2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ГЕОГРАФИЯДАН ПРАКТИКАЛЫҚ ТУР ТАПСЫРМАЛАРЫ 9 СЫНЫП
Тапсырманы орындау уақыты – 150 мин ТАПСЫРМА 1.Есепті шешіңіздер:
Есеп 1. 1:200 000 масштабтағы планда теміржол вокзалы мен карьер арасындағы қашықтық 5,6 см құрайды. Екінші планда бұл қашықтық 22,4 см құрайды. Екінші планның масштабы қандай?
Есеп 2. Егер меридианның 165 градусында жергілікті уақыт 18 сағат 30 минут болса, 75 меридиандағы дәл уақытты анықтаңыз.
Есеп 3. Қазіргі уақыта ол жерде түн ортасы және ол Лондоннан 120 градус шығысқа қарай орналасқан. Нүктенің нақты уақытын анықтаңыз.
Есеп 4. Күннің шығу уақытында өлшенген көлденең бұрыш бізге белгілі және ол 120 градусты құрайды. Күннің қай уақытта шыққанын және батқанын, сонымен бірге күннің ұзақтығын анықтаңыз.
Есеп 5. А тауының шыңында атмосфералық қысым 360 мм сынап бағанасына тең, С тауынының шыңында сынап бағынасы – 180 мм. Егер олардың етегінде атмосфералық қысым қалыпты жағдайда болса, С тауы А тауынан қанша шақырымға биік орналасқан?
Есеп 6. Масштабы 1: 600 000 картада А және В станциялары арасындағы қашықтық 52 см-ге тең, масштабы 1: 500 000 картадағы А және С станциялары арасындағы қашықтық - 52 см. А және В станциялары арасындағы арақашықтық А және С станциялары арасындағы арақашықтықтан қаншаға кем?
Есеп 7. Токио мен Пекиннің ара қашықтығы тура 30 см-ге тең, шындығында ол - 1500 шақырым. Картаның масштабын анықтаңыз.
Есеп 8. Теңіз деңгейінен 2205 метр биіктікте атмосфералық қысым 550 мм сынап бағанасына тең екендігі белгілі. Төмендегі биіктіктердегі атмосфералық қысымды анықтаңыз:
а) теңіз деңгейінен 3255 м биіктікте
б) теңіз деңгейінен 0 метр биіктікте