Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама


Мұғалімдермен жүргізілген жұмыс түрлері



бет14/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
#1000
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


Мұғалімдермен жүргізілген жұмыс түрлері




тақырыптар

жұмыс түрі

1

«Сіздің мектепке деген көзқарасыңыз?»

сауалнама

2

«Дарындылықты анықтаудың психологиялық аспектілері», «Дарындылықты анықтау жолдары»

семинар-тренинг, баяндама

3

1-5 сынып мұғалімдеріне дезадаптация жөнінде кеңес беру

кеңес

4

«Жасөспірімдегі суициал мінез- құлықты алдын алу, түзету»

кеңес

5

«Жас маман-алға бас қадам»

тренинг

6

«Мұғалім мен оқушы» олардың қарым-қатынасы

анкета

7

«Мұғалімдердің комуникациялық ұйымдастырушылық қаблетін анықтау»

тест

8

«Девиантты балалармен жұмысты ұйымдастыру»

семинар

9

Педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау

анкета

10

Сұраныс бойынша кеңес беру

«Сенім» жәшігіне түскен хаттармен жұмыс



әңгіме,пікір алмасу, кеңес


Оқушылармен жүргізілген жұмыс түрлері




Тақырыптар

жұмыс түрі

1

«Ренішті қалай кешіруге болады?»

тренинг

2

«Қыздың қылығы үйде»

баяндама

3

«Агрессиядан қалай қорғануға болады»

баяндама

4

«Стрессті жеңу үшін не істеу керек?»

кеңес

5

«Өміріміз өз қолымызда»

фильм

6

«Өзіңе деген сенімділік»

кеңес

7

«Өзіңді таны-өзгені қорға»

Дөңгелек үстел

Мектептегі оқу-тәрбие іс-шараларының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде құқық бұзушылық жағдайлары, мектепішілік есепке алынған, қоғамда орын алған зиянды заттарға деген құмарлыққа берілген оқушылар анықталған жоқ. Оқушыларға, ата-аналарға сұраныс бойынша жеке кеңестер берілді, түзету жұмыстары жүргізілді, мұғалімдермен ағарту іс–шаралары ұйымдастырылды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мектептегі психологиялық, эмоциялық ахуалдың жақсарғаны байқалады, бұл оқушылардың жеке тұлға ретіндегі дамуын бақылау және оған қатысу, оның ой-өрісін түсінуге көптеген мүмкіндіктер береді.



Психодиагностикалық жұмысты жетілдіру мақсатында мына төмендегі міндеттерді алға қояды:

1. Оқушылардың өзара қарым–қатынасын түзету, әр оқушының сынып ұжымындағы өз орнын сезінуін қалыптастыруға бағытталған жұмысты ұйымдастыру;

2. Сынып жетекшінің психологпен байланысын күшейтуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

3. Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту бойынша жұмысты күшейту:

- психологиялық–педагогикалық ағартуға қатысуға деген қызығушылық, жағымды мотивация қалыптастыру;

- ата–аналардың өз балаларына білім алу барысында қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін дағды мен қабілеттерінің қалыптасуына жағдай жасау, «талантты» ата-аналарды анықтау;

- жасөспірімдермен конструктивті қарым- қатынас әдістері мен құралдарын меңгеруге үйрету, ата-ана белсенділігінің қалыптасуына ықпал ету;

- ата-ана тәжірибесімен «тең-теңімен» моделі бойынша бөлісуге жағдай жасау, ата-аналарды білім беру ортасын жобалауға талпындыру.

Мектептегі өткізілген әртүрлі тақырыптағы іс-шараларға қатысып, дер кезінде аудандық «Жаңа өмір» газетінің бетінде жарияланып отырылды.

Өсіп келе жатқан ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де, мықты көңіл бөлінуі қажет. Ал бүгінгі күні ұстаздың басты мақсаты-өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әр бір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.Алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, өмірде өз орнын таба білетін адамның қажеттілігін қалыптастыруына жақсы тәрбие, терең білім беру үшін жұмыс жасаймыз



  1. Құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жөніндегі жұмыстар

Құқықтық білім беру- бұл оқушыларға, педагогтарға және ата- аналарға құқықтық тәрбие беру мен құқықтық ағарту- насихат жұмыстарын жүргізудің жүйесі.

Мақсаты: құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу
Мақсаттары:
Республика Конституциясын, еліміздегі заңнама негіздерін, Конституцияны қатаң сақтау қажеттілігін, мемлекеттің заңдары мен басқа да құқықтық актілерін білуді, жеке іс-әрекеттері үшін өзінің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;
құқық нормаларын, қоғамның құқықтық жүйесінде орын алатын заң мен процестердің талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуді, құқықтың әлеуметтік құндылықтарын, заңдылықты, соңғысын қамтамасыз етудегі жеке рөлін, заң бұзушылықпен күрестің тәсілдері мен құралдары туралытүсініктерінқалыптастыру;
құқыққа, басқа тұлғалардың құқықтары мен еркіндігіне, заң бұзушылық фактілеріне, мемлекеттің және елдегі құқықтық тәртіпті белгілеу органдарының қызметіне деген тиісті эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыру;
құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайдалана білу дағдылары мен іскерліктерінқалыптастыру;
адамның өз бойындағы жағымды қасиеттерді жетілдіруге, жағымсыз әрекеттерге, заң бұзушылық болған жағдайда қарсы тұруға психологиялық дайын болуын қалыптастыру.

2014-2015 оқу жылында мектебімізде құқықтық білім беру , құқық бұзушылықтың алдын- алу, құқықтық сауаттылықтарды арттыру мақсатында және ішкі істер бөлімімен біріккен іс – шара жоспары бойынша жұмыстар атқарылды.

Мектеп оқушыларының арасында тәртіп бұзушылықтың алдын- алу бойынша 11 адамнан тұратын құқықтық кеңес жұмыс атқарды.

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында іс- шара жоспарланып, қазан айының 20 мен 30 аралығында акция жүргізілді.

Оқушылармен дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, дебат, кездесулер өткізіліп, шығарма және сурет байқауы жүргізілді.

Тәрбие жоспары 1-4, 5-9, 10-11 сыныптарда жас ерекшеліктеріне қарай құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған бағдарлама бекітіліп, жұмыстар жүргізілді.

Оқу кабинеттерінде құқық бұрышы орналасқан, онда заңнамалар мен оқушы, ата- ана міндеті мен құқығы орналасқан.

Педагог- психологтар тарапынан айына 1 рет бопсалауды анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, нәтижесімен жұмыстар жүргізілді.

Оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында тоқсанына 1 рет сауалнама алынып, нәтижесімен жұмыстар жүргізілді.

Ата- аналардың да құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында сыныпта қыркүйек айында сынып жетекшілер тарапынан жиналыс жүргізіліп, ата- аналарға бала алдындағы міндеттері мен құқықтары туралы мәлімет берілді.

1-11 сынып оқушылары мен ата- аналарына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодекісіндегі өзгеріс таратылып, таныстырылды.

Бірлестікте оқушы мен ата- ананың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында сыныптан тыс ашық түрде іс- шаралар жоспарланып, өткізілді. Бірақ , осы жерде ата- аналардың жиналысқа , іс- шараға келуі төменгі деңгейде 30-50 пайызды ғана құрайды.

Ұстаздармен «Педагогикалық тактіні сақтай білейік!» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілді.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңындағы «Педагог қызметкердің құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі» туралы 51 бабының 3-4-6 тармақтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектебімізде сонымен қатар мобильдік топ жұмыс жүргізеді, оның да мақсаты түнде және мөлтек аудан бойынша құқық бұзушылықтың алдын- алу. Түнде тойханада жұмыс істеп жүрген оқушы анықталып, ата- анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2015 жылғы 01 наурыздағы №11-708 хатына сәйкес мектебімізде «Жасөспірім» атты кең мақсатты жедел алдын алу іс шарасы жоспарланып, өткізілді. Оқушыларға «Жасөспірім» атты республикалық кең мақсатты жедел алдын- алу іс- шарасының өтіп жатқанын, оның мақсаты таныстырылды.

7 – 11 сынып оқушыларынан әлімжеттік жасау, атыс қаруын, суық қаруды және басқа да сақтауға тыйым салынған заттар мен нәрселерді анықтау мақсатында сауалнама мен рейд жүргізіліп, нәтижесінде ешқандай факті анықталған жоқ.

7 сынып оқушыларына әлімжеттік жасаған жағдайдағы заңнамалар таныстырылып, суық қаруға жататын заттар мен алып жүруге тыйым салынған заттар туралы мәлімет берілді.



8-11 сынып оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты болдырму және әлімжеттік пен атыс қаруын, суық қаруды және басқа да сақтауға, алып жүруге тыйым салынған заттарды алып жүруден сақ болуға, ата- аналарға өз балаларын тәрбиелеуде жауапкершіліктерін арттыру мақсатында «Жасөспірімдердің жауапкершілігі және олардың құқықтары» тақырыбында іс- шара өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет