2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
ГЕОГРАФИЯДАН ПРАКТИКАЛЫҚ ТУРДЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ (8 - СЫНЫП)
Тапсырма 1.
Төменде берілген кестеден анықтама көрсетілген 1-бағанмен, географиялық ұғым атауы берілген 2-бағанды мағыналары бойынша дұрыс сәйкестігін табыңыз:
1. Шартты белгілермен және ірі масштабта орындалған жергілікті жердің сызбасы
|
Анаглификалық карта
|
2. Жер, аспан сферасы және басқа да планеталардың картографиялық бейнеленген шар тәріздес айналмалы үлгілері
|
Космостық түсірілімдер
|
3. Бүтін өнім ретінде бір бағдарламада жасалынған карталардың жүйелі жиынтығы
|
Фотокарталар
|
4.Жергілікті жердің суреті үш өлшемді кескінде берілетін карта
|
Жер бедері карталары
|
5. Белгілі бір беткейдің көлденеңін, тік бөлігін, бойлығын бөліп сипаттайтын үш өлшемді жалпақ картографиялық суреттер
|
Аэрофотосуреттер
|
6.Параллактикалық жылжытылып, екі түрлі түспен толықтырылып басып шығарылған карталардың барлығы стереожұпты суретті қалыптастырады
|
Глобустар
|
7. Компьютерлік техникаларда бағдарламалар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып қабылданған проекцияда, шартты белгілер жүйесімен, картографиялық дәлділік және рәсімдеу ережелеріне сәйкестендіріліп жасалынған карталар
|
Пландар
|
8. Тікұшақтан, ұшақтан немесе басқа да ұшу аппараты арқылы түсірілген жергілікті жердің фотографиялық көрінісі
|
Блок-диаграммалар
|
9. Спутник, орбиталық немесе планетааралық станциялар көмегімен түсірілген Жердің суреттері
|
Атластар
|
10. Фотосуреттерді біріктіру арқылы жасалынған карталар
|
Электронды карталар
|
Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс берілген анықтама үшін 1 ұпай. Барлығы 10 ұпай.
Тапсырма 2.
Төменде берілген географиялық объектілердің қайсысы көрсетілген материктерде орналасқан? Олардың реттік сандарын материк атауларының қасына жазып шығыңыз.
Материктер
|
Географиялық объектілер:
|
Аустралия
|
1) Ұлы жазықтар
|
Африка
|
2) Аппалачтар
|
Евразия
|
3) Парана өзені
|
Солтүстік Америка
|
4) Амур өзені
|
Оңтүстік Америка
|
5) Арал теңізі
|
|
6) Үлкен Виктория шөлі
|
|
7) Анхель сарқырамасы
|
|
8) Миссисипи өзені
|
|
9) Килиманджаро жанартауы
|
|
10) Гоби шөлі
|
Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Барлығы 10 ұпай.
Тапсырма 3.
Карта бетіне Қазақстан аумағында орналасқан келесі өзендер мен көлдер атауын жазып шығыңыз: Нұра, Зайсан, Сарысу, Алакөл, Іле, Ембі, Сілетітеңіз, Балқаш, Көлсай
Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс белгіленген географиялық объект үшін 1 ұпай. Барлығы 10 ұпай
Тапсырма 4.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Бұл таулы аймақта балды өсімдіктер көп өседі. Ал, одан алынған бал өзіңің нәзік иісімен, бағалы дәмдік және емдік қасиетімен ерекшеленеді.
Қазақстанның қай аумағы Шығыс Еуропа жазығына кіреді.
Сарыарқаны қандай жер бедеріне жатқызады?
Қазақстан аумағында солтүстік-батыс Тянь-Шаньның ең шеткі, әрі өте қатты бүлінген бөлігі орналасқан
Оңтүстік Қазақстанның батысынан шығысына қарай созылып жатқан кең байтақ жазық
Герцин қатпарлығының даму кезінде қалыптасқан палеозойлық тау жүйесі
Жер бедері ерекшелігіне қарай Алтай тауы қанша бөлікке бөлінеді?
Орталық Азияда орналдасқан ең ірі құмды шөл
Тұран ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан құмды алаптың атауы қандай?
Геологиялық құрылымы бойынша Солтүстік Қазақ жазықтығы төрт табиғи-аймақтық ауданға бөлінеді. Әрбір ауданға нақты физикалық-географиялық сипаттама беріңіз.
Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс берілген дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Барлығы: 10 ұпай
Тапсырма 5.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
Диаграммада Қазақстан облыстарының Қазақстандағы жалпы бидай жинаудағы үлесі пайызбен (2007 ж., мың тонна) көрсетілген. Бұл көрсеткіш бойынша қандай облыстар 30% және 35% үлесімен алдыңғы орындарды иеленді?
Мемлекеттің жалпы жер аумағының 26 %-ын аймақтың жер ресурсы алып жатыр, оның ішінде 19 % - ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Көп бөлігін (95%) жайылымдар және тек 5% — егістік пен шабындықтар алып жатыр. Ауданның солтүстік бөлігінде топырақ жеткілікті құнарлы. Бұл ауданда бидай, арпа, тары және күнбағыс өсіріледі. Қазақстанның қандай экономикалық ауданы туралы сөз болып жатқанын анықтаңыз.
Суретте Қазақстанда өсірілетін техникалық дақыл көрсетілген. Орамжапырақ тұқымдастығына жататын бір жылдық өсімдік. Бұл дақыл тыңайтқыш, мал азығы мен бал алатын дақыл және ашты дәмдеуіш ретінде пайдаланылады. Дәндері көкөністерді, балықты, саңырауқұлақтарды консервілеуде, көкөністен жасалған тағамдарда, ет сорпаларын және фарш дайындауда қолданылады. Медицинада суық тиіп ауырғанда пайдаланылады. Дақылды анықтаңыз.
Францияда әйгілі жүзімді өсіретін және «Шампан» шарабын ойлап тапқан Шампань облысы бар. Ал Қазақстанда «кішігірім Шампань» деп ....... тау алды бөктерін атайды. Осыдан 100 жыл бұрын Франциядан мұнда жүзім алып келіп, жерсіндірілген және ол қазіргі уақытта өзінің Франциялық туысынан кем түспейді. Бұл жүзім қандай таудың тау алды бөктерінде өседі ?
Оңтүстік Қазақстанда, жақсы табиғи-климаттық жағдайларына және ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің көп болуына байланысты, ауылшаруашылық өндірісі жақсы дамыған. Бұл зонаға жалпы ауылшаруашылық өндіретін өнімнің 30% тиесілі. Төменде көрсетілген карта сұлбасы бойынша ауылшаруашылық дақылдарының атауларын анықтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |