Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама


Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету



бет17/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
9. Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету

Кітап- алтын қазына.

Күш білімде,білім кітапта.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Оқу- білім, бұлағы ,білім-өмір шырағы.
Жеке адамның рухын қалыптастыру үшін адамгершілік және ойлау қабілетін, эмоция,сөз, шығармашылық дамуының барысында әр адамның өмірінде әдебиеттің ерекше орын алары сөзсіз.

Қазіргі заманда баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту білімнің қайнар көзі болып табылады. Ол оның рухын сақтайды, жүрегі мен миын азықтандырады, өзін-өзі тану сезімін оятады, өз ісінің дұрыстығын бекіту, өмірге бейімді болыуна үйретеді. Кітаптың осыншалықты орасан зор қасиетін жас ұрпаққа ұғындыратын, оларды кітапты сүйе білуге оның құдіретті нәрін таратуға да дағдыландыратын орынның бірі мектеп кітапханасы.

Кітапхана- оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.Осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.

Мектеп кітапханасында 17588 кітап қоры бар.

Оның ішінде оқулықтар : 7609

Оқу әдістемелік кешендер саны 859

Журналдар- 79.

Көркем әдебиет 7501

Электронды оқулықтар саны: 106.

Брощюра- 641

Сөздіктердің саны- 74.

Плакаттар - 63

Дидактикалық материалдар- 656

Кітапханамыз жыл сайын кітап қорын оқу бағдарламасына байланысты жаңа буын оқулықтармен көркем және анықтамалық, ғылыми көпшілік әдебиеттермен , әдістемелік құралдармен толықтырылып отырады. 2014-2015 оқу жылында ,«Алматыкітап», «Мектеп», «Атамұра», Арман ПВ баспаларынан 2,9 сыныптарға оқулықтар, ал 6- сыныптарға информатика оқулығы келді. Жаңа оқу жылының басында барлық сыныптарға оқулық таратылды. Мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулықтар, дидактикалық материалдар берілді.

Кітапхана - кітаптар мекені .Кітап –білім бұлағы. «Білсем, ізденсем» деген адамға кітапхана құшағын кен ашады.Рухани байлық кітап арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі іс- шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.

1 қыркүйек Білім күні.Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы Алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сынғырлаған қоңырау үнімен табысатын күн.Мектепте мерекелік кеш болып,кітап көрмесі жасалынды.Іс-шараның мақсаты: балаларға 1-ші қыркүйек күні- білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, мектебіне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі ,Қазақстан Республикасының рәміздері, сүреттер.

ҚР Конституция күніне байланысты кітапханада кітап көрмесі жасалынды және тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Ата занның атқаратың рөлі,оның манызың айқындау. Оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кенейту,заң алдында жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшілерге керекті сұраныстары беріліп көмек көрсетілді.

22 қыркүйек тілдер күніне «Тіл ұлттың жаны» атты тақырыптық сөре жасалынды. .Тіл туралы баяндама оқылып , тақпақтар айтылды. Бұл іс-шараның мақсаты ана тілімізді құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оқушыларға тілдің қоғамдық маңызын түсіндіру,ана тілін қадірлеуге үйрету шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекті жазушы қоғам қайраткері ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ш.Мұртаза-82 жасқа толуына орай кітапханада «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып,оқушыларға,жалпы оқырман қауымға шығармалары насихатталды.Мақсаты:Қазақстан халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтын лауреаты,драматург, публицист Шерхан Мұртазаның өмір деректері мен әр кезеңдегі шығармаларын оқушыларға насихаттау.Көрмеге оның еңбектері, өмірбаяны, кітаптары қойылды.

Қоғам қайраткері жазушы « Сәкен Сейфулин -120жаста» фаеге кітап көрмесі қойылып.15-минуттық үлкен үзілісте оқушылар Сакен Сейфулиннің шығармаларын оқыды.

«Кітап беташары» –оқырмандармен өткізілетінтін кітапханалық жұмыстың бір түрі.Бұл шараның мақсаты – жаңадан келіп түскен кітаппен оқырмандарды таныстыру.Кітаптын ішкі мазмұның ашып, оқырмандарды қызықтыру.Кітапханалық тілмен айтқанда,әдебиетті насихаттау жұмысы.

Жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттерге көрме жасалынды және оқушылар шақырылып осы әдебиеттермен таныстырылды.

1-ші Қазан Халықаралық қарттар күніне арналған «Мейірімді жүрек» атты мереклік кеш өтті. Кештің мақсаты оқушының бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,жас ұрпақ бойында адамгершілік қасиетті насихаттау,үлкенді сыйлауға,құрметтеуге баулу,қарт адамдарға қол ұшын беруге даяр тұруға үйрету. Қарияларымыздың ақыл –өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға,еңбекқорлыққа баулу.Кеште көрме жасалынып,көрмеге ақын-жазушылардың қариялар жайлы жазған нақыл сөздерімен ,мақал-мәтелдержәне суреттер қойылды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дстүрлі жолдауына байланысты «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты көрме жасалынды.

Ақың , жазушы Фариза Оңғарсынованың туғанына -75жас толуына арнап көрме жасалынып,көрмеге Фариза апамыздың кітаптары мен өмірбаяны, нақыл сөздері жазылған плакаттар қойылды.Әр сейсенбіде 15 минуттық үзілісте өткізілетің іс шарада ақынның өлендерің 8 сынып оқушылары оқыды.

Мақсаты:Қазақстанның Халық жазушысы , поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың өмір баянымен,кітаптарымен таныстыру.Отанға, тілге, мәдениетке,қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.

8-ші желтоқсан күні қысқы демалыста «Кітапты көп оқыған адам бәсекеге қабілетті» ,тақырыбында іскерлік ойын өткізілді.Іскерлік ойынға мұғалімдер қатысты.Ойынның мақсаты:Оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, тауып сөйлеуге, шапшандыққа тәрбиелеу.

Ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ,композитор аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың 170 жыл толуына байланысты , жыл бойына кітапханада «Кеменгер ақын , жазушы Абай Құнанбаев» атты көрме жасалынған, көрмеге Ұлы ақынның шығармалары мен суреттері қойылған.

Кітапханаға саяхат «Сенің алғашқы кітапханан» атты библиографиялық сабақ өтікізілді.Сабақ даярлық топтары мен 1 сыныптар арасында өткізілді. Мақсаты : кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген қызуғушылығын арттыру,сөйлеу мәнерің дамыту.Оқушыларды кітапты суюге баулу , кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.

2015 жылға басылымға жазылу барлық ұжымға тапсырылып толық 100 % орындалды. Мұғалімдер өз пәндері бойынша әдістемеліктерге жазылды.

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қарсанында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы «Елбасы кемеңгер көшбасшы» тақырыбында әңгіме шолу өткізілді.Оқушыларға Елбасының өмір баяны мен еңбек жолдары туралы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері», «Евразия жүрегінде» атты кітаптарымен таныстырылды. Кітапханада Н.Ә. Назарбаеқа арналып кітап көрмесі жасалынған,көрмеде Президентіміздің кітаптары мен өмір баяны жазылған плакаттар қойылған.

«Бейімбет Майлиннің туғанына -120 жыл» Фаеге көрме ұйымдастырылды.

«Мейірімді бағдар шам» көрме кітапханада жыл бойына қойылды.

«Тозаққа түскен тағдырлар» нашақорлықпен күрес. Кітапханада бұрыш жасалды жыл бой.Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»-көрме жасалынды.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап Тұғырым мығым,туы биік,Тәуелсіз ел Қазақстан! атты тәрбие сағатын 6-8 ші сыныптармен өткізілді.

Мақсаты:оқушыларға аға ұрпақтардың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отансүйгіштік сезімдерге баулу.

-тәуелсіздікті сақтап, Отанды,елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту,.

1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымызыдың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіріп берілді.Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев,Ләззат Асановалардың өмірбаяндары оқылып тақпақтар, өлеңдер айтылды.

24-желтоқсан халқымыздың біртуар қаһарман ұлы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы,Көлбастау ауылында дүниеге келген жерлесіміз даңқты қолбасшы, Әскери қайраткер ,ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңестер Одағының батыры-Бауржан Момышұлының туылғанына 105-жыл толуына байланысты кітапханада бұрыш жасалған жыл бойына. Бауыржан Момышұлы музейінде 10-сынып оқушылары арасында тарих пәні мұғалімдері мен бірлесе отырып « Батыр Бауыржан» атты іс шара өкізіліп көрме жасалынды.Көрмеге Бауыржан Момышұлының кітаптары ,суреттері және нақыл сөздері қойылды.

Жазушы І.Есенберлиннің 100-жылдығына байланысты кітапханада көрме жасалынды. Көрмеге жазушының кітаптары мен нақыл сөздері және суреттері қойылды.

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар С.Сейфуллин, Б.Майлиннің туғанына-120 толуына орай фаеде көрме жасап, үлкен үзілісте оқушылармен іс-шара өткізілді. Оқушылар жазушылардың тақпақтарын оқыды, кітапханашылар өмір баяндарымен таныстырып өтті.

Кітап көрмесі – кітапханалық – библиографиялық, қызмет көрсетудің бір түрі.Кітап көрмесі-белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп, жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін ұсынылатын әдебиеттердің жиынтығы.

Кітапханада «Діни ислам діңгегім» тақырыбында жыл бойына көрме жасалған.Көрмеге осы тақырып бойынша кітаптар қойылды.Көрмемііздің мақсаты: оқушыларға әлемдік діңдер мен олардың пайда болуы, таралуы туралы түсінік беру, Ислам дінінің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру.Оқушылардың бойында гуманистік дүние таным негіздерін,рухани адамгершілік құндылықтардың белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру.

Отбасы күніне орай «Отбасым –күн шуағым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп көрме жасалынды.Кітап көрмесінде отбасы туралы кітаптар қойылып,нақыл сөздер жазылды. мақсаты. Оқушыларға отбасының қадірін туыстық атауларды түсіндіру , балаларды ата-анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый құрметке тәрбиелеу.

Желтоқсанның 23-де 1-сынып оқушыларымен «Рахмет саған, Әліппем атты ертенгілік өткізілді. .Ертеңгілігіміздің мақсаты:оқушыларды «Әліппені» құрметтей білуге,әдеби тілде сөйлеп,мағынасын түсінүге үйрету;Тіл байлығын,ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет,журналдар.Оқушылар білім туралы тақпақтар,өлендер айтып, би биледі.

Білім бөлімінің тапсырмасы бойынша,қазақ әдебиетіне өзіндік үлесін қосқан қарымды қаламгер Саттар Ерубаевтың 100-жылдығына орай ,мектебімізде қазақ тілі бірлестігімен біріге отырып ісшара өткізілді .Фаеде кітап көрмесі жасалынды,көрмеге Саттар Ерубаевтың суреттері мен нақыл сөздері қойылды.Публицист сыншы Саттар Ерубаев әдебиетімізге адам психологиясын жан-жақты ашудың озық үлгісін әкелді.Мазмұны терең іс- шараға қатысқан оқушылар рухани сусындап қана қоймай,қаламгер шығармаларына деген сүйіспеншіліктерін де арттыра түсті ,жазушы туындысының жастарға берер тәрбиелік мәні мол.

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне,аналар мерекесіне арнап бастауыш сыныптар мен « Аналар асыл жандар» атты ертенгілік өтті .Ертенгілікке бастауыш сынып мұғалімдері Тұрмағанбетова З. Станкевич Е. Қатысты. Оқушылар ана туралы өлендер ,тақпақтар айтты.

22-Науырыз Ұлыстың ұлы күні Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді ,кітапханада кітап көрмесі жасалынды және 5-6 сынып оқушыларын шақырып көрмемен таныстырып ,наурыз мейрамының дәсурі туралы айтылды.

2-Сәуір Халықаралық балалар кітабының куніне байланысты «Кітап –біздің досымыз» атты библиографиялық сабақ өткізілді. Сабақтын мақсаты:Оқушылар оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыптап ұстауға баулу.Оқушының білімдік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.

Кітапханада «Ертегілер еліне саяхат»атты балалар ертегілерінен көрме жасалынған.Осы тақырыпта бастауыш сынып оқушыларымен ертенгілік өткізілді, ертенгілігіміздің мақсаты:Ертегілер еліне келген кітап кейіпкерлері арқылы оқушылардың кітапханаға деген қызуғушылығын ояту,кітап оқуға қызықтыру,кітапхана өмірімен таныстырып кітапты сүйе білуге, бағалай білуге баулу.

12-Сәуір « Қазақстан ғарыш отаны» атты фаеде кітап көрмесі қойылды.Мақсаты:оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары-қазақ ғарышкерлерімен таныстыру,ғарышкерлер өмірінен мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту.

«Есірткіге жол жоқ» атты көрме жасалынды және 8-9 сыныптар мен тәрбие сағаты өткізіліп ,көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау ,ішімдік ішу,темекі шегу,есірткі заттарды қолдану т.б. зиянды әдеттерден сақтандыру.

ЭКО әлем: табиғат әсемдік әлемі , экологияға байланысты жыл бойына «Таза болса табиғат ,аман болар адамзат!» және «Құстар біздің досымыз» атты көрме жасалынды.
Білім бөлімінің тапсырысы бойынша « Қазақ хандығына 550-жылдығына»

« Ұлы жеңістін 70-жылдығына», Ассамблея жылына байланысты , іс –шаралар өткізіліп ,көрме жасалынды. Осы тапсырма бойынша мәліметерді суретке түсіріп , іс-шараның хаттамасын білім бөліміне өткіздік.

Биыл қазақ хандығының 550-жылдығы мерекеленіп,ұлттық тарихымыз ұлықталуда.Осы орайда,мектеп кітапханасында тәрбие сағаты өткізіліп «Есімханның ескі жолы», «Қасымханның қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» туралы баяндама оқылды. Бұл өткізіліп отырған іс-шарамыздың ой бөлісудегі мақсатымыз жас ұрпақтың бойына патриотизмді қалыптастыру,Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.
1-Мамыр «Халықтар достығы біздің мақтанышымыз» атты тақырыпта кітапханада ассамблеяға байланысты жыл бойына көрме жасалынған және бастауыш сыныптар мен ертенгілік өткізілді.

Ертенгілігіміздің мақсаты: Қазақстан бірлігі мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты мемлект екенің оқушыларға жеткізу. Ынтымаққа, достыққа, өз Отаның сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрмеге нақыл сөздер мен достық жайлы суреттер және газет, журналдар қойылды.

7-Мамыр- Қазақстан Отан, мемлекеттік мүддесі саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын отан қорғау шылар күні. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны,отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.Осы мерекеге арнап кітаханада «Ерлікпен өткен ғұмыр» тақырыбында бұрыш жасалынды.

9-Мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 70-жыл толуына орай кітап көрмесі жасаланып «Біз ұлы жеңістің ұрпағымыз» атты ауызша журнал өткізілді. Журналдың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету,патриоттық сезімдерін ояту. Жас ұрапы\қты отан сүйгіштікке, елжандылыққа үйрету.

Шылым апатына байланысты үлкен үзілісте 5-11 сыныптар арасында баяндама оқылды.Баяндаманың мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру ,темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтың ауру түрлері, олардың алдың алу шаралары туралы білуге ,салауатты өмір салтын қалыптастыруға; халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдеттер-араққа, темекі шегуге және есірткіге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретің зияны ашу, оқушыларды одан жирендіру.Фаеде көрме жасалынып суреттер ілініп, нақыл сөздер жазылды.
Келесі жылға дайындық жасалынды .Оқулықтар жиналды Қарыз оқырмандар мен жұмыс жасалынуда.

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету.

Кітапхана жалпы кітапханалардың нормалары мен қағидаларын ескере, келесі жағынан қазіргі заманғы мектептің оқу-тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа алады .Мектеп кітапханасының жылдық жұмыс жоспарын мектеп ішілік оқу тәрбие жұмыстарын және кітапханалық ережелерді басшылыққа ала отырып құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілген. Кітапхананың барлық құжаттары талаптарға сай жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 21 ақпанындағы №68 бұйрығымен 2013-2014 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу басылымдарының тізбесінің негізінде оқулықтарға, көркем әдеби кітаптарға ,оқыту әдістемелеріне ,аудио кітаптарға сұраныс берілді.Тапсырыс берілген оқулықтар толығымен алынды .

Жалпы кітап қорының көрсеткіштері:

Жалпы кітап қоры

17.588

Оқулықтар

7609

Көркем әдебиеттер

6716

Электронды оқулықтар

117

Жыл көлемінде кітапханаға жазылған оқырмандар саны -521,ал оқырмандар пайдаланған әдебиеттер саны -15562.

Оқушылар қызығушылық арттырып көптеген басылымдармен, анықтамалармен танысып,өздерінің ізденістері бойынша әдеби кітаптарын оқу залында, абономентке жазылып ала алады. Әр оқу жыл басында мектеп кітапханасының оқырмандары кітапханаға қайта жазылады .Олармен жеке және топтамалы түрде әңгіме жүргізіледі.

Кітапханадағы оқырмандардың сұранысын зерттеу, қанағаттандыру, оқырман формулярын зерттеу жұмысы, кітап қорындағы әдебиеттің оқылуына зерттеу жұмысы әрдайым жүргізіліп отырады.





Кітапхана оқырмандарының кітап қорын пайдалану деңгейі.



10.Медициналық орталықтың жұмысы
№29 Александр Герцен атындағы орта мектебі медбикелері оқу жылының басында лауазымдық міндеттерін, оқу жылының жылдық жоспарын мектеп директоры М. Айжанов , салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ж. Мырзатаев және аудандық орталық аурухана бас дәрігері С. Жумашев тарапынан келісіліп , бекітілді.

Мектептегі сынып бөлмелері оқушылар келуіне дайындық мақсатында хлорлы ерітіндімен тазаланып жуылды , сынып бөлмелеріндегі алғашқы көмек көрсетуге арналған қобдишалардағы дәрі-дәрмектердің түгел болуы қадағаланып , кабинет меңгерушілеріне тапсырма берілді . Барлық сыныптарға температуралық режимді қадағалау мақсатында термометрлер қойылып, күн сайын білім бөліміне анықтама берілді.

Дайындық топтан - 11 сынып оқушыларына дейін тізім жасалынып, арнайы дәптерге жазылды , бір нұсқасы аудандық ауруханаға өткізілді .

Жаңадан келген мұғалімдер мен оқушылар медициналық тексеруден өткізіліп, сабаққа жіберілді .

Туберкулездің ерте формасын анықтау мақсатында қыркүйек айында 1 сынып оқушыларға Р-Манту сынамасы дәрігер бақылауымен жүргізілді. Сынама бірінші рет оң нәтижелі болған 15 оқушы аудандық туберкулезге қарсы күрес бөліміне дәрігер қабылдауына мектеп директорының бұйрығымен алып барып тексеруден өткізілді. Дәрігер нұсқауы бойынша бұл оқушыларға мектеп асханасында тамақ ішкен уақыттарында дәрілер беріледі.

2014 жылдың қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны барысында өткізілген Денсаулық сабағы барысында «Туберкулездің алдын алу », «Аудан колеміндегі эпидемиологиялық ахуал » тақырыптарында дөңгелек стол, баяндама оқып , көрсетілсе, «Ашық есік » күніне орай мектеп медбикелері мектеп қызметкерлерінің қан қысымын өлшеп, хаттамаланды .

2014 жылы қазан айында жоспар бойынша 3-7 сынып аралығында 252 оқушыға манту сынамасы салынып, оң нәтижелі 39 оқушы дәрігерлік тексеруден өтті , казіргі таңда 54 оқушы дәрігер нұсқауы бойынша дәрі қабылдады .

2014 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызынан 2015 жылдың сәуір айының 1-ші жұлдызына дейін тұмау және басқа жіті респираторлық вирусты жұқпалы аурулардың алдын алу 6 айлығы барысында жұмыс жоспары жасалынып, бекітіліп, «Мен дәрілер туралы не білемін», «Тұмаудың алдын алу » , «Тұмаудан сақтану жолдары» , «Өзіңді жедел респираторлы аурулардан қорға » , «Өзіңді және қасыңдағыларды қалай қорғау керек » тақырыптарында іс-шаралар жасалынды.

Жоспар бойынша 2014-2015 оқу жылына жоспарланған екпелер өз уақтысында толығымен атқарылды . Барлық екпелер уақтысында ата – ана келісімі бойынша аудандық дәрігер бақылауымен жасалынып, оқушылар арасында екпеден серпіліс жағдайы тіркелген жоқ .

2013-2014 оқу жылында туберкулезге қарсы күрес диспансерінде «Д» есепте тұрған қауіпті топтағы 33 оқушыға жолдама толтырып, дәрігер қабылдауына мектеп директоры бұйрығымен алып барып, есептен шығарылды.

Оқушыларға күз маусымы кезінде жіті ішек жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында лездеме , бастауыш сыныптардан диктант алынды.

2014жылдың қараша айының 1 ші жұлдызынан бастап желтоқсан айының 1-ші жұлдызына дейін Дүние жүзілік СПИД-пен күрес күніне арналған айлық барысында оқушылармен сауалнама тарату, дөңгелек стол ұйымдастыру , қабырға газеттерін шығару, бейне фильм көрсету жұмыстары жасалынды.

2015 жылдың ақпан айының 4-ші жұлдызынан 14-ші жұлдызына дейін Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарымен бірігіп, Қатерлі ісіктің алдын алу он күндігі барысында мектеп ұжымының денсаулығын сақтау жолдары , сүт безі қатерлі ісігінің тексеру әдістері қалай болатындығы көрсетілді .

Бүкіл Дүние жүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық барысында 2015 жыл 24 –ші ақпаннан 24-ші сәуірге дейін «Біз туберкулезге қарсымыз» , «Туберкулез жайлы не білу керек » , «Туберкулез қауіпті дерт » ,

«Мен туберкулезді тоқтата аламын», «Өзіңді туберкулезден сақта », «Жұқпалы аурулардың алдын алуда залалсыздандырғыш ерітіндінің маңызы» тақырыптарында іс шаралар атқарылды.

Иммунды егу жоспарын жасау және ай сайын егу жоспарының орындалуы жайында аудандық ауруханамен байланыс, скрининг тестке оқушылардың медициналық тексеруінің жоспарын жасау, Оқушыларды флюротексеруге жоспарлау , Гельминт паразитті ауруларға тексерудің жылдық жоспарны жасау, әскер қатарынан дайындық сатындағы балалардың тізімін жасау жұмыстары жылдық жоспар бойынша атқарылды.

16 қазан Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай «Созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алуда үйлесімді дұрыс тамақтану –ұзақ өмірдің кепілі» атты ұранмен өткізілген аудандық мектептер арасындағы іс-шарада мектеп « үздік орын» деп табылды

Жоспарлы санитарлық –эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында ешқандай кемшіліктер аталған жоқ .

Дайындық топтан-11сынып аралығындағы оқушылардың бойы, дене салмағы артериалдық қан қысымы, көздің көру кестесі бойынша тексеріліп, сынып журналының денсаулық парақтарына жазылып, дәрігер мөрі қойылды .

Қотыр және битке арнайы дәптер арналып, оқушылар 10 күн сайын тексерілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жыл 16 наурыздағы № 145 бұйрығы бойынша 2015 жылы қаңтар айында оқушылар кезекті медициналық тексеруден өткізілді.

Тексеруден жалпы барлығы 578 оқушы өтті.

Тексеру кезінде 2014-2015 оқу жылына жалпы барлығы 128 оқушы әр түрлі аурулармен диспансерлік есепке алынған болса, соның ішінде 56 оқушы жаңадан есепке алынды, 2013-2014 оқу жылында есепте тұрған 72 оқушы қайта есепке алынды .

Анықталған аурулар бойынша ата-аналармен жұмыс жасалынып, балалар қажетті мамандарға , зертханалық тексерістерге , дәрігер қабылдауына жіберілді .

Мектептегі микроклиматты қадағалау,жарықтандыру құралдарының жұмысын , жылу жүйесінің жұмысын қадағалау, Оқушылардың салауатты өмір салты көрсеткіштеріне маниторинг жасап, денсаулық паспорттарын толтыру жұмыстары жасалынды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жыл қараша айының 4-ші жұлдызындағы № 816 бұйрығы бойынша мектеп ұжымы медициналық тексеруден мамыр айында толығымен өтті.

Әр 10 күн сайын сабаққа денсаулығына байланысты келмеген оқушылар туралы мәлімет білім бөліміне беріліп тұрды.

Жуалы ауданы мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 2014 жыл қазан айының 3-ші жұлдызындағы № 1069 хаты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жыл 30 желтоқсандағы № 1684 –ші Қаулысы «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық –эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағыдаларды бекіту туралы 8-ші тарау Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың 307, 308-ші тармақшасы бойынша асханада тыйым салынған тағамдар тізбесі жасалынып, аспазшыға нұсқаулық берілді.

Ай сайын орталық ауруханаға, СӨСҚО-ға, туб диспансерге дәрі есебі

берілді.


Медбикелер ай сайын білімдерін жетілдіру мақсатында әр түрлі тақырыптарда рефераттар дайындап, оқушылардан диктант, сауалнама алынып , тренинг сабақтар жүргізді.

Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері С.Жұмашевтың

2015 жылдың 02 наурыздағы №299 қатына сәйкес аудан орталығына жасөспірім 1997, 1998, 1999 жылғы қыз-балалардың арасында экстрагениталды аурулардың алдын алу бойынша ҚР денсаулық сақтау миниситрлігінің «Жүкті әйелдерге, босанатын босанған әйелдерге және фертильді жастағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы» 2012 жылғы 03 шілдедегі №452 бұйрығы бойынша мамыр айында жасөспірім дәрігеріне, акушер-гинеколог дәрігеріне және тағы да басқа анализдерді тапсырып өткізілді.

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері кезінде оқушылардың денсаулығын нығайту жұмыстары жүргізіледі.

Сыртқы лагерге демалысқа баратын оқушылардың медициналық тексеруден өтуі қадағаланады.

Алдағы уақытта мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына ұсыныс беріледі.

Мектеп, асхана , әжетхана тазалықтары қадағаланып күнделікті тексерілді.

Жуалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тарапынан 2014-2015 оқу жылында 2 рет жоспарлы тексеру жүргізіліп, еш қандай кемшіліктер аталған жоқ .


2014-2015 оқу жылында есепте тұрған оқушылар саны:

окулист–29 омыртқаның қисаюы– 0

невропатолог–22 анемия -11

лор–3 өт қабының қабынуы– 0

созылмалы бүйрек ауруы–3 варекоцеле-5

терапевтік аурулар-55




11. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары

Мектеп ғимараты 2005 жылдан бастап жаңа ғимарат болып бой көтерді. Жалпы ауданы – 3783,2 м2. мектеп 300 орынға арналған. Оқу жоспарына сәйкес мектепте 21 оқу бөлмелері. Оның ішінде 4 компьютерлік сынып, №32 информатика сыныбында 18 компьютер интерактивтік тақта, орналасқан. №30 лингафон сыныбында интерактивтік тақта орналасқан. Технология сабағы жүргізілетін 2 шеберхана. Олар тігін, ағаш шеберханалары. Сонымен қатар мектепте асхана 60 орындық, мәжіліс залы 120 орындық, әдістемелік бөлме, ауданы 288 м2 болатын спорт залы орналасқан. Асхана және мәжіліс залы жаңа жиһаздармен жабдықталған. Химия, биология, физика пәндерінің тәжірибелік жұмыс жүргізетін 3 зертхана бөлмелері бар. Зертханалық бөлмелер тәжірибелік жұмыс жүргізетін жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мектепте дәрігерлік бөлме бар, онда оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізіп тұрады. Кітапхана барлық оқулықтармен қамтамасыз етілген, интернет желісіне қосылған. Әкімшілік бөлмелерінде 6 компьютерлер интернет желісіне қосылған.



Биылғы оқу жылында мектепке 97 млн 380 мың теңге қаражат бөлінді. Мектептің шатыры жаңартылып, сыртқы қабырғалары сыланып, есік-терезелері ауыстырылды. Спорт зал, сыртқы әжетхана түгелдей күрделі жөндеуден өткізілді.

Мектептің техникалық базасы жайлы мәлімет



Атаулар

Саны

1

Компьютер саны

129

2

Лазерлік принтер

7

3

Интерактивтік тақта

9

4

Экрандық проектор

1

5

Мультимедиялық жылжымалы құрылғы

3

6

Телевизор

2

7

Музыкалық құрылғы

1

8

DVD

2

9

Тоңазытқыш

3

10

Көшірме аппараты (ксерокс)

4

11

Сканер

1


2014-2015 оқу жылында атқарылған жұмыстармен қатар, оқу-тәрбие үрдісінде бірқатар кемшіліктер орын алды. Атап айтқанда:

  1. Оқушыларды пәндік олимпиадалары және ғылыми жоба жарыстарына дайындау жұмыстары талапқа сай емес, соның салдарынан нәтижелер аз.

  2. Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар жүйеленбеген.

  3. Ұстаздардың білім беру проблемалары бойынша халықаралық, республикалық семинарлар мен конференцияларға қатысуы төмен.

  4. Бағдарлы сынып оқушыларының портфолиосы толықтыруды талап етеді.

  5. Озат тәжірибені тарату жұмыстары жеткіліксіз, биология, химия, география, ағылшын тілі пәндерінен қалалық әдістемелік семинар өткізілмеді.

  6. Деңгейлік курс бітірген мұғалімдердің шығармашылық есебі өтпеген.



Мектеп педагогикалық ұжымы инновациялық үрдістерді одан әрі дамыту және мектептің шығармашылық-ізденіс тақырыбын жүзеге асыру мақсатында 2014-2015 оқу жылында төмендегі міндеттерді қояды:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтар «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының негізгі қағидалары, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын», мемлекеттік жалпы орта білім беру стандартының орындалуын қамтамасыз ету, білім беру жүйесін жаңғыртудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру;

  2. Оқушылардың білім сапасына жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізу, білім сапасы мен оқу үлгерімі деңгейін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар қабылдау.

  3. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жандандыру;

  4. Мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестілеуге толық қатыстыру және дайындау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;

  5. Балаларды оқумен толық қамту және көп балалы, тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлу, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен толық қамтамасыз ету;

  6. Жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыру. Оқушылардың білімін, іскерлігін, тәрбиелік деңгейін анықтау және бағалау, тұлғалық ерекшеліктерін айқындау;

  7. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру арқылы оқу үрдісінің сапасын көтеру. Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізіп, нәтижелерін саралау;

  8. 12 жылдық білім беру жағдайына көшуге байланысты пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмысын одан әрі жалғастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде кеңінен қолдануға қол жеткізу;

  9. Ата-аналарды мектепке, шағын тәрбие орталығы мен мектепалды даярлық сыныбының педагогикалық үрдісіне тарту мақсатында мектеппен отбасының өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету;

  10. Кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбие беру мен құқық бұзушылыққа және діни экстремизмге қарсы алдын-алу жұмыстарын жүйелі жүргізу.

Каталог: document library
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет