Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
27
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
28
Кәсіптік мектептерді оқу-тәрбие жұмыстарына ішкі
бақылауды ұйымдастыру
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
29
Кәсіби мектепті бақылау түрлері
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
30
Кәсіби мектептің ішкі бақылау принциптерімен функциялары
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
31
Кәсіптік мектепте ішкі бақылау жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
32
Педагогикалық менеджментегі - қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы жалпы түсінік
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
33
«Қарым – қатынас» мектептерінің жүйесі және оның түрлері
Қарым-қатынас маңызы мен түрлері
1.Коммуникация түрлері 2.Коммуникацияның вербалды есеп құралы.
3. Вербалсыз қарым қатынас ұлттық ерекшелігі.
Коммуникация түрлері:
1.Вербалды коммуникация құралады.
2.Қонақтарға қызмет көрсетудің негізі – мамандандырылған қарым-қатынас.
Қарым – қатынаста 3 жаққа бөлінеді:
1.комунакативтік
2.интерактивтік
3. перцентивтік
1. Әңгімелесуші адамның нақты мінез – құлқындағы әлсіз жақтың ақпараттың алмасуы. Ақпараттың алмасуына қарым – қатынас барьері кедергісін тигізеді. Бірнеше барьер түрлері бар:
Түсініксіздік барьері – жекелеген сөз немесе ойды білмеуден туындайды.
Фонетикалық барьері – анық емес сөйлеу.
Стимистикалық барьері – сөйлеу стилі мен қарым – қатынас жағдайының сәйкессіздігі.
Логикалық – түсініксіз, я дұрыс ойлау қабілетінің аздығы.
Сонымен қатар, әлеуметтік – мәдени өзгешелік әлеуметтік, саяси, діни, маманданған және қарым-қатынас барьері – коммуникаторға деген сенбеушілік.
2.Интерактивті – жеке адамдар арасындағы өзара байланыс ұйымдастыру. Дәл сондықтан қарым-қатынас нәтижесінде жүріс – тұрыс және іс – әрекеті өзгереді.
3.Қарым – қатынас бойынша бір – бірін серіктестік деп қабылдайтын және өзара түсінік қалыптастыратын процесс.
Қарым – қатынас 2 деңгейде жүреді: вербальды және вербальды емес.
1.Шебер сөйлеу ережелері мен заңдарды білу қонақ үй ішінде өте маңызды. Қонақжайдағы қызмет көрсетуде келесідей сөйлеу принциптері есепке алынады: қол жетерлік, экспресивтілік, қабылдағыштық, интенсивтілік.
Қол жетерлік – мәдени,біліми деңгейі.
Экспресивтілік – эмоциялық сөйлеу, мимика, жест, поза.
Қабылдағыштық – коммуникативтік қарым қатынаста түс, жарық, дыбыс, сурет, модельдер кең қолданады. Қонақ әсері кӛбірек болған сайын оның алған әсері де тұрақты болады.
Интенсивтілік – ақпаратты беру темпі.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
34
Мектеп менеджерінің қызметі және мектепті басқару
Паньшина, Т.В. Педагогикалық менеджментАлматы, 2012.- 141 бет
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
35
Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару
Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың 2030 стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсатын алға қойды.
Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осы проблеманы шешу мақсатында мынадай негізгі бағыттарды ұстануды атап өтті:
1. Білім беру үдерісін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;
2. Ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру; Дуалды оқыту
3. Инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;
4. Ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;
5. Ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;
6. СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.
Қазіргі таңда менеджмент саласындағы сапа жүйесіне арналған орыс тілінде бірнеше оқулықтар, мақалалар, методологиялық нұсқаулықтар жарық көрген. 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты В.Киянскийдің басшылығымен «Сапа менеджменті – бәсекеге қабілет философиясы» атты мемлекеттік тілдегі оқулығы жарық көрді.
Ал ЖОО-ның білім беру үдерісі механизімінің күрделігі мен сапасының
артуыаттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады. Оның негізгі себебі болып, ҚР ИСО 9001-2001 халықаралық стандарттарының білім жүйесіне қарқынды енуінен екені белгілі.
2000 жылдан бері ЖОО-ның білім сапасын басқарудың тиімді механизімін қалыптастыру аясында, әсіресе педагогика ілімі мен оның ғылыми тәжірибелік жұмыстары барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізгендігін көреміз. Мәселен, 2004 жылдың қыркүйек айында ректордың № 48 бұйрығымен СМПИ-да СМЖ-ны қарқынды енгізу бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Соған сәйкес «ҚР СТ ИСО 9001:2001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу» атты бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта СМПИ-ның сапа саласындағы мақсаты мен саясаты, стратегиялық даму жоспары, білім беру үдерісінің ландшафттық картасы әзірленді. Сонымен қатар институтта 5 деңгейлі СМЖ құжаттарын басқарудың иерархиясы дайындалып, сол бойынша үдеріс қызметтері жүзеге асырылуда.
2 деңгей – Құжаттандыру тәртібі (20), институт стандарттары (6);
3 деңгей – Институт бөлімшелерінің ережелері (29), нұсқаулықтар (11);
4 деңгей – Сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы - 154);
5 деңгей – Нормативті-құқықтық және нормативті құжаттар (заң, жарғы, қаулы, ҚР БҒМ құжаттары). ЖОО білім беру үдерісіндегісапа менеджменті жүйесі үздіксіз жетілдіру жүйесін құру және ұйымдастыру мақсатында мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады:
1. Педагог мамандарын дайындау бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының білім беру қызметтерін ұсыну саласында танымды көшбасшы болуға талпыну.
2. Құрам жауапкершілігі мен өкілділікке шек қоюды жүзеге асырушы басқару құрылымын жетілдіру, себепті механизмдерді енгізу және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
3. Материалды-техникалық базаны және институттың инфрақұрылымын тұрақты түрде жетілдіру.
4. ҚР ИСО 9001:2001 талаптарына сәйкес институттағы сапа менеджментінің барлық үрдісін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету.
5. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуші: сыртқы – мемлекет, әр түрлі меншіктегі кәсіпорын, студенттер мен қоғам тұтастығы; ішкі – институт оқытушылары мен қызметкерлері.
6. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын орындау негізіндегі білім беру қызметтері сапасын көтеру кепілдігімен қамтамасыз ету, Қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту.
7. Оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз етуші себепті механизмдерді құру есебінен іргелі және қолданбалы зерттеулердің көлемін кеңейту.
8. Институт мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.
9. Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг жүйесін құру және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.
ЖОО-ныңбілім беру үдерістерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру үшін ЖОО-ға сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша шаралар кешенін даярлаудан тұрады. Демек, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалды:
«кадрлік», «материалды-техникалық», «ақпараттық ресурстар» түсініктерінің білім беру үдерістерінде алатын орнын анықтау;
«қызмет сапасы», «сапа менеджмент жүйесі» түсініктерінің мәнін анықтау арқылы қажетті ресурстарын даярлау үдерісіне тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесін қалыптастыру қажеттілігін негіздеу;
ЖОО-ның білім сапасын қажетті ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында сапа менеджмент жүйесін енгізудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін қалыптастыру қажет.
Жалпы ішкі аудиттік сараптау барысындакелесі әдістерді қолдану ұсынылады: интерактивті, статистикалық, сараптама, есептік-конструктивтік, модулді, эксперт-аудиттік және т.б.
ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандартының ISO 9001 сериясының талаптарына, Жалпы сапа менеджменті (Total QM) ұстанымдарына және Еуропалық қор моделіне негізделеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын, ұйым үшін сапаны басқарудың ең тиімді жұмыс моделі болып Жалпы сапа менеджменті моделі, басқаша айтқанда TQM (тотальді менеджмент жүйесінің принциптері) болып табылады.
Педагог мәртебесі
Мақсаты: Жоғары білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру.
Мақсатты индикаторлар:
-Педагогтің орташа жалақысы экономикадағы орташа жалақыға жетеді
-Педагогтердің 70%-ы ваучерлік қаржыландыру принципі бойынша біліктілігін арттырудан өтеді.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
-педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету
педагог кәсібінің беделін арттыру
-кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру
Білім сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған педагогтермен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі әдістер арқылы білім алушыларға береді.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
36
Функция сөзі мен басқарудың дербес стилі
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
37
Білім беру мекемелерін басқару қағидалары.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
38
Педагог имиджінің құрылымы, өз-өзіне талап қою. Имидж түрлері
Имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны береді. Бұл кез келген нәрсенің, адамның эмоционалдық образын, мінез-құлқын көрсетеді. Өз имиджін қадағалау бұл адамды өзіне қарату
Педагогимиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тəрбиеленушілер, əріптестер жəне əлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі. Өз имиджін жасауға талпынған педагог, жақсы көрініп қана қоймай, өзін жақсы сезінеді, өзіне көбірек сенімді, нəтижесінде ол жақсы жетістікпен нəтижелі жұмыс атқарады!
Имидж түрлері:
Вербальды имидж (ауызша) - қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой - пікір (ауызша немесе жазбаша). В.О.Ключевский: «анық, түсінікті жаза білу - ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасу тәсілдерін ұсынады: «ортаның қалауы бойынша сөз ету», «күлімдеп сөйлеу». Позитивті вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сөйлеудің нақтылай естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Теледидардағы жүргізілген, тікелей эфирдің сауалнамалық көрсетулері бойынша, егер жас қыздың, келіншектің вербальды (ауызша) қарым - қатынастылығы өте нашар дамыған болса, ешқандай оның әсем сыртқы көрінісі, тіпті байлығы имиджін тартымды етіп көрсете алмайды.
Вербальды емес іс - әрекеті имиджі - ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез - құлықтың теріс, келеңсіз жақтарынан сақтану қажет. Тұлғамен жекелей қарым - қатынастылықта бет - әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жұмсақ түсініктер орын алуы тиісті.
Іскер имидж - адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іскер қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажетті. Тарих бетіне үлес қосқан іскер адамдардың көпшілігі нақтылай шынайы өмірде өте қатаң, ұйымшыл болғаны белгілі. Мысал ретінде С.Т.Морозов ашық, тәуелсіз тұлға. Іскерлі, кәсіби имиджде қоғамның талаптарына сәйкес тиісті имидж көрінісі жүйеленеді: өте іскер педагог, менеджер және тағы сол сияқты.
Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі - консервативті, қызмет бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті.
Корпоративті имидж (ұйым имиджі) деп - біз – субьекті – субьекті мен өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың символдық образын айтамыз. Корпоративті имидждің табиғатын түсіну үшін біз - ұйымның, қауымдастықтың табиғатын талдауымыз қажет.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
39
Мұғалім иміджінің сипаттамасы
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
40
Менеджменттің әдістері мен тәсілдері
Паньшина, Т.В. Педагогикалық менеджментАлматы, 2012.- 110 бет
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ТВ2
41
Менеджменттің негізгі функциялары
Паньшина, Т.В. Педагогикалық менеджментАлматы, 2012.- 44 бет
П. И. Третьяков «Нəтижелер бойынша мектеппен басқару»
кітабында [104] басқарудың келесі функцияларын бөлді:
1. ақпараттық-талдау;
2. уəждеу-мақсаттық;
3. жоспарлы-болжамдық;
4. ұйымдастырушылық-атқарушы;
5. бақылау-диагностикалық;
6. реттеу-түзету.
Ол басқарудың функциялық буындары қызметінің салыстырмалы
дербес түрлері ретінде қарастырылса да, олардың барлығы өзара бай-
ланысты жəне бірыңғай басқарушы циклді құрай отырып, бірін-бірі
кезең-кезеңімен ауыстыратынын көрсетті.
Ақпараттық-талдау функция үш деңгейдегі ақпарат ағысын
көздейді:
– əкімшілік-басқарушы (директор, оқу-тəрбие жөніндегі орынбаса-
ры, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыс жөніндегі орынбасары,
əкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары, диспетчер жəне
басқалары);
– ұжымдық-алқалық басқару деңгей (мектеп кеңесі, педкеңес,
əдістемелік кеңес, қоғамдық ұйымдар);
– оқушылардың өзін-өзі басқару деңгейі.
Ақпараттық-талдау қызметінің тиімді жүйесі П. И. Третьяковтың
пікірі бойынша, біріншіден, жүйелі болуға тиіс; оның құрылуы жəне
қызмет етуі кезінде мазмұнын, көлемін, дереккөздерін, ол кімге
арналғанын анықтау маңызды.
Уəждеу-мақсаттық функция өзіне басқарудың бірінші кезеңі,
оның шығармашылық құрамдас бөлігі болатын мақсаттың таңдауын
енгізеді. Мақсаттар дереккөзі жəне пайда болу тəсілі бойынша адам-
мен немесе əлеуметтік жүйемен өздігінен қалыптасатын не ішкі, егер
сырттан берілсе, сыртқы болу мүмкін. Педагогикалық жүйелерде
сыртқы мақсаттар ең маңызды жəне жаһандық болады, өйткені
қоғаммен байланысты. Білім беру мекемесінің мақсаттық бағдарларын
Уəждеу-мақсаттық функцияның негізгі міндеті келесідей:
«педагогикалық ұжымның барлық мүшелері оларға жүктелген
міндеттер мен жоспарға сəйкес, сондай-ақ жеке жəне ұжымдық
мақсаттарға жетуде қажеттіліктері бойынша жұмысты нақты атқаруға
тиіс. Мектеп менеджерлерінің басты міндеті – педагогикалық үдерістің
барлық қатысушылары үшін тəсілдерді, керек-жарақты қамтамасыз
ету, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру» [104, 23 б.].
Жоспарлы-болжамдық функциясы - болжау мен идеалды
жəне нақты мақсаттардың оңтайлы таңдауына, оларға қол жеткізу
бағдарламаларын əзірлеуге бағытталған қызмет ретінде жоспарлау
да кіреді. Жоспарлы-болжамдық функциясының жетілуі мектептің
өзекті («айқайлап тұрған») мəселелерін шешуге бағытталған кешендік-
мақсаттық жоспарлауды енгізуімен байланысты.
Ұйымдастырушылық-атқарушы функция – білім беру мекемесінің
жұмыс сапасына тікелей əсер ететін ерекше кезең.
Жоспарланғанды жүзеге асыру үшін көзделгенді атқаратын адам-
дарды белгілеу, яғни басқару субъектілерін атау, əр субъект нені атқару
керектігін тұжырымдау қажет, басқалай айтқанда, оның функционал-
дық міндеттерін анықтау керек.
Автор осы функцияның жүзеге асыруының тиміділігін арттыруы-
ның негізгі бағыттарына келесілерді жатқызады:
– қызметті ұйымдастыруға жеке-бағдарлық көзқарастарды жүзеге
асыру;
– мектеп басшыларымен жəне педагогикалық ұжым мүшелерімен
басқару аппаратының ішінде функционалдық міндеттерді ғылыми
жəне тəжірибелік негіздемелік бөлу;
– еңбекті тиімді ұйымдастыру;
– мектепішілік басқарудың қатыстық автономдық жүйелерін
қалыптастыру.
Бақылау-диагностикалық функция немесе мектепішілік бақылау
– «диагностикалық негізде мектептің оқу-тəрбие жұмысының
бүкіл жүйесінің қызмет етуі мен дамуының жалпы мемлекеттік
талаптарға (нормативтерге) сəйкестігін анықтау бойынша қоғамдық
ұйымдардың өкілдерімен бірге басшылардың қызмет түрі» [104, 25
б.].
Мектепішілік басқарудың бақылау-диагностикалық функциясы
дербес жағдайларында, мектепке көптеген құқықтар мен өкілеттілік-
терді бергенде, демек оның жауапкершілігін арттырғанда мұғалім мен
оқушының қызметін ынталандыру мақсаттарында бұрынғыдан да
айрықша орын алуға тиіс.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
42
9-шы дәріс: Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету
Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету2011 жылдан бастап:
-«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде ЖОО-лар үшін ағылшын тілінің педкадрларын даярлау қамтамасыз етілетін болады;
-Көптілді білімі бар педагог кадрларды даярлау базалық пән циклінде шет тілі бойынша кредиттер көлемін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін Үлгілік оқу бағдарламаларына үш тілде сабақ беретін педагогтерді даярлау бөлігіне өзгерістер енгізіледі;
-Педагогтерді, оның ішінде шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – шжм) үшін даярлау бағдарламасы, педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-ларда (Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Семей мемлекеттік педагогикалық институты) жоғары мектеп үшін мұғалімдерді мақсатқа сай даярлауға (екі дипломды білім бойынша кадрлар даярлау, мысалы, математика-физика-информатика) арналған мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру магистрінің бағдарламасы жетілдіріледі;
-Жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру бағдарламасы жаңартылады және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру қамтамасыз етіледі.
-Даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастырудың қашықтықтан оқытуын қамтамасыз ету мақсатында интерактивтік жабдықтармен жарықталады.
Педгог кәсібінің беделін арттыру:
Педагог кәсібінің беделін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.
-2013 жылдан бастап мектепке дейінгі және орта білім берудің педагог қызметкерлеріне біліктілік санаты үшін төленетін қосымша ақының мөлшері арттырылатын болады.
-Педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2015 жылы экономикадағы орташа республикалық жалақының деңгейіне жеткізіледі.
2016 жылдан бастап
-Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (G-10-нан G-8-ге дейін) өзгерістер енгізу арқылы өндірістік оқыту шеберлерінің жалақыларын арттыру қарастырылады;
-Педагог магистрлер үшін шағын жинақты мектептердегі жұмысына, педагог қызметкердің жоғары нәтижесіне еңбекке ақы төлеу нормативтері жетілдіріледі;
-қазіргі қосымша ақылар мен үстеме ақылардың мөлшерлері қайта қаралады. Жыл сайынғы еңбек демалысына берілетін сауықтыру жәрдемақысы бір лауазымдық жалақыдан екі лауазымдық жалақыға көбейтіледі;
-мемлекеттік бюджеттен және жұмыс берушілер қаражаттарынан төлемдерді қоса қаржыландыру бөлігінде зейнетақы қорын қалыптастыру тетігі жетілдіріледі;
-жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі қарастырылады.
Кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін білікті кадрлар болу қажет. Ол үшін педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту жөнінде шаралар қарастырылуда.
-2016 жылдан бастап жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау ережесі әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді.
-Жоғары орта мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дәрежесінің барлығы көтермеленетін болады.
-Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагогтің портфолионда өз көрінісін табады.
-Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін барлық өңірлерде тәуелсіз аттестаттау агенттіктері құрылады.
-Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу рәсімінен, қызметі туралы есептен білім беру беру процесі мен қоғамдастық қатысушыларының пікіртерімінен тұратын кешенді бағалау негізінде өткізілетін болады.
-2016 жылдан бастап математика мұғалімі TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеуге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.
Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру
-Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингентi 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалiм шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргiзедi.
-Педагогтердi даярлауға арналған мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грантқа дейiн өстi.
-Қайта даярлау және бiлiктiлiгін арттырудан өткен мұғалiмдердiң саны өсiп келедi: 2001 жылы
- 42784 мұғалiм, 2003 жылы - 48157. Алайда бұл әрбiр мұғалiмнiң бiлiктiлiк арттыру курстарынан кемiнде бес жылда бiр рет өтуiн мiндеттейтiн "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн iске асыру үшiн жеткiлiксiз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалiм бiлiктiлігін арттырудан өтуге тиiс.
-Бейiндiк сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерiн, информатиканы оқытуды көздеу, кәсiптiк мектептердiң желiсiн кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізудi талап етедi.
-Жоғары оқу орындарының түлектерiн ауылдық жерлерде жұмыс iстеуге тарту және орнықтыру тетiгiн әзiрлеу қажет. Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың
бiлiктілiгiн арттыру
Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру және қайта даярлау саласында:
- жетекшi университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрi дамыту;
педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкiл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;
- 12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
- педагогтердi және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;
- педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілiктi жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;
- бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру;
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
43
Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету 13дәріс
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
44
Директор қызметінің бақарудағы бірнеше блогы
Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей- оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей- сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар.
Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік жəне сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) жəне т.б. Педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-əрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
45
4дәріс Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы
1.Басқару құрылымын модельдеу. Білім бері мекемелерін басқару құрылымын анықтайтын факторлар.
Басқару іс-əрекеттері процесіндетөмендегідей қызметтер орындалады:
- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу);
- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);
- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру);
- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау;
- мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау);
- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне
талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады:
1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне
2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
46
Педагогикалық менеджменттегі оқу үдерісін оқулықтармен қамтамасыз ететін кітапхананың қызметі
Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет.Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын , өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады.Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл - кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге
Мектеп кітапханасының ең басты мақсаты:
1.Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
2.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы
түсіндіру.
3.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
4.Ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелеуді жетілдіру, қазақстан
әдебиеті мен мәдениетін ,еліміздің және өлкеміздің тарихы бойынша
кітаптарды насихаттап, тереңдету.
5.әлемдік және бүгінгі балалар әдебиетінің байлығын оқырмандарға
1.Егеменді еліміздің, қоғамымыздың болашағы балалар екенін ескере отырып,мектеп кітаханасы халқымыздың сан мыңдаған сыннанөтіп бізге жеткен тарихын, әдебиетін, мәдениетін ұлттық тәрбие ескерткіштерін терең білуге, рухани байлығын арттыруға және саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу.
2. Оқу тәрбие процесін қатар жүргізу.
3. қазақ халқының және республикамыздағы басқа халықтардын тарихын салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын оқып білу, ұлттық және мәдени құндылықтарды игеру.
4. Тіл байлығын дамыта отырып шешендік өнерге баулу
5.Оқушының эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту және оларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру
6.Бастауыш сыныптарда әдебиеттерді оқудың негізгі мақсаты: Оқушыларды дүниені танып білуге көмектесетін қазақ, орыс және басқа тілдердегі әдебиеттермен таныстыру.
Мектеп кітапханасы - мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы-кітапхана.Сондықтан да , мектеп кітапханасын - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы деп айтамыз.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ. Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
47
4дәріс Басқаруды ұйымдастыру формалары
нұсқау-əдістемелік,
əдістемелік бірлестіктер
теориялық семинар
педагогикалық оқулар
педагогикалық кеңестер
оқушылар ұжымының отырыстары
ұстаздық, мектеп конференциялары
ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
48
Мектепішілік бақылаудағы педагогикалық талдау
Тұтас педагогикалық үрдісті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімділігі мектеп жетекшісінің педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежеіне байланысты.
Мектеп директоры іс-әрекетінде талдау дұрыс жүргізілмесе, ол қойылған мақсат, міндеттердің толық орындалмауына алып келуі мүмкін.
Педагогикалық талдау: параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдаулар болып бөлінеді.
Параметрлік талдаулар білім беру үрдісі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
49
Ю.А.Конаржевский бойынша мектеп менеджментінің функциясы
Тұтас педагогикалық процестi басқару функцияларының бiрi педагогикалық талдау болып табылады.
Педагогикалық талдау функциясын қазiргi ұғымда алғаш рет қолданып, мектепiшiлiк басқару теориясына енгiзген Ю. А.Конаржевский едi.
Ғалымның пікірі бойынша, педагогикалық талдаудыңмектептi басқару функциясы ретiндегi негiзгi қызметiпедагогикалық процестiң даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерiн объективтi бағалап, соның негiзiнде басқарылатын жүйелi жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ.
Бұл, басқару функция – басқару циклының құрылымындағы ең күрделiсi, өйткенi, талдау:
зерттеу объектiсiн бөлшектеудi,
оның әрқайсысының орны мен ролiн бағалауды,
жеке бөлiктен тұтас объектiнi тани алуды,
жүйе құрушы факторлердiң байланысын анықтауды қамтиды.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бiр-бiрiмен байланысқан функциялардан тұратынкез-келген басқару циклы
талдаудан басталып,
талдаумен аяқталады.
Басқару қызметiнiң жалпы тiзбегiнен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуiне (жойылуына) жол бередi, өйткенi жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегiнде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесiнде тiкелей емес, оқу-тәрбие барысында iске асырылатын болғанықтан мұғалiм сабақ, тәрбиелiк туралы өткiзер алдында соған тiкелей қатысты болатын педаго-гикалық жағдайдың негiзгi элементтерiн ескеруi және жан-жақты талдауы тиiс.
Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргiзiлген талдау мектеп директорының мақсатын белгiлеп, мiндеттердi айқындау кезеңде қателiкке,шашыраңқылыққа, көбiне негiзсiз шешiм қабылдауға душар етедi. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды бiлмеу педагогикалық процесте және өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады.
Педагогикалық талдаудың түрлерi мен мазмұны
Мектепiшiлiк басқарудың теориясы мен практикасында Ю. А.Конаржевский, Т. И. Шамова және т.б.) педагогикалық талдаудың негiзгi түрлерi анықталған.
Талдаудың субъектiсiне (не талданады) қарай оның көптеген түрлерi кездеседi. Солардың арасынан үш түрдi бөлiп атауға болады:
параметрлiк,
тақырыптық және
қорытынды талдау деп аталады.
Тұтас педагогикалық процестi басқару функцияларының бiрi педагогикалық талдау болып табылады.
Педагогикалық талдау функциясын қазiргi ұғымда алғаш рет қолданып, мектепiшiлiк басқару теориясына енгiзген Ю. А.Конаржевский едi.
Ғалымның пікірі бойынша, педагогикалық талдаудыңмектептi басқару функциясы ретiндегi негiзгi қызметiпедагогикалық процестiң даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерiн объективтi бағалап, соның негiзiнде басқарылатын жүйелi жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ.
Бұл, басқару функция – басқару циклының құрылымындағы ең күрделiсi, өйткенi, талдау:
зерттеу объектiсiн бөлшектеудi,
оның әрқайсысының орны мен ролiн бағалауды,
жеке бөлiктен тұтас объектiнi тани алуды,
жүйе құрушы факторлердiң байланысын анықтауды қамтиды.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бiр-бiрiмен байланысқан функциялардан тұратын кез-келген басқару циклы
талдаудан басталып,
талдаумен аяқталады.
Басқару қызметiнiң жалпы тiзбегiнен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуiне (жойылуына) жол бередi, өйткенi жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегiнде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесiнде тiкелей емес, оқу-тәрбие барысында iске асырылатын болғанықтан мұғалiм сабақ, тәрбиелiк туралы өткiзер алдында соған тiкелей қатысты болатын педаго-гикалық жағдайдың негiзгi элементтерiн ескеруi және жан-жақты талдауы тиiс.
Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргiзiлген талдау мектеп директорының мақсатын белгiлеп, мiндеттердi айқындау кезеңде қателiкке,шашыраңқылыққа, көбiне негiзсiз шешiм қабылдауға душар етедi. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды бiлмеу педагогикалық процесте және өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады.
Педагогикалық талдаудың түрлерi мен мазмұны
Мектепiшiлiк басқарудың теориясы мен практикасында Ю. А.Конаржевский, Т. И. Шамова және т.б.) педагогикалық талдаудың негiзгi түрлерi анықталған.
Талдаудың субъектiсiне (не талданады) қарай оның көптеген түрлерi кездеседi. Солардың арасынан үш түрдi бөлiп атауға болады:
параметрлiк,
тақырыптық және
қорытынды талдау деп аталады.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
50
Білім берудің мемлекеттік стандарттары – білім саласындағы басқарудың нормативтік базасы
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
51
Студенттік портфолио
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың көптеген формалары бар. Оның ішінде ЖОО-нда студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың формаларының бірі – «портфолио».
Портфолиода студент семестр бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есебін жинақтайды.
Жалпы айтқанда портфолио – студенттің оқу үдерісіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу үдерісінің студент үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио студенттердің бірлесе жұмыс жасап, оқытушылармен әрекеттесуге мүмкіндік береді, өйткені студенттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына студенттердің өздері мен оқытушының қатысуын талап етеді. Портфолио студенттердің пән бойынша үлгерімін нақты бағалауға мүмкіндік береді.
Портфолио - бағалау тәсілі ретінде алғаш 1980 жылдары АҚШ-та қолданылды.
Портфолио ұғымы итальян тілінен аударғанда «құжаттар салынған папка», «маман папкасы» деген мағынаны білдіреді.
Портфолионы қолдану:
- студенттің таңдаған бағыты бойынша үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын талаптандыруға;
- студент өзінің іс-әрекетінің барысы мен нәтижесін, жеткен жетістігін бақылап, бағалауға, яғни рефлексиялауға;
- студент өзінің пән бойынша нені біліп, енді нені меңгеруі қажет екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Сузанна Саффкова портфолионы қолдану мынадай мүмкіндіктерге жол ашатындығын көрсеткен:
- оқытушы үшін – студенттің жетістіктерімен танысып, олардың маңыздылығын айқындау мен бағалауға негіз болады;
- студент үшін – тұлғалық тұрғыдан дамып, мотивация мен өзіндік жетістіктер, кемшіліктер мен мүмкіндіктер туралы түсініктерінің өзгеруіне байланысты әрі қарай жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді;
- оқу орны үшін – студенттердің мүмкіншіліктерін айқындап, соған бацланысты оқу бағдарламалары, сабақ беру әдістемесі мен оқу үдерісін ұйымдастыруды студенттердің мүмкіншіліктеріне байланысты өзгертуге бағыт жасайды.
Портфолио бірнеше қызмет атқарады:
- жинақтаушы – студенттердің жұмыстарының жиынтығы;
- үлгі (модель) – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы, өйткені ол әр студентке оқудың өзіндік стратегиясын айқындап, қажетті материалдар мен жұмыс түрлерін таңдау мүмкіншілігін береді;
- ой-толғаныс пен шығармашылық – студенттерге оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынып, оларды қолдану мен өзгерту мүмкіншіліктерін береді.
Әдетте портфолионың екі түрі бар екендігін атауға болады: өсу портфолиосы (мұнда студенттің жеке тұлғалық және кәсіби дамуы көрсетіледі) және нәтижелер портфолиосы (жыл бойы қол жеткізген ең елеулі нәтижелері). Алайда портфолионың түрі студент пен оқытушының мақсаттарына орай таңдалатындықтан, оны әр түрлі тұрғыдан қарастыруға болады.
Портфолионың құрылымы алдын-ала анықталып, оның қандай жұмыстар мен құжаттардан тұратындығы белгілеп алған орынды. Портфолионың қандай бөлімдер мен рубрикалардан тұратындығын студенттің өзі таңдауы керек, бұл жерде оқытушы оған бөлімдер мен рубрикалардың тізімдерін ұсынып, олардың ішінде қандай материалдар болуы керектігі айтылады.
Портфолионы құрастыруда басты ескерілетін мәселе пәннің ерекшелігі мен әр студенттің жеке даралық ерекшеліктері. Жалпы қорыта келгенде портфолионы студенттің өзбетінше жұмыстарын ұйымдастыру мен оны бақылап, бағалау үшін қолданылады.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
52
Мұғалімдік портфолио
Құжаттар портфолиосы:
1)педагог туралы жалпы мәлімет
2 бөлім) педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
53
Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті-ата-аналар жиналысы
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсендішығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, бала-бақша, мектеп, оқу орындары, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына оқу орны тарапынан ата-анамен тығыз байланысу қажет.
Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Қазіргі жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі:
– электрондық Он-лайн оқыту жүйесін іске асыруда. Осы мақсатта жоспарларын, электрондық дәптерін, сынып журналын, хабарландыру қызметін, жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар жіберуге болады.
Ата-аналар қауымы тәрбие мәселесі бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуымен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие бола алады\
Топтық ата-аналар жиналысы. Бұл-топ жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Топтағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір семестр аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, топ жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған тобымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болуы керек. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлқын тәрбиелеу туралы», «Топтан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б
Ата-ана жиналысының жоспарының мазмұны
(Айы, күні, жылы)
Кімдер қатысты: Тақырыбы:
Күн тәртібі: Ата — аналар жиналысының шешімі: қабылданады соңында.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
1) Ата-аналар комитетін сайлау
2)Ата-аналарды мерекелік іс-шараларға қатыстыру
3)Ата-аналарды сабаққа қатыстыру
4)«Алғашқы қоңырау-алғашқы қызықтау» ата-аналардың білім күніне қатысуы
5)Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеләктері»
6)«Сіз қандай ата-анасыз? Психолог
(Өз-өздерін тест арқылы тексеру)
7)Ата-аналар комитетінің есеп беру қайта сайлау жиналысы
8)Әңгімелеу. Жылдық қорытынды
Хаттама - ата-аналар жиналысының хаттамасы.
Жалпы ата-аналар саны – 20
Қатысқаны – 19
Қатыспағаны – 1
Себептісі – 1
І.Ұйымдасыру.
Қаралған мәселелер:
1. Баяндама . Баланың басты ұстазы ата –ана.
2. Жаңа оқу жылының басталуы. Ата-аналар комитетин сайлау.
3. Ағымдағы мәселелер.
1- Мәселе
1. Баяндама
II. Топтық тапсырма:
1- мәселе:психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін кеңес
2-мәселе: Ата-аналар комитетин сайлау.
3- мәселе: Ағымдағы мәселер
Қаулысы:
1. «Баланың басты ұстазы ата –ана» атты баяндама тыңдалды.
2. Ата-аналар комитеті төмендегі құрамда сайланды.
«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»
ПОЗ
54
Білім беру мекемелерін басқару құрылымы
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері , ата-аналар тапсырыстары);
- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т.б.);
- оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);
Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей- оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей- сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар.
Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік жəне сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) жəне т.б. Педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-əрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.