1.2. Пән/модуль мақсаты: Студенттерге адам денесінің құрылысын, мүшелердің орнын олардың өзара арақатынасын, топографиялық орналасуын және оның физиологиясы меңгеруге және олардың кәсіптік деңгейін көтеруге дағдылау.
1.3. Пән/модуль міндеттері: мүшелердің құрылысы мен пішіні, олардың орналасу реттілігін тусіндіре білу.
1.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Стандартта және білім беру бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері
Студент келесі құзыреттіліктерді игерулері тиіс:
А1 –адам қаңқасының бөлімдерін,бөлек сүйектері мен ірі буындарды табуды үйренеді.
Б1 – бас пен мойынныңи ,тұлғаның ,қол мен аяқтың бұлшық еттерін үйренеді.
В1 – ас қорыту жүйесінің мүшелері мен ас қорыту жолының бөлімдерін , олардың құрылыс ерекшеліктерін үйренеді.
В2 –тыныс алу жүйесінің бөлімдері мен мүшелерін үйренеді.
В3 –несеп- зәр шығару жүйесінің мүшелерінің құрылысын үйрену.
В4 – еркек пен әйел жыныс жүйесінің мүшелерінің құрылысын үйренеді.
В5 – жүрек құрылысын ,қан айналым шеңберлерін олардың маңызын түсіну.Лимфа жүйесінің мүшелері.
В6 – орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрылысын үйрену.
В7 – көру,есту және тепе- теңдік ,иіс сезу, дәм сезу мүшелерінің құрылыстарын үйрену.Тері және оның туындылары.
В8 –ішкі сөл бездерінің құрылысы мен қызметін үйрену.
Бас қаңқасының ,тұлға сүйектерінің ,қол мен аяқ сүйектерінің ерекшеліктерін анықтау.Ірі буындарды ,олардағы қыймыл түрлерін көрсету.
Бұлшық ет топтарын ажырата білу.Бас пен мойын тұлға ,қол мен аяқ бұлшық еттерінің орналасқан жерлерін өзіңнен және муляждан көрсету.
Мүшелерді көрсету және олардың орналасуын дене бетінен анықтау.Мүшелердің құрылыс ерекшеліктерін анықтайды.
Тыныс алу жүйесінің мүшелерін ажырата білу және көрсету, олардың құрылыс ерекшеліктері мен орналасуын дене бетінен көрсетеді.
Несеп- зәр шығару жүйесінің мүшелерін ажырата біледі, олардың құрылыс ерекшеліктерін көрсетеді.
Еркек пен әйелдің жыныстық мүшелерін ажырата біледі, олардың орналасуын көрсетеді.
Жүректің орналасуын көрсетеді.Алдыңғы кеуде қабырғасынан жүрек шекарасын анықтайды.Адам денесінің аймақтарынан ірі қан тамырларының жолдарын көрсету. Ірі лимфа тамырларын және олардың өзектерін анықтайды.Аймақтық лимфа түйіндерін анықтап,көрсетеді.
Бас ми мен жұлынның бөлімдерін көрсетеді.Бас ми мен жұлын жүйкелерінің шығу жолдары,жүйкелендіру аймақтары.Жүйкелердің бағытын теріден көрсетеді.
Көру есту және тепе-теңдік ,иіс сезу,дәм сезу,мүшелерінің негізгі құрылымдық элементтерін анықтайды.
Ішкі сөл бездерін ажырата білу және олардың орналасуын көрсетеді.