ДЕБАТҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ БОЙЫНШАМектепте «Самғау» дебат клубы жұмыс жасайды. Клуб мүшелерінің құрамы биылғы оқу жылында жаңа мүшелермен толықты. Клуб жұмысын жандандыру үшін бұйрық шығарылып, жылдық жоспар жасалынған. Дебат-болашағы жарқын, танымал қызмет түрі, белсенді жастардың ортасы.
15 қараша күні Ұйғыр Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жарқын болашаққа жастардың сенімі" атты дебат сайысына мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Берлиғожа Сержан мен 10-сынып оқушысы Бекмуханова Сырғалым қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды.
https://www.facebook.com/shoshanai.mektebi.1/posts/pfbid01AUr74h6oN77e4YRzkoL7rfY4kbknnvp6YgYGUH8wgRBxMgmy6Ab9u1KjLeunX1zl
23 қараша күні "Самғау' мектепішілік дебат клубының жетекшілері Балжан Толегенова мен Сержан Берлиғожаның ұйымдастыруымен "Парасат" пән бірлестігінің "Тіл мен тарих - халық қазынасы" атты пән апталығында 8-11 сынып оқушылары арасында " Бақытты бала болашақ кепілі" атты дебаттық ойын өткізді. Нәтижесінде 1-орын 10-сынып оқушылары " Қыран" тобы, 2-орын 9-сынып оқушылары "Феникс" тобы, 3-орын 11-сынып оқушылары "Номад" тобы, 8-сынып оқушылары "Жас Алаш" тобы иеленді.
https://www.facebook.com/shoshanai.mektebi.1/posts/pfbid033x7KiZuDvWQhdwbbYBokWbEeoaW3CFbesaUZLqKbL7dnaus3n7KRXmufgi1Rp91pl
14-желтоқсан күні педагог-ұйымдастырушы Б.Толегенованың ұйымдастыруымен "ЖАС ҰЛАН" балалар және жасөспірімдер ұйымына оқушыларлды қабылдау рәсімі өткізілді.
https://www.facebook.com/shoshanai.mektebi.1/posts/pfbid09YTyawGC3UKBjmpaFw16qGdXfK8E5TerEeoGfJchCTp9gewJvHcX5ar8aHGvdMSQl
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ЖӘНЕ БАҚЫТ ФРАКЦИЯСЫ БОЙЫНША 29-30 желтоқсан күндері Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір - біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары арасында «Жаңа Жыл – 2023» атты мерекелік шаралар болып өтті.
https://www.facebook.com/shoshanai.mektebi.1/posts/pfbid0AvWwBVUzYFkL2au5cLbWvjqcWz2dTksj81yRot34hGH6ZB88LorW5eevDzungSoSl