Мақсаты: Дәстүрлі және жаңа технологияларды сабақтастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі, жан- жақты тұлғаны тәрбиелеу
№
|
Іс-шараның тақырыбы
|
Уақыты
|
Өтетін орны
|
Жауаптылар
|
1
|
«Гуманитарлық ғылымдар әлемі» апталығының ашылуы
|
07.12.15
|
Cаптық жиын
|
Пән мұғалімдері
|
2
|
Газет шығару
(5-10 сынып)
|
07.12.15
|
|
Пән мұғалімдері
|
3
|
«Елім менің» сайыс
(6 «А» сынып)
|
08.12.15
|
№21 кабинет
|
Нұрманғали Л.Қ.
|
4
|
«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» әдеби кеш (9-10 сынып арасында)
|
09.12.15
|
Мәжіліс залы
|
Ибраева Ш.Б.
|
5
|
«Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан» сыныптан тыс іс- шара (7-8 сыныптар арасында )
|
10.12.15
|
№21 кабинет
|
Серікбай Н.
|
6
|
«Who is the best?» сыныптан тыс іс- шара
(6 «А»,6 «Б»сыныптары)
|
10.12.15
|
№16 кабинет
|
Вайцеховская А.Н
|
7
|
Урок – беседа на тему «Язык мой- друг мой»
(8-9 сыныптар)
|
11.12.15
|
№ 6
кабинет
|
Нуржанова У.А
|
8
|
«Білгірлер сайысы» жарыс сабақ
(5-6 сыныптар)
|
11.12.15
сағ 12.30
|
№16 кабинет
|
Сахабанова С.Т
|
07.12 күні мектепішілік саптық жиында апталықтың ашылуы болып, оқушылар үш тілде өлең жолдарын оқып, соңында әнмен аяқтады. Қабырға газеттері шығарылды.
08.12 күні Нұрманғали Л.Қ ұйымдастыруымен «Елім менің» атты сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың сөздік қорын, шығармашылықтарын дамыту. Оқушылар 2 топқа бөлінді. Сайыс 5 айналымнан тұрды.Оқушылар әр айналымда өз тапқырлықтарын көрсетіп отырды. Оқушыларға сайыс жақсы әсер қалдырып, алдағы уақытта осы сайыс жалғасын тапсын деген ұсыныстарын айтып жатты.
09.12 күні тарих пәні мұғалімі: Ибраева Ш.Б сыныптан тыс сабақ Тәуелсіздік қарсаңында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» деген атпен әдеби кеш түрінде 9-10 сыныптар аралығында өткізді.Оқушылар Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жарқын істері жайында айтты. Және де осы Тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихи тұлғалардың ерен ерлігін, сонымен қатар тарихи қойылымдар арқылы көрсетті. Осы кеште оқушылар өз тапқырлықтарын, білімдерін көрсете білді.
10.12 күні Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Серикбай Н. алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңына «Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстан»тақырыбында тәрбие сағатын 5 «А»сыныбында өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің Тәуелсіздік алғалы, жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздік жолында құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Спатаев т,б сияқты өр тұрғалы азаматтарымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу. Желтоқсан оқиғасына көз жүгірте отырып , интербелсенді тақтада бейнефильм көру және оны талқылап , Тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. «Жаса Қазақстан» әні сергіту сәтінде шырқалды.
10.12 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі: Вайцеховская А.Н «Who is the best?» сайысын 6 «а»,6 «Б» сынып оқушылары арасында өткізді. Сайысқа 10 оқушы қатысты.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілінен алған білімін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, ауызекі сөйлеуді дамыту.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды:
Таныстыру
Өлең жолдарын оқу
Мектеп сөмкесін жинау
4. Мектеп формасы
5.Жағдаяттарды шешу
6.Сайыс 1сөзден бірнеше сөз құрау
Оқушылар сайысқа белсене қатысып, өз дәрежесінде аяқталды.
11.12 күні орыс тілі пәні мұғалімі: Нуржанова У.А «Язык мой- друг мой» атты 8-9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Тіл туралы мәліметтермен таныстыру. Оқушылардың танымдық қабілетін таныту. Туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылар бір- біріне сұрақтар қойып, пікір алысты.
11.12 күні тарих пәні мұғалімі: Сахабанова С.Т. «Білгірлер »сайысын өткізді. Сайысқа 14 оқушы қатысты.
Сайыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, ауызекі сөйлеуді дамыту. Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайысты «Қазақ елі»әнімен бастады.
Сайыс 8 кезеңнен тұрды
Оқушылар «Алғырлар», «Білгірлер» тобына бөлініп өздерін таныстырды
«Жорға» бұл кезеңді Алғырлар тобы бастады. Дайындаған 15 сұраққа жауап беріп, ұпай жинайды. 1 сұрақ 1-ұпай болып есептеледі. (шартты сұраққа тез, толық жауап беру керек.)
«Сәйкестендіру»Дұрыс жауапқа байланысты ұпай берілді
«Кестемен жұмыс» Кестенің қатарына тиісті «+» белгісін қойды
«Мақал –мәтелдер» Бұл бөлімде мақалдар оқылды, сайыскерлер оның жалғасын тауып айтты. Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.
«Алтынкөмбе» Сөзден сөз шығару. Сөздегі әріптердің орнын өзгертпей, бірнеше сөз шығару. Ойыншылар асық таңдау арқылы сөз таңдап, сол сөзден бірнеше сөз шығарды.
«Образға ену» әр топтан сайыскерлер бір-бірден шығып, қағаз таңдап алады да, қағаздағы берілген тапсырманы орындады.
«Өнерпаз болсаң» Патриоттық әндер минусовкасы беріліп,оқушылар әнді қосылып айту.Әр топқа үш әннен берілді.Жалпы оқушылар сайысқа белсене қатысты. Әділ қазылар сайыстың қорытындысын шығарып, марапаттау қағазымен марапатталды.
Аудандық пәндер олимпиадасына Ибраева Ш.Б және Серикбай Н. комиссия құрамында болып, қазақ тілі пәнінен Ескендір А.11 сынып оқушысы 2 орын, Бахитбек Д.9 сынып оқушысы 3 орын, Қазақстан тарихы пәнінен 10 сынып оқушысы Шәкен Аяулым 1 орынды иеленді.
Достарыңызбен бөлісу: |