Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама



бет16/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,07 Mb.
#1000
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2015 жылдың ақпан айының 2-сі мен 2 наурыз аралығында құқық тәрбие айлығы жарияланған болатын.

Бұл құқықтық тәрбие айлығын жүргізудегі мақсат оқушылардың құқықтық білімдерін арттыра отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру және тәртіпсіздіктің алдын алу, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау және ата-аналар мен ұстаздардың бала тәрбиесіндегі ролін арттыру.



Міне, осы тұрғыда сынып жетекшілер сыныптарында ата- ана мен оқушының құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында дөңгелек үстелдер өткізіп, оқушыларға міндеттері мен құқықтары туралы , ал ата- аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін тағы да міндеттеді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапаркулова Сауле Жарқынбекқызының бастауымен құқық кеңесі мен 1 және 2 деңгейлік курсты бітірген ұстаздар Алиев Амантай Әбдіқайырұлы, Байтугелова Күнсұлу Мұратқызы және Қабылбекова Гүлнар Әбдіразаққызы мектептің ата- аналарымен « Ата- ана , Мектеп, Оқушы» тақырыбында коучинг жүргізді.

Ата- аналар «Мектеп мен үшін...» әдісі арқылы мектептің ата- ана үшін баласының 2 -үйі және білім мен тәрбие ордасы екеніне тоқталды.

«Сіз бала тәрбиесін қаншалықты өз деңгейінде жүргізудесіз?» тақырыбында ата- аналардан жасырын сауалнама алынып, жалпы нәтижесімен таныстырды.

«Сәтсіз отбасы мен бақытты отбасы» туралы бейне ролик көрсету арқылы ата- аналарға 2 түрлі жағдайда тәрбиеленіп отырған баланың тәрбиесі туралы ой қозғады. Және ата- ана бала тәрбиелеудегі күшті жақтарын, әлсіз тұстары мен мүмкіндіктерін көрсетіп, шешім қабылдады.

Сонымен бірге құқықтық тәрбие айлығы кезінде қаңғыбастыққа салынып себепсіз 10 күн сабаққа келмей жүрген оқушыларды анықтау мақсатында да іс- шаралар жүргізілді және ондай оқушы анықталған жоқ.

Түн мезгілінде беймезгіл жүрген оқушыларды анықтау мақсатындағы рейд жұмысы да жүргізілуде.

Мектепішілік девиантты мінез- құлықты оқушылармен мектеп психолгтары мен дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен эстафеталық ойындар жүргізілді.

Мектепте бала құқығын қорғау бойынша аға тәлімгер Б.Мдибекованың басқаруымен «Полицияның жас көмекшілері» тобы құрылған. Топтың командирі 10 сынып оқушысы Ділдәбек Серік өз тобымен ай бойы жұмыс жасады. Мектеп ауласында,мөлтек аудандарда, көшелерде тәртіпті қадағалау, сыныптан тыс іс-шараларда кезекшілік ұйымдастыру. Сабақтан себепсіз қалмау және кешікпеу мақсатында жұмыстар жүргізді.

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық және өңірлік бағдарламасын орындау және нашқорлық , ЖҚТБ, шылым шегудің алдын- алу бойынша аудандық орталық емханамен біріккен іс- шара бойынша жұмыстар атқарылуда. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында темекі шегу мен нашақорлықты анықтау мақсатында педагог- психологтар айына

1 рет сауалнама алып отырады және сенім жәшігі бойынша да айына 1 рет жұмыс жүргізіледі. Нәтижесінде есірткі мен темекі шегетін оқушылар анықталған жоқ.

Әлеуметтік педагог, педагог- психолог, мектеп медбикесі және нарколог дәрігерлермен бірге оқушылар арасында пікір- сайыс, кездесу, дөңгелек үстелдер және шығармашылық жарыстар өткізілді.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс- шара жоспарланып, жұмыстар атқарылуда.

Оқушылар мен ата- аналардың сауаттылығын артыру мақсатында діни экстремизм мен терроризм туралы мәліметтер беріліп, іс- шаралар атқарылуда. 5-11 сынып оқушыларымен «Діни экстремизмді қалай түсінесің?» тақырыбында сынып сағаты, « Діни экстремизм- қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет» тақырыбында дөңгелек үстел, 8-11 сынып оқушыларымен «Адам және қоғам діни экстремизмге қарсы!» тақырыбында іс- шара, «Дін жайында не білеміз?» тақырыбында пікір- талас жүргізілді.

Педагог- психологтар оқушылардың діни сауаттылығын анықтау мақсатында, мешітке баратын оқушыларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп және рейдке шығу нәтижесі бойынша мешітке баратын 9 сынып оқушысы Лесбек Мирас үйінде ауырып жатқан кезінде барғаны анықталды. Ал сабақ кезінде мешітке баратын оқушылар жоқ.

Терроризм- мұны әркім білу қажет! стенд жасалып, ата- аналар мен оқушыларға арналған мәліметтер ілінді! Эвакуация туралы хабарлама,

5-11 сынып оқушыларымен «Телефон арқылы қауіпті жағдай болған кезде», «Бопсалаудың жазбаша түрі», «Кепілдікке алу кезінде», «Террористік акт жағдайында ғана емес, өрт кезінде, қауіпті жағдайлардағы эвакуация» туралы, 9-10 сынып оқушылары мен жас мамандар арасында «Терроризмді жою жолдары!» тақырыбында пікір- сайыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілде № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңын орындау бойынша іс- шара жоспарланып, атқарылуда. 9-11 сынып оқушыларымен «Жастардың үлкен үлесі- жемқорлықпен күресі» тақырыбында пікір- сайыс және «Жемқорлық балалар көзімен» сурет байқауы, ұстаздармен «Сыбайлас жемқорлықты жоюдың жолдары бар ма?»тақырыбында пікір- сайыс, 9-11 сынып оқушылармен «Жемқорлыққа салынсаң, Шын қорлыққа малындың!» тақырыбында мүшайра жүргізілді. Мектепте 2-14-41 сенім телефоны үздіксіз жұмыс атқаруда, тоқсанына 1 рет 3- бейсені күні сыбайлас жемқорлықты анықтау мақсатында штаб отырысы өтіп отырды.



Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша, сабақтан себепсіз қалатын 22 оқушының ата- анасына хабарлама жіберіліп, нәтижесінде 8ә, 8 б сынып және 8ә сыныптан Эрманов Мадияр жеке қадағалауды қажет етті, яғни мектепішілік тіркеуде болды.

№ 29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің аудандық, мектепішілік алдын- алу есебінде тұрған оқушылардың 3 жылдық салыстырмалы диаграммасы
Жуалы аудандық КТІЖ бөлімнің инспекторы полиция капитаны А.Мандыров «Есірткііз болашақ!» тақырыбында , «Құқықтық сауаттылық – заман талабы!», «Маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын- алу!», ЖАІІБ инспекторы аға лейтенант Базарбеков Нұрлан, аудандық соттан Нартаева Гүльсара, ауыл әкім апаратының бас маманы Қалиев Темірхан, Жастар орталығының директоры Сейдалиев Нұрсұлтан, Жастар нұсқаушысы Темушов Мейіржан , ата- ана Өміралиева Жазира, Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев Алмас, Жуалы мешітінің бас имамы Амирбаев Нұрланның қатысуымен «Жасөспірімдер арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға жол бермейміз!» тақырыбында дөңгелек үстел, Жуалы ауданы прокурорының аға көмекшісі Б.Берікбаев «Оқу жылы басталғанына байланысты кәмелетке толмағандардың арасында қылмысты болдырмау!» мақсатында, Жуалы АІІБ – нің ӘПБ ӘЗЗҚТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ж.Ергебеков «Отбасы – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында жиын, Жуалы ауданы прокурорының аға көмекшісі Б.Берікбаев «Жаңа қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару кодекстері қабылданғаны, олардың кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты баптары мен нормалары өзгерістерге ұшырағаны туралы» жиын, осы тақырыпта АІІБ полиция лейтенанты Н.Базарбеков, АІІБ қызметкерлері Е.Сатымбеков пен А.Мандыров «Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында жиын, Жуалы АІІБ- нің ӘПБ ЮПТ полиция лейтенанты «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі өзгерістер» туралы, Бурное станциясы ЖПБ бастығы М.Абиев, Бурное ст. бастығы М.Сарсенбаев, ЭЧК бастығы Б.Абдреимов, ПЧ- 52 мастері Т.Саурықбаев «Темір жол бөлшектерінің ұрлануына жол бермеу және қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын- алу » тақырыбында жиналыс, Жуалы ауданы прокурорының аға көмекшісі М.Шүкеев, Жуалы ауданы прокурорының аға көмекшісі Н.Артаев «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын- алу» мақсатында іс- шара, Жуалы АІІБ- нің ӘПБ ЮПТ полиция лейтенанты Н.Базарбеков « Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жаз мезгілінде өз- өздерін дұрыс алып жүру» мақсатында жиын өткізді. Осындай іс- шаралардың нәтижесінде АІІБ алдын-алу есебінде тұрған оқушы болған жоқ.


Тоқсан сайын оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог ұйымдастырушы, аға тәлімгер, медбике, кітапхана меңгерушісі мен «Жасұлан» ұйымының президентінің бірлескен рейтингісі шығарылып, нәтижесінде сыныбы өз деңгейінде ұпай жинаған сынып жетекшілер марапатталып отырды.

Каталог: document library
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет