Оқу жылындағы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі Мектеп мамандарыныа сараптама



бет5/20
Дата21.04.2017
өлшемі2,77 Mb.
#14412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» байқауын орыс тілі пәнінің мұғалімі Қ. Оспанова мен ағылшын пәнінің мұғалімі Г.Шекенованың басшылығымен байқау өтілді. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар «Бүркіт», «Қырандар» деген топтарға бөлінді. Оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын пәндерінен сұрақтар берілді. Оқушыларға тілдердің қадір-қасиетін ұғындыру, тілдік құндылықтарды дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсаты көзделді.

«Қазақстан көп ұлтты мемлекет» тақырыбында Н.Қабаева 8-сынып оқушы-ларымен ашық сабақ өткізді. Әр елдің өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, тілі болатыны жайлы айтылды. Атаның қасиетті сөзінен, ананың ақ сүтінен бастау алатын тәрбиеміз адамдыққа, достыққа үндеуді ұғындыру мақсатын-да сабақ жақсы өткізілді.

«Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында шығармалар жарысын тіл мамандары ұйымдастырды. Туған тілдің қазіргі мән – жайы қай қазақты болса да бей – жай қалдырып отырмағаны, Тәуелсіздік алып, аңсаған бостандыққа қол жеткізгеніміз, қазіргі қоғамның тіл жайындағы ой-пікірлерін ашық жазып бере алды.

«Тіл – халықтар достығының кепілі» тақырыбында әр сыныпта ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі туралы түсініктерін, оның қоғамдық өмірдегі алатын орнын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету болды.

«Тіл – халық мұрасы» тақырыбында мектебіміздің психологы Ф.Қайырбай танымдық ойын ұйымдастырды. Ойын барысында оқушылармен бірге тақырып төңірегінде ой – өрістерін қалыптастырып, ойын ашық айтуға баулуды және ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту мақсаты көзделді.

«Сен де бір кірпіш дүниеге ...» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында Р.Койкенқызы мен Г.Қалымтайқызы мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейту, сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту мақсаты көзделді. Оқушылар сайыста өздерінің білетін өлең жолдарын оқи отырып, 3 топқа бөлінді. Ерекше атап өтетін оқушымыз 6-сыныптан Жанбек Ұлболсын, Қойкен Дильназ, Жеңіс Мұратхан. 5-сыныптан Теміртас Айдын, Серік Ерхан болды.

«Тілден артық қазына жоқ» тақырыбында 7-8-9 сынып оқушылары арасында Ш.Рымбекқызы әдеби кеш өткізді. Кеште бабалардан қалған ұлағатты ғиб-рат аларлық сөздерді (бата, тыйым сөздерді) балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, ырым – тыйым сөздерді дұрыс түсінуге үйрету мақсаты көзделді. Оқушылар сынып бойынша жарысқа түсті. Кеште басымдылық көрсетіп жеңіске жеткен 1 орында 9-сынып оқушылары болды.

2 орында 7-сынып оқушылары, 3 орында 8-сынып оқушылары болды.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында Ш.Балташқызы байқау өткізді. Жерін сүйіп, елін қорғай білуге, батыл, ержүрек болуға тәрбиелей отырып оқушының үлкенге деген, ата – анаға деген құрмет –сыйын арттыру, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсаты көзделді. Жалпы айтқанда, өткізілген онкүндіктен оқушылар мен ұстаздар қауымы да зор әсер алды. Олай болса құнды біліммен қатар өнегелі тәрбие алу біздің еншімізде екенін ұмытпауға тиіспіз.



11.10. 8-9сынып оқушыларының арасында « Мәңгілік ел- күш қуатымыз» атты әдеби – монтажды сайыс болып өтті. Бұл сайыста оқушылар өз ілімзі айлы. Өз отанымыз және мәңгілік ел туралы тақтақтар айтып сайысқа түсті.

19.10 «ҚР негізгі діндері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, оқушылар арасындағы діндер туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар қазіргі замандағы діни экстремизм туралы, теріс ағымдағы діндер туралы біршама мәліметтер берілді. Оқушы балаларға қазақ халқының мұсылман діндері туралы айтып, толық айтып шықты.

17. 11. Қазақстан балалар конвенциясымен таныстыру жұмысы болды. Мектеп психологі оқушыларға жалпы балалар конфенциясы туралы мәліметтер бере отырып, оқушылардың өз құқықтары туралы ақпараттар берді. Оқушылар отбасындағы құқықтар, мектеп пен қоршаған орта әсерлері туралы ақпараттар алды.

«Мемлекеттік рәміздер –дербестік нышаны» 8-11-сынып оқушылар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау барысында дебат, сөз сайысы болып өтті. Дебаттың мазмұны рәміздердің шығу тарихы мен оның статусы, рәміздердің қандай нышандарда және қайдай мемлекеттік маңызы бар жиындарда қолданылатыны туралы толық мәліметтер берілді. Тәрбие сағатын ұйымдастырушы АӘД мұғалімі Қ.Ахметов.

29.11. «Қазақстандағы ең алғашқы Президент күні» тақырыбында онкүндік өтті. Жоспар бойынша «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке өмір дерегі» атты стенд жасалып, 8-11сыныптар аралығында «Дүние жүзі саясатындағы алғашқы Президенттің аты» кітапхана сағатын жас маман қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Құсайынова Шынар Балташқызы оқушыларға ел жетістіктері, Президенттің қажырлы еңбектеріне, халқымыздың тұрмыс- тіршіліктерінің даму жағдайларына оқушыларға тапсырмалар бере отырып сөйлетті. Кітапхана сағатында туындаған сұрақтарға кітапханашы жауап берді. 7- сынып жетекшісі ҚайырбайФ.Ж. «Ең алғашқы көшбасшы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Ашық тәрбие сағаттары көрнекілікке толы болды. Кітапханада Елбасына арнап бұрыш ұйымдастырылып, еңбектері жайлы кітап көрмесімен оқушылар танысты. Онкүндік ішінде көптеген спорттық іс-шараларды 1-11сыныптар аралығында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмағұлов Е.С. ұйымдастырды.

Онкүндікке байланысты өтетін іс-шараларға жауапты әр ұстаз өз шеберліктерін танытып, әр оқушыға Елбасына қошемет танытып құрмет етуін талап етті.



15.12.Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойына байланысты үлкен іс –шара ұйымдастырылды. «Елімнің еркіндігі» тақырыбында жалпы мектептік іс –шараның І бөлімінде еліміздің тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында, Жас ұландарды қабылдау рәсімі болып, мектептің 2-сынып оқушылары салтанатты түрде «Жас ұландар» қатарына қабылданды. Іс-шараның екінші бөлімінде оқушылардың күшімен дайындалған тарихы маңызы бар сахналық көріністер, концерттік нөмірлерді ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің көңілінен шыға білді.Тәрбие сағаттарының негізгі мазмұны тәуелсіздік күні туралы тарихи деректер мен оқушы балаларға еліміздегі қазіргі бейбітшілік жағдайдың маңызы туралы мәліметтер берілді. Елімізде тұратын әртүрлі халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы туралы маңызы бар мәліметтер беріліп, оқушылардың пікірлері тыңдалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет