Бағалау өлшемдері: тізбектегі нысандарды біріктіретін белгісін анықтағаны үшін – 1 ұпайдан (5 ұпай), ерекшеленіп тұрған нысанды анықтап, түсіндіргені үшін – 1 ұпайдан (5 ұпай), логикалық қатарды жалғастырғаны үшін–1 ұпайдан (5 ұпай). Барлығы: 15 ұпай.
ТАПСЫРМА 5. Қазіргі әлемде көптеген мемлекеттер суға тәуелді, соның нәтижесінде ол елдерде жанжал ықтималды болып келеді. Кез келген мемлекеттің су-ресурстық "тәуелділік" дәрежесі көршілес жатқан мемлекеттерден алынатын су ағысының үлесіне байланысты. Төмендегі кестеде транзиттік ағыс үлесі ең көп болып саналатын суға өте тәуелді мемлекеттер берілген. Бұл қандай мемлекеттер? Оларды сумен қамтамасыз ететін ең негізгі трансшекаралық су көздерін көрсетіңіз.