Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама


-11 сыныптардың темперамент типтерінің жалпы қорытындысы



бет13/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
#1000
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

1-11 сыныптардың темперамент типтерінің жалпы қорытындысы

Мектеп оқушыларының темперамент көрсеткішінің жалпы қорытындысында оқушылардың 32 %-ы сангвиник-көңілді тип, 5 %-ы холерик-қызба тип, 54 %-ы флегматик- байсалды тип, 8,3 %-ы меланхолик-сезімтал, көңілшек тип.




«Оқушылардың мұғалімге деген көзқарасын анықтау» сауалнамасы жүргізілді. Ең мәдениетті мұғалім, талапты дұрыс қоя білетін мұғалім, ең шынайы және әділетті бағалайтын мұғалім, сабақты түрлендіріп, түсінікті, қызықты етіп өткізетін мұғалім критериилері бойынша нәтижесі:

Психопрофилактикалық бағыттағы жұмыстарға талдау

Жас мамандармен жұмыс

Мектеп психологы мектепке келген жас мамандарға айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, өзіндік «Мен тұжырымдамасын» айқындауға, өзін-өзі тануға және мұғалімдердің арасында жылы қарым-қатынас орнату мақсатында «Жас маман, алға бас қадам!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, дөңгелек үстел барысында бірнеше жаттығулар жүргізілді. Хаттамасы директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасарына өткізілді. Және де «Сіздің мектепке деген көзқарасыңыз» атты сауалнама алынды.



9-сыныптардың болашақ мамандығына байланысты бейімдік бағдарын анықтау мақсатында оқушылардың жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытын таңдауы бойынша өтініштері алынып, хаттамаланды. Нәтижесінде: қатысқан 45 оқушының 29 оқушысы қоғамдық –гуманитарлық бағытын таңдаса, 16 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытын таңдағаны анықталды.Жоспардағы жасөспірімдер арасында өзіне –өзі қол жұмсауына итермелеуші себептер мен жағдайлардың алдын-алу мақсатында 6-11 сыныптардан «Өмір несімен қымбат» сауалнамасы жүргізіліп, хаттамаланды.Әр оқушының қорқынышымен жұмыс жасау үшін оқушылардың мектепке байланысты қобалжу сипаты мен деңгейін анықтау мақсатында «Филлипстің» қобалжушылық тестінің көмегімен 58 сұрақтан тұратын тест жұмысын жүргіздік. Сұрақтың кілті бойынша нәтижесі шығарылды. Әр баланың қалыптасуына баса назар аудару тапсырмасы бойынша 7-9 сынып оқушыларымен «Мен жеке тұлғамын» атты тренинг жүргізілді. Мақсаты: психологиялық тұрғыдан ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әр түрлі қиыншылықтарды түзету. Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық әрекеттерін және бейімділігін, олардың бойындағы жағымсыз қылықтарын анықтап, оны болдырмау, өзінің тұлғалық қырларымен бірге өзгелерді таныстыруға мүмкіндік беру. Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушылар арысанда «Өмір теңіз жүзем онда демеңіз,Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», «Өзіңді тану-өмірді тану», «Өзіңді сүю- өмірді сүю» тақырыптарында тренингтер жүргізілді. Өзіне-өзі қолжұмсаудың алдын -алу мақсатында 5- 11 сынып оқушыларынан «Өмір құндылығы» тақырыбында шығарма жаздырдық.Жалпы ата-аналар жиналысында, жасөспірімнің өтпелі кезеңде ата-анасы баласын қолдап,түсінісуін ұғындару мақсатында «Өтпелі кезеңдегі оқушы психологиясы» тақырыбында баяндама оқылды. Және «Жеткіншектер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу жолдары» атты баяндама оқылып, қосымша кеңестер беріліп, әңгіме жүргізілді. 1-4 сынып оқушыларына «Психология әлемі-ойын әлемі» атты арнайы түзету-дамыту сабағы өткізілді. Жалпы ата-аналар жиналысында «Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері» атты баяндама оқылып, кеңес берілді. Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушылар арасында «Мен таңдаған өмір» «Өзіңді тану-өмірді тану» және 1-4 сынып оқушыларына өмірді бағалауға тәрбиелеу сабақтары өткізілді.6-11 сынып оқушыларынан «Жасөспірімдердің өмірлік көзқарасын анықтау» мақсатында сауалнама алынды.» Бағдаралды сыныптардың оқу бағытын анықтау мақсатында 9 сынып оқушыларынан өтініштері алынып, нәтижесі директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарына тапсырылды. Жамбыл облысының прокуратурасының 20.04.2015 жылғы шығыс хатының негізі бойынша 7-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылық, әлімжеттік және бопсалау фактісін анықтау мақсатында жасырын сауалнама алынып, нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылық және бопсалау фактісінің анықталмағандығы жайлы білім бөліміне берілді. 1, 5, 10, 9, 4 сыныптар бойынша педагогикалық консилиумдарда психологиялық диагностика нәтижелерімен пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерді таныстырып, Жеткіншек жастың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері“ тақырыбында баяндама оқылды. Зерттеу қорытындылары талқыға салынып, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқушыларды1, 4, 5, 9, 10 сыныпта кездескен қиындықтарын жою жөнінде нақты ұсыныстар айтты.Үлгермеуші оқушылар бойынша жүргізілген педагогикалық-психологиялық консилиумға шығарылған диагностикалық жұмыстардың қорытынды талдауы: оқушылардың таным қабілеттері бойыншатөмен дәреже көрсеткен 2 оқушы кейбір тапсырмаларды орындамаған. 1 оқушы тест жазған жоқ. жұмыстар жүргізіліп, логикалық ойлауға байланысты тапсырмалар беріліп отырылды. Бірнеше жеке жұмыстар жүргізілгеннен соң және сабаққа қалай дайындалуға болатыны жайында жеке кеңестер беріліп, оқушыға үнемі бақылау жасаудың нәтижесінде үлгермеуші оқушылардың үлгерім сапасы артты. Осы оқушылар сынып жетекші, пән мұғалімдері және ата-аналары тарапынан да бақылауға алынып, пән бойынша қосымша сабақтар жүргізу жөнінде ұсыныс берілді.

Психокоррекциялық бағыттағы жұмыстарға талдау
2014-2015 оқу жылында 1 «А», 2 «Ә»,2 «Б», МАД тобы сынып оқушыларымен таным процессін дамыту, түзету сабақтары жүргізілді. Осы оқушыларға жеке жоспар жасалып, оқушының ата–анасымен жеке әңгіме жүргізіліп, оқушының сабақтағы белсенділігін анықтау үшін сабақтарына қатысып, үй тапсырмасын орындауын қадағалауға алу, пәнге деген қызығушылығын анықтау мақсатында жыл бойы бақылауға алынды. Жоспар бойынша «Агрессиялық мінез-құлықты анықтау», Люшердің «Түсті тесті», «Оқу мотивациясын анықтау» әдістемелері жүргізілді. Оқушылармен жеке әңгімелесіп, кеңестер беріліп отырылды. Жыл ортасында оқушының мінез-құлқында жағымды өзгерістер байқалды. Сынып жетекшісі ата-анасымен байланыста болып отырды Нәтижесінде оқушының сабақ үлгерімі жақсарды. Оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында «Ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін» қалыптастыру атты дөңгелек үстел өткізіліп,тренингтер, ойындар, кеңестер, жаттығулар жүргізілді. Нәтижесінде оқушылар арасындағы қарым-қатынастары жақсарып, ұйымшылдыққа үйренді. 11-сынып оқушыларымен ҰБТ жөнінде өмірге аяқ басу туралы дайындық ретінде әңгіме жүргізіліп, Луиза Хейдің «Өзіңе деген сенімділік» кеңесі беріліп, тренинг жүргізілді.Оқушылар арасындағы ахуалды және сыныптық ұжымды жақсарту мақсатында барлық сыныптарға «Адам бойындағы асыл қасиеттер» тақырыбында достық, татулық, адамгершілік жайында кеңес берілді. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау мақсатында 11-сынып оқушыларымен «Мен және менің сүйікті мамандығым», «Сенім- менің серігім» атты тренинг жүргізіліп, «ҰБТ-ке дайынсың ба?» атты баяндама оқылды. Сонымен қатар кәсіби бағдар бойынша диагностикалық электрондық тестілеуден өтіп, әр бір оқушының жеке тұлғалық типі, кәсіби бағыттылығы, профилді мамандықтары анықталып, нәтижесі оқушылардың өздеріне таныстырылды. 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандық таңдау маңызды іс» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысып, «Менің таңдаған мамандығым» тренингі бойынша 4 жаттығу жүргізілді. 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жайында ай бойы әңгіме, кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.. 11- сынып оқушыларымен ҰбТ-ға дайындау кезінде оқушыларды мінез-құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету мақсатында «Біз үрейден құтыла аламыз» атты тренинг өткізілді. «ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайынсың ба?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 11- сынып оқушылары мен ата-аналарына ҰБТ ережесі таныстырылып, кеңестер берілді. Жыл бойына сынақ тестісінің алдында оқушылармен қорқынышты реттеу, қобалжуды болдырмау үшін үнемі әр түрлі тақырыпта психологиялық тренингтер жүргізіліп отырды.

1. 1 сыныптарға арналған бейімдеу және түзету бағдарламасы

2. Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы

3. Оқушылардың ақыл-ойын дамыту бағдарламасы

4. Кіші сынып жасындағы балалармен жүргізілетін психокорррекция

5. Жеткіншектер жасындағы балалармен жүргізілетін психокоррекция

6. Орта мектепке жаңадан келген оқушы 5 сынып оқушысы

7. Біз агрессияға қарсымыз бағдарламасы.

8.Мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындығы бағдарламалар бойынша топтық және жеке жұмыстар жүргізілді.

Психоконсультациялық бағыттағы жұмыстарға талдау

Ата–анамен жұмыс

Ата-аналар мұғалімдермен байланысып баласының оқу үлгерімі, оқудағы жетістіктері, баланың тәртібі баланың қызығушылығы мен қажеттіліктері туралы ақпарат алып отырады. Білім беру қызметінің сапасы мектеп басшысының оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруына, ата-ана мен мектептің арасындағы байланысқа, жеке мұғалімдерге байланысты, оқушының жеке ерекшеліктерін ескерілуіне байланысты. Бүгінгі таңда мектеп үшін білім және тәртіп, тәрбиеге баса көңіл аудару, сапалы білім, мектеп пен ата-ананың байланысы өзекті. Осындай байланысудың мүмкіндігі бұл ата–аналар жиналыстары арқылы олармен пікірлесіп, түрлі тақырыптарда баяндамалар дайындап, тренингтер өткізу.



Ата –аналармен жүргізілген жұмыс түрлері




Тақырыптар

Жұмыс түрі

1

«Мектеп бала үшін жаңа өмір»

Жадынама мен кеңестер

2

Ата-анаға алтын ереже

Кеңес

3

Оқушылардың мектепке бейімделуі және отбасындағы климаттың әсер ету деңгейін анықтау

Сауалнама

4

«Баланың бойындағы психосоматикалық қобалжу құбылыстарын анықтау»

Сауалнама

5

ҰБТ-ке байланысты қорқынышты жеңу

Кеңес

6

Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу жолдары

баяндама

7

«Балам –әлем бөлшегі»

Сауалнама

8

«Сіз қандай ата-анасыз?»

Сауалнама

9

«Ата –анаға бала тәрбиесі жөнінде»

Сауалнама

10

«Өтпелі кезеңдегі оқушы психологиясы»

Баяндама

Каталог: document library
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет