ОҚу жылының Қазақ Әдебиетінің онкүндігіне өткізілген шаралар жоспары



бет2/2
Дата16.12.2016
өлшемі1,33 Mb.
#4018
1   2

Үйге тапсырма:
Поэманы оқып, көркемдік құралдар табу, анықтама жазу, жоспар бойынша көркем мазмұндау конспектісін жасау.
Оқушылардың еңбегін бағалау.



Дамир

09.03.2016



Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин « Далада» өлеңі




Мақсаты:
1) Ақынның өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын, идеясын ашуға жағдай жасау.
2) Оқушының іздемпаздық қасиеттерін дамытып, қалыптастыра отырып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3) Отансүйгіштікке, сыйластыққа ең бастысы адамгершілікке баулу.
Түрі: Жаңа сабақты игеру.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, пікір айту, жеке, жұппен, топпен жұмыс.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, портрет
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу, түгендеу,
Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру(слайд - 1)
2. Үй жұмысын тексеру

I. Жаңа сабақты игеру. Ой қызығушылығын ояту кезеңі:


а)С. Сейфуллин туралы, оның мұражайы туралы мұғалімнің сөзі

б) Жұпта бір - біріне айтады.


- Ал енді ең негізгісін маған айтыңдар, бір - бірлеріңді қайталамаңдар.
- Әр жұптан сұрап Білемін

1 - кестені толтырамын.


Мағынаны ажырату:
Ал енді тағы не білгілерің келеді, топта ақылдасып, кестелеріңе жазыңдар.(2 - мин)
Білгім келеді?
Кестені толтыру
- Әр топтан Білгім келеді? кестеге 1 сұрақ жазамын.
- Ал енді осы сұрақтың жауабын өздерің зерттеп көріңдер? Өз сұрақтарын әр топқа жеке - жеке өздеріне беру. Қосымша мәлімет кітап беру.(5 - минут)
- Әр топтан сұрау. Білдім кестені толтырып отыру
Білдім
Кестені толтыру
Суреттеу: Сонымен оқушылар «С. Сейфуллин кім?» (слайд - 2)
Өлеңді талдау: «Сарыарқа» күйі ойналып тұрады.
- мәнерлеп оқу ( бірнеше оқушы );
- мазмұнына қарай баяндау;
- өз ойларын қосып әңгімелеу; 
Сұрақ - жауап: Слайдтағы сұрақ тапсырмаларға жауап беріп көріңдер. әр топқа сұрақ беру
1. Ақын асау тұлпардың шабысын, кең даланы қалай суреттейді?
2. Шабандоз баланың ән салғандағы көңіл күйі қалай берілген?
3. Ақын өлеңін кімдерге арнаған? Қандай тілек айтады?
4. Мақсатқа жетер жолда қандай қиыншылықтар кездеседі? Қалай жеңу керек дейді?
5. Қазіргі заман жастары, өздерің жайлы пікір?
Ой толғау кезеңі: Қолдау. Сендер Сәкен аталарыңның ісін қолдайсыңдар ма? Егер қолдасаңдар ақынға ашық хат жазыңдар.

Үй тапсырмасы


Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сұрағына жауап беру

Ашық сабақ



Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мұғалім: Абенова К. Ж.

Степногорск 2016ж.

Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ақын туралы ақпарат беру; өлеңді талдау; «борыш» туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: ақын өлеңін талдау арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: адамгершілік тәрбие беру.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа білімді игерту.

Көрнекілігі: ақынның суреті, слайд

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу Кезекшімен сұхбат

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ Құдайбердіұлы Шәкәрім

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.

Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді.

Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады. Оның атақты шығармалары: “Еңлік – Кебек”, “Қалқаман – Мамыр”, “Жастарға”, “Жастық”, “Насихат”, “Жаз келер”, “Ләйліме менің көзіммен қараңыз” ж. т. б.

IV. Оқулықпен жұмыс

«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу.

Адамдық борышың-Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай Ар сақта оны біл.

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз,Болады ақын –тұл.

Мақтанға салынба Мансаптың тағы үшін,

Нәпсіңе билетпе Басыңның бағы үшін.

Өміріңді сарп қыл Өлгеніңше,

Жоба тап, Жол көрсет, Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып,

Қауымға келмейсің Барыңды,Нәріңді

Тірлікте бергейсің.Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт-осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!

Негізгі тақырыбы - адамзат міндеті. Идеясы - артына үлгі аларлықтай іс қалдыру. Адамның борышы - халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу - мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу.

V. Дәптермен жұмыс.

ә. Адамдық борыштарды жазамыз.

1. адал еңбек ету

2. білім мен өнер үйрену

3. келешекке жол көрсету

4. үлгі болатын іс қалдыру

б. Тақтада сөздер берілген.

(Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата - ананы сыйлайды).

Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері

Білімді -------------------------------- мақтаншақ

арлы ---------------------------------- білімсіз

еңбекқор ---------------------------- мансапқор

шыншыл ---------------------------- айлакер

өнерлі -------------------------------- жалқау

жомарт ------------------------------ өсекші

ата ананы сыйлайды ------------- өтірікші

---------------------------------------- сараң

VI.Грамматикалық тапсырма

а .Шәкәрім сөзін септеу

Атау – кім? Шәкәрім

Ілік – кімнің? Шәкәрімнің

Барыс – кімге? Шәкәрімге

Табыс – кімді? Шәкәрімді

Жатыс – кімде? Шәкәрімде

Шығыс – кімнен? Шәкәрімнен

Көмектес -кіммен ? Шәкәріммен

ә , Өнерлі сөзіне фонетикалық талдау жасау

VII Сергіту сәті .

VIII . Сабақты бекіту.

1. Адамдық борыштарды ата?

1. Халыққа еңбек ету.

2. Білім, өнер үйрену.

3. Өзімшіл болмау.

4. Өміріңді босқа өткізбе!

5. Өміріңді мәнді мағыналы өткіз.

6. Артыңа жақсы із қалдыр.

IX. Үйге тапсырма.

«Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

X. Оқушыларды бағалау



Ақмола облысы

Степногорск қаласы

8 орта мектеп



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Курмангалиева Н.М.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев — ұлы ақын.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Абай Құнанбаев туралы толық мағлұмат беріп, оның өмір баянымен таныстыру, өлеңді нақышына келтіріп оқу, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.


2. Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Абай өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың типі: білімді жүйелеу

Сабақтың негізгі ұғымдары: ойлау, іскерлік, тапқырлық, эстетикалық мәдениет, елжандық, азаматтық тәрбие.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ұғындыру, ізденіс жұмысын жүргізу.

Сабақта қолданылатын көрнекілік: Абайдың портреті, хронологиялық кесте.

I.Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ұлы кемеңгер Абай Құнанбаев.Бүгін сабақта Абай туралы әңгімелейміз.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақ.Абай Құнанбаев –ұлы ақын.

Слайд:

Абай портреттері

Абай Құнанбаев — қазақтың бас ақыны деп бағаланады.Ол қазақтың қоғамдық өмірінің шындығын терең де көркем бейнелеген.
Балалар, Абай Құнанбаев өзінің өмірінің соңғы жылдарында өзін толғандыратын мәселелерді қара сөзбен (проза) қағазға түсіріп отыруды дағды еткен. Ол жөнінде өзі «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын» дейді. Қара сөздері нөмірленіп, бірінші, екінші т. с. аталады, ұзын саны — 45. Соның ішінен біз отыз сегізінші сөзге тоқталайық.

Абай Құнанбаевты «Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында «Қазақтың бас ақыны» деп бағалаған. Шынында да, Абай — қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын.Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Ол адал еңбекке, жамандық жасамауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеп, өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады. Абай Құнанбаевтың еңбегі туралы тынымсыз айта беруге болады.

IV.Оқулықпен жұмыс

Мәнерлеп оқу .Әсемпаз болма әрнеге.

V.Дәптермен жұмыс.

Балалар, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазыңдар.

Дәптерге мына сөйлемді көшіріп жазыңдар және фонетикалық талдау жасаңдар.

VI.Сергіту сәті.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашу керек:

Бірінші — надандық


Екінші — еріншектік
Үшінші — залымдық

Надандық — білім, ғылымның жоқтығы. Дүниеде білімсіз еш нәрсені біліп болмайды. Білімсіз хайуандық болады.

Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік.

Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.



Сөздік жұмыс:

Мынасөздердіорыстілінеаударып, сөзтіркесін құру

Ақын —
Жазушы —
Білімді  —
Оқымысты —

Сонымен, балалар, бүгінгісабақта Абай туралы не білгенімізді қорытындылайық




Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»

Құрастырушы:Алибаева Ә.Д.

09.03.2016




Сабақтыңтақырыбы: Жансүгіров «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынанүзінді)
Сабақтыңмақсаты:
1. Білімділік. І. Жансүгіровтыңәдебиетші, көсемсөзшебері, ақындығынтаныту.
2. Дамытушылық. Оқушылардыөзойынашықайтуға, еркінсөйлеуге, мәнерлепоқуғадағдыландыру, ізденіпоқуғадағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
3. Тәрбиелік. Қазақстанымыздыңсулыжерлерініңтабиғатыменмақтанышетіп, оны құрметтеп, бағалауғатәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жансүгіровпортреті, нақылсөздер, суреттер, сабаққақажетті плакат сызбалары.
Сабақтыңтүрі: жаңасабақ
Әдіс - тәсіл: СТО стратегиялары: ой қозғау, топтау, венндиаграммасы, 5 жолдыөлең т. б.
Сабақтыңбарысы:
I. Ұйымдастырукезеңі
II. Үйтапсырмасынсұрау: СәкенСейфуллиннің «Дала» өлеңінжатқаайту.
Оқушыларды 3 топқабөлу:
I топ - «Білгірлер»
II топ - «Алғырлар»
III топ - «Жүйріктер»
III. Жаңасабақ.



Мұғалім - Ақынға өлең жазу үшін шабыт керек. Ақынның шабытына дем берген таудың әсемдігі, көркемдігі.
Таудың биіктігін Оқжетпес шыңын суреттеу арқылы сипаттаған.
“Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен
Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен”
Көкшетауды жер жаннаты - дейді. Сұлу қыздай бойын күткен, жомарт тау, дастарқанды, момақан тау - дегенді қойнауында небір пайдалы тастары бар, орман - тоғайлары аң мен құсқа толы, ауасы шипалы, дертке дауа дейді.
Көкшетауда Қазақстандағы 5 ұлттық саябақтың біреуі орналасқан. Қорғауға алынған аң, құстар бар мұнда. Демалуға, табиғатын тамашалауға туристер, демалушылар көп барады. Бурабай көлі бар. Жақында Көкшетаудың баурайынан «Оқжетпес» санаторийі ашылды. Елбасымыз ашылу рәсіміне қатысты.
Көкшетаудыңсуреті( Өлеңдіталдау)
1. Мұғалімсөзі – «Көкшетау» өлеңіноқып, мазмұнынмеңгереміз. Бұлөлеңнің авторы – І. Жансүгіров. Осы ақынжөніндебілетіндерің бар ма?
2. Әртоптыңоқушыларыөзтүсініктерінайтады.
3. Ой қозғаумақсатындаоқушыларақынжөніндеөзбілетіндерінқағазғатүсіреді, олүшінуақытберіледі.
4. Оқушыларжазғандарыноқиды, жинақтаупікірді топ басшысыайтады.
«Күй» «Күйші»
әкетәрбиесіндеөскен «Құлагер» поэмасы
1894 - 1938 ж өлеңдерінтуған
жергеарнаған
«Жазғытұрым» «Жазғышілде»



IV. Мәтінменжұмыс. «Көкшетау» өлеңінмәнерлепоқу.
Әртоптанбір-біроқушымәнерлепоқиды.

V. Мағынаныажырату.
Сөздікпенжұмыс.
жомарт - щедрый
Мұра – наследие
маржан - коралл
Секілді – подобный
меруерт - жемчуг
Ағын су – проточная вода
қиязқұз - скала
Малтамас – галька
жержанныты – райский уголок

VI. Пікірталас 3 топ бір – біріне сұрау қою арқылы мысал мазмұнын, одан шығатын қорытындыны меңгереді.
1. Өлеңде не туралы жазылған?
2. Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?
3. Ақын тауды кімге теңейді?
4. Көкшетау туралы не білесіңдер?
5. Таудың биіктігі туралы өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
VII. Өлеңнен теңеу, эпитеттерді табу.
Көкорман, көркемтоғай, сұлудың көзіндей көл, малтатас, меруерттас, жақпар сарай, бура тастар, сұлукең дала, жомарт тау, момақан тау, шипа тау.

VIII. Республикамыздағы өздері білетін таулартуралы әңгімелеу.
Көкшетау табиғаты Баянауыл табиғаты

IX. Венн диаграммасы
X. 5 жолдыөлең.
1 топ: 1. Көкшетау 2 топ: 1. Баянауыл 3 топ: 1. Тарбағатай

Қорытынды:
1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Нелер естеріңде қалатын болды?
3. Көкшетаудың табиғаты қандай екен?
4. Біз табиғатымызды не істеуіміз керек?
5. Табиғат, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

Үйге: «Көкшетау» өлеңінен үзінді жаттау.
Бағалау. Бағалау парақшасы бойынша топ басшысының бағасын жариялау.

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 6 «б» сынып

Уақыты: 14.03.2016 жыл

Кабинет: 316
Сабақтың тақырыбы: «Абай дәстүрімен Шәкәрім шығармашылығының сабақтастығы»

Сабақтың білімділігі: Шәкәрім реализмі–Абай реализмінің заңды жалғасы екендігін, яғни Шәкәрім Абай Құнанбаевтың реалистік дәстүрін, стилі нәрі қарай жалғастырушы екенін жан-жақты салыстыра отырып, оқушыға байқату, ұқтыру, түсіндіру, қортындылау.

Дамытушылық: Абай, Шәкәрім шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай естесақтауға баулу.

Тәрбиелігі: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Сабақтыңкөрнекілігі:

  1. Абай, Шәкәрім портреттері

  2. Абай мен Шәкәрім шығармаларының жинағы

  3. шығармаларының жинағы

  4. Абай және Шәкәрім ата–тегі жайлы схема

  5. Сөзжұмбақ. «Шәкәрім Құдайбердіұлы», «Абай Құнанбаев»

Пәнаралық байланыс:  Ән, география, тарих.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынанойлау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру - Оқушылармен сәлемдесу, сабақ мақсатымен таныстыру.     

Сыныпты 3 топқа бөлу.


ІІ. Жаңасабақ:
І бөлім.Өмірлік сабақтастықты анықтау( 1топ)

1 сәйкестік. Абай мен Шәкәрімнің ата-тегі жайлы схеманы көрсете отырып, оқушыларға айтқыздым.

2 сәйкестікТуып-өскен жері

3 сәйкестікАбай мен Шәкәрімнің оқыған шығыс ақындары кімдер?

Олар Физули, Сағди, ХожаХафиз, Науаи, Фердаусиді оқыды. Шәкәрім Физулидің «Ләйлі–Мәжнүн» поэмасын аударды.



4 сәйкестікАбай мен Шәкәрім қандай орыс ақындарын оқып, аударды?

Абай -Пушкин, Лермонтов, Крыловтың поэмаларын көп аударды.



Шәкәрім- А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Н.Некрасов шығармаларын оқыды. А.С.Пушкин, Л. Толстойдың шығармаларын аударды.




ІІ бөлім.Шығармашылық сабақтастық. Әдебиет теориясы (2 топ)

Өлең тақырыптары, өлең құрылысы, тілі жайлы

Шәкәрім–Абай дәстүрін жалғастырушы деп айтамыз. Оған дәлел өте көп. Соның бірі Абайдың шығармаларының, оның ішінде өлеңдерінің тақырыптарына тоқталайық

Шәкәрім поэзиясы—өзінің көркемдік барасылымен Абай стилін, реалистік дәстүрін дамытқан бай мұра. Абайдың реалистік дәстүрі–Шәкәрім шығармаларының негізгі идеялық–көркемдік нысанасы. Шәкәрім өзінің ізгі ойларын, халқына деген ақ, адал көңілін өлеңмен өрнектеген ақын. Қай тақырыпты жырласада, ол Абайдың гуманистік идеясы үлгісінде, реалистік тәсілмен жеткізуге күш салады. Ағартушылықтың бірден–бір жолы халықтың санасын ояту деп түсінеді. Сондықтан да ақын адамгершілік имандылық ар-ождан, ақылмен іс істеу, адалдық әділдік, бірлік, еңбек, өнер—ғылымдарды насихаттау мәселелеріне айрықша көңіл бөледі.




Шәкәрімнің ұстазы Абай жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Шәкәрімде осы дәстүрді жалғастырды.

Абайдың осы тақырыптағы қандай өлеңдерін білесіңдер, атап жіберіңдер дегенде оқушылар:

Абайда«Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерін атайды.

Шәкәрімде «Жастарға», «Ашу мен нысап», «Талап пен ақыл», «Насихат», «Сенғылымға», «Адамнемене?»т.б. өлеңдерінатады.

Оқушылар Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», Шәкәрімнің «Адамдық борышы» өлеңдерінен үзіндіні оқыды.



Өлең құрылысында қандай ұқсастықтар бар. АбайменШәкәрімніңөлеңқұрылыстарынакелейік. Шәкәрім Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы дедік.

Онысын өлең құрылысын салыстыра отырып та байқаймыз, көз жеткіземіз. Абай қазақ өлеңдеріне таза 8 буынды, 6 буынды, аралас ұйқас буынды өлеңдердің бірнеше түрін, сондай–ақшалыс, егіз, аралас түрлерін кіргізгенін, сондай ақ Шәкәрім де осындай 8, 6 буынды өлең үрлер бар екенін көреміз деп оқушылар жауап берді.

Нақты мысалдар келтіріңдер, өлең үзінділерінен дегенде Абайдан 6 буынды өлең үрінен мына үзіндіні оқыды.

1- оқушы:

Қарасөз, имекқас      —     А

Қараса, жантоймас    —     А

Ауызыңбал, қызылгүл—   Б

Ақтісіңкіршалма      —     А

8 буынды өлең түріне мысал келтір дегенде 2-оқушы мына үзіндіні оқыды.



2-оқушы

Есіңде бар мА жас күнің             —     А

Көкірек толы, басың бос            —     Б

Қайғысыз, ойсыз, маскүнің       —    А

Кімді көрсеңбәрі–дос               —    Б

Алдынғы өлең қара өлең ұйқасымен, соңғысы шалғыс ұйқаспен жазылған деді.



ІІІ. бөлім. Ақын–сазгерлер (3 топ).

Абайдың сазгерлігіне, Шәкәрім сазгерлігіне тоқталайық, қане қайсың айтасың-дар дегенде оқушыларШәкәрім–Абайдыңсазгерлікәндәстүрінәріқарайжал-ғастырушы.

Абай бірнеше өлеңіне ән шығарған сазгер«Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем қаламқас», «Желсізтүндежарықай», «Татьянаныңәні»т.б. бірнешеәндер шығар-ды. Бір оқушыАбайдың«Көзімніңқарасы»әнін орындады.

Сондай-ақ, Шәкәрім де жиырмаға жуық ән шығарған, сазгер–ақын. Олар: «Жастық», «Шынсырым», «Ажалсыз әскер», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».



Поэмалары.

Бұл бөлімде поэмаларына тоқталдық. Енді Шәкәрімнің поэмаларына келейік. Ол«Еңлік–Кебек», «Қалқаман–Мамыр»поэмаларынжазды. ФизулиБағдадидің«Ләйлі–Мәжнүн»поэмасынаударды.



Абайдың«Мақсұт»«Ескендір», «Өім әңгімесі» пэмалары бар.




IV. бөлім. Қорытынды.

Жалпы қорытындылай келгенде, Шәкәрім шығармашылығы, тақырыбы, көркемдік ерекшелігі, сазгерлігі қай жағынан алсақ таАбайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы, дамытушы.



«Абай Құнанбаев», «ШәкәрімҚұдайбердіұлы» деген оқушылар жасап келген сөзжұмбақты шешуді.
V. Үйг етапсырма. Ұнаған өлеңдерін жаттау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет