Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама


Отбасылық құндылықтарды насихаттау және ата-аналармен жұмыс



бет9/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
#1000
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Отбасылық құндылықтарды насихаттау және ата-аналармен жұмыс

Оқу жылы басында ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар комитетінің төрағасы қайта сайланып, комитет мүшелері бекітілген. Ата-аналар сыныптық және жалпы мектептік іс- шаралардың өткізілуіне қатысып отырды, мереке күндері мектеп аумақтарына кезекшілікке қамтылды. Ата-аналар көмегімен Жаңа жылдық мерекелер, Наурыз мерекесі, мектептің жөндеу жұмыстары, жазғы демалысты ұйымдастыру жүзеге асырылды. Сонымен бірге мектепте өтетін «Мектепке барар жол акциясы», «ҰОС ардагерлеріне көмек», қайырымдылық акцияларының өтуіне ықпалын тигізді, жағдайы төмен жанұялар мен жетім балаларға көмек көрсетілді.



2014-2015 оқу жылында 1-11 сыныптардың және мектеп алды даярлық тобының тәрбие көрсеткішінің диаграммасы


Тәрбие жұмысы бойынша жетістіктер:
Басшылық және бақылау

Мектепте тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуы бақыланып, қорытындылары педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте, өндірістік жиналыста, тәрбие орталығында қаралды.


Тәрбие жұмысы жөнінде кеңестерде қаралған мәселелер:


  1. 22 қыркүйек тіл мерекесі күніне орай «Тіл апталығының» іс-шара жоспары және апталықтың қорытындысы.

  2. Қазан айында жолда жүру айлығының жоспары және қорытындысы, мамыр айында он күндік жоспары мен қорытындысы.

  3. Әр тоқсан сайын оқушы күнделігінің күй жағдайы.

  4. Сынып сағаттарының өтілуі, толтырылуын қадағалау.

  5. 1, 4, 9 сыныптардың тәрбиелік деңгейін анықтау туралы.

  6. Педагогикалық кеңесте Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы, Тіл туралы Заңның орындалуы туралы, Патриоттық айлықтық қорытындысы


Ата-аналар жиналысында қаралған мәселелер

  • «Бала – басты байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі», «Бала, педагог, ата-ана баланы тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету», «Жасөспірімдер арасында суйцидтің алдын алу жолдары» атты баяндамалар қаралды, талқыланды.

  • «Отбасы, мектеп, қоғам ынтымақтастығы» тақырыбында пікір алмасты.

  • Ата-аналар Университетінің жұмысы, мақсат-міндеттерімен таныстыру.

  • Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау туралы.

  • Елбасы Жолдауын насихаттау, талқылау.

  • «Қамқоршылық кеңесі» жұмысы, мақсаты туралы

  • Оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі туралы

  • «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» оқушылардың денсаулығы туралы

  • Оқушылардың мектеп формасымен қамтамасыз етілуі

  • «Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу»

  • Оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшу емтиханын және мемлекеттік емтиханды өткізу туралы

  • Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері

  • Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету.


Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда орын алған кемшіліктер:


  • Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жетілдіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау.

  • Оқушылар бойында әскери-патриоттық тәрбие қалыптастырудың жұмысының аздығы

  • «Алтын ұя» ата-аналар Универсиетінің жұмыстарының өз дәрежесінде болмауы


Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе,

2015-2016 оқу жылына жаңа міндеттер койылды:


  1. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының жұмысын жандандыру;

  2. Оқушылар бойында әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыру және патриоттық тәрбиені жандандыру

  3. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жетілдіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау.

  4. «Алтын ұя» ата-аналар Университетінің жұмысын жандандыру


Ұсыныс:

  1. ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарымен жүргізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, мектептің тәрбие жұмысының іс- тәжірибесін жинақтау, әдістемелік құрал даярлау және баспаға ұсыну.

  2. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және іс-шаралар өткізу үшін мектепте би үйірмесін ұйымдастыру.

  3. Сынып жетекшілердің кәсіби біліктілігін арттырудағы жұмысты жетілдіру.


7. Психодиагностика орталығының жұмысы
Мектептегі психологиялық қызмет жүйесі оқушылар, мұғалімдер, ата-аналарды қамти отырып, оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады. Ата–аналар мен ұстаздардың психологиялық білімдерін кеңейту мақсатында лекциялар оқиды, балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін дұрыс ұйымдастыру үшін ақыл-кеңестер береді, жекелеген оқушылардың психологиялық дамуын анықтау негізінде мұғалімдерге ұсыныстар береді, жас ерекшелік психологиясы, педогогикалық психология, әлеуметтік психология мәселелеріне арналған семинарлар ұйымдастырады. Психолог ата-аналармен, ұстаздар тарапынан түскен өтініштер бойынша жекелеген балалармен жұмыс жүргізеді. Баланың жеке басын зерттей жүріп, нақты өмір жағдайындағы мінез-құлқына, дамудағы даралық ерекшеліктеріне терең талдау жасайды, сондай-ақ, өзі берген ақыл-кеңестер мен ұсыныстардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын бақылайды. Әр баланың жеке дара дамуына барынша жағдай жасау алдын-алу шаралары, психологиялық анықтау, түзету және ағарту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.

Психологиялық қызметтің тақырыбы: Жеке тұлғаға бағытталған оқу-тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу

Мақсаты: Жеке тұлғаға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, өзара қарым-қатынас жасай білетін, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

2. Диагностикалық әдістемелер кешенін дайындау, өңдеу;

3. Оқушылар және педагогикалық ұжым арасында жағымды психологиялық ахуал, қарым-қатынасты қалыптастыру;

4. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісін психологиялық сүйемелдеу, қолдау жасау, түзету жұмыстарын жүргізу.


Психодиагностикалық бағыттағы жұмыстарға талдау

Дарындылықты анықтау қорытындысы

Мақсаты: Әр пәннен қабілеті жоғары оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық, жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

Дарындылық диагностикасын Д.А.Ханн мен М.Каффтың әдістемесі негізінде А.И.Савенков ұсынған «Қызығушылықтарының картасы» арқылы жүргізілді.



Бағыттары:1.Білім; 2.Мәнерлеп оқу; 3.Бейнелеу өнері; 4.Өнер; 5. Ақындық.

8-11 сынып оқушыларын мына бағыттар бойынша анықталады:1. Мәнерлеп оқу; 2. Өнер; 3. Бейнелеу өнері; 4. Спорттық; 5. Ақындық; 6. Білімділік; 7. Әртістік.
2-4 сынып оқушыларының дарындылық бағытының нәтижесі



5-7 сынып оқушыларының дарындылық бағытының нәтижесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет