Бағалау өлшемдері: табиғи ауданды дұрыс анықтағаны үшін – 2 ұпай, ұқсастық өлшемдерін түсіндіргені үшін–0,5 ұпайдан (максимум 3 ұпай). Барлығы 5 ұпай.
ТАПСЫРМА 4. Географиядан білімдерінізді пайдалана отырып, әрбір логикалық тізбекте жинақталған барлық 5 нысанның жалпы белгісін анықтаңыз. Басқалардан ерекше болып тұрған географиялық нысанды табыңыз және өз таңдауыңызды түсіндіріңіз. Логикалық қатардың жалғасын ұсыныңыз (әрбір тізбекке дұрыс болып табылатын бір мысалдан келтіріңіз). Жауаптарын кестеге енгізіңіз.
1) Швейцария – Австрия – Чехия – Нидерланды – Люксембург
2) Ока – Миссури – Витим – Ертіс – Ангара
3) Канберра – Вашингтон – Лондон – Оттава – Претория
4) тайга – жалпақ жапырақты орман– тундра – дала – орманды дала
5) Филиппины – Вьетнам – Қытай – Малайзия – Индонезия
№
Тізбектегі нысандарды біріктіретін белгі
Ерекшеленіп тұрған нысан
Ерекшеленіп тұрған нысансыз логикалық қатардың жалғасы