2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 7 тапсырма, екінші деңгей – 5 тапсырма, үшінші деңгей – 3 тапсырма.
Қазақ тілі пәні бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Фонетика
|
01
|
Дыбыс және әріп. Буын
|
01
|
Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар
|
02
|
Буын. Тасымал. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
|
02
|
Лексика
|
01
|
Сөз және оның мағынасы
|
01
|
Сөз мағыналары. Мағынасы бір-біріне жуық сөздер. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. Көп мағыналы сөздер
|
02
|
Күрделі сөздер. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз
|
03
|
Морфология
|
01
|
Сөз құрамы
|
01
|
Түбір және қосымша
|
02
|
Сөз таптары
|
01
|
Зат есім
|
02
|
Сын есім
|
03
|
Сан есім
|
04
|
Есімдік
|
05
|
Етістік
|
06
|
Одағай
|
07
|
Үстеу
|
08
|
Шылау
|
04
|
Синтаксис
|
01
|
Сөйлем
|
01
|
Сөйлемнің түрлері
|
02
|
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
|
03
|
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем. Қыстырма сөз. Тұрлаусыз мүшелер
|
04
|
Мәтін. Әңгімелеу мәтіні. Сипаттау мәтіні. Пайымдау мәтіні
|
3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
ауызекі және жазба тілді;
буын және дыбыс үндестігін;
мәтіннің құрылымы мен түрлерін;
cөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін және бірыңғай мүшелерді;
жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;
сөз тіркесін;
синоним, антоним, омонимдерді;
күрделі сөздерді, олардың түрлерін;
сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін;
жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды;
жай сөйлемді құрмаласқа айналдыруды;
мәтіннен қыстырма сөздерді табуды;
сөз таптарын ажырату, талдау және оларды топтастырып, өзара салыстыруды;
мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;
қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құруды;
берілген мәтінге жоспар жасауды меңгеруі тиіс.
4. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 30 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |