауалнама оқыды.

Желтоқсан айында жеке сыныптық бақылау «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі тарихы»5-11сыныптаржәне «Адам және қоғам» пәндері бойынша 9-11 сыныптарда комиссия құрамында Нұрманғали Л.Қ болды.

Желтоқсан айындағы әдістемелік күнде «Өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы» ( Г.К. Селевко ) тақырыбында Серикбай Н. баяндама оқыса,

Нұрманғали Л.Қ ашық сабақ өткізді. Сабақ қазақ тілі пәнінен 6 «А» сыныбына өткізілді. Сабақтың тақырыбы: Өздік және жалпылау есімдігі. Сабақ барысында проблемалық іздендіру, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық іздендіру, мәтінмен жұмыс істеп, топпен жұмыс жасау сияқты әдіс- тәсілдерді қолданды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Үйге тапсырма беріліп, барлық оқушылар бағаланды.

2015-2016 оқу жылының  12 қараша күні  8-11 сыныптар арасында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға  8-11 сыныптар арасынан  6  оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары 2 турдан болды. 1- тур бойынша оқушылар  таңдап алған тақырыптары бойынша шығарма жазса. 2 - тур бойынша  берілген тапсырмалар  оқытылып жатқан бағдарламалар бойынша жасалған. Оқушылардың жұмыстарын тексере  отырып, олардың тақырыпты ашуы, көркемдігі, сауаттылығына баса назар аудара отырып төмендегідей орындар берілді.

8 сыныптар арасынан:

 ІV орын: Өмірбек Нұргелді ( 61  балл)

9 сыныптар арасынан:

 ІІ орын: Белялова Айдана  (56 балл)

 І орын: Бахитбек Дана (58 балл)

10 сыныптар арасынан:

І орын: Имбаева Алтынай (112 балл)

11 сыныптар арасынан:

ІІІ орын: Дәулетбек Ақмарал  (77 балл)

ІІ орын: Ескендир Айгерим (103 балл)

8-11 сыныптар арасындағы жүлделі І орындарға ие болған

Имбаева А., Бахитбек Д. аудандық олимпиадаға қатысушылардың тізіміне енгізілді.

Гуманитарлық әдістемелік бірлестік мұғалімдері бір- бірімен тәжірибе алмасып, үнемі өзара сабақтарға қатысып отырады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күделі де жауапты жұмыс.

Мұғалімнің шеберлігі, бірншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Сондықтан әрбір мұғалім өз білімін, өз тәжірибесін жаңа тәсілдермен толықтырып отыруы керек.

Осы қыркүйек, қазан, қараша айларының ішінде: Аубакирова Қ.Б.7 сабаққа, Нуржанова У.А.2 сабаққа,Ибраева Ш.Б.2 сабаққа, Сахабанова С.Т.3 сабаққа, Серикбай Н.2 сабаққа, Вайцеховская А.Н.2 сабаққа,Нұрманғали Л.Қ. 4 сабаққа қатысқан.

Желтоқсан айынық 7-12 күні аралығында гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті.

«Гуманитарлық ғылымдар әлемінде» апталық жоспары құрылды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет