Оқу жылындағы жазғы лагерь «Балдәурен» тобынының 05. 06



бет2/3
Дата14.06.2023
өлшемі25,73 Kb.
#178768
1   2   3
Байланысты:
Жазғы лагерь Жоспар 2023
кіріспе, Нуклеин қышқылдары 202224 92749, 1513798390, 3 билет, «Дабл-датч»1 мин.ішінде 2 аяқпен секіргіш арқылы секіру-engime.org
09.06.2023 жыл

«Достық» күні
1.Қабылдау.
2.Бой жазу жаттығулары.
3.«Дос боламыз бәріміз» тренинг
4. «Досыма хат» хат жазу
5. Эстафеталық жарыс

Мектеп психологы, топ жетекшілері

12.06.2023 жыл

«Өз қаламызды сүйеміз»
1.Қабылдау.
2.Бой жазу жаттығулары.
3.Қаламыздың 88 жылдығына арналған
іс-шара
4. Қаламыздың көркем жерлеріне саяхат

Лагерь басшысы, топ жетекшілері

13.06.2023 жыл

«Өнер» күні
1.Қабылдау.
2.Бой жазу жаттығулары.
3.«Әнші, биші, күйші балапан» топтар сайысы
4.Сарыжайлау кинотеатрына саяхат

Лагерь басшысы, топ жетекшілері

14.06.2023 жыл

«Болашақ –жастардың қолында»
1.Қабылдау.
2.Бой жазу жаттығулары.
3.«Болашақ жастардікі» флешмоб
4. «Менің есімім» тренинг

Лагерь басшысы, топ жетекшілері

15.06.2023 жыл

«Білімділер» күні
1.Қабылдау.
2.Бой жазу жаттығулары.
3.«Білімді мыңды жығар» мақал-мәтелдер сайысы
4. «Оқиық та, тоқиық» топтық жарыстар
5. Мектеп кітапханасына саяхат

Лагерь басшысы, топ жетекшілері

16.06.2023 жыл

«Қош бол, Балдәурен!»
1.Қабылдау.
2.Бой жазу жаттығулары.
3.Лагердегі көңілді сәттер
4.Лагердің салтанатты жабылуы (І маусым)

Лагерь басшысы, топ жетекшілері



Тақырыбы: Досыма хат
Тобы:

Мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі: Маркер, сұраунама қиықшалары, сызбалар, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Іс-шараның ұраны: “Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
1) Амандасу
2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.

ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?


Тақырыпты ашу сұрақтары.
1) “ Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.
2) Достық дегенді қалай түсінеміз? ( жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.)
3) Досың бар ма? Ол қандай?
4) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
6) Достық жасқа байланысты ма?
7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8) Досыңды неге теңер едің?
9) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
10) Сіз үшін ең маңызды мәселе?
11) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:


- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
“Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
(Пікірлері тыңдалады.)
1) “Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз сыныбымыздағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім.”
2) “ Қалай өмір сүргенімді есіме алсам, ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын... Сөйтіп жүргенде Жаннаны кездестірдім. Былай қарасаң қарапайым қыз, оған достасу туралы ұсыныс жасап едім, ол келісті. Достарым оны қалыпты іс деп бағалады, “ Атаманға кім қарсы келуші еді” деп есептеді. Жаннаның басынан біраз нәрсені өткеруіне тура келгенімен ол мені адам етті. Бұл хатымда мен бәлкім ештеңе айтпаған да шығармын, әйтсе де менің құрдастарымның кез-келгенінің адамды жөнге салу ісі қолдарынан келетіндігін айтқым келеді.”
- Бұл екі жағдай бір-біріне ұқсас. Бірақ қыздардың істеген істері бірдей емес. Осы екі үзінді жайлы қандай ой түйдіңіздер?
- “Жаманнан бойды аулық сал” дегендей, алғашқы қыздың дер кезінде достықты үзгені дұрыс та шығар, кәне кім не айтады, пікірімізді ортаға салайық. (Пікірталас кезі)

ІІІ. Жағдаяттан шығу. Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.


А) Оқушылар талқысына салу, шешім қабылдау. “Сиқырлы орындық” жаттығуы
Ә) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.
Б) “Менің досым” тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады

IV. “Досыма көмек ” ойыны.

V. Сауалға жауап іздеу.
1) Біздің сынып қандай?
2) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? Хат қоржын (Хаттарға жауап).
а) Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым.
ә) Мен досымды қатты аяймын. Досым көз алдымда өзгеріп барады. Менен гөрі арақ пен темекіні дос тұтатын сияқты. Қанша түсіндірсем де ұғынатын емес. Мен бірінші рет дәрменсіздік дегеннің ауыр екендігін сезіндім.
б) Қандай қиянат жасадым десеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау... Әттең, досым үшін ғой. Ауыр хал үстінде жатыр, дәріханаға қарай жүгіріп келемін.

Ән: Достарым менің (хормен)


IX. Қорытынды
Дос емес достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бірін – бір жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас,
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

а) Достық, сыйластық туралы ұлы адамдардың айтқандары.


ә) Өздері қалаған адамына өз қолынан даярлаған сыйлығын тапсырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет