Оқу жылындағы педагог-ұйымдастырушының «Өзін-өзі басқару» ұйымы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша мәтіндік есебі



бет1/4
Дата02.02.2023
өлшемі1,75 Mb.
#167176
  1   2   3   4
Байланысты:
Өзін-өзі басқару ұйымы мәтіндік есеп 2022-2023
Айша, Дыбыс үндестігі. Ілгерінді ықпал

«Шошанай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
2022-2023 оқу жылындағы педагог-ұйымдастырушының
«Өзін-өзі басқару» ұйымы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша мәтіндік есебі (қыркүйек-қаңтар)
2022-2023 оқу жылында «Шошанай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» КММ-де 1-11 сынып оқушыларының бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу мақсатында өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жүргізу жоспары құрылды. Өзін-өзі басқару ұйымының құрылымы 8 фракциядан тұрады:
Мектеп Президенті: 10-сынып оқушысы Бекмуханова Сырғалым
1. Құқық және тәртіп фракциясы (10-сынып оқушысы Молдахан Жалғас)
2. Ақпарат фракциясы (9-сынып оқушысы Болат Жансая)
3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы (10-сынып оқушысы Қанатбек Сұлтан)
4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (10-сынып оқушысы Адилбек Аяжан)
5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік) (9-сынып оқушысы Серікбай Мәншүк)
6. Мәдениет және өнер фракциясы (8-сынып оқушысы Серікбай Күнімай)
7. Дебат қозғалысының фракциясы (10-сынып оқушысы Жікен Жасұлан)
8. Экология және еңбек фракциясы (10-сынып оқушысы Болат Ерасыл)



  • ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТӘРТІП ФРАКЦИЯСЫ бойынша2022 жылы 22 қыркүйек күні мектебіміздің «Өзін- өзі басқару» ұйымының Президентін сайлау өткізілді.
    «Өзін- өзі басқару» ұйымына Президент лауазымына 4 оқушы өтініш берді:
    1. 10 сынып оқушысы Сырғалым Бекмуханова
    2. 10 сынып оқушысы Жалғас Молдахан
    3. 9 сынып оқушысы Арман Асқар
    4. 8 сынып оқушысы Күнімай Серікбай

Сайлаудың комиссия құрамы бекітіліп, сайлау алды дайындық пен өткізу жұмыстарын жүргізді.
1. Сайлау комиссиясының төрағасы: ДТІЖ орынбасары Лиза Куджантаева
2. Сайлау комиссиясының төраға орынбасары: педагог-психолог Балауса Медиева
3. Сайлау комиссиясының хатшысы: педагог-ұйымдастырушы Балжан Толегенова
4. Сайлау комиссиясының мүшесі: АӘД пәні мұғалімі Назарбек Бекетай
5. Сайлау комиссиясының мүшесі 2021-2022о.ж мектеп президенті Ерасыл Болат
Мектеп президентіне үміткерлердің өзінің бағдарламаларын таныстыру үшін ақпарат бұрышы шығарылды, олардың бағдарламалық тезистері әлеуметтік желілерде жарияланды. Сайлауға 6-11 сынып оқушылары, ұстаздар мен мектеп қызметкерлері қатысып, өз дауыстарын берді. Сайлау сағат 10:00де басталды. Сайлау нәтижесінде 10 сынып оқушысы Бекмуханова Сырғалым Елжанқызы жоғары 39% пайыз дауыс жинап, мектеп президенті болып тағайындалды. Ал қалған оқушылар Молдахан Жалғас 33% дауыс жинап премьер министр, Асқар Арман 7% дауыс жинап білім министр, Серікбай Күнімай 20% дауыс жинап мәдениет министр лауазымына тағайындалды. Сайлау біткеннен кейін сайлау хаттамалары толтырылды.
https://www.facebook.com/shoshanai.mektebi.1/posts/pfbid02nRnHsmsCSfHDHm5uk5hN2GAxMf2bqJehgdP5VfmvauVhwMbdpXraoKNjEskaP4WBl



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет