1. Жас ерекшелік психологиясы пәні,даму тарихы



Дата30.09.2022
өлшемі63 Kb.
#151255
Байланысты:
1. Жас ерекшелік психологиясы п ні,даму тарихы
Педагогика новая июнь 2020, 1513853999, Мадалиева З.Б. Жас ерекш. 2 (презентация), М нерлеп о у туралы жалпы ым. С йлеу техникасы. Дикция, Course work Bexultan Ryszhan Tpog1-20 classificationoftubing (копия), 2 5431620503871696686

Тақырып 1: Оқушылардың жас ерекшелік психологиясы пәнінің мақсат, міндеттері мен зерттеу әдістері. Жас ерекшелік психологияның басқа ғылымдармен байланысы.


1.Жас ерекшелік психологиясы пәні,даму тарихы
2.Жас ерекшелік психологиясының міндеттері
3.Жас ерекшелік психологиясындағы негізгі теориялық мәселелері
4.Жас ерекшелігі психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
5. Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары
6.Жас ерекшелік психологияның жалпы мəселелері жəне əдіснамалық негіздері
7. Жас ерекшелік психологиясының теориялық жəне практикалық маңызы

«Жас ерекшелік психологиясы» пәнінің негізгі мәселесі – адам дамуын табиғи жасына сәйкес жан-жақты талқылау. Бұнда бірінші орында интеллектуалдық, эмоционалдық және баланың бейімділік қасиеттерінің көрінуі, одан басқа жан дүниесінің психикасының көрінуі тұрады. Ал оның пәні – адам дамуының қабілеттері мен қасиеттерін, психикалық үрдістерін және адамдардың қарым-қатынасы мен әрекеттерінің психологиялық дамуын анықтау.


Жас ерекшеліктер психологиясы – психология ғылымының құрамдас бөлігі, ол жалпы психологияның негізгі категориялары мен қағидаларына сүйенеді. Жалпы психологияның базалық категориялары: психикалық үрдістер (зейін, ес, түйсік, қабылдау, ойлау, сөйлеу, қиял), психикалық қасиеттер (қабілет, мінез, темперамент), психикалық күйлер (эмоция, сезім, ерік және т.б.).
Жалпы психология мен оның барлық салаларының негізгі қағидалары мыналар:
♦себептілік (детерминизм) қағидасы – өзара байланысты құптау, психикалық құбылыстардың бір-біріне өзара тәуелділігі және шартты байланыстылығы;
♦жүйелілік қағидасы – жеке психикалық құбылыстарды тұтастай психикалық ұйым элементтері ретінде қарастыру;
♦ даму қағидасы – психикалық үрдістердің жаңаруын, олардың динамикасын, бір деңгейден екінші деңгейге ауысуын құптау.
Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процесстердің қалыптасу процессін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді.
Жас ерекшелігі психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы,жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Педагогикалық психологиясының пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестердің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке-дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының біртұтастығы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек, жас өспірім – ортақтығымен түсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтің мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы – жас ерекшелігі психологиясының бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы – педагогикалық психологияның бөлімдері. Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясына теңдей қатысты. Педагогикалық және жас ерекшелігі писхологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде қарастырады, сонымен бірге оқыту мен тәрбиелеу де өзінен-өзі оқыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғни баладан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.

2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологисының пайда болуы және алғашқы дамуы. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі ХІХ ғасырдың екінші жартысына жатадыжәне психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам – тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К.Д.Ушинский мұғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: «...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар» - деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына аса зор зейін аудартты. Психология зерттейтін дректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызы аса көрнекті орыс ғалымы И.М.Сеченов те атап көрсеткен болатын.


Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады.Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т.б.), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі психологы П.Ф.Каптеревтің «Педагогикалық психологиясы» (1877), америка психологы У.Джеймстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық- педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.
Бірақ көп кешікпей түңілушілік басталды. Ол кезеңдегі жалпы психология педагогиканың қажеттілігіне жарайтын мардымсыз ғана білім қорын бере алатын еді. Оның үстіне психологтардан тапқан кейбір деректері педагогтарды қателестіруге дейін апаратын. Мәселен, Эббингауздың мағынасыз буындарды есте сақтауда құрылған есті зерттеуі үнемі тек мағыналы материалды есте қалдырумен шұғылданатын мұғалімдердің бай тәжірибелеріне көп жағдайда қайшы келетін қорытындыларға алып келді. Бұл жағынан алғанда Россиядағы педагогикалық съездердің тарихы көп жайды білдіреді. 1906 жылы Петербургте педагогикалық психология жөнінде І съезд шақрылды. Педагогикалық психология өкілдері А.П.Нечаев, Н.Е.Румянцев т.б. сол кездегі педагогикалық әдебиетті өткір сынға алды. А.П.Нечаев педагогикалық әдебиеттің «бос сөзділігі» және «дәлелсіз пікірлері» жаңа шын мәнінде негізделген педагогика үшін мықты іргетас бола алмайды деп есептеді.А.П.Нечаевтің көзқарасы бойынша, дидактика мен методиканың барлық даулы мәселелері эксперименттік-психологиялық зерттеу саласына, яғни құбылысты дәл тіркеп, нәтижелерін математикалық талдаудан өткізе алатын зерттеуге жатады. Алайда тексере келгенде құбылыстарды бұлай дәл тіркеу тахистоскопты пайдалана білуге және ассоциативтік эксперимент жасай білуге, яғни жалпы психологияның кейбір әдістеріне сүйенуге тырысуға келіп саяды.
Педагогиканы жалпы психологиямен байланыстырып, осы қосындыдан жаңа педагогикалық психология көруге тырысудың сәтсіздігінің тағы бір себебі жалпы психологияның А.П.Нечаев бағдар алуға тырысқан теориялық негіздері сипаты жағынан идеалистік болғандығынан еді. Педагогикалық психологияның (1910 жылдан бастап «эксперименттік педагогика» деп аталған) негізсіздігі жұрттың бәріне айқын болды.
Педагогикалық психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде жасалынатын аса маңызды қорытынды мынада психологияны педагогикалық практикамен жақындастыру (ал бұл мәселені қоя білуде А.П.Нечаевтың сөзсіз еңбегі бар) тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзінде эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкін.Эксперименттік деректер психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз зерттеулерінің нәтижесінде алынуы қажет. Бұл мақсат үшін педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының маңызды теориялық әрі методологиялық міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу қажет болды. Бұл жерде оқыту процесіне қатысы бар психикалық дамудың қайнар көздері деген проблема алдыңғы орынға шықты.
♦ жас ерекшеліктер психологиясы сүйенетін басты ұғымдардың (даму, жетілу, өсу) мәнін ашыңыздар;
♦ психолог ғалымдардың адам дамуындағы бүгінгі күнгі көкейкесті мәселелерге қаншалықты қатысты екендігін зерделеңіздер, ойларыңызды нақты мысалдармен толықтырыңыздар;
♦ бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм бағыт-тарының аталмыш пәннің дамуына қосқан үлесін сипаттаңыздар
Анықтамалық материал
Жеке адамның даму аймағы биологиялық, когнитивті және әлеуметтік болып үшке бөлінеді.
А. Биологиялық фактор сипаттамасы
Биологиялық аймаққа дене пішінінің өсуі, ішкі ағзалардың, ми құрлысының өзгерістері жатады. Дамудың биологиялық процесстеріне: өсу, жетілу, қартаю жатады.
Өсу – психологиялық мүмкіндіктердің, ішкі ағзалардың және тұтас ағзаның мөлшерінің үйлесімді ержетуге дейінгі үлкеюі.
– сандық өзгеріс.
– ұзынықтың, салмақтың, жалпақтықтың өзгерісі.
Жетілу – генетикалық жоспарға сәйкес өсудің өзгеруі.
– морфологиялық өзгерістер.
Қартаю – ағзадағы үйлесімді ержетуден кейін жүретін биологиялық өзгерісі.
Холл, Бюллер, Штерн сияқты зерттеушілер бала дамуын биогенетикалық заңдылықтарға сүйене отырып қарастырды. Олардың айтуынша бала жалпы дамуында адам эволюциясын қайталап өтеді.
Когнитивті (латын сөзінен – «білім» деп аударылады) аймаққа ақыл-ой мен таным процесстерінің өзгеруі жатады.
Б. Адам дамуында әлеуметтік факторлар рөлі
Әлеуметтік аймаққа:
- тұлғаның дамуы
- адамдар арасындағы қарым-қатнас
- мінез қалыптасуы жатады.
Ұлы ғұлама Аристотель «Адам - әлеуметтік мақлұқ» демекші, адам басқа адамдар арасында ғана дамиды. Адам баласы тәжірибені үйрену арқылы алады. Жеке адам бірнеше факторлар әсерінен дамиды, ол факторларға жатады.

Микрофактор: Адамдар арасындағы алғаш ақпаратты ата-аналарынан, бауырларынан алады.


Мезофактор: Бала әлеуметтік нормаларды сыныптас балалар арасында жүріп игереді.


Макрофактор: Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде бала дамуының мазмұны, тереңдігі мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларда қарастырылған. Балалар дүние, табиғаттың құбылыстары, біздің еліміздегі, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өмірінің оның іс-әрекеті туралы білімнің бастапқы негіздерін игереді.


Экзофактор: БАҚ алынған мәліметтер арқылы баланың сыртқы ортаға бейімделуі.
Жеке адамның дамуына және мінез-құлқында дүниетанымның ролін баса айта кетіп, А.С.Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі, идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек,-деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына енуі керек. Түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып халықтың рухани сезімін, адамгершілікті қасиетін, мінез-құлқын ғана қалыптастырып қоймай, дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер негізінен мағлұмат береді.
Табиғаттағы заңдылықтың басы ұла үйлесім (гармония), оның негізгі шарттарының бірі танас (симметрия). Сондықтан да адамның биологиялық жетілуі оның әлеуметтік үйренуіне сәйкес болу керек.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық ж/е еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Сонымен мектепте жеке, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Австрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор. Әйткенмен бихевиоризм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихевористік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабы жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.
Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.
Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды. Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.
Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.
Әдебиеттер:
1. Жұбаназарова Н.С Жас ерекшелік психологиясы Алматы,2013
2.Бапаева М.Қ.Даму психологиясы.Алматы,2014
3.Сатиева.Ш. Даму психологиясы.Алматы,2015
4.Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбегі.Алматы,1999
5.Выготский Л.С. Проблема возраста. Собр.соч.Т.4.М.,1984
6.Возрастная и педагогическая психология.//под.ред.А.В.Петровского. М.,1986
7.Возрастная и педагогическая психология. //под.ред. М.В.Гамезо, М.В.Матюхиной, Т.С.Михальник. М.,1984
8.Возрастная психология.//под.ред. Л.Ф.Обуховой. М.,1996
9.Мухина В.С. Возрастная психология. М.,1998
10.Люблинская А.А. Детская психология. М.,1971

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет