Оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы



Дата14.04.2017
өлшемі239,77 Kb.
#13757
2015-2016 оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы

Қаңтардың 25-інен 30-на дейін «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» тақырыбы бойынша тілдер апталығы өтті.



Мақсаты: Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, тілдерді құрметтеуге, ойларын жүйелеу білуге тәрбиелеу.

Қаңтардың 25-і күні апталықтың ашылуы болды. Оқушылар үш тілде тіл туралы өлең жолдарын оқыды, оқушыларды апталыққа белсенді қатысуға шақырды. Әр пәндерге қатысты ребустар дайындалды. Бұл күні 5-9-сыныптар аралығында пәндер бойынща «Дәптер-оқушының айнасы» дәптер көрмесі ашылды. Қазақ тілінен ұсынылған дәптерлер келесі оқушылардың дәптерлері болды: Сабур Жанар– 6-сынып ,Егістай Алуа – 9-сынып, Каримжанова Айнұрд -5-сынып, ал орыс тілінен : Мынжасаров Жанболат– 8-сынып, Егістай Алуа -9-сынып, Ахметбекова Айғаным - 8-сынып. Қаңтардың 26-сы «The clever boys and girls» («Ақылды қыздар мен ұлдар») деген ағылшын тілінде Жетписова С.З. 7-9-сыныптар аралығында сыныптан тыс жұмыс өткізді.Бұл сайыста оқушылар 2 топқа бөлініп : І топ «Funny» (Күлкілі), ІІ топ «Cheerfull» (Көңілді) , 9 кезеңнен өтті. Әрбір кезең қызықты, мазмұнды болды. Тапсырмаларға ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде жауап берілді. Мұғалім де, оқушылар да ағылшын тілінде сөйледі. Осы сайыста белсенді қатысқан оқушылар: Айдарбек Гүлмира, Фазыл Жадра, Қайыркеш Жанаргүл, Қозғанбай Асылбек, Мынжасаров Жанболат.Жеңіске жеткен ІІ топ «Cheerfull», топ басшысы Қайыркеш Жанаргүл. Қаңтардың 27-сі күні 6-сыныпта қазақ тілінен Абилова К.К. «Қайталау сабағы» атты ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта етістіктерге байланысты қайталау болды.Сабақ 7 кезең арқылы өтті. Әрбір кезеңде оқушылар сұраққа жауап беріп, тапсырманы орындап, бір-бірімен дәптерлерді алмастырып, қағаздан ұшақ жасап,сол қанатына сұрақтар жазып, ұшырып, кез келген оқушы қонған ұшақтың оң жақ қанатына берілген сұраққа жауап берді.Тіл туралы мақал-мәтелдер жазылды. Оқулықпен жұмыс атқарылды.Сабаққа қорытынды жасау үшін оқушылар жапырақтағы сұрақтар арқылы жауап берді. Барлық оқушылар осы сабақта белсенді қатысты, өз білімдерін көрсете білді.Сол күні Абилова К.К. орыс тілінен «Там на неведомых дорожках ...» атты

5,6-сыныптармен сыныптан тыс іс-шара өткізді. Осы іс-шара ертегілер туралы болды. Оқушылар сыныптар бойынша 2 топқа бөлінді. І топ «Кукушка» - 5-сынып, ІІ топ «Морозко» - 6-сынып. Берілген тапсырмалар қызықты болды. Ертегілердің суреттері ілінді, сол суреттер бойынша оқушылар ертегілерді атады. Үй тапсырмасында әрбір сынып ертегілер дайындады. 5-сынып оқушылары неміс халқының ертегісі «Кукушка», ал 6-сынып оқушылары қазақ халқының ертегісі «Алдар Косе и трусливый бай» туралы сомдады. Өздерін жақсы жағынан көрсеткен, белсенді атсалысқан 5-сынып оқушылары болды. Оқушыларға көбірек ертегілер оқу керек екені айтылды. Қаңтардың 28-і күні Жетписова С.З. 5-сыныпта ағылшын тілінен «Sport in our life» (Біздің өміріміздегі спорт) атты ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылар біздің өміріміздегі спорттық ойындар туралы ағылшын тілінде , сергіту сәтінде футбол, шаңғы туралы өлең жолдарын сөзбен айтып, слайд арқылы сұрақтарға жауап беріп, 12 жаңа сөзбен аудирования арқылы танысып, мәтінді оқып, оқулықпен жұмыс орындап, суреттегі спортшыларымызды танып, мұғалімнің көмегімен ағылшын тілінде оқып, аударып, әрбір оқушы жаңа сөздерді қайталап, өз мақсаттарына жетті. Ең белсенді қатысқан оқушылар: Фазыл Жанель, Каримжанова Айнұр. Сол күні 5-9-сыныптар аралығында Есмагамбетова А.К. «Тіл- ұлттың жаңы» деген іс-шара өткізді. Бұл іс-шара өте қызықты өтті. Әрбір сынып бойынша топ құрылды. Олар: 5-сынып «Фольклор», 6-сынып «Поэма», 7-сынып «Лирика»,8-сынып «Дастан», 9-сынып «Әдебиет» деген топтар. Кезең бойынша оқушылар тіл туралы мақалдар жазып, тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашып, қазақ тілінен, әдебиеттен сұрақтарға жауап беріп, өз тапқырлығын, білгірлігін көрсетіп, ұлылар сөздерін тауып, өз өнерлерін үй тапсырма арқылы ашып, өздерін жан-жақты көрсете білді. Өткізілген іс-шара өз мәресіне жетті. Осы іс-шарада үй тапсырмасын орындау кезеңінде 9-сынып оқушысы Айдарбек Гүлмира өзіне берілген образды шынайы сомдап, отырған көрермендерді жылатқызды. Осы сайыста ең жоғары ұпайға ие болған 9-сынып «Әдебиет» тобы, содан кейін кіші сынып болса да бір елі қалыспай 5-сынып «Фольклор» тобы, әрі қарай 7-сынып «Лирика» тобы, содан кейін 8-сынып «Дастан» тобы, 6-сынып «Поэма» тобы болды. Қаңтардың 29-ы күні 5-сыныпта әдебиеттен Есмагамбетова А.К.

Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі бойынша ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта мұғалім үй тапсырмасын М. Жұмабаевтің «Сағындым» атты өлеңін сұраумен бастады. Оқушылар үй тапсырмасын орындап келуде өте жаксы өз білімдерін көрсете білді. М. Жұмабаев туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар барлық сұрақтарға дұрыс жауап қайтарды. Жаңа тақырып үш бәйтерек туралы басталып, оның ішінде біздің жерлесіміз Сәкен Сейфуллин туралы әңгіме құрастырылды. Оның өмір жолы, жазған шығармалары туралы айтылды. Бұл сабақта мұғалім жалпы киік туралы сипаттап, ол туралы деректі фильм көрсетті, өлең жолдарымен таныстырылып, талдау жасалды. Оқушылар өз ойларын білдірді. Жаралы киікке қандай көмек жасайтынын айтып берді.

С.Сейфуллиннің бұл шығармасы әрбір оқушыға ерекше әсер етті. Сонымен бірге кроссворд шешілді, онда «Ақбөкен» деген сөз шықты. Өлеңге талдау «Иә», «Жоқ» деген сұрақтарға жауап арқылы жаңа тақырыпқа қорытынды жасалды. Ең белсенді қатысқан оқушылар: Дюсенова Дильназ, Каримжанова Айнұр, Фазыл Жанель. Сол күні «Кітаптар сыр шертеді» деген кітаптар көрмесін Жакишева С.А. ұйымдастырды. Қаңтардың 30-ы күні өткізілген тілдер апталығы бойынша қорытынды жасалды.

Қорытынды: Жоспар бойынша берілген сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар әдістемелік бойынша дұрыс өткізілді. Оқушылар ребус шешті, әр өткізілген іс-шараға белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Белсенді қатысқан сыныптар, оқушылар марапатталды.



ОІМ: Есмагамбетова А.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет