Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама



бет1/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
#1000
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі

29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің

2014–2015 оқу жылына

жылдық сараптама

Бауыржан Момышұы ауылы

2015 жылы

2014-2015 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына кері ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы – үлкен мәні бар міндет. Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, ақпараттандыру үрдістері – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашады. Қоғамда болып жатқан әлуеметтік-экономикалық, саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді, жаңа міндеттер жүктейді. Осы міндеттерді орындау мақсатында педагогикалық ұжым 2014-2015 оқу жылында «Нәтижеге бағытталған құзыретті білім беру арқылы шығармашылық тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық негіздері» тақырыбында жұмыс атқарды.

Шығармашылық жұмыстың мақсаты: жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастырумен қатар, терең білім беру жолдарын анықтау

Міндеттері:


  1. ҚР «Білім туралы» Заңын және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жасөспірімдер мен жастарға білім беру туралы» бұйрығын негізге ала отырып, жұмысты одан әрі жетілдіру;

  2. Мектеп оқушыларының сапалы, терең білім алуын қамтамасыз ету. Білім сапасын анықтау мақсатында диагностика және мониторингтік зерттеу жұмыстарын жүргізу, мектеп оқушыларының білім сапасы мен үлгерім деңгейін шынайы бағалауға бағытталған іс-шаралар қабылдау;

  3. Полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында үш тілділікті ендіру жұмыстарын жалғастыру;

  4. Жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыру. Оқушылардың білімін, іскерлігін, тәрбиелік деңгейін анықтау және бағалау, тұлғалық ерекшеліктерін айқындау;

  5. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру арқылы оқу үрдісінің сапасын көтеру. Оқу–тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізіп, нәтижелерін саралау;

  6. Мектеп жасына дейінгі балаларға араналған шағын орталық ашу, оның материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандармен қамтамасыз ету.

Мектептің шығармашылық тақырыбын жүзеге асыру мақсатында мектеп педагогикалық ұжымы төмендегі жұмыстарды жоспарлап, жүзеге асырды. Атап айтқанда, 2014-2015 оқу жылында 8 рет педагогикалық кеңес отырысы жоспарланып, барлығы 19 сұрақты талдау қарастырылған. Оның ішінде педагогикалық–ұйымдастыру жұмыстары бойынша -7, білім сапасын зерттеу, инновациялық технологияларды енгізу -5,тәрбие саласы бойынша -7.

2014-2015 оқу жылындағы қараша айында пед.кеңесте 1 деңгейлік курсты бітірген химия пәнінің мұғалімі К.Байтугелова «Білім сапасын жоғарлату жолу» деңгейлік біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдердің тиімді тәсілдерін педұжымға таныстырды

Қараша айында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жапаркулова «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» тақырыбында баяндама жасаса, 2 деңгейді бітіріп келген физика,информатика пәнінің мұғалімі С.Ибраев «Сындарлы оқыту арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру » тақырыбында мұғалімдермен тренинг өткізді.

Наурыз айындағы пед.кеңесте 3 деңгейді бітіріп келген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Мелдешова «Жаңаша оқыту – жетістік көзі»тақырыбында баяндама жасаса, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ҚР «Тіл туралы заңының» орындалуы туралы баяндама жасады.

Директор жанындағы кеңес айына бір рет өткізіліп отырды. Барлығы 50 сұрақ қаралды. Оның ішінде білім сапасын сараптау жұмыстары-19, оқу-әдістемелік базаны жетілдіру-4, педагогикалық–ұйымдастыру жұмыстары-12, ұстаздардың кәсіптік деңгейін көтеру жұмыстары -5, мемлекеттік білім беру стандартының орындалауы-4, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары-7. Директор жанындағы кеңесте шешуін қажет ететін проблемалық сұрақтар қаралып, сұрақты дайындау мәселесі бойынша комиссия құрылып, аналитикалық анықтамалар дайындалды. Мәселен, 2014 жылғы қазан айындағы директор жанындағы кеңесте «Бастауыш сынып пән әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өту сапасы мен оқушылардың білім деңгейі», 2014 жылғы қаңтар айында ІІ тоқсан бойынша білім сапасы, оқу бағдарламаларының орындалуы, кітапхана жұмысының І жартыжылдық қорытындысы, орыс және шетел тілдері пән әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өту сапасы мен оқушылардың білім деңгейі, мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілердің білім, білік дағдылары, оқушыларды ыстық тамақпен қамту, патриоттық сананы қалыптастыру айлығының қорытындысы сарапталып, шешімдер қабылданды.

Өндірістік жиналыстарда оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы (қараша, 2013ж), оқу кабинеттерінде, зертханаларда, шеберхана мен спорт залында қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталу жағдайы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары (2014ж, қаңтар), мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары (наурыз, 2014ж), мектепті ағымдық және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары, діни экстремизммен күрес жұмыстары (мамыр, 2014ж) қарастырылды.



1.Педагогикалық ұжымның даму мониторингі

«Мұғалім–мектептің жүрегі» демекші ең бірінші мектеп ұстаздарының сапалық құрамына тоқталайық:



Мектепте 71 мұғалім жұмыс істейді.


Ұстаздардың сапалық құрамы


Білімі

2012-2013

2013-2014

2014-2015

Саны

%

Саны

%

Саны

%

Жоғары

64

91%

65

93%

67

94%


Арнаулы орта

6

9%

5

7%

4

6%



Ұстаздардың санат дәрежесінің көрсеткіштері


Санаты

2012-2013

2013-2014

2014-2015

Саны

Саны

Саны

%

Саны

%

Жоғары

13

19%

15

21%

16

23%

Бірінші

22

31%

24

34%

24

34%

Екінші

16

23%

17

24%

16

23%

Санаты жоқ

19

27%

14

20%

15

21%






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет