Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама



бет7/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
#1000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Жастар бастамаларын қолдау.

Мақсаты: жастардың одан әрі тұлғалық және кәсіби дамуы үшін іскерліктер мен дағдыларды алуына, қабілеттері мен жеке қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ өз өңіріндегі қоғамдық өмірге белсене қатысуына көмек көрсету 
Міндеттері: 

  • жастардың бастамаларын дамыту және қолдау, өзін-өзі табысты дамытуына және қоғам өміріне белсенді қатысуына;

  • жастар жобаларының үздік практикалары мен технологияларын таратуға көмек көрсету

15 қазан күні аға тәлімгер Б.Мәдібекованың ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар аралығында «Биші болғым келеді» атты би жарысы болып өтті. Жарыс 8-10 сыныптар аралығында өтті, барлық сыныптар тиянақты дайындалып келген. Әділқазы мүшелері әр кезеңде критерий бойынша оқушылардың өнерлерін, еңбектерін әділ бағалап отырды. Мектебімізде би маманы болмаса да оқушылардың өнеріне тәнті болдық. Әділқазы мүшелері қорытындылай келе бас жүлдені - 9 «Ә» сыныбына берді және әр орынға мадақтама және заттай сыйлықтар берілді. 31 қазан күні аға тәлімгер Б.Мәдібекованың ұйымдастыруымен сағат 11.00-де «Арайлы алтын күз» байқауы өтті. 5-7 сыныптар аралығында өткен байқауға сыныптар толық қатысты, бірақ сыныптардың дайындықтары аз. Әділқазы алқасының шешімі бойынша: 1 орын-7 а,ә Күз лебізі тобы, 2 орын – 5 «А» Гүлдер тобы, 3 орын-6 «А» Жапырақ тобы иеленді. 31 қазан күні сағат 15.00-де 8-10 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» байқауы болды. Бұл байқауда сыныптар белсенді дайындалып келген. Байқау өте қызықты тартысты өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет