Бағалау өлшемдері:
Әрбір дұрыс жауапқа – 1 ұпайдан, барлығы 7 ұпай.
ТАПСЫРМА 3.
Қазіргі әлемде көптеген мемлекеттер суға тәуелді, соның нәтижесінде оларда жанжалдың ықтималдығы жоғары болып келеді. Кез келген мемлекеттің су-ресурстық "тәуелділік" дәрежесі көршілес жатқан мемлекеттерден алынатын су ағысының үлесіне байланысты. Төмендегі кестеде транзиттік ағыс үлесі ең көп болып саналатын суға өте тәуелді мемлекеттер берілген. Бұл қандай мемлекеттер? Оларды сумен қамтамасыз ететін ең негізгі трансшекаралық су көздерін көрсетіңіз.
|
Суға тәуелді мемлекет
|
Транзиттік ағыс үлесі,%
|
Трансшекаралық өзендер-сумен қамтамасыз ету көзі
|
Суға тәуелді елдің негізгі ерекшеліктері
|
1
|
…
|
97
|
А …
|
Халықтың 99% мемлекет аумағының 4% тұрады
|
2
|
…
|
94
|
Б …
|
Мемлекеттің аумағында пуштун ұлты тараған
|
В …
|
3
|
…
|
91
|
Г…
|
Таяу Шығыс елі – аграрлық өнімді экспорттаушы
|
Д …
|
4
|
…
|
80
|
Е …
|
Ірі алмаз экспорттаушы
|
Бағалау өлшемдері: Суға тәуелді елдерді дұрыс анықтағаны үшін–2 ұпайдан (8 ұпай), трансшекаралық өзендерді дұрыс анықтағаны үшін– 1 ұпайдан (6 ұпай). Барлығы 14 ұпай
ТАПСЫРМА 4.
Халықтың діни құрылымы бойынша теңіздік жағалау ұзындығының өте аздығымен (Әлемдік Мұхитқа шығу жолы өте аз) ерекшеленетін елдерді анықтаңыз :
А) Мұсылмандар 97% (шииттер 60-65%, сунниттер 32-37%), христиандар және басқалары 3%;
Б) Мұсылмандар 40%, православтар 30%, католиктер 16%, протестанттар 4%,басқалары 10%;
В) Мұсылмандар-сунниттер 92%, христиандар 5% (негізінен православтар -
грек православ және сириялық православ шіркеуін ұстанушылар, сонымен бірге
монофизиттер, грек-католиктер және протестанттар), қалғандары 3% (Мұсылмандар-шииттер және друздар).
Берілген елдердің қайсысына ұзаққа созылған этникааралық қақтығыс тән? Қандай этностар арасында? Қақтығыс зонасында қандай ірі қалалар орналасқан?
Бағалау өлшемдері: Мемлекетті дұрыс анықтағаны үшін- 2 ұпайдан (6 ұпай), қақтығыс аймағы мен этносты дұрыс анықтағаны үшін- –3 ұпай, қалаларды дұрыс анықтағаны үшын –0,5 ұпайдан (максимум 2 ұпай). Барлығы: 11 ұпай
ТАПСЫРМА 5.
Төмендегі берілген қысқаша сипаттамаға қарай Жер шарының алты аралында орналасқан алты агломерацияны анықтаңыз. Берілген әрбір агломерация сол аралдағы ең ірі агломерация болып табылады. Агломерациялар мен олар орналасқан аралдарды аңықтаңыз.
1. Бұл қазіргі заманғы әлемдегі ең үлкен қалалық агломерация, оның халқының саны шамамен 38 миллион адам. Агломерацияның орталығы мемлекеттің астанасы болып табылады, әрқайсысының өз мэрі бар 23 арнайы ауданға бөлінген, бұл аудандар өңірлерге қарағанда тәуелсіз қалаларға ұқсас. Бұл қала 1868 жылдан бері мемлекет астанасы.
2. Астаналық агломерация жер шарының халық көп қоныстанған аралында орналасқан. Соңғы он жыл ішінде онда халық саны күрт өсті және қазіргі кезде шамамен 31 млн тұрғындары бар. Қаланың негізін 1537 жылы португалдар құрған, содан кейін ұзақ уақыт бойы голландиялық отардың орталығы болды. Бүгінгі таңда бұл қала дамушы мемлекеттің астаналық агломерациясының барлық белгілерін біріктіреді: оңды белгілері - қазіргі заманғы ірі өндірістік және қаржы орталығы, теріс белгілері - халықтың тығыздығы жоғары, лас түкпірлер (трущобы), көптеген әлеуметтік мәселелер.
3. Әлемдегі ең ірі христиан мемлекеттері бірінің астаналық агломерациясы. Халқының саны 24 миллион адамға жуық. Агломерацияның орталығы астаналық қала болып табылады, әлемде халқы ең тығыз орналасқан қала, бірақ халқының саны бойынша агломерациясының басқа қаласына орын береді. Ыңғайлы айлаққа ие бола отырып, ол мемлекеттің басты порты және әлемдегі ең үлкен порттардың бірі болып саналады.
4. 8,5 миллион халқы бар бұл қалалық агломерация жартылай танылған мемлекетте орналасқан. Қалалық агломерацияның және бүкіл аралдың символы - әлемдегі ең биік он ғимараттың қатарына жататын 101 қабаттан тұратын зәулім ғимарат. Аралдың солтүстік бөлігінде орналасқан қала муссондық климатпен ерекшеленеді, онда жаз ыстық, ылғалды және қысы қысқа, әрі жұмсақ болып келеді.
5. Қала - мемлекетте, моноцентрлік агломерация орталығында шамамен 5,5 миллион адам тұрады. Қала көптеген теңіз жолдарының торабында географиялық жағынан өте тиімді орналасқан, бұл жағдай көптеген жүк ағындарын «ұстап» алуға мүмкіндік береді. Ол жүк айналымы бойынша әлемдегі ірі порттардың бірі, сондай-ақ әлемдегі ірі транзиттік порт. Қала көпұлтты және көп дінді, мұнда төрт ресми тіл бар, қаланың символы балықтың денесі мен арыстанның басы бар мифтік тіршілік иесі- Мерлион.
6. Бұл қалалық агломерацияда шамамен 4 миллион адам бар. Агломерацияның орталығы – шиеленіскен тарихы бар мемлекеттің бұрынғы астанасы. Ол соңғы жүзжылдықта бірнеше рет иелерін өзгертті: ең алдымен арабтардан португалдарға, содан кейін голландтықтарға, ең соңында мұнда ағылшындар тұрақтанды. Қаланың бүгінгі көрінісі жалған урбанизация үдерістерімен анықталады: трущобаға ұқсас ескі кварталдар арасында шыны және бетоннан салынған биік ғимараттар өсіп келеді, ал ескі отарлық виллалар әдемі шығыс храмдарымен көршілес тұр.
Бағалау өлшемдері: Агломерацияны дұрыс анықтағаны үшін – 1 ұпайдан (6 ұпай), аралды дұрыс анықтағаны үшін – 0,5 ұпайдан. Барлығы 9 ұпай
ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ
ТАПСЫРМА АЯҚТАЛДЫ!
Достарыңызбен бөлісу: |