Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама



бет5/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ұсыныс: 1.Аудандық олимпиадада оқушылары жетістік көрсеткені үшін еңбек кітапшасына алғыс жариялансын деп ұсыныс бердік.

Республикалық, облыстық, қалалық байқаулар нәтижесі


р

Байқау түрі

Қатысқан оқушылар

Нәтижесі

Сы-ныбы

Дайындаған мұғалім

1

Аудандық «Мен зерттеуге үйренемін» балғын зерттеушілер байқауы

Санат Айсана

Бас жүлде

4 а

Рүстембекова Б.

2

ХVI аудандық

Абай оқулары



Әбирбек Айдана

ІІІ орын

6 ә

Есбаева М

3

ХVI аудандық

Абай оқулары



Кеңестай Алтынай

Бас жүлде

9 ә

Шайдуллаева Г.

4

ХVI аудандық

Абай оқулары



Жалғас Әсел

ІІІ орын

5 ә

Ордабаева Р

5

Облыстық

«Шерхан оқулары»



Аманқұл Ұлжан

Алғыс хат

9 а

Ордабаева Ү

6

Облыстық

«Шерхан оқулары»



Түлкібай Айгерім

Алғыс хат

9 а

Ордабаева Ү

7

Облыстық

«Шерхан оқулары»



Ержанұлы Шәкәрім

ІІІ орын

9 а

Ордабаева Ү

8

Облыстық

«Шерхан оқулары»



Ермаханова Гүлзада

Алғыс хат

9 а

Үсенкулов Е

9

«VI аудандық Махамбет оқулары»


Адилов Берік

ІІІ орын

7 а

Ордабаева Р

10

«Ұлы Жеңіс-Ұлы мереке! аудандық шығарма байқауы

Бегдазым Мариям

Алғыс хат



Шалхарбаева А

11

«Патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу» аудандық

Бауыржанқызы Айнара

II орын



Тұрмағанбетова З

12

Аудандық олимпиада

Сапарбек Анель

III орын



Рүстембекова Б

13

«Ғылымға алғашқы қадам» республикалық

Таубалды Шапағат

І орын

10 а

Ордабаева Ү

14

«Ұлтымның ұлы мұрасы – ұлттық құндылықтар» ақындық мүшәйрасында аудандық

Зиявова Гулдона

ІІІ орын

9 а

Ордабаева Ү

15

«Ер есімі ел есінде» облыстық

Қансейіт Назым

ІІІ орын



Есбаева М

16

«Б. Үсеновтың жыр шумақтарын мәнерлеп оқу»аудандық

Берікбай Арайлым

Алғыс хат

8 а

Бегімбетова Ж

17

«VI Махамбет оқулары» аудандық

Әли Елдос

І орын



Шайдуллаева Г.

18

«Ойсана»

Баймуханбетова Алина

ІІІ орын

11а

Утегенова Б

19

«Ойсана»

Тойшы Луиза

Алғыс хат

11ә

Исакова Э

20

«Қазақстан гүлдене бер» сурет қайқауы аудандық

Машраф Бибіраушан

Бас жүлде



Оразалиева А

21

«Қазақстан гүлдене бер» ән байқауы облыстық

Сайтова Фатима

ІІ



Шайдуллаева Г

22

Шығармашылық жоба байқауы аудандық

Үргенішбаева Ақбота

Диплом

11а

Оразов Е

23

«Қазақстан – менің алтын бесігім» Республикалық

Исабекова Сара

Сертификат



Оразалиева А

24

«Наркотикке келешексіз» сурет байқауы аудандық

Машраф Бибіраушан

І



Оразалиева А

25

«Наркотикке келешексіз» сурет байқауы аудандық

Берікбай Арайлым

І



Оразалиева А

26

«Еңбек адамын қастерлейік» аудандық

Машраф Бибіраушан

ІІІ



Оразалиева А

27

«Еңбек адамын қастерлейік» аудандық

Зиятхан Еркебұлан

ІІІ



Оразалиева А

28

«Менің елімнің көшбасшысы» республикалық

Аманқұл Ұлжан

сертификат



Ордабаева Ү

29

«Менің елімнің көшбасшысы» республикалық

Таубалды Шапағат

сертификат

10 а

Ордабаева Ү

30

«Менің елімнің көшбасшысы» республикалық

Аймахан Диана

сертификат

8 ә

Төлебаева А


2014-2015 оқу жылында спорттан жетістіктерге жеткен дарынды оқушылар


Р\с

Оқушының аты-жөні

Сыны-бы

Жарыс түрі

Деңгейі

Орын

1

Жаңабек Нұрсұлтан



Шахмат

аудандық

I

2

Ұлдар командасы

5-6

«Мектеп лига» баскетбол

5-6 сынып ұлдар



Аудандық

III

3

Ұлдар командасы

5-6

«Мектеп лига» волейбол

5-6 сынып ұлдар



Аудандық

II, III

4

Қыздар командасы

5-6

«Мектеп лига» баскетбол

5-6 сынып қыздар



аудандық

II

5

Қыздар командасы

5-6

«Мектеп лига» футбол

5-6 сынып қыздар



аудандық

I

6

Ұлдар командасы

7-8

«Мектеп лига» футбол

7-8 сынып қыздар



аудандық

III

7

Қыздар командасы

7-8

«Мектеп лига» волейбол

7-8 сынып ұлдар



Аудандық

III

8

Қыздар командасы

9-11

«Мектеп лига» баскетбол

9-11 сынып қыздар



Аудандық

III

9

Қыздар командасы

9-11

«Мектеп лига» футбол

9-11 сынып қыздар



аудандық

II

10

Бейсенбек Махамбет

7 ә

2002-2003 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған дзюдо күрестен

аудандық

ІІІ

11

Кенжеқұл Данияр

7 ә

2002-2003 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған дзюдо күрестен

аудандық

ІІІ

12

Бейсенбек Махамбет

7 ә

«Жас барыс» республикалық турнирде қазақ күресінен

аудандық

ІІІ

13

Бейсенбек Махамбет

7 ә

2002-2003 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне арналған дзюдо күрестен

аудандық

II

14

Жаңабек Серік

8 а

Бокс

қалалық

III

15

Ошақбай Айгерім

11 ә

бокс

қалалық

I

16

Ошақбай Айгерім

11ә

бокс

облыстық

I

17

Ошақбай Айгерім

11ә

1997-1998 ж.т. қыздар арасында Ашық Біріншілік турнирінде

Қалалық

I

18

Нұрсұлтанқызы Жанат

7 а

1999-2000 ж.т. қыздар арасында Ашық Біріншілік турнирінде бокстан

қалалық

III

19

Мәдібек Айжан



2001-2002 ж.т. қыздар арасында Ашық Біріншілік турнирінде бокстан

қалалық

III

20

Ошақбай Айгерім

11 ә

1997-1998 ж.т. қыздар арасында Ашық Республикалық Біріншілік турнирінде бокстан

Қалалық

I

21

Сүйінғара Жансұлу

10 ә

1997-1998 ж.т. қыздар арасында Ашық Республикалық Біріншілік турнирінде бокстан

Қалалық

ІІІ

22

Нұрсұлтанқызы Жанат

7 а

1999-2000 ж.т. қыздар арасында Ашық Республикалық Біріншілік турнирінде бокстан

Қалалық

I

23

Мәдібек Айжан

7 а

2001-2002 ж.т. қыздар арасында Ашық Республикалық Біріншілік турнирінде бокстан

Қалалық

I

24

Ошақбай Айгерім

11 ә

1996 – 1997 ж.т. қыздар арасында Қазақстан Республика чемпионат

республикалық

I

25

Қуатбек Арайлым

9 б

1996 – 1997 ж.т. қыздар арасында Қазақстан Республика чемпионат

республикалық

ІІІ

26

Ұзақбай Нариман

9 б

Бокс

облыстық

І

27

Боранбай Нұржан

10 а

Бокс

облыстық

ІІ

28

Аманқұл Шерхан



бокс

облыстық

ІІІ

29

Ошақбай Айгерім

11 ә

бокс

Халықаралық

ІІ

30

Бағызбай Дидар



Бокс

облыстық

ІІІ

31

Сүйінғара Оралбек



Бокс

облыстық

ІІІ

32

Ошақбай Айгерім

11 ә

Бокс

республикалық

ІІ

33

Мәдібек Айжан



Бокс

республикалық

ІІІ

11-12 наурыз күндері 2-4 сынып арасында мектепішілік пәнаралық кіші олимпиада өтіп, нәтижесі мына төмендегідей болды:

2-сыныптар арасында 1-орын 2 «Б» сынып оқушысы Жақсымбет Әйгерім

2-орын 2 «А» сынып оқушысы Сүлеймен Жасмин

3-орын 2 «А» сынып оқушысы Санат Мирас

3-сыныптар арасында 1-орын 3 «Ә» сынып оқушысы Жақсымбет Арсен

2-орын 3 «А» сынып оқушысы Бауыржанқызы Айнара

3-орын 3 «Б» сынып оқушысы Есенбек Сабина

4-сыныптар арасында 1-орын 4 «А» сынып оқушысы Сапарбек Анеля

2-орын 4 «А» сынып оқушысы Санат Айсана



3-орын 4 «Б» сынып оқушысы Айтбаева Әсел
2 - 4 сыныптағы дарынды оқушылары арасында өткен мектепішілік кіші пәндер олимпиадасының қорытындысы




Оқушының аты-жөні


Сынып

Математика

Қазақ тілі

Әдебиеттік оқу

Дүниетану

1

Бегдазым Мәриям

2 «А»

3




5/4

4

2

Сүлеймен Жасмин

2 «А»

4




4/4

5

3

Санат Мирас

2 «А»

4




4/4

5

4

Әуесхан Жанел

2 «Ә»

4




4/3

4

5

Мұстахан Санжар

2 «Ә»

3




4/3

4

6

Сұраншы Ұлжалғас

2 «Ә»

4




4/4

4

7

Жақсымбет Айгерім

2 «Б»

5




5/4

4

8

Берікбай Аружан

3 «А»

3

4

4/3

4

9

Бауыржанқызы Айнара

3 «А»

4

4

4/4

4

10

Досынбек Мадина

3 «А»

3

5

4/4

4

11

Кәрісбай Ерсұлтан

3 «А»

4

3

4/4

4

12

Жақсымбет Арсен

3 «Ә»

5

4

5/4

5

13

Есенбек Сабина

3 «Б»

4

4

4/4

4

14

Қалданбек Мейірім

3 «Б»

4

3

4/4

4

15

Амиралиев Ибрагим

4 «А»

3

4

4/4

5

16

Сапарбек Анеля

4 «А»

5

5

5/5

5

17

Санат Айсана

4 «А»

4

5

5/4

5

18

Сман Әдемі

4 «А»

4

4

5/4

5

19

Жақсыбай Іңкәр

4 «Ә»

4

4

4/3

4

20

Маратова Жанель

4 «Ә»

3

4

4/3

4

21

Айтбаева Әсел

4 «Б»

4

4

4/4

5

22

Дәуірбай Сәуле

4 «Б»

4

4

4/4

4

23

Орынбай Аян

4 «Б»

3

4

4/4

5




Білім сапасы




70%

88%

89%

100%




Үлгерім




100%

100%

100%

100%

10 «Ә» сынып оқушысы Ермаханова Гулзада және 10 «А» сынып оқушысы Жақсыбай Гүлнұр ағылшын тілі пәні бойынша «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқанын растайтын сертификатқа иеленді. Пән мұғалімі А.Турсынкулова. Дәл осындай сертификатқа 8 «Ә» сынып оқушысы Оралбаева Ұғылжан иеленді. Пән мұғалімі Ақылбек Б



Халықаралық «Русский медвежнок» конкурсына мектебімізден 20 оқушы қатысып, арнайы қатысқаны туралы сертификатқа иеленді.
2014-2015 атқарылған жұмыстарды талдай отырып, мына төмендегі орын алған кемшіліктерді атап өтуге болады:

  1. Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау жұмыстары талапқа сай емес, соның салдарынан математика, қазақ тілі, биология, география, орыс тілі пәндерінен нәтижелер аз.

  2. «СТО», «Деңгейлеп оқыту» шығармашылық топтарының жұмысын жандандыру.

  3. Қолданбалы, таңдау курстарына арналған авторлық бағдарламалардың сапасы талапқа сай емес.

  4. Деңгейлік курс бітірген мұғалімдердің шығармашылық есебі өтпеген.


2014-2015 оқу жылында мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесі инновациялық үрдісті әрі қарай дамытуды негізге ала отырып, ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында мына төмендегі міндеттерді алға қояды:

  • Оқу үрдісін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. Біліктілікті арттыру, педагог кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жұмысын жетілдіру. Мұғалімдерді білім жетілдіру курстарынан өткізуді бақылауда ұстау,деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің шығармашылық есебін ұйымдастыру;

  • Мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру, кәсіби шеберлігін арттыру арқылы оқу үрдісінің сапасын көтеру. Барлық білім беру сатыларында нәтижелі білім беруге қол жеткізу;

  • Ұстаздардың әдіснамалық, психологиялық, технологиялық білім деңгейін қамтамасыз ету мақсатында оқыту семинарлары мен тренингтерді көбейту, мұғалім портфолиосын толықтыру жұмыстарын жетілдіру;

  • Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары оқушылармен нәтижелі жұмыс жүргізудің жаңа әдістерін үйрету жұмыстарын жандандыру. Оқушылардың пәндік олимпиадаларға, интеллектуалдық байқауларға дайындық жұмыстарын күшейту;

  • Оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына әдістемелік бірлестіктер тарапынан бақылау жасап, ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында қарау;

  • Мұғалімдерді білім жетілдіру курстарынан өткізуді бақылауда ұстау,деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің шығармашылық есебін ұйымдастыру;

  • Ұстаздардың авторлық, шығармашылық пен инновациялық бағытта жұмыс істеуіне жағдай туғызу. Мұғалімдердің өз инновациялық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасай білуін үйрету.



6.Тәрбие орталығының атқарған жұмыстары



Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар «Қазақстан – 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңында көрсетілген.
      
Тәрбие жұмысы «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының балалардың құқығы туралы» Заңы, «Балалар құқықтары туралы Конвенция», «Қазақстан Республикасының Білім заңы», «Тіл туралы» Заңы, «Неке және отбасы» Заңы, 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама», Қазақстан Республикасының 2007 жылғы №258 Конституциялық Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 Қаулысымен бекітілген «Оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарға», Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2012 жылғы 25 маусымдағы №832
қаулысымен   бекітілген « Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына», ҚР Президентінің халыққа Жолдауларына сүйене отырып жүргізіледі.

2014-2015 оқу жылында №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысының мақсаты: үздіксіз оқу-тәрбие беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары  және ұлттық рухты патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздерін танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Міндеттері:


  • Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз және жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

  • жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

  • қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыдан үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру, қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысы зияткерлік-танымдық құндылыққа бағытталған, әскери- спорттық әрекет негізінде пәндер және пәндік, сыныптан тыс іс-шаралар, мектептік және қалалық көлемінде өткен әртүрлі байқауларға, жарыстарға қатысу арқылы жүзеге асырылды.

2014-2015 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспарына, айлықтардың, мемлекеттік және ұлттық мерекелердің, атаулы күндер мен каникул күндерінің ұйымдастырылуы мен жүргізілуі негізінде тәрбие жұмысы 6 бағытта жұмыс атқарды.



Патриоттық сананы қалыптастыру.

Мақсаты: Патриоттық сананы қалыптастыру. Патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты қалыптастыру; белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру; Отанды: Қазақстанның мәдениетін, тарихын, фольклорын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік рәміздерді білуді насихаттау; елдің жетістіктері үшін жауапкершілік пен мақтаныш сезімін дамыту міндеттері жүзеге асырылды.

Оқу жылының басында 1 қыркүйек – Білім күні «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында салтанатты жиын өтті және осы тақырыпта сынып жетекшілер сынып сағаттарын өтті.

22 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай онкүндік жарияланып, директор жанындағы кеңесте онкүндіктің іс-шара жоспарымен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Тілдер күніне арналған онкүндік көпұлтты Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері мен ұлтаралық қарым-қатынас, қоғамдық келісім, тілдің үш тұғырлығын насихаттау мақсатында өтті. Онкүндік барысында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде оқушылар тіл құдіреті, сөз құдіреті туралы ойларын айтты, Жоспар бойынша қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері іс-шараларын өткізді және сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай апталық жарияланды. Мақсаты: Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ете отырып, оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.« Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында көрме, Елбасымыздың тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы тарихи ролі тақырыбында тарих бірлесігі баяндама оқыды, «Бір ел, бір тағдыр, бір Көшбасшы» тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мәнерлеп оқудан оқушылардың өз туындыларынан байқау өткізді. «Егемен елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында сынып сағаттары, «Елін сүйген, елі сүйген -Елбасы» тақырбында концерттік бағдарлама өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай іс-шара жоспары бекітіліп, іс-шара өз дәрежесінде өтті. «Тәуелсіздік тұғырым!» атты слайд, «Қазақстан гүлдене бер!» тақырыбында сурет байқауы, «Тәуелсіздік тағылымы!» тақырыбында ашық сынып сағаты, Біз, Тәуелсіз Қазақстан ұландарымыз!» атты «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен КТК өтті. «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты шығарма байқауы, «Желбірей бер, тәуелсіздік байрағы!» кітапханашылар көрме қойды, «Тәуелсіздікке қалай жеттік?» тақырыбында пікір-сайыс, «Жасай бер, жайнай бер, тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында патриоттық әндер байқауы, «Тәуелсіз елім менің – Қазақстан!» атты сыныптан тыс іс-шара, «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» атты әдеби сазды кеш өткізілді және аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған іс-шараға қатысты.

Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлының туылған күніне орай іс-шара жоспары жасалынды. «Бауыржандай боламын» атты сынып сағаты, сынып жетекшілер әр сыныппен Бауыржан Момышұлы музейіне саяхат жасады әне жоспар бойынша әр іс-шара өткізілді.

15 сәуір-15 мамыр аралығында «Патриот» әскери-патриоттық айлығы жарияланды. Патриоттық айлық өз дәрежесінде өткізілмеді. АӘД пәнінің оқытушысы өзіне жүктелген іс-шараларға немқұрайлы қарады. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші» «Отан үшін отқа түс – күймейсің» тақырыбында Отан қорғаған ардагерлермен кездесу өткізіліп, сыйлықтар табыс етілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай іс-шаралар жоспары қаңтар-желтоқсан аралығында жасалынып бекітілді және осы оқу жылына арналған іс-шаралар өз деңгейінде өтті. «Ол күндердің өшпес даңқы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары, «Ардагерлерді ардақтайық!» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымы жалғыз басты қарттарға көмек көрсетті. Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген аудандық Б.Үсеновтың туылғанына 55 жыл аудандық мүшайрасына 8 сынып оқушысы А.Берікбай қатысып жүлделі орын алды. 10 сынып жетекшілері С.Үсенқұлова, Қ. Серғазина Б.Момышұлы мемориалдық музейінде «Біз Бауыржанның ұрпағымыз» атты патриоттық ашық тәрбие сағатын өткізді. «Соғыс ардагерлеріне тағзым!» тақырыбында ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды. «Отан үшін от кешкендер!» тақырыбында наурыз-сәуір айларында ашық тәрбие сағаттары өтілді.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай гүл шоғы қойылды.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін зерделеу масатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану, насихаттау, пән бөлмелеріндегі рәміздердің орналасу тәртібін қадағалау мақсатында топ құрылды. Оқу жылы басында пән бөлмелерінде Мемлекеттік Рәміздер ілінді. Әр дүйсенбі күні «Мен өз Отанымның азаматымын» атты патриоттық минуттар өткізілді. Мемлекеттік Гимн орындалды. Оқу жылының басталуы мен аяқталуына байланысты іс-шараларда, мемлекеттік мерекелерге байланысты өткізілген салтанатты жиындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, шығарылды және Мемлекеттік Гимн орындалды. Мемлекеттік Рәміздерге арналған арнайы бұрышы жаңа заман үлгісіне сай 1 қабаттан 2 қабатқа ауыстырылды.

Жетістіктері:

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай аудандық үш тілді жарысқа мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақылбек Бейбіт қатысып, жүлделі 2 орынды алды. 10 «А» сынып оқушысы Таубалды Шапағат «Менің ауылым» тақырыбында шығарма жазып, республикадан 1 орынды иеленді, жетекшісі Ордабаева Үміт. Жастар орталығы ұйымдастырған «Патриоттық әндер» байқауына Ж.Бегімбетова мен А.Мелдешова қатысып, 1 орынды иеленді, жетекшісі Г.Шайдуллаева. 9 сынып оқушысы Кеңестай Алтынай аудандық патриоттық әндер байқауынан бас жүлдені иеленді, жетекшісі Г.Шайдуллаева. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген «Ер есімі – ел есінде» атты байқаудан 6 сынып оқушысы Қансейт Назым бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды, облыстық байқаудан жүлделі 3 орынды иеленді.



Рухани-адамгершілік даму

Мақсаты: Өзінің міндеттерін түсінетін және қабылдайтын, өмірді және өзін, өзінің іс-әрекеттерін рухани-адамгершілік нормалары тұрғысынан дұрыс бағалауға қабілетті толық тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі, өзінің қабілетін, рухани-адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін тану.

Міндеттері:

  • дәстүрлі көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған әлемнің көптүрлілігін.

  • қарама-қайшылығы мен күрделілігін тану;

  • адам өмірінің құндылықтарын және әр адамның ерекшелігін түсіну, өз өміріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

  • қайсар мінезді, туындайтын кез келген қиыншылықтарды жеңіп шығуға, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге талпыну қабілеттерін қалыптастыру;

  • әлемге, басқа адамға және өзіне деген махаббатқа, жағымды сезімдер мен қарым-қатынасқа құрылған жоғары жүйені бекіту және дамыту.

8-15 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық болды. Іс-шараның өткізілу мақсаты - қоғамда отбасы құндылықтарды насихаттау, отбасы және балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Іс-шараның жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша «Тәрбие бастауы – отбасында!» тақырыбында 1-10 сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өтті. Тәрбие сағаттары өз деңгейінде өтті. 1-қазан – Қарттар күніне орай «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акциясына орай 8-10 сыныптар аралығында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты қарттармен кездесу ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды. Мектебімізге бекітілген жалғыз басты қарттар Нестеренко Л.М., Кореннов И.А., Кореннова Н.И. Аға тәлімгер Б.Мәдібекова және «Жас Ұлан» ұйымының «Қамқоршы» клубы осы аталған қарттардың үйлеріне барып қол ұшын беріп, көмектесіп, сый-сияпат тапсырып, естелікке суретке түсті. «Қарттарым-асыл қазынам» атты әр сынып жетекші өз сыныбында ашық тәрбие сағаттарын , дөңгелек үстел өтті. 4 қазан күні «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға зейнеткер ұстаздар шақырылды. Мектеп директоры М.Айжанов төл мерекемен ұстаздарды құттықтап, бірқатар ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады, жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. 18 қазан Рухани келісім күніне байланысты «Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел, «Қазақ халқының толеранттылығы, рухани даналығы-қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында зерттеушілік-сабақ, 9 сыныптар арасында «Қазақстан-конфессияаралық келісім аумағы» тақырыбында пікірталас өтті, 8-10 сынып оқушылары «Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» тақырыбында шығарма жазды. 15 ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Қазан айында «Отбасы және бала», қараша айында «Мектеп, қоғам, отбасы ынтымақтастығы», сәуір айында «Бала – адамның бауыр еті» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өтті. Педагог-ұйымдастырушы «Әке – асқар тау» тақырыбында әкелермен кездесу өткізді. 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ» тақырыбында концерттік бағдарлама берілді және мектеппен тығыз байланыста отырған, көп балалы аналарға сыйлықтар берілді. 15 мамыр – Халықаралық жанұя күніне» орай «Толағай» отбасылар сайысы өткізілді.

Жетістіктері: 1қазан - Қарттар күніне орай облыстық дебатқа 10 «Ә» сынып оқушысы Ермаханова Гүлзада 3 орынды жеңіп алды және ауданның үздік спикершісі атанды, жетекшісі Б.Мәдібекова.
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге, жалпы адамзаттық қасиеттердің негізінде көп мәдениетті тұлға қалыптастыру. Ғылым мен мәдени жетістіктерге  тәрбиелеу.
Мақсаты: достыққа, төзімділік пен өзара түсінушілікке тәрбиелеу, ғылыми және мәдени жетістіктерді тәрбиелеу

Міндеттері:  

  • әртүрлі халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

  • тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ететін мәдени ерекшеліктерге деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

  • әлем мәдениетінің негіздеріне бейімдеу және басқа халық өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  • оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

  • тұлғаны бейбітшілік рухында, басқа халықтармен өзара түсінушілікке тәрбиелеу, әлем мәдениетін сақтауға қажеттілігін дәріптеу.

Қыркүйек айында «Қазақстан және экономика» атты тарих пәнінің мұғалімі А.Алиев дөңгелек үстел өткізді. Тілдер бірлестігі қазан айында 21 ғасыр көшбасшысын өтті. Тарих пәні мұғалімі С.Үсенқұлова «Адам және қоғам» (діни экстремизмге қарсы күрес) тақырыбында 7-11 сыныптар аралығында баяндама оқыды. Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын насихаттау мақсатында үгіт-насихат тобы құрылды және жоспар құрылды. Жоспар бойынша насихат жұмыстары ұстаздар, ата-аналар, оқушылар арасында жүргізілді. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты баяндамалар оқылды, дөңгелек үстел, жиналыстар өткізілді.

26-29 желтоқсан аралығында Жаңа жыл мерекесі атап өтілді. 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні мерекесіне орай онкүндік жарияланып, қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Р.Ордабаеваның ұйымдастыруымен жоспар талапқа сай жүргізілді. Педагог-ұйымдастырушы және педагог-психологтар ақпан айында «Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кеш, сәуір айында «Мен және менің болашағым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай апталық жарияланып, «Халықтар достығы – бірлікте» тақырыбында сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, ертеңгілік өткізілді.



Жетістіктері: Жамбыл облыстық Жастар ұйымының ұйымдастыруымен

6 қараша күні өткен «Халықтар достығы» концертіне Кеңестай Алтынай өнер көрсетіп заттай сыйлықпен марапатталды.








Директор жанындағы жиналыс пен педагогикалық кеңесте құқықтық тәрбиеге байланысты мәселе қаралды. Қаулы және шешім шығарылып, орындалуы қадағаланды.



Каталог: document library
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет