Әож 77. АҚТӨбе облысындағы хром рудасының игерілу тарихы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата10.10.2023
өлшемі298,71 Kb.
#184574
  1   2
Байланысты:
Снасапина А.С



ӘОЖ 677.5
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ХРОМ РУДАСЫНЫҢ ИГЕРІЛУ ТАРИХЫ
Снасапина А.С.
М. Өтемісов атьшдагы
БҚМУ магистранты
Еліміз дүние жүзі бойынша хром қоры жөнінен екінші орынды алады. Хром 
рудалары Ақтөбе (Кемпірсай), Қостанай (Аққарға, Жетіқара, Құндыбай) жэне Семей 
(Шар) облыстарының жерінде орналасқан. Барланған жэне пайдаланудағы ірі 
өндірістік кендері Кемпірсай хромит кендері тобымен байланысты. Осы кендер 
негізінде Қазақстан ТМД хромиттің барланған қоры мен жылдық өндірілу мөлшері 
жағынан 1-орынға шықты. Дүние жүзінің 40 еліне экспортқа шығарылатын осы 
кендердің рудасына сапасы мен хром тотығы мөлшері жөнінен жер шарында сәйкес 
келетін бір де бір кен жоқ. Бұл кен рудалары Ақтөбе хром қосындылары зауытында 
қорытылады.
Ақтөбе облысындағы хром рудасы облыстың Хромтау ауданында өндіріледі. 
Ауданның өндірістік өңірге айналып, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына 1938 
жылы Оңтүстік Кемпірсай аймағындағы "Гигант" кен орнында алғашқы хром 
рудаларын өндірудің басталуы жақсы ықпал етті. "1938 жылы 8 мамырда Дөң 
рудниктерінің жаңа дэуірі басталды" деп жазды кейін газеттер. Сол күні Дөң хромы 
тиелген алғашқы екі ЗИС автомашинасы Ақтөбеге жол тартқан еді [4].
Дөң кен байыту комбинаты
— хром рудаларын өндіретін жэне байытатын 
әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Комбинаттың шикізат базасын дүниежүзінде 
теңдесі жоқ жоғары сапалы хром рудалары қүрайды. Хром рудаларының қоры 340,0 
млн тонна деп есептеледі. Бүгінгі Дөң кен байыту комбинаты ірі екі шахта: хром 
рудасын өндіру жөніндегі әлемдегі ең ірілерінің бірі -
"Молодежная"
жэне Қазақстан 
кен-металлургиясының бүгіні мен болашағы -
"10 лет независимости Казахстана".
2010 жылы 5,091 млн тонна хром рудалары өндірілді [3].
Аймақта хром рудаларының табылуы комбинаттың ашылуының негізі болды. 
Оңтүстік Кемпірсай аймагындағы хром кені туралы алғашқы мәліметтерді Ақтөбе жер 
басқармасының тапсырмасымен сулы өңірлерде гидрогеологиялық зерттеулер 
жүргізген гидрогеолог Сергей Александрович Жутеев хабарлағаны жөнінде деректер 
бар. Оның 1933 жылы Саратов университетінің "Ученые записки" басылымында 
жарияланған "Выход хромитовых железняков реки Катын-Адыр, бассейна реки Ор" 
деген мақаласында жогары сапалы хром рудаларына жасалған алғашкы екі химиялык 
сараптамалардың 
нэтижелері, 
сонымен 
бірге 
аншлифтердің 
алғашқы 
микрофотографиялары келтірілген.
Хром рудасы жыныстарын алгаш рет 1936 жылы "Казгеологтрестің" Мүгалжар 
геологиялық түсіру партиясының геологы Павел Петрович Долгов ашты. Оның тапқан 
үлгілері Семейге жіберіліп, онда жүргізілген сараптама руда құрамындағы жоғары 
сапалы хромды анықтап берді. Осыдан кейін 1937 жылы Семей қаласында орналаскйн 
Қазақ геологиялық тресті" сол кездегі Новоресей ауданы территориясында хром кенін 
барлау үшін Мүғалжар геологиялық іздестіру партиясын үйымдастырды. Оның 
кұрамына инженер —
геологтар Анисим Кузьмич Конев пен Юлия Петровна Куразова 
енді. Олар жүргізген геологиялық барлау жүмыстары жогары сапалы хромиттің кен 
орнын анықтап берді. Осы зерттеу жүмыстары үшін А.К.Коневке, Ю.П.Куразоваға 
жэне Ю.Г.Полуренкога Мемлекеттік сыйлық берілді.
56


Аймақтағы хром рудалары кен орнын ашқан алғашқы геологтар С.А.Жутеев, 
П.П.Долгов, А.К.Конев жэне Ю.П.Куразовалардың құрметіне Хромтау қаласында 
олардың аттарына көше берілген.
Соғыстың алдындағы жылдары елдің қорғаныс қуатын нығайту, машина жэне 
станок құрылысы өндірісін дамыту үшін металлургия кәсіпорындарын руда 
шикізатымен жабдықтау өте қажет болды. Сондықтан, Дөң кен орнындағы хром 
рудаларына сұраныс жоғары болғандықтан оның қоры толық зерттелмей жэне өндіріс 
жобасы пысықталмай-ақ 1938 жылы кен қазу жұмыстары басталып кетті. Сол жылы 15 
қаңтарда Дөң селосында Челябинск облысы Бреды поселкесінде орналасқан 
Аккаргинский учаскесіне қарайтын ішінара зерттелген "Гигант" кен орны базасындағы 
Кемпірсай кен учаскесі құрылды. Учаскені тэжірибелі кенші Иван Васильевич 
Щербаков басқарды. Жұмыс объектілері белгіленді, жұмыс құралдары - күрек, сүймен 
жэне ауыр балға болды. Жұмысшылар іріктеліп, оларды кэсіпке оқыту жүргізілді.
Кен қазу жұмыстарын геологиялық барлау партиясының жұмысшылары, сонымен 
бірге кенші болуға тілек білдірген жергілікті түрғындар жүргізді. Карьердегі жұмыс 
ауыр болды. Сүйменмен және үлкен балғалармен үгілген шпураларға жарылғыштар 
қойылды, рудалар тасылатын қарапайым көліктер мен автомашиналарға күрекпен 
тиелді. Қыс кезінде траншеялар қазылды. Ал 20 мамырда руда тиелген алғашқы 
машиналар Ақтөбеге жол тартты.
Қаншама қиындықтарға қарамастан Кемпірсай кен учаскесі алғашқы жьшы 24 
мың тонна руда өндірді, қазу жүмыстарының 150 пайызға орындалуы келесі 1939 
жылдың табысты жүмыстарына негіз қалады. Сонымен бірге, Дөң кен орнын 
геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатты. Бұл жүмысты геологтар П.А.Кукин, 
К.И.Прохорова, К.Т. жэне А.М. Лазаревтер, К.К.Станкевич т.б. атқарды [1].
Дөң поселкесі үлкейіп, көркейе бастады. 1938 жылы саманнан, қамыстан 
наубайхана, асхана, көкөніс қоймасы, дүкен салынды. Моншаның, тұрғын үйлердің, 
қызыл бүрыштың іргетасы қаланды.
1938 жылдың аяғында Кемпірсай кен учаскесі Дөң хромит руднигі болып аталды, 
оны Павел Михайлович Стрельников басқарды. Оған кейінірек Дөң руда басқармасы 
деген атау берілді, бүл кезде Василий Феоктисович Загурбаев басшылық етті. 
Басқармада партия, кәсіподақ, комсомол үйымдары құрылды. 1939 жыл басталғанда 
басқармада ЗИС-5, ЯГ-3, ЯГ-4 маркалы 110 автомашина жэне 1 экскаватор болды. Бұл 
жылы құрылыс жұмыстары кең қанат жайды. Уақытша электростанция, жанар- 
жағармай қоймасы, өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді.
Мектеп, аурухана, монша, үш түрғын барак жэне балалар бақшасы, 2335 шаршы 
метр тұрғын үй салынды. Ал, келесі 1940 жылы кәсіпорындар 171896 тонна хром 
рудасын алды.
Дөң кен байыту комбинатының тарихы осылай басталған еді [2].
Алғашқы 44 жыл бойы ашық әдіспен жұмыс істеген кәсіпорын өндірілген 
руданың 19 %-ы ферросплав зауыттарында феррохром өндіруге жұмсалады, 32 %-ы 
экспортқа, 19,5 %-ы отқа тезімді бүйымдар мен хром қосылыстарының зауыттарына 
жіберІледі.
Кемпірсай хромиттері базасында Қазақстан қара металлургиясының түңғышы -
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты салынды. Алғашқы күндерінен бастап 1981 жылға дейін 
Дөң хромит рудасы басқармасы (1975 жылдан комбинат) өнімді тек ашық әдіспен 
өндірді. Өндіріс басталғаннан бері 19 карьерден 117 млн тонна руда алынды.
1973 жылы құрылысы басталып, 1982 жылы өзінің алғашқы 27 мың тонна 
рудасын берген "Молодежная" шахтасының жобалық қуаты 2000 жылы 2,0 млн 
тоннаға дейін жетті. "Молодежная" хром рудасын өндіретін дүниежүзіндегі ең ірі 
шахта. Өнімділігі жөнінен 2-ші орындағы "Винтервельден" (ОАР) жылына 960 мың 
тонна руда өндіреді. Сондай-ақ, комбинаттың екі байыту фабрикасы да әлемдегі ең ірі 
кәсіпорындар болып табылады. Олардың алғашкысы 1973 жылы пайдалануға берілді
57


және жылына 680,0 мың тонна концентрат ондірсді; екіншісі 1987 жылы іске қосылды
ол 2000 жылы 642,0 мың тонна концентрат өндірді (салыстыру үшін. шет елдік ең ірі 
фабрика - "Рюгхок" - 200,0 мың тонна концентрат өндіреді).
КСРО тарағаннан кейін бұрынғы әріптестерімен байланыс та токтады, сөйтіп 
комбинат өнімі делдалдар арқылы өткізілді. Кәсіпорынның да қалыптасқан жүйесі 
бұзылды, кадрлар көптеп кете бастады, нэтижесінде комбинат 1995 жылы толық тоқтап 
қалу шегіне жетті. Осындай жағдайда ҚР-сы Үкіметі 1995 жылғы мамырда комбинатты 
бақылау пакеттерін сату арқылы сыртқы басқаруға беру туралы шешім қабылдады. 
Жұмыс жасап тұрған үш хром кәсіпорындары — "Дөң КБК" ААҚ, Ақсу жэне Ақтөбе 
зауытгары технологиялық принциптер бойынша біріктірілді. Бұл өндірісті бағаньщ 
деңгейі бойынша жэне өнімнің әлемдік рыноктағы суранысы бойынша жедел 
үйлестіруге мүмкіндік берді. Нэтижесінде Дөң КБК-ы тарапынан феррохром 
зауыттарына шикізат жеткізуде кідіріске жол берілген жоқ. Комбинаттың жаңа 
экономикалық 
жағдайдағы 
қалыпты 
жүмысы 
"Джапан 
Хром 
Корпорэйшн" 
фирмасының қаржылық қолдауы және ірі техникалық жэне үйымдастыру шараларына 
инвестиция құю арқылы мүмкін болды.
Комбинатқа 1999-2001 жылдары салынған инвестиция оның шикізат базасының
бірінші кезекте төрт қазба орны бар "Центральная" (Кемпірсайдың өндірістік қорыньщ 
80 пайызы) шахтасының тиімді жүмысына ықпал етті. 1999 жылы тамызда Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаев комбинатта болған кезде жобалық қуаты
100.0 мыц тонналық бірінші комплекс іске қосылды.
Комбинаттың ең ірі "Молодежная" шахтасында 2000 жылы өнім көлемін 1,7-ден
2.0 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа объект пайдалануға берілді 
[ 1 ] -
Комбинатта экологиялық тазалыққа ерекше мэн беріледі. Бүл мақсатқа жету үшін 
1997 жылы 1,0 млн АҚШ доллары жүмсалса, 2000 жылы 1,5 млн бөлінді. 1999 жылдан 
бері 
қазіргі 
заманғы 
аппаратурамен 
жабдықталған 
300 
адамға арналған 
профилактикалық емдеу-сауықтыру кешені жұмыс жасайды. 2001 жылы спорт 
орталығы салынды. Агрофирма ет жэне сүт өнімдерін өндіреді. Балалар сауықтыру 
лагері, мейрамханасы мен қонақ үйі халыкка жоғары деңгейде қызмет жасайды.
1938-1950 жылдары арасында кәсіпорын: Кемпірсай кен учаскесі, Дөң хром
руднигі, Дөң кен рудасы басқармасы, Дөң хромит рудасы басқармасы деген атаулар 
иеленді.
Комбинаттың 70 жылдан астам уақыт тарихы оныц әлеуметтік дамуымен тығыз 
байланысты. 1940 жылы алғашқыда "Алмаз" кен орнында орын тепкен жұмысшы 
кентіне, кейін Хромтау атағы, 1967 жылы қала мәртебесі берілді [4].
Қазіргі кезде комбинат елге "ТНК Казхром" АҚ-ньщ филиалы ретінде белгілі 
болып, сапалы хром рудасын өндіру аркылы еліміздің қажетін өтеп отырған, Батыс 
Қазақстан экономикалық ауданындағы үлкен мэртебеге ие кен орындарының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет