«Еркін микрофон» деген атпен өткіздік онда өзін-өзі тану пәнінің авторы Сара Алпысқызының өмірбаянымен оқушыларды таныстырып,слайд көрсетіп,осы онкүндіктің тығыз байланысын таныстыра отырып,оқушыларға ол кісінің биыл 75 жылдық туған күні тойлағалы отырғанын түсіндірдік және оқушылар өздерін еркін сезініп,тілектерін айтып,тілек ағашына тілектерін ілді онымен қатар қабырға газеттеріне I,II,III орындар әділқазылар үздік шығармашылық жұмысты таңдап марапаттау жүргізілді. Жалпы айтар болсақ осы онкүндікте жоспарланған іс-шаралар барлығы жақсы өтті,қызығушылық болды,оқушылар мұғалімдер белсенді қатысты. «Өзін –өзі тану» аптасының соңында балалар бұл пәннәң мектепте өтілуінің қажеттілігін, өзіңді балалық шағыңнан тану керек екенін сонда үлкен өмірге қадам жасаудың оңай болатынына көздерін жеткізді. Бұл пән жақсы көруге, қайырымдылық жасауға тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |