Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама


Салауатты өмір салтын қалыптастыру



бет6/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақсаты: Білім алушылардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу, денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну, дене тұрғысынан жетілу. 

Міндеттері: 

  • салауатты өмір салты принциптерін іске асыру үшін жағдайлар жасау;

  • мектеп оқушылары мен студенттердің салауатты өмір сүру принциптері мен дағдыларын меңгеруі, дене тәрбиесімен және спортпен тұрақты шұғылдану қажеттілігіне тәрбиелеу;

  • мектеп оқушылары мен студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту, ағзаның дұрыс қалыптасуы мен

жан-жақты дамуына ықпал ету;

  • спортты дәріптеу;

  • денсаулыққа құндылық ретінде жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша әлеуметтік тәжірибені белсендіру;

  • дене жаттығуларымен шұғылдануда саналы қажеттіліктерді қалыптастыру, дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануға, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға және бұқаралық спорттық іс-шараларға практикалық қатысуға, сондай-ақ спорттық жарыстарды ұйымдастыруға тарту;

  • денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, белсенді демалысқа, дене тәрбиесімен, туризммен және спортпен шұғылдануға тарту.

Қыркүйек айында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты сенбілік, акциялар өткізілді. Мақсаты: мектеп ауласын таза ұстау, табиғатты қорғау, тазалық-денсаулық кепілі екенін ұғындыру. «Салауаттану – болашағыңды сәулелендіру» тақырыбында дәрігермен кездесу өткізілді. «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 9 қазан күні мектебіміздің түлектерінің ұйымдастыруымен сыныптастары Балтабай Бекдосты еске алу турнирі болды, яғни қол күрестен және баскетболдан 9-11 сыныптар аралығында жарыс болды. Турнирдің мақсаты: салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу, оқушылар арасында бір-біріне деген достық қатынасты нығайту. Жарыс соңында жеңген сыныптарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «СПИД – ғасыр дерті» атты апталық жарияланды, апталықта оқушылар қолына қима қағаздар таратылды, «Нашақорлық менің көзіммен» тақырыбында шығармалар, сурет байқауы, аудандық аурухананың дәрігерлерімен кездесу өткізілді және денсаулыққа байланысты видеороликтер көрсетілді. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында күзгі каникул, қысқы каникул, көктемгі каникул кездеріндегі демалыс күндеріне іс-шаралар жоспары құрылып, оқушыларға спорттық жарыстар, флеш-мобтар, пікір-сайыс өткізілді. 7 сәуір – Денсаулық сақтау күніне орай онкүндік жарияланды, медбикелер «Тазалық – денсаулық кепілі» атты жадынамалар таратты, «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» тақырыбында дөңгелек үстел, «Табиғатты аялайық!» атты сенбілік, акция, «Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық жарыстар өтті.

21 мамыр – Ұлттық ойындар күніне орай Ұлттық ойындардан асық ату, теңге ілу жарыстары өткізілді.

Каталог: document library
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет